Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Презентации / Жоба сабағы "Достық мейірімділікте"

Жоба сабағы "Достық мейірімділікте"

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Достық мейірімділікте!

Мақсаты: Балаларды адалдыққа, қамқорлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу, татулық ұғымын қалыптастыру. Достық туралы түсініктерін кеңейту. Тақпақ , ертегі арқылы тіл байлығын, сөздік қорларын дамыту. Әдіс-тәсілдер: сұрақ, жауап, әңгімелеу, көрсету, түсіндіру, ой қозғау, ойын, қорытндылау. Керекті құралдар: Тақырыпқа байланысты суреттер, карточкалар, әуен, слаид көрсету. Ұйымдастырылған оқу іс әрекет барысы: Әуенмен залға кіреді. Шаттық шеңбері: Армысың алтын күн Армысың жер ана Армысың достарым Жылуыма жылу қос. Болайықшы жақын дос! Балалар бүгінгі оқу іс әрекетіміз, күніміз сәтті өту үшін берілген корточкадағы суретке айланысты жылы лебіздеріңді білдірейік. (магнитті тақтаға суретті іліп тілегін айтады). «күн» -әрқашан күн сөнбесін! «су – суымыз тынық болсын! «нан» - нанымыз көп болсын! «гүл» - гүлдей әдеміміз! «жүрек» - мейірімдіміз. Балалар біз бүгін мейірімділік жайында айтатын боламыз. Балалар сендер бір – біріңмен доссыңдар. Ертегі сахналау: Күшік , мысық және тышқанның достығы. Ертегі жайында сұрақ жауап алу. Ертегіге қатысатындар: күшік-Азиз, мысық-Айару, тышқан – Ақмарал. «Күшік, мысық және тышықанның достығы ертегісі». Мақсаты: Балаларды мұқият тыңдай білуге үйрету. Ертегі мазмұнын түсіндіру. Үй жануарларының қалай дысыстайтынын оның атын ажырата айта білуге үйрету. кейіпкерлердің әр түрлі іс- әрекет үстінде өзгешілігіне қызыға назар аударуға дағдыландыру. Баланың ойлау, қабылдау, таным, көру, есту қабілеттерін дамыту. Балаларды татулыққа, бірлікке, достыққа адамгершілікке имандылық тәрбиесін қалыптастыру. Күшік: «ав-ав» мен күшікпен, күшікпен, күшікпін түні бойы жатпаймын, тыныштықты сақтаймын ав-ав. –ой-ой аяғым, аяғым, аяғым ай. Мысық: «мияу – мияу,» бұл кім? кімсің?» А күшік екенсің ғой, не болды? Сонша айғайлап, Күшік: « ав-ав» мысық мен ауылда ойнап жүргенімде аяағыма ағаш кіріп кетті, мені құтқаршы, аяағым ауырып тұр. «ав-ав» жалынамын. Мысық: жоқ мен сенен қорқамын сен мені күнде қуасың аяғыңдағы ағаштың алып сені құтқарсан мені қуа жөнелесің, одан да солай отыра бер. Мен еркін ойнаймын ля-ля-ля- мияу-мияу. Күшік: мысық кешірші енді мен саған тейіспеймін мені құтқаршы «ав-ав». Мысық: Жарайды мен сені құтқарайын. Күшік: рахмет. Енді екеуміз дос болайық, бірге доп ойнайық мен саған тиіспеймін. Мысық: мияу-мияу, кел екеуміз ойнайықшы менде доп бар. (екеуі бірге) Добым менің, добым менің Өзің неткен көңілді едің Зымырайсың зуылдайсың Бірақ бізден құтылмайсың. Мысық: мияу-мияу мен шаршап кеттім қайтайықшы. Күшік: «ав – ав» онда біздің үйге добыңды ала жүр бірге ойнайық. Мысық. Ой үйің қандай әдемі, жайлы керемет екен (сол кезде тесіктен тышқан шыға келеді) мына тышқан қайдан шықты? Тоқта мен сені ұстап аламын да жеп қоямын а- бәлем ұсталдың ба? Күшік мысық жіберші тышқанды ол да қонақ мен саған тиіспеймін ғой, дос болыңдар. Мысық: жарайды күшік, мен енді тышқанға тиіспеймін. Тышқан: «шиқ-шиқ» рахмет саған күшік мен қатты қорқып кетіп едім. Ендігі жерде бәріміз дос болайық тышқан мен мысық қол алысады. Барлығы қосылып ән айтады. Ән «Әрқашан дос, біргеміз» Біз достарды қолдаймыз. Қиын шақта қорғаймыз. Барлығымыз дос болып Тату-тәтті ойнаймыз. Тосын сәт: мейірімді ханшайым келді. Балалармен амандасады. Балалар сендерде мен сияақты мейірімді, қамқоршы, балалар екенсіңдер. Достықты, мейірімділікті жақсы көреді екенсіңдер. Жақсы қасиеттеріңді, мейірімділіктеріңді кріп келдім. Қош келдің мейірімді ханшайым. Балалардың мейірімділік туралы тақпақтары.



1. Біз әдепті баламыз. Мейірімді боламыз Азиз Үлкендерді тыңдаймыз Кішілерді қорғаймыз.



2. Біз әдепті баламыз Біз ерекше баламыз Үлкендерді көргенде Марина Сәлемдесе аламыз.

3.Біз әдепті баламыз Айтқан тілді аламыз. Нанға кетсе анымыз Ақмарал Үйде өзіміз қаламыз.

Сергіту сәті: « Кішкентай – балақандар» Ойын: «Кім тапқыр» (ертегі кейіпкерлерімен) Мейірімді ханшайым қоштасады. Балалар мен сендерге әкелген мейірімді гүлдерім бар, оны топқа апарып қойыңдар . сендерге мейірімді шуағын шашып тұрады. Жақсы сау болыңдар. Қорындылау. Бүгін біз не жайында айтық? Бізге қонаққа кім келді? Достық мәні мейірімділікте. Слайд көрсету. Жұмыстарын көрсету.















Жобаның әдістемелік поспорты.

Қатысушылар: Тәрбиешілер, балалар, ата-аналар. Бағыты: Қайырымды болуды, мейірімділікті, адамгершілікті, қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу. Балалардың жасы: 3. Әдіс бойынша – ізденушілік, танымдық мазмұны бойынша: мектеп жасына дейінгі бала. Қатысушылардың саны бойынша: топаралық. Ұзақтығы бойынша: қысқы мерзімді. Мақсаты: Балаларды адалдыққа, қамқорлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу, татулық ұғымын қалыптастыру. Достық туралы түсініктерін кеңейтіу. Ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, тіл байлығын дамыту. Жоба ұраны: Мейірімділік бұл жақсылық! Жобаның жұмыс жасалу кезеңдері. 1. Әңгімелесу мейірімді адам қандай болады? 2. Дидактикалық ойындар: мейірімді - қатігез (ертегі кейіпкерлерінен) 3. Ата – аналарға сұрақтар: мейірімділік туралы не білеміз? 4. Балаларды қайырымды іс жасауға үйретіу. 5. Үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуғ үйрету. 6.Ертегі Күшік, мысық және тышқанның достығы. 7. Мейірімділік ағашын жасау. 8. Біз тәрбиеші көмекшісіне қалай көмектесеміз? (дастархан жасауға көмек). 9.Ашық сабақ « Достық мейірімділікте».





























Мейірімділік туралы тақпақтар.



Біз әдепті баламыз. Мейірімді боламыз Үлкендерді тыңдаймыз Кішілерді қорғаймыз.

Біз әдепті баламыз Біз ерекше баламыз Үлкендерді көргенде Сәлемдесе аламыз.

Біз әдепті баламыз Айтқан тілді аламыз. Нанға кетсе анымыз Үйде өзіміз қаламыз.

Біз достарды қолдаймыз. Қиын шақта қорғаймыз. Барлығымыз дос болып Тату-тәтті ойнаймыз.

Добым менің, добым менің Өзің неткен көңілді едің Зымырайсың зуылдайсың Бірақ бізден құтылмайсың.

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 12.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Презентации
Просмотров243
Номер материала ДВ-330940
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх