Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / «Жоба қызметі: тәрбиешіге нені білу, нені түсіну, не істей алуы керек?» педагогикалық кеңес
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

«Жоба қызметі: тәрбиешіге нені білу, нені түсіну, не істей алуы керек?» педагогикалық кеңес

библиотека
материалов


hello_html_75907be9.jpg



Ақмола облысы,

Ерейментау қаласы,

«Болашақ» балабақшасы

1-і санатты әдіскер Оразбаева Айман Қуанышқызы

«Жоба қызметі: тәрбиешіге нені білу, нені түсіну, не істей алуы керек?» педагогикалық кеңес

1 Слайд Педагогикалық кеңес.

Қайырлы күн, әріптестер! Біз сіздерді педагогикалық Олимпте көргенімізге қуаныштымыз! Сіздер өздеріңіз мына қысқы олимпиада оыйндарының түрі бейнеленген бэйджді таңдап алуға ұсынамын. Енді осы белгілер бойынша өз орындарыңызға орналасуды сұраймын. Сіздер білесіздер 2011 жылы Қазақстанда Қысқы Азиада ойындары өтті, ал осы жылы Сочи қаласында қысқы олимпиада өтеді, сондықтан біз бүгінгі заманға лайық ағынан қалмайық деп осы тақырыпты алдық. Енді сіздерге төрешілерді таныстырайын. Төрешілер бүгінгі ойын барысын қадағалап, баға беріп отырады.

2 Слайд Күн тәртібі.

3 Слайд. Сонымен бізде неше команда жиналды? 5 команда жиналды. 5 түрлі қысқы спорт түрлері: биатлон, шорт- трек, фристайл, тау шаңғысы, мәнерлеп сырғанау.

Тапсырма. Қатысушы командалар 3 мин. Ішінде өздерін таныстырады. Өздерінің қысқы спорт түрі туралы ақпарат айтады. Тұсау кесу.

Барлық командалар дайын!

4 Слайд. Біздің Олимпиадаың негізгі мақсаты – бұл ОЛИМП тауының шыңына жету!

Енді біздің негізгі тақырыбымызға оралайық. Бүгінгі бізідің педагогикалық кеңестің тақырыбын білу үшін мынадай тапсырмалар орындау керек.

2 тапсырма. Балаларға пазл құрастырғанды ұнатады. Әр команда үстелінде №1 конверт жатыр. Сол конвертті ашып, ішіндегі пазылды құрастыра отырып, бүгінгі педагогикалық кеңестің тақырыбын оқыңыздар.

5 Слайд. Бірінші болған команда қолын көтеріп, Педагогикалық олимпиада тақырыбын оқиды.

6 Слайд. «Жоба қызметі: тәрбиеші нені білу, нені түсіну, не істей алуы керек?» Неге бұл тақырып таңдалды?

Қазіргі заманда мектепке дейінгі білім беру жүйесінің жағдайы жаңаруда және дамуда. Жаңа Мемлекеттік стандарт мектепке дейінгі білім беру қызметінің негізі болып базистік оқу жоспары анықтайтынын педагогтың іс-әрекеті емес, бала - педагогикалық процестің субъекті ретінде болатынын көрсетеді. Біртіндеп қиындап отырған ойын іс-әрекетінің міндеттері балаға алға жүруді, өз шығармашылық қасиеттерін дамытып, өздігінен жетілуге мүмкіндік береді. Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдынғы орында, яғни жоба технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ.

7 Слайд. «Жоба» сөзі грек тілініен аударылғанда- зерттеу жолы деген мағынаны білдіреді. Жоба қызметінің ерекшелігі- мұнда педагогтар, балалар және ата- анала бірлесе отырып қатыса алады. Олар тақырыпқа байланысты бірлесе материал жинайды. (ойындар, конкурстар, көрмелер, тұсау кесулер)

Мектепке дейінгі мекемелерде жобалау технологиясыың негізгі мақсаты- балаларға дайын өнімді қабылдайтын ғана емес, өз бетімен ізденетін, дербес іс-әрекет жасай алатын тұлға ретінде қарау, еркiн шығармашылық қабілетін дамыту.

8 Слайд «Жобалар» не үшін керек?

Балалардың өзіндік танытушылығы мен іскерлігін дамытуға көмектеседі;

қоршаған орта қызметiн балалармен меңгерiп, оларды жан-жақты игеруге көмектеседi;

балаларды бір топта жұмыс істеуге, ортақ шешім қабылдауға көмектеседі;

балалардың шығармашылық қабiлеттiлiктерiн дамытуларына мүмкiндiк туғызады;

ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытуға;

бақылай бiлуге мүмкiндiк туғызады.

Тақырып белгілі болды. Енді мақсат – міндеттерді айқындап алу керек. Әр команда өз жауаптарын жазып дайындайды.

9 Слайд

Нені білгіміз келеді?

Нені түсінгіміз келеді?

Неге үйренгіміз келеді?

Жауаптарды оқу.-3 мин.

Сонымен тақырып белгілі, мақсат қойдық.

10 Слайд. Олимпиада алауын жағамыз! Жоба- олимпиада эстафетасы басталды!

Олимп шыңын бағындыру үшін, сатылап баспалдақ жасай отырып көтерілуіміз керек. Олимп тауы, баспалдақтар белгіленген бейне ашылады.

1 баспалдақты ашамыз. Алауды қоямыз «Жоба қызметі дегеніміз не? »

11 Слайд. Бұл сұраққа қазір біз сіздермен жауп береміз.

тапсырма. №2 конверттеріңізде сіздер осы сұрақтың жауаптары берілген, соларды таңдап алып, оларды орналастырыңыздар. 3 мин.

Бірінші болған команда қолдарын көтереді. Төрешілір ойын аяқталғанын айтады.

Жауаптарды магнитті тақтаға орналастырамыз.

12 Слайд. Қорытындылаймыз: Жоба қызметі- бұл:

1. Қойылған мақсатқа жету үшін зерттеу, іздеу, проблемалы әдіс- тәсілдердің жиынтығы.

2. Балалар, ата- аналар және педагог арсындағы серіктестік.

Бірінші баспалдақты өттік. Екіншк баспалдақ, алауды қоямыз.

13 Слайд. Жоба түрлері.

Жоба қызметінің түрлері сан алуан. Олар мерзімі және қатысушыларына қарай түрлі болып келеді. Балалабқшаға жақын Е.А.Киселева мен Т.А.Данилинаның жоба түрлеріне тоқталайық.

14 Слайд. Бұл 4 түрлі: шығармашылық- зерттеу, рөлдік ойын, шығармашылық және нормативтік.

Әр қайсысына жеке тоқталайық.

Шығармашылық- зерттеу жобасы бойынша сұраққа жауап алынады:

Құбылыстар қайдан пайда болады?

Құбылыстар қалай түсіндірілдеді?

Суреттер көрмесі, журналадар, жасалған заттар ретінде рәсімделеді.

Рөлдік ойын.

Өзінің аты айтып тұр. Қатысушылар өздеріне рөлдерді алып, соларды сомдап, образға кіреді.

Нормативтік. Жаңа ережелерді енгізу, ойлап табу, олардың орындалуы, түрлі нормативтік ситуациялар.

Шығармашылық. Нәтижелерді балалардың сурет көрмелері ретінде, балалар дизаині бойынша рәсімдеу.

4 тпсырма. Балабақшадағы жоба түрлерін анықтау. Әр үстелде №3 конвертте тапсырма берілген. Осы конверттің ішінде биылғы оқу жылында балабақшада жүзеге асатын жоба түрлерін табасыздар. Сіздерге оларды түрлеріне қарай топтастырып, орналастыру керек. 5 мин.

Нәтижелер тақтаға ілінеді.

Ал енді біраз демалайық.

15 Слайд. Физкультминутка - 2 мин.

16 Слайд. Олимпиада алауы 3 баспалдаққа көтеріледі.

17 Слайд. «Жоба кезеңдері»

Ғылыми- әдістемелік әдебиеттерде жоба қызметінің кезеңдерінің коп түрлері кездеседі.

18 Слайд. Балабақшада жоба қызметін іске асыруда ең маңыздысы:

1. Іздестіру (дайындық) – педагогтың жоба жұмысына дайындығы.

2. Аналитикалық – педагогтар мен балалардың білімдерін талдау.

3. Практикалық жоба қызметін іске асыру.

4. Тұсау кесу жоба қызметінің нәтижелерін ұсыну.

5 тапсырма. Педагог әрекеті мен кезеңдер арасындағы сәйкестікті орнату. Әр команда екі қатары бар таблица алады. №4 конвертте тапсырманы орындау әрекеті жазылған.

1 қатарға кезеңдер номірлері жазылады. 2 қатарға әрекет жазылады.3 мин.

Нәтижелерді салыстырайық:

3 минЖақсы командалық жұмыс!

19 Слайд. Эстафета 4 баспалдаққа көшеді, енді міне біз Олимп шыңындамыз!

20-21 Слайд. Жұмыс түрлері. Бұл не: бұл жобаға қатысушылардың шаралар, ойындар, істерді өзара ұйымдастыру.

Шаралар —бұл педагогтың немесе басқа біреудің ұйымдастырған тәрбиелік мәні бар оқиға, сабақ, ұжымдағы ситуациясы. Басқа сөзбен айтқанда ұйымдастырылып отырылған шара балаларға ұйымдастырылады, ал олар болса өз тараптарынан қабылдайды, қатысады, орындайды, реттейді т.б.

Тәрбие жұмысының түріне Е. В. Титова «Істерді» жатқызады.

Істер — бұл ұжым мүшелерімен ұйымдастырылатын және орындалатын жалпы жұмыс, маңызды оқиға.

Ойындар — бұл шынайы немесе қиялдан туындаған қызмет. Ойын мақсатты түрде ұжымда балаларды тәрбиелей отырып оқыту, үйрету, ойнату.

Біздің алауымыз Олимп шыңында!

23 Слайд. «Жоғалған әріптер» ойыны.

  1. Бүгінгі күнгі өзекті мәселе. Жоба

  2. Жоба кезеңіндегі жұмыс Түрі. Істер.

  3. Жоба түрі.

  4. Жоба кезеңіндегі жұмыс Түрі. Шаралар.

  5. Балалардың іс- әрекеті. Ойындар.

Енді бізідің не үйренгеніміз, нені түсінгеніміз, нені білгеніміз жайлы білетін кез келді.

Бұны білуде бізге спорттық киім көмектеседі. Әр қатысушыға спорттық майка қажет, қызыл немесе көк.

24 Слайд. Әр команданың үстелінде эстафета кезеңдері жазылған таблица бар. Әр қатысушы әр кезеңге өз майкасын жапсырады.

Қызыл майка – бәрін жеңдік, «өлшемім тура»

Көк майка – жаттығу керек, «тізесі қысады».

Барлығына 5 мин.

Финалдық музыка ойналады.

Олимп шыңы бағынды!

Осымен бізідің Олипиадалық кездесуіміз аяғына жетті. Мен сіздерге қашанда қиындықтарды жеңіп шығуларыңызға тілектеспін!





Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 17.10.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров111
Номер материала ДБ-267413
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх