Инфоурок Другое КонспектыЖоба "БЕСІК - КИЕЛІ МҮЛІК"

Жоба "БЕСІК - КИЕЛІ МҮЛІК"

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Бесік киелі мүлік.ppt

Скачать материал "Жоба "БЕСІК - КИЕЛІ МҮЛІК""

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист архива

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Солтүстік Қазақстан облысыТайынша ауданыЗеленый...

    1 слайд







    Солтүстік Қазақстан облысы
    Тайынша ауданы
    Зеленый Гай селосы
    «Зеленогай орта мектебі» КММ
    Бесік – киелі мүлік
    Авторы: 7-сынып оқушысы Козка Елена
    Тайынша қаласы
    2015ж

    Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиет
    мұғалімі Калиева С.Ж.

  • Мақсаты Бесіктің маңыздылығын дәлелдеу

    2 слайд


    Мақсаты
    Бесіктің маңыздылығын дәлелдеу



  • Міндеттер1. Бесіктің қасиетін анықтау 2. Бесіктің түрі...

    3 слайд

    Міндеттер

    1. Бесіктің қасиетін анықтау
    2. Бесіктің түрі мен құрылысын анықтау
    3. Бесіктің жабдықтарымен танысу
    4. Бесікке қатысты ырым- тыйымдармен
    танысу

  • Болжам Бесік -қазақтың киелі мүлігі

    4 слайд

    Болжам
    Бесік -қазақтың киелі мүлігі

  • Зерттеу кезеңдері          1. Сауалнама алу....

    5 слайд

    Зерттеу кезеңдері
    1. Сауалнама алу.
    2 Бесіктің қасиетін зерттеу
    3.Бесіктің құрылыстары
    4. Бесіктің құрал - жабдықтары
    5. Бесік туралы тыйым сөздер


  • Өзектілігі Қазіргі кезде еліміз тәуелсіз алып, өркендеп...

    6 слайд


    Өзектілігі
    Қазіргі кезде еліміз тәуелсіз алып, өркендеп келе жатқанда, өз мәдениетіміз бен дәстүрімізден, қазақтық қалпымыз бен ата салтымыздан, ұлттық рухымыз бен ұлттық сипатымыздан, өз жөргегімізден безінбей, оны дамытып, келесі ұрпаққа сақтап қалдыруымыз керек



  • Сұхбат пен сауалнамаБала  дәрігері Айбала Абдуалиевна

    7 слайд


    Сұхбат пен сауалнама
    Бала дәрігері Айбала Абдуалиевна

  • 8 слайд

  • Бесіктің қасиетіАбайдың бесіктегі кезіТобылғы ағашы

    9 слайд

    Бесіктің қасиеті
    Абайдың бесіктегі кезі
    Тобылғы ағашы

  • Бесіктің құрылысы...

    10 слайд

    Бесіктің құрылысы














































    жақтауы
    шабағы Арқалық(арыс, белағаш)
    бөген
    сирағы
    сабауы
    жорғасы (табаны)

  • Бесіктің жабдықтарыҚұс төсекжастықжөргекШүмек, түбектартпабауқолбау

    11 слайд

    Бесіктің жабдықтары
    Құс төсек
    жастық
    жөргек
    Шүмек, түбек
    тартпабау
    қолбау

  • Бесікке қатысты тыйымдар мен ырымдар     Бесікті отқа жақпайды     Б...

    12 слайд

    Бесікке қатысты тыйымдар мен ырымдар
    Бесікті отқа жақпайды
    Бос бесікті тербетуге болмайды.
    Бесікті сатуға болмайды, бесікті саудаламайды.
    Кез келген адамға бесікті беруге болмайды.
    Аяқ астына тастауға болмайды.
    Бесікті екеулеп көтермейді.
    Бесіктің теріс жағына отырмайды.
    Бесіктің өзін отпен аластап қояды.
    Бос бесікті еш уақытта жабусыз қалдырмау керек.
    Үстіне ақ мата жауып, ең болмағанда ұршығына
    орамал байлап қою қажет.



  • Қорытынды

Қазақтың бесік тәрбиесі — бала тәрбиесінің төресі! 
АҚШ-тың бе...

    13 слайд

    Қорытынды


    Қазақтың бесік тәрбиесі — бала тәрбиесінің төресі!
    АҚШ-тың белгілі ғалымы,
    педиатр дәрігері Харви Карп


    Қасиетті, киелі ақ бесігімізді қастерлеп төрімізден орын берейік. Қазақи құндылықтарымызды жоғалтпайық.

  • Бесіктің бала үшін пайдасы
 Ұйқысы тынышАнаның  әлдиі сіңедіЖүйкесі тыныш бо...

    14 слайд

    Бесіктің бала үшін пайдасы

    Ұйқысы тыныш
    Ананың әлдиі сіңеді
    Жүйкесі тыныш болады
    Қайырымды мінез қалыптасады
    Тіл көзден сақтайды
    Бойы құрғақ

  • Бесік -  киелі мүлікМазмұны

1.Бесіктің қасиеті
2. Бесіктің құрылысы
3. Бесік...

    15 слайд

    Бесік - киелі мүлік
    Мазмұны

    1.Бесіктің қасиеті
    2. Бесіктің құрылысы
    3. Бесіктің жасау-жабдықтары
    4. Бесікке қатысты тыйымдар мен ырымдар
    5. Қызықты тапсырмалар

  • Ұсыныстар Бұл кітапшаны қазақ тілі сабақтары мен сыныптан тыс жұмыстарда қолд...

    16 слайд

    Ұсыныстар
    Бұл кітапшаны қазақ тілі сабақтары мен сыныптан тыс жұмыстарда қолданса.
    Дәрігер-мамандар тарапынан жас аналарға бесік туралы кеңестер берілсе
    Ата-аналар жиналысында өз жұмысымызды көрсетсек

  • 

    Назарларыңызға рақмет

    17 слайд



    Назарларыңызға рақмет

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ Бесік-киелі мүлік.doc

Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы
Зеленый Гай селосы


 

 

 

 

БЕСІК – КИЕЛІ МҮЛІК

(Зерттеу  жобасы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зеленый Гай селосы

Зеленогай орта мектебі

 8 сынып оқушысы

Козка Елена

Жетекшісі:

қазақ тілі мұғалімі

Калиева С.Ж.

 

 

 

 

Тайынша

201

                                                              Абстракт

 

Мақсаты:

 Бесіктің маңыздылығын дәлелдеу.  

Болжам.

Бесік –қазақтың киелі мүлігі

Зерттеу кезеңдері.

1. Сауалнама алу (оқушылардан)

2  Бесіктің қасиетін зерттеу 

3. Бесіктің құрылыстары

4. Бесіктің құрал - жабдықтары

5. Бесік туралы тыйым сөздер

Зерттеу әдістері

1.      Сауалнама;

2.      Ақпараттар жинау (көркем әдебиеттер, мақалаларға шолу жасау, кинофильм көру)

3.      Компьютермен жұмыс;

Нәтиже.

Ұстаздар мен оқушыларға  арналған «Бесік – қазақтың киелі мүлігі» атты кітапша  шығару

Қолдану  аясы

1.  Қазақ тілі мен әдебиет, Қазақстан тарихы сабақтарында

2.  Сыныптан тыс жұмыстарда.

 

 

                                                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Абстракт

 

Цель:

 Доказать значимость бесіка. 

Гипотиза.

Бесік –священное достояние казахов

Этапы исследования.

1. анкетирование

2  исследование достойнства бесік 

3. Части бесік

4. Оборудования бесік

5. Запретные слова о бесік

Методы исследования

4.      Анкетирование

5.      Сбор информации

6.      Работа с компьютером

Результат

Создание брошюры «Бесік – қазақтың киелі мүлігі» для учителей и учащихся

Область практического применения

1.  На уроках казахского языка и литературы,истории Казахстана

2.  Во внеклассной работе.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны:

 

Кіріспе……………………………………………………………………………….. .4

1.Зерттеу бөлімі….........…………………………………………………………......6-7.

      2. Бесіктің қасиеті................................................................................………………7-8

2.1. Бесіктің құрылысы.................………………………...........................................9  

2.2  Бесіктің жасау-жабдықтары...................................................................................10

2.3. Бесікке қатысты тыйымдар мен ырымдар.............................................................11

Қорытынды …………………………………………………………………………… 12

Қолданылған әдебиеттер……………………………………………………………........

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

«Ел болам десең – бесігіңді түзе»

М. Әуезов

Бесік - сан ғасырлар бойы ұлттың ұясы, қазақы тәлім-тәрбиенің қайнар көзі, бабамыздан қалған киелі мүлік, қой үстінен бозторғай жұмыртқалаған мамыражай тіршіліктің белгісі. Бесікті қатты қадірлейтіндігі соншалықты, қазақ атасы жатқан бесікке бала, немере, шөбере, шөпшек, тіпті туажатына дейін бөлейді. 
Бесік тек қана қазаққа тән емес, ол Орталық Азия, Капказ, Үндістан, Қытай жерін мекендеген көп халықтың ұл мен қызын ұйықтатып, оянғанда қолын шешіп ойнатып, анасының ақ сүтін беріп, тіл-көзден сақтайтын ағаш төсегі.
 

«Төрінде бесік тұрса, төре де басын иеді»- демекші. Баланы бесікке бөлеу қазақ халқына тән ұлттық қасиет. Бесік – киелі, қазақтың құтты мүлігі. Бесікке бөленген баланың ұйқысы тыныш, бойы жылы, тәні таза болады. Бүгінгі таңда қазақтың қасиетті бесігі қолданыста аз. Ара – тұра көргеніміз болмаса, қазіргі әрбір қазақтың шаңырағында, төрінде тұр деп ауыз толтырып айта алмаймыз. Ата – баба аманатының бірі киелі бесік ғасырдан-ғасырға жетіп, тек бүгінгі ұрпақтың көзіне оғаш көрініп, қолданыстан шығып бара жатқаны өкінішті.

     Біз бесіктен безіну арқылы өзімізден, өз мәдениетіміз бен дәстүрімізден, қазақтық қалпымыз бен ата салтымыздан, ұлттық рухымыз бен ұлттық сипатымыздан, өз жөргегімізден безінгенімізді білмей келеміз.

          Қазіргі ұрпақ бесіктің не екенін, оның қандай екенін біле қоймайды. Сондықтан осы жоба арқылы бесіктің қазіргі таңда  керек, адам өмірінде орны ерекше екенін, бесікті ата – бабамыздан қалған мұра ретінде, ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып келгендіктен оны көзіміздің қарашығындай күту керектігін түсіндім.

 

Өзектілігі.

Қазіргі кезде еліміз тәуелсіз алып, өркендеп келе жатқанда,  өз мәдениетіміз бен дәстүрімізден, қазақтық қалпымыз бен ата салтымыздан, ұлттық рухымыз бен ұлттық сипатымыздан, өз жөргегімізден безінбей, оны дамытып, келесі ұрпаққа сақтап қалдыруымыз керек     

 

 Міндеттері.

  1. Бесіктің қасиетін анықтау
  2. Бесіктің түрі мен құрылысын анықтау
  3. Бесіктің жабдықтарымен танысу
  4. Бесікке қатысты ырым- тыйымдармен танысу

 

Жұмыс мазмұны

 

Әдістер

Болжамдар

 

Дайындық кезеңі

 

Сұхбат, сауалнама алу.

 

Зерттеу жұмысының тақырыбын анықтау.

Іздену кезеңі

 

Ақпараттар іздеу

 

Бесіктің  пайдасын зерделеу

 

Қорытынды кезеңі

 

Болжамды растау немесе жоққа  шығару. Зерттеу жұмысты рәсімдеу.

 

1.      Зерттеу бөлімі

           Осы жобаның тақырыбын таңдауымның себебі, өткен жылы қазақ тілі сабағында «қазақ халқының салт - дәстүрі» тақырыбы бойынша ұстазымыз сыныпты үш топқа бөліп,  бізге, «Көшпенді қазақ халқының өміріндегі бесіктің рөлі»,  «Мен бесікке салуға қарсымын».  «Мен бесікті қалаймын» - деген тақырыптар бойынша топ ішінде өзіміз іздену жұмыстарын жасаған болатынбыз. Біз ІІІ топ қазақтың киелі бесігінің құрал-жабықтарын көрсетіп, таныстырып, оның пайдасын айттық. Сол кезде маған өз бетімізбен ізденіп, мәліметтер жинап, өз ойымызды дәлелдеу ұнады, сосын мен бесік туралы толығырақ мағлұмат алайын деп зерттеулер жүргіздім. Бірінші ауылдағы балалар дәрігері Айбала Абдуалиевнадан бесіктің бала денсаулығына қандай пайдасы бар екенін білу үшін сұхбат алуды жөн көрдім.

Айбала Абдуалиевна: «бесіктің бала денсаулығы мен тазалығына пайдасы болмаса зиянын өз басым көрген жоқпын, өз балаларым да немерелерім де осы қазақтың киелі ақ бесігінде жатып, өсті, ер жетті. Ешқандай аурумен ауырған жоқ». деген болатын.

Екіншіден өзімнің мектептегі оқушылардың бесік жайлы не білетіндерін білу үшін сауалнама өткіздім. Оларға мен мынадай сауалнамалар қойдым.

1.      Бесіктің не екенін білесің бе?

2.      Бесіктің неден жасалатынын білесің бе?

3.      Бесіктің түрлері мен жабдықтарын білесің бе?

4.      Бесік жайында аңыздар білесің бе?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сауалнама нәтижесі бойынша бесік жайлы  оқушылар аз мағлұмат білетіндерін көрдім. Сол себепті мен өзім балаларға бесіктің киелі құтты мүлік екенін жеткізу үшін зерттеу жұмысын бесіктің қасиетінен бастадым.

2.Бесіктің қасиеті.

 «Ел іші – алтын бесік» деген сөз  бесіктің  құдіретін,  ұрпақ үшін пайдасы ұшан-теңіз екенін көрсетеді. Бесік қазақ халқы үшін аса қастерлі, қасиетті мүлік. Оны адами өмірдің бастапқы ұясы деп біледі. Болат Бопайұлы, Санжар Керімбай, Айбек Нәби, ақын Ырысбек Дәбей жазған "Салт-дәстүр сөйлейді"отбасы хрестаматиясы кітабында бесіктің қалай пайда болғаны жайлы жазылған. Содан үзінді айта кетейін. 

   «Бесік Айырқалпақ Айдаһар бидің заманында дүниеге келген деседі. Ол кезде ұлан-байтақ даланы Мизам баб қорғайды екен. Қара қытайлар Сарыарқаның кеңдігіне қызығып, жиі шабуыл жасап отырады. Бірақ Мизам бабқа шамасы жетпей, үнемі жеңіліс табады екен. Мизам баб ағаш егуді, бау-бақша жасауды кәсіп етеді. Жұрт «ағаштың пірі – Мизам баб» деп атайды. Аңызда Жетісу мен Алтай өңіріндегі ну орман Мизам бабтың еккен ағашынан шыққан деседі. Ол жүз елу жыл жасап қайтыс болыпты. Бабтың дүниеден қайтқанын естіген қытайлар бір күнде келіп, оның орманын өртеп жібереді. Бұл кезде Мизамның баласы Айдаһар алыста жүр екен. Әкесі түсінде аян беріп: «Пейілі тар қаскүнем менің орманымды өртеді», – дейді. Айдаһар би ертесіне жетіп келеді. Орман түгелімен жанып кетіпті. Тек бірлі-жарым тобылғының қисық бұтақтары ғана оттан аман қалған екен. Айдаһар әкесіне Құран бағыштап, қисық ағаштарды өзімен бірге ала кетеді. Бір күні Айдаһардың сәбиі уанбай, жылай беріпті. Әйелі екеуі не істерін білмей қиналады. Емші-тәуіптерді жағаласа да, баласы жұбанбайды. Би қатты сасады. Қызының жылағанына шыдай алмай, далаға шығып кетеді де, Құдайдан медет тілейді. Бір уақта қызының дыбысы шықпай қалады. «Бір нәрсе болды ма екен» деп үйге жүгіріп келсе, қызының жанында ақ киімді бір кісі отырады. Ол жанбай қалған тобылғының қисық бұтағына бөпені салып тербетіп отыр екен. Айдаһар жақындағанда көзден ғайып болады. Би мұны «Құдайдан келген ишарат» деп түсінеді. Түнімен қисық ағаштарды құрастырып отырып, бесікті жасап шығады. Сәбиін соған салғанда ол жұбанып, тәтті ұйқының құшағында тербелген екен. Бесіктің пайда болуы аңызда осылай баяндалады. Бесік ең алғаш тобылғыдан жасалғандықтан, ол қасиетті ағаштардың біріне айналыпты.

     Содан, ата-бабамыз бесікті қасиетті, құтты мүлік деп есептеген. Мұны бабамыз Төле бидің  мына бір әңгімесінен байқауға болады.

   Жоңғарлар шапқыншылығынан соң тоз-тоз болған ел таулы жаққа қарай басып, үдере көшкенде екіқабат жас келіншек бос бесікті арқалап бара жатқан көрінеді. Сонда Төле бимен қатар келе жатқан кісі: «мына бейшараның көрпе –жастығын тастап, бос бесікті арқалап келе жатқаны несі –ай?», -дегенде, Төле би: «Баланың бесігі –кең дүниенің есігі ғой» - деген екен. Бұл жерде де бесік – қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептелетінін көреміз.. Жаңа  туған сәбиді бесікке бөлеу – қазақтың ежелгі дәстүрі. Біздің қазақ халқы көшпенді өмір сүрген, яғни күзеуге, қыстауға, жайлауға көшкен. Сол кезде жаңа туған сәбиді алып жүру үшін де, ұйықтату үшін де бесік үлкен рөл атқарған. Бесікті қасиетті санап, оны көздің қарашығындай сақтаған. Атадан балаға мұра етіп қалдырған дәстүріміздің ішінде бесікке бөлеу дәстүрі жойылған жоқ. Басқа халықтарда да бесікке бөлеу дәстүрі бар. Мысалы: Орталық Азия, Кавказ, Үндістан, Қытай жерінде мекендейтін халықтар бесікті қолданады. Осы киелі бесікте Алпамыс батыр да, Қазыбек, Төле, Әйтеке сынды ақылгөй даналар да, елді аузына қаратқан небір шешен билер, төрелер жатып өскен. Абай да әжесінің ертегісі мен анасының әлдиін естіп бесікте жатқан. Ұлт басына туатын әбігердің қайда жатқанын әріден ойлаған Әбілхайыр хан да бесікке танылған: Қазаққа қорған болған айбынды ер Абылай хан да шүмек пен түбектің түбінен шыққан.

      Тобылғы  бесікте тербелген сәби «арыстандай топ жарады, жолбарыстай жол тосады» деп ырымдайды. Сол сияқты бесік тағы    талдан, қайыңша иілсе, бұрышы имек болып, ал қарағайдан жасалса, тік бұрышты болып келеді. Бесік бөлшектері бір-бірімен желім, ағаш шегелер арқылы берік қиылысатындықтан, тербетіп, қозғаған уақытта сықырлаған бөтен дыбыс шықпайды. Бесіктің әр басының аяқтарын дөңес табанмен біріктіру –оның  жұмсақ тербетіліп, баланың мазасын алмау жағын қарастырған. . Бесіктің тал бесіктен басқа тербетпелі, аспа бесіктер де бар. Бұрынырақта шаңырақтың астына төрт ағашты қағып аспа бесік жасаған.

Тал бесіктің мынадай құрылыстары бар:

 

2.1  Бесіктің құрылысы:

                 тақтай                      Арқалық (арыс, белағаш)   

 бөген                                                                                   сирағы

 

 сабауы                                                                                           жақтауы                                                                                                                                                                                                                                  

 

 


                                     жорғасы(табаны)

 Арқалық (арыс, белағаш)- ұзындығы  70-75 сантиметр, ұстап тұруға ыңғайлы, бесіктің ең үстіңгі, көлденең жұмыр бел ағашы.

1.      Бөген (алдыңғы бас, артқы бас) – негізінен жас тал мінсіз жонылып, жақсы әрленіп, қыздырылып, қыртысын сыртына қарай иген бесіктің екі басы.

2.                  Жақтау. Ол – төртеу. Екі үлкен жақтаудың ұзындығы арқалықпен бірдей қос бөгеннің аңғарларын керіп тұратын екі қысқа жақтаудың ені бесік еніне тең.

3.                  Шабақ. Бұл да – төртеу. Екі бөгеннің аяқтарын қосып тұратын ұзын жақтауларға біркелкі қашықтықта көлденең қашалып бекітілген бесік  еніндей тақтайша.

4.                  Сабау. Ол – екеу. Екі бөгенді қосып тұратын екі ұзын жақтаудың астына түсетін бесік ұзындығына тең жұмыр ағаш.

5.                  Жорға. Бұл да екеу. Бөгендердің иілген басына қарама – қарсы бекітіледі, оның астыңғы қыры қайқы – бесіктің табаны. Табанның қайқылығы бесіктің бірқалыпты жеңіл тербелуін қамтамасыз етеді. Бесіктің осы бөлігі – жорғаны қазақтар табан деп те атай береді.

6.                  Тақтай. Бесіктің түбек орналасатын, төсек салынатын, ортасындағы бөлігі.

Міне осындай бесіктің құрылыстары бар екен. Келесі бесіктің жасау жабдықтарына тоқталсақ: Қазақ бесігі  баланың тазалығына өте қолайлы, өйткені оның төбесінің астына түбек пен шүмек орналасады. Шүмек қойдың асық жілігінен жасалынады. Баланың қол-аяғын, кеудесін байлау үшін қолбау, белдік жасалады. Оны әдемі матадан тігеді. Бесіктің құс төсегі, жастығы, жөргегі, қолбау, тізебау, бесік көрпесі болады.

 

2.2 Бесіктің жасау-жабдықтары

Жас нәрестені бесікке бөлеу үшін төмендегідей жасау-жабдықтар қажет.

Ши. Бесік шабақтарының үстіне төселетін шиден тоқылған төсеніш. Түбек бекітілген тұсында ойығы болады.

Жөргек. Жұқа, талдырып басылған киіз төсеніш. Осыны кейде қаузау деп те атайды (қаузау киіз).

Құс төсек. Жөргектің үстіне төселетін арасына құс жүні салынып қабылған жұмсақ төсеніш. Оның да түбек түсетін тұсында ойығы болады.

Жастық. Бесіктің енімен сәйкес келетін, арасына құс жүні толтырылған кішкене жастық.

Көрпе. Жай матадан әзірленген көрпені жаздыгүні, ал арасына мақта салып қабылған көрпені қыстыгүні қолданады.

Кепіл. Нәрестенің жамбас тұсына, тізесіне кепіл ретінде арнайы тігілген бірнеше кішкене жастықшалар қойылады. Ол жастықшалар түбек орналасқан ойықтың төңірегіне төселеді.

Тартпа бау. Тартпа бауларды кейде таңғыш деп те атай береді, олар құр тәрізді биязы жіптен тоқылады. Немесе екі-үш қабат матаны сырып, бауларды ызып әзірлейді. Тартпаның біреуі бөленген, құндақталған нәрестенің көкірек тұсынан, екіншісі тізенің үстінен түседі. Тартпа баудың ұштары бесіктің екі жағындағы сабау ағаштарға таңылады.

Түбек. Түбек қыштан, көннен, күйдірілген саз балшықтан немесе мыс, жез қаңылтырдан әзірленеді. Қыстыгүні сыртына киіз, қайыс немесе былғарыдан тігілген қап кигізіп қояды. Түбектің түбіне сәл күл сеуіп қолданады.

Шүмек. Шүмекті ағаштан да сүйектен де әзірлеуге болады. Ұл баланың шүмегін асықты жіліктің асық тұрған басынан ойық ойып әзірлейді. Екінші қарама-қарсы басын шорт кесіп тастап, қырларын егеп жұмырлап қояды. Қыз баланың шүмегін ескі, көп ұсталып майсіңді болған уықтың қарынан (иінінен) жасайды, ойығын ұлдікіне қарағанда сәл сопақтау етіп ойған.

   Бесік барша қазақтың құндылығы болғандықтан  бесікке байланысты тыйым сөздер де көп, айта кетсем:

2.3.Бесікке қатысты тыйымдар мен ырымдар

Ø   Бесікті отқа жақпайды

Ø   Бос бесікті тербетуге болмайды.

Ø   Бесікті сатуға болмайды, бесікті саудаламайды.

Ø   Кез келген адамға бесікті беруге болмайды.

Ø   Аяқ астына тастауға болмайды.

Ø   Бесікті екеулеп көтермейді.

Ø   Бесіктің теріс жағына отырмайды.

Ø   Бесіктің өзін отпен аластап қояды.

Ø   Бос бесікті еш уақытта жабусыз қалдырмау керек. Үстіне ақ мата жауып, ең болмағанда ұршығына орамал байлап қою қажет.

             Осы жобамды жинақтай келе мынадай қорытындыға келдім.

Қорытынды. 

   Бесік –қазақ халқы үшін аса қастерлі, қасиетті киелі мүлік. Оны адами өмірдің бастапқы ұясы деп біледі. Бесік- көшпелі ғұмыр кешкен бабаларымыздан қалған қасиетті мұра. Қазақта: «Есік көргенді алма, бесік көргенді ал», «Бесік көрмеген ессіз болып есікке енеді», «есік арқалағаннан бесік арқалаған артық», «Төрінде бесік тұрса, төре де бас иеді», «Туған жер- алтын бесік», «Ел болам десең, бесігінді түзе»- деген ұлағатты сөздер содан қалған екен.

Халық қазынасы, ұлттың байлығы саналатын бесіктің жас нәресте үшін орасан зор пайдасы бар екенін қазақ ғалымдар да дәлелдеген. Сол сияқты АҚШ-тың белгілі ғалымы, педиатр дәрігері Харви Карптың «Баланы тыныштандыру өнері» атты еңбегінде «қазақтың бесік тәрбиесі — бала тәрбиесінің төресі!» -деп, бесікке зор баға берген.  

        Бесік-сәби үшін де, оның анасы үшін өте тиімді. Бесіктегі бала:

Біріншіден – таза өседі.

Екіншіден, баланы бесіктен шешкен кезде сәби керіліп, созылып, рахаттанады. Үшіншіден, сәбидің тұла бойы таза болып, тазалыққа бойы үйренеді.

Төртіншіден, бесіктегі баланың денесіне дымқыл, сыз дарымайды. Құрғақ болады. Ол мықты денсаулық кепілі. Әрі қол-аяғы сыптай болып өседі.

 Бесіншіден, бесіктегі балаға ана әлдиі әбден сінеді. Қайырымды мінез қалыптасады. Бесік жырын тыңдаған баланың қанына ұлттық қасиет дариды.

Алтыншыдан, бесік сәбиді сырттан келетін кері энергия немесе тіл-көзден сақтайды.

 Жетіншіден, бесік қалай болса, солай тербетілмейді. Бесік белгілі бір ритммен ғана тербетіледі. Бір қалыпты тербеліске сазды ананың әлдиі қосылғанда әдемі әуенге еліткен сәби бірден тынышталып, тәтті ұйқыға кетеді. Бір қалыпты тербелістен баланың жүйкесі бір жүйеге, тәртіпке түседі.

    Сондықтан да қасиетті, киелі ақ бесігімізді қастерлеп төрімізден орын берейік. Қазақи құндылықтарымызды жоғалтпайық.  Бесік жыры үзілмесін. Сәбилердің ұйқысы тыныш, аналар алаңсыз болсын! Халқымыз өсіп-өркендей, өрістей берсін! демекпін.

Осы жобаға  қосымша ретінде ұстаздар мен оқушыларға  арналған ««Бесік – қазақтың киелі мүлігі» атты кітапшаны ұсынамын. Бұл кітапшада бесіктің қасиеті туралы, бесіктің құрылысы мен жабдықтары туралы жазылған.сонымен қатар қызықты тапсырмалар берілген.

 «Бесік-киелі мүлік»  атты ғылыми жобаны

зерделегеннен кейінгі ұсыныс:

 

- Бұл кітапшаны қазақ тілі сабақтары мен сыныптан тыс жұмыстарда қолданса.

 -Бесік-киелі мүлік екенін мәліметтер жинақтап,кітапша ретінде шығарылып,аналарға тегін таратсақ

 

 -Дәрігер-мамандар тарапынан жас аналарға бесік туралы айтып отырулары жайлы кеңестер берілсе

 

 -Ата-аналар жиналысында өз жұмысымызды көрсетсек

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Бала тәрбиесі бесіктен басталады        Алматы 2011 жыл

2. Бесікке бөлеу зиян ба? Ә.Өмешұлы. Парасат. №7

3.  Қазақ қолөнері. Қ.Әмірғазин. Алматы 2004 ж.

4. Бесік жырлары- эстетикалық мәдениетті қалыптастыру. Көкшеева З

 5. Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері – Алматы, Қазақстан                          

 6. Әмірғазин Қ. Қазақ қолөнері, Алматы, 2004ж 

                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жетекшінің пікірі

 

Жоба бойынша жұмыс кезінде қойылған мақсатқа жетті.Қазіргі кезде алыңған тақырып өзекті болып келеді, болашақ ұрпақ  ата-бабаларымыздың тарихы мен мәдениетін білу арқылы, салт-дәстүрлерімізді құрметеп , сақтау керек. Автор сауалнама арқылы бесік жайында балалардың білетін  білмейтіндігін анықтап, өз жұмысына жоспар құрды. 

Зерттеу әдістері қарапайым және тиімді. Кезеңдері жүйелі түрде жүргізілген. Мәліметтер жинақтау кезінде жоғары деңгейде өз бетімен жұмыстар жүргізілді. Аталған жұмысқа сыныптастары мен мұғалімдер қызыға бақылады. Автор ұсынған брошюра балалар мен ұстаздардың жұмыстарына керекті болады деп есептеймін. Авторға ұсынатыным бұл жұмыстың тақырыбын толық ашу бойынша, бесік жайында көптеген тарихи мәліметтер жинау  керек, балаларға қызықты болатын жаңа мәліметтер табу керек. Бұл жоба бойынша әлі жұыстарды жалғастырамыз.

 

Жетекші                            С.Ж.Қалиева

 

 

 

 

                       

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жоба "БЕСІК - КИЕЛІ МҮЛІК""

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ кітапша.doc

 

 

 

 

Бесік -  киелі мүлік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бесіктің қасиеті жайында аңыздар.

 

 «Ел іші – алтын бесік» деген сөз  бесіктің  құдіретін,  ұрпақ үшін пайдасы ұшан-теңіз екенін көрсетеді. Бесік қазақ халқы үшін аса қастерлі, қасиетті мүлік. Оны адами өмірдің бастапқы ұясы деп біледі. Болат Бопайұлы, Санжар Керімбай, Айбек Нәби, ақын Ырысбек Дәбей жазған "Салт-дәстүр сөйлейді"отбасы хрестаматиясы кітабында бесіктің қалай пайда болғаны жайлы жазылған. Содан үзінді айта кетейін. 

   «Бесік Айырқалпақ Айдаһар бидің заманында дүниеге келген деседі. Ол кезде ұлан-байтақ даланы Мизам баб қорғайды екен. Қара қытайлар Сарыарқаның кеңдігіне қызығып, жиі шабуыл жасап отырады. Бірақ Мизам бабқа шамасы жетпей, үнемі жеңіліс табады екен. Мизам баб ағаш егуді, бау-бақша жасауды кәсіп етеді. Жұрт «ағаштың пірі – Мизам баб» деп атайды. Аңызда Жетісу мен Алтай өңіріндегі ну орман Мизам бабтың еккен ағашынан шыққан деседі. Ол жүз елу жыл жасап қайтыс болыпты. Бабтың дүниеден қайтқанын естіген қытайлар бір күнде келіп, оның орманын өртеп жібереді. Бұл кезде Мизамның баласы Айдаһар алыста жүр екен. Әкесі түсінде аян беріп: «Пейілі тар қаскүнем менің орманымды өртеді», – дейді. Айдаһар би ертесіне жетіп келеді. Орман түгелімен жанып кетіпті. Тек бірлі-жарым тобылғының қисық бұтақтары ғана оттан аман қалған екен. Айдаһар әкесіне Құран бағыштап, қисық ағаштарды өзімен бірге ала кетеді. Бір күні Айдаһардың сәбиі уанбай, жылай беріпті. Әйелі екеуі не істерін білмей қиналады. Емші-тәуіптерді жағаласа да, баласы жұбанбайды. Би қатты сасады. Қызының жылағанына шыдай алмай, далаға шығып кетеді де, Құдайдан медет тілейді. Бір уақта қызының дыбысы шықпай қалады. «Бір нәрсе болды ма екен» деп үйге жүгіріп келсе, қызының жанында ақ киімді бір кісі отырады. Ол жанбай қалған тобылғының қисық бұтағына бөпені салып тербетіп отыр екен. Айдаһар жақындағанда көзден ғайып болады. Би мұны «Құдайдан келген ишарат» деп түсінеді. Түнімен қисық ағаштарды құрастырып отырып, бесікті жасап шығады. Сәбиін соған салғанда ол жұбанып, тәтті ұйқының құшағында тербелген екен. Бесіктің пайда болуы аңызда осылай баяндалады. Бесік ең алғаш тобылғыдан жасалғандықтан, ол қасиетті ағаштардың біріне айналыпты.

     Содан, ата-бабамыз бесікті қасиетті, құтты мүлік деп есептеген. Мұны бабамыз Төле бидің  мына бір әңгімесінен байқауға болады.

   Жоңғарлар шапқыншылығынан соң тоз-тоз болған ел таулы жаққа қарай басып, үдере көшкенде екіқабат жас келіншек бос бесікті арқалап бара жатқан көрінеді. Сонда Төле бимен қатар келе жатқан кісі: «мына бейшараның көрпе –жастығын тастап, бос бесікті арқалап келе жатқаны несі –ай?», -дегенде, Төле би: «Баланың бесігі –кең дүниенің есігі ғой» - деген екен. Бұл жерде де бесік – қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептелетінін көреміз.. Жаңа  туған сәбиді бесікке бөлеу – қазақтың ежелгі дәстүрі. Біздің қазақ халқы көшпенді өмір сүрген, яғни күзеуге, қыстауға, жайлауға көшкен. Сол кезде жаңа туған сәбиді алып жүру үшін де, ұйықтату үшін де бесік үлкен рөл атқарған. Бесікті қасиетті санап, оны көздің қарашығындай сақтаған. Атадан балаға мұра етіп қалдырған дәстүріміздің ішінде бесікке бөлеу дәстүрі жойылған жоқ. Басқа халықтарда да бесікке бөлеу дәстүрі бар. Мысалы: Орталық Азия, Кавказ, Үндістан, Қытай жерінде мекендейтін халықтар бесікті қолданады. Осы киелі бесікте Алпамыс батыр да, Қазыбек, Төле, Әйтеке сынды ақылгөй даналар да, елді аузына қаратқан небір шешен билер, төрелер жатып өскен. Абай да әжесінің ертегісі мен анасының әлдиін естіп бесікте жатқан. Ұлт басына туатын әбігердің қайда жатқанын әріден ойлаған Әбілхайыр хан да бесікке танылған: Қазаққа қорған болған айбынды ер Абылай хан да шүмек пен түбектің түбінен шыққан.

      Тобылғы  бесікте тербелген сәби «арыстандай топ жарады, жолбарыстай жол тосады» деп ырымдайды. Сол сияқты бесік тағы    талдан, қайыңша иілсе, бұрышы имек болып, ал қарағайдан жасалса, тік бұрышты болып келеді. Бесік бөлшектері бір-бірімен желім, ағаш шегелер арқылы берік қиылысатындықтан, тербетіп, қозғаған уақытта сықырлаған бөтен дыбыс шықпайды. Бесіктің әр басының аяқтарын дөңес табанмен біріктіру –оның  жұмсақ тербетіліп, баланың мазасын алмау жағын қарастырған. . Бесіктің тал бесіктен басқа тербетпелі, аспа бесіктер де бар. Бұрынырақта шаңырақтың астына төрт ағашты қағып аспа бесік жасаған.

Тал бесіктің мынадай құрылыстары бар:

 

 

 

 

Бесіктің құрылысы:

                 тақтай                      Арқалық (арыс, белағаш)  

 бөген                                                                                   сирағы

 

 сабауы                                                                                           жақтауы                                                                                                                                                                                                                                 

 

 


                                     жорғасы(табаны)

 Арқалық (арыс, белағаш)- ұзындығы  70-75 сантиметр, ұстап тұруға ыңғайлы, бесіктің ең үстіңгі, көлденең жұмыр бел ағашы.

1.      Бөген (алдыңғы бас, артқы бас) – негізінен жастал мінсіз жонылып, жақсы әрленіп, қыздырылып, қыртысын сыртына қарай иген бесіктің екі басы.

2.      Жақтау. Ол – төртеу. Екі үлкен жақтаудың ұзындығы арқалықпен бірдей қос бөгеннің аңғарларын керіп тұратын екі қысқа жақтаудың ені бесік еніне тең.

3.      Шабақ. Бұл да – төртеу. Екі бөгеннің аяқтарын қосып тұратын ұзын жақтауларға біркелкі қашықтықта кө лденең қашалып бекітілген бесікеніндей тақтайша.

4.      Сабау. Ол – екеу. Екі бөгенді қосып тұратын екі ұзын жақтаудың астына түсетін бесік ұзындығына тең жұмыр ағаш.

5.      Жорға. Бұл да екеу. Бөгендердің иілген басына қарама – қарсы бекітіледі, оның астыңғы қыры қайқы – бесіктің табаны. Табанның қайқылығы бесіктің бірқалыпты жеңіл тербелуін қамтамасыз етеді. Бесіктің осы бөлігі – жорғаны қазақтар табан деп те атай береді.

6.      Тақтай. Бесіктің түбек орналасатын, төсек салынатын, ортасындағы бөлігі.

Міне осындай бесіктің құрылыстары бар екен. Келесі бесіктің жасау жабдықтарына тоқталсақ: Қазақ бесігі  баланың тазалығына өте қолайлы, өйткені оның төбесінің астына түбек пен шүмек орналасады. Шүмек қойдың асық жілігінен жасалынады. Баланың қол-аяғын, кеудесін байлау үшін қолбау, белдік жасалады. Оны әдемі матадан тігеді. Бесіктің құс төсегі, жастығы, жөргегі, қолбау, тізебау, бесік көрпесі болады.

 

Бесіктің жасау-жабдықтары

Жас нәрестені бесікке бөлеу үшін төмендегідей жасау-жабдықтар қажет.

Ши. Бесік шабақтарының үстіне төселетін шиден тоқылған төсеніш. Түбек бекітілген тұсында ойығы болады.

Жөргек. Жұқа, талдырып басылған киіз төсеніш. Осыны кейде қаузау деп те атайды (қаузау киіз).

Құс төсек. Жөргектің үстіне төселетін арасына құс жүні салынып қабылған жұмсақ төсеніш. Оның да түбек түсетін тұсында ойығы болады.

Жастық. Бесіктің енімен сәйкес келетін, арасына құс жүні толтырылған кішкене жастық.

Көрпе. Жай матадан әзірленген көрпені жаздыгүні, ал арасына мақта салып қабылған көрпені қыстыгүні қолданады.

Кепіл. Нәрестенің жамбас тұсына, тізесіне кепіл ретінде арнайы тігілген бірнеше кішкене жастықшалар қойылады. Ол жастықшалар түбек орналасқан ойықтың төңірегіне төселеді.

Тартпа бау. Тартпа бауларды кейде таңғыш деп те атай береді, олар құр тәрізді биязы жіптен тоқылады. Немесе екі-үш қабат матаны сырып, бауларды ызып әзірлейді. Тартпаның біреуі бөленген, құндақталған нәрестенің көкірек тұсынан, екіншісі тізенің үстінен түседі. Тартпа баудың ұштары бесіктің екі жағындағы сабау ағаштарға таңылады.

Түбек. Түбек қыштан, көннен, күйдірілген саз балшықтан немесе мыс, жез қаңылтырдан әзірленеді. Қыстыгүні сыртына киіз, қайыс немесе былғарыдан тігілген қап кигізіп қояды. Түбектің түбіне сәл күл сеуіп қолданады.

Шүмек. Шүмекті ағаштан да сүйектен де әзірлеуге болады. Ұл баланың шүмегін асықты жіліктің асық тұрған басынан ойық ойып әзірлейді. Екінші қарама-қарсы басын шорт кесіп тастап, қырларын егеп жұмырлап қояды. Қыз баланың шүмегін ескі, көп ұсталып майсіңді болған уықтың қарынан (иінінен) жасайды, ойығын ұлдікіне қарағанда сәл сопақтау етіп ойған.

   Бесік барша қазақтың құндылығы болғандықтан  бесікке байланысты тыйым сөздер де көп, айта кетсем:

 

 

Бесікке қатысты тыйымдар мен ырымдар

Ø   Бесікті отқа жақпайды

Ø   Бос бесікті тербетуге болмайды.

Ø   Бесікті сатуға болмайды, бесікті саудаламайды.

Ø   Кез келген адамға бесікті беруге болмайды.

Ø   Аяқ астына тастауға болмайды.

Ø   Бесікті екеулеп көтермейді.

Ø   Бесіктің теріс жағына отырмайды.

Ø   Бесіктің өзін отпен аластап қояды.

Ø   Бос бесікті еш уақытта жабусыз қалдырмау керек. Үстіне ақ мата жауып, ең болмағанда ұршығына орамал байлап қою қажет.

             

 

 

 

 

 

 

Қызықты тапсырмалар

Ребусты шеш

Надпись: ,,Надпись: ,Надпись: ,Надпись: ,,Надпись: ,,,Надпись: ,,,Надпись: ,,,Надпись: ,,,,

 

 

 

 

Надпись: ,,,,Надпись: ,,Надпись: ,,,Надпись: ,

ЫЖ

 

 

 

 

                          

                          

 

 

 

 

 

                          Тақырып бойынша

Адасқан сөздерді тап

 

Б

А

Б

А

Ұ

Л

Ш

А

Т

Қ

А

М

І

Н

Л

А

Ш

Е

Ш

Е

Е

А

Н

А

Қ

Ы

З

Р

С

А

Л

Т

Д

Ә

С

Б

Е

С

І

К

Т

Т

М

А

Қ

А

Л

О

Ү

М

Ә

Т

Е

Л

Й

Р

 

 

Сөзжұмбақты шеш

1.     Қазақтың киелі мүлігі

2.     Бесіктің ең үстіңгі белағашы

3.     Бесіктің түбек орналасатын, ортасындағы бөлігі

4.     Құс жүні салынған жұмсақ төсеніш

5.     Сүектен әзірлеген зат

6.     Қыштан, жел қанылтырдан жасалған зат

 

Мақал- мәтелдер


Салтың -- санаң,
Дәстүрің – дәулетің,
Ғұрпың – ғұмырың.

         ****

  Бала ұяда не көрсе,

Ұшқанда соны іледі
            ****
Бала – ананың бауыр еті, көз нұры.

               ****
Бала өз несібесін ала туады.

                *****
Болар бала
Бесігінде бұлқынады.


         *****


Бесік баласы бес түлейді.
Бесіктен түскен бөпеге есікке дейін ен дүние.
              *****
Бесіктегі баланың
Күлгенін көрген бір мұрат.
Алдына түсіп ананың
Жүргенін көрген бір мұрат.

               ****
Жас бала құстың көлеңкесінен тоңады.

                               *****

Нағашымен күрессе,

Жиені жығылар

       ****

Асыңа тойғызбасаң да,

Ақниетіңе тойғыз


 

 

Сәбиге бата беру.

Анасының аяулы
Жарып шыққан кемерін
Қадам басып өмірге,
Жас шыбықтай бүр жарып,
Жаңа жайған желегін
Торсық шеке, ақ маңдай
Өсе берсін бөбегің.
Өмірі ұзақ болсын деп,
Көңілі нұрға толсын деп,
Ақ батамды беремін.
Азамат боп ер жетсін,
Қиын кезде жолдастан
Аямайтын көмегін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жоба "БЕСІК - КИЕЛІ МҮЛІК""

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 395 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.12.2015 5034
    • RAR 2.6 мбайт
    • 40 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Калиева Самал Жанабиловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Калиева Самал Жанабиловна
    Калиева Самал Жанабиловна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 38565
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

Физическая культура и спорт: методика, педагогика, технологи

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Психологические механизмы и стратегии: сохранения психологического равновесия

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Преодоление расстройств: путь к психическому здоровью"

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

"С понедельника — начну!.." Практическое руководство к модификации образа жизни

Перейти к трансляции