Инфоурок Информатика КонспектыЖоба ужымдық шарт "11 сынып" (11 класс)

Жоба ужымдық шарт "11 сынып" (11 класс)

Скачать материал

 

Ұжымдық келісім шарт

Еңбек ұжымының жалпы жиналысында қабылданды.

«        »________________   2016 жыл

 

І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

 

 

1.1 Осы ұжымдық шарт _____________ қалалық әкімдігінің білім бөліміне қарасты МКК №____ орта мектебі мен (жұмыс беруші) және осы мекеменің  еңбек ұжымы (жұмыскерлер)  арасында  жасалды. Бұл құқықтық күші бар құжат  бұдан әрі «тараптар» деп аталатын жақтар арасында қызметкерлердің әлеуметтік және еңбек құқықтарын қамтамасыз ету, мекеме қызметіне қалыпты жағдайлар туғызуды реттеуге арналған.

Ұжымдық шарттың тараптары болып:

жұмыс беруші білім мекемесінің өкілі___________________________________                                                                                                                     

                                                       (мекеме басшысының аты-жөні)

 ҚР білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының мүшесі болып табылатын                              

  еңбек ұжымының  өкілі _____________________________________________

                                                       (кәсіподақ  комитеті  төрағасының  аты-жөні)

 

1.2. Ұжымдық  шарт Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің нормаларына, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Кәсіптік одақтар туралы» заңдарына,   заңда көзделген жеңілдіктер көлемінен де жоғары жеңілдіктердің берілуін  қамту мақсатында Әлеуметтік әріптестік туралы Бас Салалық   келісімге,  облыстық, аудандық (қалалық) Салалық келісімге  сәйкес жасалынды.

1.3.  Тараптардың келісіміне сәйкес ұжымдық келісім шарттың мазмұны қол қойылғаннан кейін  5 күн мерзім ішінде әрбір жұмысшыға таныстыру   мекеме басшысына жүктеледі. Кәсіподақ  комитеті  жұмыскерлерге ұжымдық шарттың ережелерін түсіндіруді  және орындалуына ықпал жасауды міндетіне алады.

1.4. Жұмыс беруші және кәсіподақ комитеті осы келісім шарттың бұлжытпай орындалуына,  бір-бірінің мүдделерін құрметтеуге, туындаған мәселелерді шешуде бірігіп шара қолданады, міндетіне алады;

1.5. Ұжымдық шарт тараптар айқындайтын мерзімге жасалынады,ол қол қойылған кезден бастап күшіне  енеді және  келесі ұжымдық шарт қабылданғанша  күшінде болады;

1.6. Ұжымдық шарттың күші жұмыс берушіге  және солардың атынан  ұжымдық шарт жасалған  ұйым жұмыскерлеріне  және оған қосылған жұмыскерлерге қолданылады;

1.7.Ұйым таратылған, ол банкрот деп жарияланған кезде ұжымдық шарттың қолданылуы барлық жұмыскерлермен  еңбек шарты тоқтатылған күннен бастап тоқтатылады. (ҚР ЕК 158 бабы 4 тармағы)

1.8. Ұжымдық шартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың өзара келісуі  бойынша ғана жүргізіледі.(ҚР ЕК 156 бабының 8 тармағына)

1.9.  Тараптар ҚР Еңбек заңына  сәйкес еңбек дауларын шешу үшін міндетті түрде  келісім комиссиясын құруға келісті;

1.10.Тараптар жұмыс берушінің  төмендегі шешімдерінің тек қана кәсіподақ комитетімен келісе отырып қабылдануы жөнінде келісті:

- ішкі еңбек тәртібі жөніндегі Ереже;

-  сабақ кестесі

-  жұмыс кестесі;

-  еңбек демалысының кестесі;

-  педагог қызметкерлердің оқу жүктемесі;

- педагог қызметкердің біліктілік санатын төмендету жөніндегі кезектен  тыс аттестация  өткізу жөніндегі шешім қабылдау кезінде;

- еңбек қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулық;

Жұмыс берушінің төмендегі бұйрықтары мекеменің бастауыш кәсіподақ  комитетінің  дәлелді пікірін ескере отырып шығарылады:

Еңбек жағдайының өзгеруі жөніндегі бұйрықтар;

Жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзу жөніндегі бұйрықтар;

Мереке және демалыс күндерін жұмыс күні деп жариялау жөніндегі бұйрықтар;

Штаттық кестенің қысқаруы және өзгеруі жөніндегі бұйрықтар;

Марапаттау және тәртіптік жаза қолдану жөніндегі бұйрықтар;

Сыйақы, қосымша ақы және материалдық көмек беру жөніндегі бұйрықтар;

Толық емес жұмыс уақытын белгілеу жөніндегі бұйрықтар;

Күнделікті жұмысты бөліктерге бөлу жөніндегі бұйрықтар;

Жұмыс уақытының жиынтық есебін жүргізу туралы бұйрықтар.

  1.11. Тараптар жұмыс берушінің төмендегі шешімдерінің  кәсіподақ комитетінің келісімінен кейін ғана қабылданатыны жөнінде келісімге келді:

1)  мекеменің қызметі тоқтатылған және бір мезгілде жаппай жұмыстан босатылған жұмыс күші туралы актілер

2)  кәсіби дайындығының түрін ,жұмыскерлердің  біліктілігін арттыру мен қайта дайындау, қажетті мамандардың тізімін және әр бір жылы білім алушылардың санын анықтау.

  1.12.кәсіподақ ұйымының келісімі кәсіподақ комитеті төрағасының қойылған қолы арқылы анықталады. Кәсіподак комитетінің  келісімі мен дәлелді пікірі тараптар келіскен осы ұжымдық шарт тәртібіне сәйкес сұралады және талқылауға ұсынылады.

 

 

ІІ. ЕҢБЕК  ҚАТЫНАСТАРЫ  ЖӘНЕ ЕҢБЕК ШАРТЫ

 

2.1. Еңбек шартының мазмұны, оны жасау тәртібі, өзгерістер мен бұзу ҚР Еңбек кодексіне, басқа да заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге, сала ұйымдарының жарғыларына (ережелеріне) сәйкес анықталады және қолданыстағы еңбек заңнамасымен, сондай-ақ салалық, ұжымдық  келісім шартпен салыстырғанда, қызметкерлердің жағдайын төмендете алмайды. 

2.2. Еңбек шарты жұмыскермен жазбаша түрде екі данада жасалынады, әр данасына жұмыс беруші мен жұмыскер тарапынан қол қойылады. Еңбек шарты еңбек шартын есепке алу кітабында тіркеледі. Тараптар қол қойған және білім беру ұйымының мөрімен бекітілген шарттың бір данасы жұмыскердің қолына беріледі. Еңбек шартын жұмыскерге бергені туралы дерек  еңбек шарттарын есепке алу кітаптарында жұмыскердің қол қоюымен расталады. Еңбек шарты жұмысқа қабылданған туралы бұйрық шығаруға негіз болып табылады.

2.3. Тұрақты жұмысқа қабылданатын жұмыскермен еңбек шарты белгісіз мерзімге немесе бір жылдан кем емес мерзімге жасалады. Осы жағдай қоса атқарушы жұмыскерге де қатысты. Бір жылдан аз уақытқа жасалатын еңбек шарты нақты бір жұмысты атқару уақытына, уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уақытына және маусымдық жұмысты орындау уақытына жасалады. Еңбек шартының мерзімі өткен кезде тараптар оны белгіленбеген немесе бір жылдан кем емес белгілі  мерзімге ұзартуға құқылы. Егер еңбек шартының қолданылу мерзімі өткен жағдайда тараптардың ешқайсысы соңғы жұмыс күні ішінде еңбек қатынастарын тоқтату туралы жазбаша хабардар етпесе, ол бұрын жасалған дәл сол мерзімге ұзартылған деп есептеледі. Бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шартының мерзімін ұзартудың саны екі реттен аспайды.Еңбек қатынастары жалғастырылған кезде еңбек шарты белгіленбеген мерзімге жасалған деп есептеледі.

2.4. Егер жүкті әйел бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталған күні  мерзімі он екі және одан көп апта жүктілігі туралы медициналық қорытынды ұсынса, сондай-ақ үш жасқа дейінгі баласы бар, бала асырап алған және бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалысқа өз құқығын пайдалануға ниет білдірген жұмыскер (уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру жағдайынан басқа)  еңбек шартының мерзімін ұзарту туралы жазбаша өтініш берсе, онда жұмыс беруші еңбек

 

шартының мерзімін бала күтімі бойынша демалыс аяқталған күнді қоса алып ұзартуға міндетті.

2.5.Оқу жылының ішінде  зейнеткерлік жасқа толған мұғалімге оқу жылының соңына дейін жұмыс істеуіне мүмкіндік беріледі. Зейнеткерлік жасқа толған кәсіби және біліктілік деңгейі жоғары қызметкермен еңбек шарты  оның еңбекке қабілеттілігі ескеріле отырып жыл сайын ұзартылуы мүмкін.

2.6. Зейнеткерлік жасқа толған жұмыскерлермен еңбек шартын бұзуға бір ай бұрын жазбаша түрде хабардар ете отырып, бір айлық еңбек ақысы мөлшерінде өтемақы төлену арқылы жол беріледі.

2.7. Еңбек шартында  ҚР ЕК 28 бабында қарастырылған  еңбек жағдайлары, оның ішінде оқу жүктемесінің көлемі, тәртібі мен ұзақтығы, жеңілдіктер, өтемақылар  және т.б келісіледі. Еңбек шартын өзгерту тек  тараптардың келісімімен ғана  және ҚР ЕК  көрсетілген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылуы мүмкін.

Еңбек шартының өзгергені туралы білім беру ұйымының басшысы жұмыскерді және бастауыш кәсіподақ  комитетін өзгеріс енгізілгенге  дейін бір жарым айдан кем емес уақытта жазбаша түрде ескертуге міндетті.

2.8. Педагог қызметкерлерге оқу жүктемесінің көлемі (педагогикалық жұмыстың) оқу жоспары, оқу бағдарламасы бойынша сағаттар санына, кадрлармен қамтамасыз етуге, кәсіподақ комитетінің пікірін ескере отырып, сол ұйымдағы басқа да нақты жағдайларға орай бекітіледі. 

2.8.1. Педагог қызметкерге толық жүктеме, яғни он сегіз сағат беріледі. Тараптар аз сағатпен жүрген  мұғалімдердің жүктемесін толықтырмайынша сырттан маман алмауға келісті;

2.9. Педагог қызметкердің оқу жүктемесінің көлемі еңбек шартында көрсетіледі және тек қызметкердің жазбаша келісімімен ғана тараптар өзгерте алады.   Оқу жүктемесін алдын ала бөлу оқу жылы аяқталғанға дейін және жаңа оқу жылында сыныптарды, топтарды және оқу жүктемесін анықтау үшін қызметкерлер еңбек демалысына шықпай тұрып аяқталады

2.10. Жұмыс беруші педагог қызметкерлерді кезекті еңбек демалысына шыққанға дейін, олардың жаңа оқу жылына арналған алдын ала оқу жүктемесімен жазбаша түрде таныстыруы қажет. Оқу жылының басталуымен нақты оқу жүктемесі, білім алушылар контингентін жинақтау нәтижелеріне, оқу жоспарларының өзгеруіне байланысты алдын ала бөлінген жүктемемен білім беру ұйымындағы штаттық кестенің өзгеру себебі бойынша сәйкес келмеуі мүмкін.

2.11. Аталған ұйым негізгі жұмыс орны болып табылатын педагог қызметкерлерге жаңа оқу жылына оқу жүктемесін белгілеу кезінде, ереже бойынша, оның көлемі мен сыныптарда, топтарда пәндерді оқытуды жалғастыруы сақталады. Оқу жылының басында педагог қызметкерлерге белгіленген оқу жүктемесінің көлемі, (оқу жылы ішінде әкімшіліктің бастамасымен оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша сағат санын азайту, сыныптар сағатын  қысқарту  жағдайларын ескермегенде), оны келесі оқу жылына белгілеу кезінде де азайтыла алмайды.

2.12. Оқу жоспарымен қарастырылған сағаттар санына байланысты, педагог қызметкерлердің оқу жүктемесі бірінші және екінші оқу жартыжылдықтарында әр түрлі болуы мүмкін. Педагог қызметкерлердің оқу жүктемесінің көлемі заңнамамен нормативтік анықталған  көп немесе аз көлемде тек олардың жазбаша келісімімен белгіленеді.

2.13. Аталған ұйым педагог қызметкерлер үшін негізгі жұмыс орны болып, оқу жүктемесімен кемінде бір жалақылық ставкамен қамтамасыз етілген жағдайда ғана, сол ұйымда негізгі жұмысымен қатар қосымша жұмыс атқаратын тұлғаларға, сондай-ақ басқа білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне (білім басқармалары органдарының және оқу-әдістемелік кабинеттердің, орталықтардың қызметкерлерін қосқанда) оқытушылық жұмыс беріледі. 

 

2.14. Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты еңбек демалысындағы педагог қызметкерлерге оқу жүктемесі жалпы негіздемеде белгіленеді және осы мерзімде

 

оны орындау үшін басқа қызметкерлерге беріледі. 

2.15. Оқу жүктемесі демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс жасамайтын күндерге жоспарланбайды.                                        

2.16. Оқу жылы ішінде педагог қызметкердің оқу жүктемесін еңбек шартында немесе ұйым басшысының бұйрығында келісілген оқу жүктемесімен салыстырғанда азайту немесе көбейту:

а) тараптардың өзара келісімі  бойынша;

б) мына жағдайларда жұмыс берушінің бастамасымен:

- оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша сағат санын азайту, сыныптар, топтар санын қысқартуы;

- өндірістік қажеттілікке байланысты, уақытша орнында жоқ қызметкерді алмастыру үшін оқу жүктемесінің көлемін уақытша көбейтуі (мұндай жағдайда қызметкердің келісімінсіз көбейтілген оқу жүктемесін орындау ұзақтылығы күнтізбелік жыл ішінде бір айдан аспауы қажет);

- қызметкерлерге олардың мамандығы мен біліктілігін ескере отырып, бос тұрып қалған жағдайдың барлық уақытына сол ұйымнан немесе сол жердегі басқа ұйымнан кемінде бір айға басқа жұмыс тапсырылуы (ауа райы жағдайларына, карантинге және бөгде жағдайларға байланысты сабақтарды тоқтату); 

- бұрын осы оқу жүктемесін орындаған педагог қызметкердің жұмысын да еңбек дауын қарайтын органмен қалпына келтіруі;

- бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты еңбек демалысын үзген немесе осы демалыс аяқталғаннан кейінгі әйелдің жұмысқа түсуі.

2.17. Қызметкер еңбек функциясын өзгертпей өз жұмысын жалғастыру кезінде (белгілі мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысы) жаңа оқу жылында ұйымдастырушылық және технологиялық еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты, педагог қызметкерлердің маңызды еңбек жағдайлары жұмыс берушінің бастамасымен  ереже бойынша өзгертілуі мүмкін (сынып-жинақтардың, білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) топтары мен сандарының өзгертілуі, оқу жоспары бойынша жұмыс сағаттарының саны және ұйымның ауысым жұмысының өзгеруі, тәжірибе жүргізу, сондай-ақ, білім беру бағдарламаларының және т.б. өзгеруі).  

2.18. Оқу жылы ішінде еңбек келісімінің маңызды шарттары тараптардың еркінен тыс ерекше жағдайларда ғана өзгертілуі мүмкін. 

Еңбек шартының жағдайларын өзгерту туралы жұмыс беруші қызметкерге кемінде бір ай бұрын жазбаша түрде хабарлауы тиіс.  

Егер қызметкер жаңа жағдайдағы жұмысты жалғастыруға келіспесе, онда жұмыс беруші оған біліктілігіне және денсаулық жағдайына сәйкес келетін ұйымдағы басқа жұмысты, ал мұндай жұмыс болмаған жағдайда – қызметкердің біліктілігі мен денсаулығына байланысты төменгі дәрежелі бос қызмет орнын немесе ақысы аз жұмысты жазбаша түрде ұсынуға міндетті. 

2.19. Жұмыс беруші немесе оның уәкілетті өкілі қызметкермен еңбек шартын жасасқан кезде, оны осы келісіммен, ұжымдық шартпен, білім беру ұйымының Жарғысымен (Ережесімен), ұйымның қолданысындағы ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен және басқа да еңбек мәселелері жөніндегі актілермен қолын қойғызып таныстыруы тиіс.

2.20. Қызметкермен еңбек шартын тоқтату тек ҚР Еңбек кодексімен қарастырылған негіздер және Қазақстан Республикасының басқа да заңдары бойынша жүзеге асырылады. ҚР Еңбек кодексінің 52-бабына сәйкес, жұмыс берушінің бастамасымен кез-келген негіздеме бойынша еңбек шартын бұзу кезінде, Жұмыс беруші алдын ала бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ комитетінің дәлелді пікірін алуға міндетті. 

 Білім беру ұйымдарының басшылары өздеріне қызметкерлердің жеке деректерін сақтау тәртібін белгілейтін бұйрықтар шығаруға міндеттеме алады.

Жұмыс берушілер қызметкердің жеке деректерін беру кезінде мынадай талаптарды қадағалауға міндетті:

1) қызметкердің жеке деректерін үшінші тарапқа қызметкердің жазбаша келісімінсіз

хабарламауға;

2) қызметкердің жеке деректерін алуға тек арнайы уәкілетті тұлғаларға рұқсат етуге. Бұл ретте, аталған тұлғалар қызметкердің тек нақты функцияларды орындау үшін қажетті жеке деректерін ғана алуға құқылы және құпиялылық режимін сақтауға міндетті;

3) қызметкердің жеке деректерін, қызметкер таныс болуға тиіс жұмыс берушінің актісіне сәйкес, ұйым ішінде ғана беруді жүзеге асыруға.                          

2.21.лауазымдық міндеттерін адал атқарғаны, бастамашылдығы, шығармашылық белсенділігі және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін мадақтаудың мына түрлерін қолдану:

  -   алғыс жариялау

  -   ақшалай сыйақы

  -   бағалы сыйлық

  -   құрмет грамотасымен мадақтау

  -   қызметте жоғарылату

2.22.Мекеме атынан түрлі деңгейдегі жарыс, сайыстарға (кәсіби сайыстар, спорттық  жарыс, «Наурыз шапағаты», КТК т.б.) жіберілген білім қызметкерлеріне сол күндерге жалақысы толық төленеді.

2.23. Кәсіподақ комитетінің төрайымына 10 % жалақы  түскен ақшаның есебінен төленсін

 

ІІІ. ЕҢБЕККЕ  АҚЫ  ТӨЛЕУ  ЖӘНЕ  ЕҢБЕКТІ  НОРМАЛАУ

 

3.1. Тараптар мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылған білім және ғылым қызметкерлерінің еңбектеріне ақы төлеуді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылдың 31 желтоқсанындағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» № 1193 қаулысы негізінде жүзеге асырады. Шаруашылық басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда, еңбекке ақы төлеудің мерзімді-сыйлықақы нысаны қолданылады. Бұл кәсіпорындардағы еңбекке ақы төлеу мәселесі, кәсіпорынның  кәсіподақ комитетімен келісілген еңбекке ақы төлеудің Ережелерімен реттеледі.  

3.2. Меншік түріне қарамастан қызметкерлеріне тарифтік ставканың (айлықтың) ең төменгі мөлшері, ҚР Үкіметінің жоғарыда көрсетілген қаулысымен және осы Келісіммен белгіленген еңбекке ақы төлеудің ең төменгі стандартынан кем болмауы тиіс.

3.3. Қызметкерлерге жалақы жұмысты орындағаны үшін ай сайын ақшалай түрде төленеді. Жалақы қызметкерлерге келесі айдың 10-нан кешіктірілмей төленуі тиіс.

3.4. Жалақы еңбекке ақы төлеу жүйесіне сәйкес есептеледі және өзіне мыналарды қосады:

- лауазымдық айлық (тарифтік ставка);

-мемлекеттік бюджет қаражатының есебіндегі ұйымдардың қызметкерлеріне, азаматтық қызметшілерге, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбек жағдайы үшін көтерме, үстеме ақылар және қосымша ақылар; 

-ұйымның локальдық нормативтік актілерімен, қолданыстағы заңнамамен көзделген басқа да төлемдер.

3.5. Жұмыс берушілер өздеріне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылдың 31-желтоқсанындағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» №1193 қаулысымен белгіленген мөлшерде, мемлекеттік мекемелер және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне қосымша және үстеме ақылар тағайындауға және төлеуге міндеттеме қабылдайды, қосымша және үстеме ақылардың жекеленген түрлері базалық лауазымдық айлықтан:

3.5.1. Сынып жетекшілігі үшін 1-4 сыныптар -25% БЛА, 5-11 (12) сыныптар- 30% БЛА;

3.5.2.  1-4  сыныптардың мұғалімдеріне дәптерлер мен жазбаша жұмыстарды тексергені үшін 20 % БЛА, оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі  қазақ тілі мен басқа да ұлттық тілдердің және оқу ұлттық тілде жүретін  мектептердегі  орыс тілінің осы пәндерді 1-4 сыныптарда жүргізетін  мұғалімдеріне 25% БЛА және 5-11 сынып мұғалімдеріне жазбаша жұмыстарды тексергені үшін 25% БЛА;

 

3.5.3. Оқулықтардың  кітапханалық қорымен жұмыс істегені үшін кітапханашыларға-30%БЛА

3.5.4.Ауылдық жерде жұмыс істегені үшін мұғалімдерге жіне оған теңестірілген лауазымдарға, медбике, кітапханашыларға 25% кем емес айлықақылар белгіленеді

3.5.5. Қарауылдар мен маусымдық от жағушыларға  түнгі жұмысына  (кешкі сағат 22.00. ден азанғы 06.00.дейін)әр сағат үшін 50%, мереке немесе демалыс күндерінің әр сағаты үшін 50%;

3.5.6. Мерзімнен тыс жұмыстың әр сағаты үшін 50%;

3.5.7.  Экологиялық дағдарыс  аймағында тұрған үшін  белгіленген коэффицент-30 % (1992 жылғы 30 маусымдағы « Арал өңіріндегі  экологиялық апат салдарынан зардап шеккен  азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы » ҚР Заңы)

3.5.8.Өндірістік және қызметтік үй жайларды дезинфекциялық құралдарды пайдаланатын тазалықшыларға – 20 %,  дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып дәретханаларды тазалаған кезде - 30%;  

3.5.9. Аспазшыларға, мекеме ғимаратындағы жылыту пештері қатты отын (көмір) пайдаланатын бу қазандықтарында жұмыс істейтін  от жағушыларға 30%;

3.6. Тараптар қызметтерді қоса атқаратын немесе қызмет көрсету аймағының кеңеюі ретінде сабақ беретін мұғалімдердің, оқытушылардың және басқа педагог қызметкерлердің оқу жүктемесін көбейтуді қарастырмайтын болып келісті. Аталған тұлғалардың нақты оқу жүктемесін көбейту, барлық құқықтық салдарымен жұмысты қоса атқару ретінде қаралады.

3.7. Тараптар кабинеттерді (зертханалар, шеберханалар) меңгеру үшін төленетін қосымша ақыны, білім беру ұйымдарының комиссиялары жыл сайын тамыздың 20-нан 30-ы аралығында оларды аттестаттау нәтижесі бойынша тағайындайды деп келісті. Кабинеттерді (зертханаларды, шеберханаларды) аттестаттау нәтижелері білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен рәсімделеді. Егер, оқу жылының басында аттестаттау өткізілмеген болса, онда қосымша ақыны тағайындау өткен аттестаттау нәтижесі бойынша жүзеге асырылады;.

3.8. Тараптар оқушылардың күзгі, қысқы, көктемгі және жазғы каникулдары кезінде жұмыс уақыты үшін педагог қызметкерлерге еңбектеріне ақы төлеу, каникул басталғанға дейін болған тарифтеу кезінде белгіленген жалақы есебінен төленеді деп ұйғарды.

3.9. Штаттық лауазымсыз  педагогикалық жұмысты атқаратын педагог қызметкерлерге (мұғалімдер, оқытушылар, тәрбиешілер және т.б.) жаңа оқу жылының басында тарифтеу тізімі құрылып бекітіледі. Тарифтеу тізімдері білім беру ұйымдары басшыларының бұйрықтарымен, оларға бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ комитетінің өкілі міндетті түрде қосылып құрылған тарифтеу  комиссияларымен дайындалады. 

3.10. Жұмыс берушілер өздеріне ай сайын қызметкерлерге жалақы төлеу күні, әрбір қызметкерге оған тиесілі жалақының негізгі құрамы, ұсталынған ақшаның мөлшері мен

негіздеменің, оның ішінде аударылатын міндетті зейнетақы жарналары, төленуге тиісті жалпы сома туралы  жазбаша түрде хабарлауға міндетті. (ҚР ЕК 113 бабы 2 тармағы);

Мектеп есепшісі әр айдың бір күнінде ашық есік күнін белгілеп, қызметкерлерді сұрақтар бойынша қабылдап, жауап беруі тиіс.   

3.11. Жұмыс берушілер тарапынан өздеріне қаржыландыру жоспары бойынша тиісті мемлекеттік мекемені қамтамасыз етуге көзделген қаражаттарды үнемдеу есебінен немесе  салалық келісіммен, ұжымдық шартпен белгіленген тәртіпте, қазыналық кәсіпорындар үшін бекітілген смета бойынша материалдық көмек көрсетуге, жеке қосымша ақыларды тағайындауға, қызметкерлерге сыйақы беру көзделеді;

3.12. Еңбекке ақы төлеуді өзгерту мынадай жағдайларда: - тиісті өтілге жеткен күннен бастап, егер құжаттар ұйымда болса, немесе жалақы ставкасының (айлықтың) мөлшерін көбейтуге құқық беретін өтіл туралы құжатты ұсынған күннен бастап - мамандығы бойынша жұмыс өтілін көбейткенде;

- тиісті құжатты ұсынған күннен бастап – білім туралы құжатты қалпына келтіру немесе білім алғанда;

- келесі оқу жылының басталуымен – біліктілік санатын алғанда;

- «Назарбаев зияткерлік мектептері» ААҚ оқу бағдарламалары бойынша біліктілік курстарын жетістікпен аяқтап, тиісті деңгейдегі бағдарлама бойынша сертификат алған күннен бастап жүзеге асырылады, мекемеде арнайы комиссияның шешімі басшылыққа алынады;

3.13. Қызметкер жыл сайынғы немесе басқа еңбек демалысында болған мерзімде, сондай-ақ оның уақытша еңбекке жарамсыздығы мерзімінде, оның еңбекке төленетін ақысын және (немесе) жалақының ставкасын өзгертуге құқығы келген кезде, еңбекке ақы төлеудің анағұрлым жоғары разряды ставкасының мөлшерінен шығатын жалақыны төлеу, еңбек демалысы немесе уақытша еңбекке жарамсыздық демалысы аяқталған күннен бастап жүргізіледі. 

3.14.Тараптар жалақылары нормативтік оқу жүктемесімен белгіленетін мұғалімдердің, тәрбиешілердің, басқа қызметкерлердің тарифтеу тізімдері мен оқу жүктемесі, нормативтік құқықтық актілер және білім беру стандарттарына сәйкес сыныптардың (топтардың) белгіленген шегіне толуын ескере отырып құрылады деген шешімге келді.

3.15. Жұмыс берушінің бастамасымен күнделікті жұмысты бөліктерге бөлген жағдайда, жұмыс уақыты сабақтар кестесімен белгіленетін қызметкерлерді қоспағанда, қызметкерге базалық лауазымдық айлықтан 50% мөлшерінен кем емес төленеді  (ҚР ЕК 72-бап 3-т.);

3.16. Толық жеке және ұжымдық (ортақ) материалдық жауапкершілік жөніндегі шарттар, сондай-ақ толық материалдық жауапкершілік туралы типтік шарт жасалынатын қызметтерді атқаратын немесе орындайтын лауазымдар мен жұмыстар тізіміне кіретін: шаруашылық меңгерушілері, медбике, қойма меңгерушісі, компьютермен жұмыс жасайтын қызметкер, операторлар, қарауылдар мүлікті қорғауды және қызметкерге берілген басқа құндылықтарды қамтамасыз ете алмағаны үшін жауаптылыққа тартылады; 

3.17. Тараптар, қызметкердің кінәсінен емес бос тұрып қалған жағдайда, қосымша ақылар, үстеме және көтерме ақыларды есептемей, ағымдағы жалақы мөлшерінде төлеуге келісті.

3.18. Қызметкердің стажы, аттестациядан өтіп куәлікке бұйрық шыққан күннен бастап, қыркүйекке қарамай жалақы сол күннен бастап төленуі тиіс. 

ІV ЖҰМЫС УАҚЫТЫ ЖӘНЕ ТЫНЫҒУ УАҚЫТЫ

 Тараптар төмендегі жағдайлар туралы келісімге келді:

4.1. Ұйым қызметкерлерінің жұмыс уақыты бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ комитетінің келісімі бойынша жұмыс берушімен бекітілген ауысым кестесі, оқу кестесі, жылдық күнтізбелік оқу кестесі, сабақ кестесі, ішкі еңбек тәртібінің Ережелерімен, сондай-ақ еңбек шартының жағдайларымен, қызметкерлердің лауазымдық нұсқауларымен және оларға ұйымның Жарғысымен (Ережемен) жүктелген міндеттемелермен белгіленеді. 

4.2. Толық емес жұмыс уақыты – толық емес жұмыс күні немесе толық емес жұмыс аптасы келесі жағдайларда белгіленеді:

- қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша;

- жүкті әйелдің, 14 жасқа дейінгі баласы бар (18 жасқа дейінгі мүгедек баласы бар) ата-ананың біреуінің (қамқоршының, тәрбиешінің, заңды өкілдің), сондай-ақ медициналық ұйғарымға сәйкес отбасының науқас мүшесінің күтімін жүзеге асырып отырған тұлғаның өтініші бойынша.

Толық емес жұмыс уақыты жағдайларында жұмыс істеу қызметкер үшін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығын қандай да бір шектеуге әкеп соқтырмайды.

4.3. Сабақ кестесін құру, сабақтар арасында үзіліс жібермей, педагог қызметкердің жұмыс уақытын тиімді пайдалануды ескере отырып жүзеге асырылады.

4.4. Сабақ өткізуден, кезекшіліктен, білім беруді ұйымдастырудың жоспарымен қарастырылған сабақтан тыс шараларға (педагогикалық кеңес мәжілістері, ата-аналар жиналысы және т.б.) қатысудан бос сағаттарын педагог қызметкер өз қалауынша пайдалануға құқылы. 

 

4.5. Ұйым қызметкерлерін еңбек шартымен, лауазымдық міндеттемелермен көзделмеген жұмысты орындауға тартуға, тек Қазақстан Республикасының қолданысындағы заңнамасымен қарастырылған тәртіпте, қосымша ақы төленетін және қызметкердің жазбаша келісімімен Жұмыс берушінің жазбаша өкімі бойынша жол беріледі.

4.6. Күзгі, қысқы және көктемгі каникул уақыты, сондай-ақ кезекті еңбек демалысымен сәйкес келмейтін жазғы каникул уақыты, ұйымның педагог және басқа қызметкерлері үшін жұмыс уақыты болып табылады.

Осы мерзімдерде педагог қызметкерлерді жұмыс беруші, каникул басталғанға дейін олардың оқу жүктемесінен аспайтын уақыт ішінде, педагогикалық және ұйымдастырушылық жұмыстарға тартады. Каникул кезіндегі жұмыс кестесі, бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ комитетінің  келісімі бойынша басшының бұйрығымен бекітіледі.

Кезекті еңбек демалысымен сәйкес келмейтін каникул уақытында, педагог қызметкерлер үшін олардың келісімімен, бір ай ішінде жұмыс уақытының жиынтық есебі белгіленуі мүмкін.

4.7. Каникул уақытында оқу-көмекші және қызмет көрсетуші персонал, оларға белгіленген жұмыс уақыты шегінде, арнайы білімді қажет етпейтін (шағын жөндеу, аумақтағы жұмыс, ұйымды күзету және т.б.) шаруашылық жұмыстарын орындауға тартылады.

4.8. Ақы төленетін еңбек демалыстарын беру кезегі жыл сайын, күнтізбелік жыл басталғаннан бастап он күннен кешіктірілмей, бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ комитетінің келісімі бойынша, ұйым басшысымен бекітілген еңбек демалыстарының кестесіне сәйкес анықталады.  

Еңбек демалысының басталу уақыты туралы қызметкерге, оның басталуына дейін кемінде екі ай бұрын хабарлануы тиіс.

Еңбек демалыстарының кестесіне өзгерістер енгізілген жағдайларда, қызметкерге бұл туралы еңбек демалысы басталғанға дейін кемінде екі апта бұрын хабарлануы тиіс.

Жазда немесе өздеріне ыңғайлы кез-келген уақытта жыл сайынғы еңбек демалысына басымды құқықтары бар қызметкерлер:

а) кәмелетке толмаған баланы (18 жасқа дейінгі) жалғыз бағып отырған ата-аналар (қамқоршылар, тәрбиешілер);

б) үш және одан да көп балалары бар әйелдер;

в) еңбектен зақымданған қызметкерлер;

г) емделуге жолдамасы бар кез-келген қызметкерлер.

4.9. Тамыздан бастап қазан айының аралығында жұмысқа қабылданған педагог қызметкерлерге, оқу жылының аяқталуы бойынша алғашқы жұмыс жылы үшін  жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы, қызметкерлердің тиісті санаты үшін ҚР қолданыстағы заңнамасымен көзделген ұзақтылықта алдын ала беріледі.     

Жазғы демалыс уақытында қызметкерге нақты жұмыс жасаған уақытына оның жазбаша келісімінсіз еңбек демалысын беруге жол берілмейді.

4.10. Орта жалпы білім беру ұйымдары үшін алты (бес)  күндік жұмыс аптасы белгіленеді. 

Жалпы демалыс күні жексенбі болып табылады. Бес күндік жұмыс аптасы режимімен жұмыс жасайтын ұйымдар үшін, демалыс күндері сенбі және жексенбі болып табылады. Білім беру ұйымдарының ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен, жекеленген кәсіп қызметкерлері үшін бес күндік жұмыс аптасы қарастырылуы мүмкін.    

Алты күндік жұмыс аптасымен істейтін педагог қызметкерлерге, сондай-ақ оқу процесіне қатыспайтын басқа да қызметкерлерге, каникул уақытында сенбі және жексенбі – екі демалыс күнімен бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді. 

4.11. Тынығу және тамақтану үшін үзіліс уақыты, сондай-ақ демалыс және мереке күндері жұмыс, ауысым кестесін, білім беруді ұйымдастыру жөніндегі педагог қызметкерлердің кезекшілік кестесі ішкі еңбек тәртібінің Ережелерімен белгіленеді.  

Жұмыс беруші педагог қызметкерлерге білім алушылармен бірге жұмыс уақытында, сондай-ақ сабақтар арасындағы үзілістер ішінде тынығуға және тамақтануға мүмкіндік береді. Басқа қызметкерлер үшін  тынығуға және тамақтануға арналған уақыт ішкі еңбек тәртібінің Ережелерімен белгіленеді және ұзақтығы жарты сағаттан кем болмауы тиіс.

4.12. Педагог қызметкерлердің кезекшілігі сабақтың басталуына дейін 20 минут бұрын басталып және ол аяқталғасын 20 минуттан аспауы қажет.

4.13. Тараптар жұмыс уақытының жинақталған есебі күзетшілер, тәрбиешілер, режим бойынша кезекшілер, интернат бойынша кезекшілер, бу қазандары қондырғыларының операторлары, от жағушылар (кочегарлар), тәрбиешілердің көмекшілері, мейірбикелер, дәрігерлер үшін енгізіледі деп келісті. Жұмыс уақытының жинақталған есебіне ауыстыру, кәсіподақ органының дәлелді пікірін ескере отырып, білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады. Мұндай жағдайларда есептеу мерзімі тоқсан болып саналады, сонымен қатар ауысым ұзақтылығы, кемінде 12 сағаттық ауысымаралық демалыс беруді ескере отырып, кез келген бола алады. 

 4.14. Түнгі уақыттағы (белгіленген уақыттан артық) жұмыстарға аса бір қажет жағдайда (мектепішілік іс-шаралардың өтілуіне және материалдық зияны тиетін жағдайларда) қызметкердің келісімімен жіберіледі..    

4.15. Жыл  сайынғы ақылы еңбек демалысы  жыл басында белгіленген кестеге сәйкес беріледі;

 4.16.мұғалімдерге еңбек демалысына 56 күнтізбелік күн, тәрбиешілерге 42 күнтізбелік күн, кітапханашыларға   30    күнтізбелік  күн, техникалық қызметкерлердің барлығына 30 күнтізбелік күн,  бірінші және екінші топтағы мүгедектерге  қосымша ақылы  6 күнтізбелік күн , МинТруд 182п Бұйрығына сәйкес  аспазшыларға-6, медбикелерге-12, қосымша ақылы демалыстар беріледі және барлығына да экологиялық апат аймағында тұрғаны үшін қосымша 9 күнтізбелік күн беріледі;

4.17. Еңбек Кодексінің 97-бабына сәйкес тараптардың келісімі бойынша қызметкерлердің өтініші негізінде оған жалақы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін.

4.17.1. Жұмыс беруші:

1)неке тіркелген;

            2)бала туылған;

            3)жақын туыстары қайтыс болған жағдайлар кезінде қызметкерлердің жазбаша өтініші негізінде күнтізбелік үш күнге дейін жалақы сақталатын демалыс беруге міндетті.

4.18. Мекеменің мүмкіншілігіне қарай ақысыз еңбек демалыстары қызметкердің жазбаша өтініші бойынша тараптардың келісімімен беріледі. Ақысыз еңбек демалысы жылына  екі айдан аспауы тиіс;

4.18.1. Жұмыскерлерге төмендегідей жағдайда нақты күндерге ақысыз демалыс беріледі:

            -  тұрғын үйін өзгертіп көшкенде- 7 күн;

            - балаларын әскер қатарына шығарып салғанда – 5күн

            - балалары үйленген жағдайда – 7 күн

            - әскери қызмет барысында  қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-анасы, әйелі,     күйеулері үшін -15 күнге дейін;

            - жүмыс істейтін мүгедектерге -10 күнге дейін;

            - бастауыш кәсіподақ комитетінің төрағасына  - 3 күнге дейін.

4.19.  Әйелге, жүктілікке және босануға байланысты демалыстан кейін  не балаға күтім жасауға арналған демалыс біткен соң жазбаша өтініші негізінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі;

4.20. Мұғалімдерге және қосымша білім беру педагогтарына әдістемелік жұмыс және кәсіби шеберлігін шыңдау ушін аптасына бір күн қарастырылады. Шығармашылық күн деп белгілеу үшін мекеме басшысымен бұйрық шығарылады.

 

 

 

 

 

 

 

V. КЕПІЛДІКТЕР  МЕН  ӨТЕМАҚЫЛАР

Тараптар:

5.1. Ауылдық жерде тұратын білім беру ұйымдарының педагог, кітапханашы және  медицина қызметкерлеріне, отынға және коммуналдық қызмет шығындары үшін өтемақының  бірыңғай мөлшерде берілуіне;  

5.2. Азаматтық қызметшілерге жыл сайынғы ақылы еңбек  демалысын беру кезінде, лауазымдық айлық мөлшерінде сауықтыру жәрдемақысын төлеуді қамтамасыз етуге келісті. Мұғалімдердің, қосымша білім беру педагогтарының, оқытушылардың сауықтыру жәрдемақыларының мөлшері, еңбек демалысын беру күніне олардың нақты оқу жүктемесінен есептеледі. Лауазымды қоса атқару жағдайында жұмыс істейтін тұлғаларға жәрдемақы жалпы негіздемеде тағайындалып, төленеді.

5.3. Жұмыс берушілер қызметкерлерге ҚР заңнамасымен көзделген тәртіпте төмендегідей кепілдіктер мен жәрдемақыларды қалалық білім бөлімінен қаржы бөлінген жағдайда тағайындалсын:

- мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындау кезінде;

- медициналық тексеріске жіберу кезінде;

- қызметтік іссапарларға жіберу кезінде; 

- донор болып табылатын қызметкерлер үшін;

- жұмысынан айырылған жағдайда;

- заңнамамен көзделген басқа да жағдайларда.

5.4. Жұмыс берушілер қызметкерлерді білім беру ұйымдарының кітапхана қорымен қызметтік мақсатта тегін қамтамасыз етеді.

5.5. Жұмыс берушілер азаматтық қызметшілерді және білім беру ұйымдарының басқа қызметкерлерін лауазымдық міндеттерін адал атқарғаны, жұмыстарды өте сапалы орындағаны үшін, бастамашылдығы, шығармашылық белсенділігі, жұмыстағы жетістіктері үшін ведомстволық сыйлықтармен марапаттайды.

5.6. Демалыс уақытында қоғамдық жұмысқа қатысқан кісілердің жұмыс істеген уақытының жиынтығы есептелініп (әр шыққаны 2 сағатқа теңеліп және арнайы есеп жүргізетін бір адам бекітіліп)  еңбек демалысына қосымша күндер беріледі;

5.7. Жұмыстан босатылатын қызметкерлерге олардың саны немесе штаттың қысқаруы кезінде, қолданыстағы заңнамамен көзделген кепілдіктер мен өтемақылар беріледі. 

5.8. Ұйымда жаңа жұмыс орны, соның ішінде және белгіленген мерзімге болған кезде, жұмыс беруші бұрын ұйымнан қызметкерлер санының немесе штаттың қысқаруына байланысты жұмыстан шығарылған, онда адал еңбек атқарған қызметкердің жұмысқа қабылдану басымдылығын қамтамасыз етеді. 

5.9. Жұмыс орындарын (лауазымдарын) қысқарту қажеттілігі кезінде, ең алдымен төменде көрсетілген тәртіпте мынадай шаралар қабылданады:

-  лауазымдарды қоса атқарып жүргендерді жұмыстан шығару; 

- кәсіптер мен лауазымдарды қоса атқаруды шектеу;

- босатылатын қызметкерлерді олардың біліктіліктеріне сәйкес келетін бос жұмыс орындарына ішкі ауыстыруларды жүргізу

5.10. Қызметкерлер санының немесе штаттың қысқаруы кезінде жұмыста қалуға басымды құқықтары бар:

- зейнеталды жасындағы қызметкерлер  (зейнетке дейін 2 жыл);

-жүкті әйелдермен, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы  (18 жасқа дейінгі мүгедек баланы) жалғызбасты аналармен, аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отырған өзге де адамдармен;

- аталған ұйымда 10 жыл және одан артық жұмыс істеген қызметкерлер; - көп балалы ата-аналар (төрт және одан да көп);

- еңбекте жоғары сапалық көрсеткіштері бар қызметкерлер.

VI. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ  КӘСІПТІК  ДАЯРЛАУ, ҚАЙТА ДАЯРЛАУ

ЖӘНЕ  БІЛІКТІЛІКТЕРІН  АРТТЫРУ

Тараптар мынадай келісімге келді:

6.1.Білім беру ұйымдарының қажеттілігі үшін кадрларды кәсіптік даярлау және қайта даярлау керектігін анықтайды. 

6.2. Жұмыс беруші міндеттеледі:

6.2.1. Барлық қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктіліктерін арттыруды ұйымдастыруға;

6.2.2. Бюджет қаражаты есебінен білім беру ұйымының педагог және медицина қызметкерлерінің кемінде бес жылда бір рет біліктіліктерін арттыруға;

6.2.3. Қызметкерлердің босатылуы және бір мезгілде жұмыс орындарын құру жағдайында, босатылған қызметкерлерді жаңа жұмыс орындарына орналастыру үшін оза оқытуды жүзеге асыруға.

6.2.4. Қызметкерді біліктілігін арттыру үшін оқуға жіберу кезінде, оның жұмыс орнын (лауазымын), жұмыс орны бойынша жалақысын сақтауға  және егер қызметкер біліктілігін арттыру үшін басқа жерге жіберілетін болса, онда оған қызметтік іссапарларға жіберілетін тұлғалар үшін қолданыстағы заңнамамен көзделген тәртіпте және мөлшерде, іссапар шығындарын (тәуліктік, оқитын жерге және кері қарай қайту жол ақысы, тұрғын үй жалдау шығындары) төлеуге;

6.3. Жұмыс берушілер өздеріне атқаратын лауазымының бейініне сәйкес келетін мамандық бойынша қайта даярлаудан немесе біліктілігін арттырудан өткен азаматтық қызметшілерге, оқу демалыстарының ақысын төлеу жөнінде міндеттеме алады. 

 

VII. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ  ЖҰМЫСТАН  БОСАТУ  ЖӘНЕ

ОЛАРДЫ  ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУҒА  ЖӘРДЕМДЕСУ

 

7.1. Тараптар өздеріне кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыру, қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру, жұмыспен қамту саласында мемлекеттік саясаттың жүргізілуіне жәрдемдесуге міндеттемелер қабылдайды.

7.2. Тараптар:

7.2.1. Жұмыс берушілердің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының кәсіподақ комитеттерінің қызметкерлер санының және штатының қысқартылуы туралы  кемінде бір ай бұрын, ал көптеген босату (бір ай ішінде 10 адамнан астам)  жағдайында, білім беру ұйымдарын тарату жағдайында, кемінде екі ай бұрын жазбаша хабарлауды қамтамасыз етуге;

7.2.2. ҚР ЕК 52-бабы 1-т. 1)т. және 2)т. бойынша (штатты немесе штат санын қысқарту, ұйымды тарату) жұмыстан босату туралы ескерту алған қызметкерлерге, жалақысын сақтай отырып, жаңа жұмысты өзі іздеуі үшін аптасына кемінде бес сағат жұмыстан бос уақыт беруге келісті. 

7.3. Ұйымда жаңа жұмыс орны, соның ішінде және белгіленген мерзімге  болған кезде, жұмыс беруші  бұрын ұйымнан қызметкерлер  санының немесе штатының  қысқаруына байланысты  жұмыстан шығарылған, онда адал еңбек атқарған қызметкерді жұмысқа қабылдауға келісті.

7.4. Маусымдық  жұмыстарда істейтін жұмыскермен еңбек шарты бұзылған кезде жұмыс беруші  пайдаланылмаған демалысы үшін өтемақы төлемін жұмыс істелген уақытқа пропорционалды түрде төлейді;

7.5.Жұмыс беруші жұмыскердің (оның ішінде бұрынғы жұмыскердің ) талап етуі бойынша, өтінішпен жүгінген кезден бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті құжаттарын беруге міндетті.

 

 

VIII. ЕҢБЕКТІ  ЖӘНЕ  ДЕНСАУЛЫҚТЫ  ҚОРҒАУ

Жұмыс беруші:

8.1. Қызметкерлердің салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықтарын, өндірістік жарақат пен қызметкерлердің кәсіби ауруларының пайда болуын ескертетін, еңбек қауіпсіздігінің қазіргі заманғы құралдарын енгізуді қамтамасыз етуге.

8.2. Барлық жұмысқа қабылданатын, сондай-ақ басқа жұмысқа ауыстырылған қызметкерлермен еңбекті қорғау, балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау, жұмыстарды орындаудың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету жөнінде оқу және нұсқама жүргізуді ұйымдастыруға. 

Оқу жылының басында қызметкерлердің еңбекті қорғау жөніндегі білімдерін тексеруді ұйымдастыруға.

8.3.Еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік және анықтамалық материалдардың, ережелердің, нұсқаулардың, нұсқама журналдарының және басқа материалдардың болуын қамтамасыз етуге.

8.4. Қызметкерлерді  ұжымдық шартпен белгіленген кәсіптер мен лауазымдар тізіміне сәйкес, арнаулы киіммен, аяқ киіммен және басқа жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз етуге.

8.5. Жеке қорғау құралдарын, арнаулы киімді және аяқ киімді жұмыс берушінің есебінен сатып алуды, сақтауды, жууды, кептіруді және залалсыздандыруды қамтамасыз етуге.

8.6. Қызметкердің кінәсінен болмаған еңбекті қорғау талаптарын бұзу салдарынан, еңбек заңнамасын сақтауды мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының жұмысын тоқтату кезінде, қызметкерлердің жұмыс орнын (лауазымын) және орташа жалақысын сақтауға  

8.7. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, өндірістегі жазатайым оқиғаның уақытында тескерілуін және оларды тіркеуді жүргізуге.

8.8. Жұмыс берушінің еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік талаптарын орындамауы салдарынан, қызметкердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі кезінде оның жұмыстан бас тарту жағдайында, қызметкерге ондай қауіпсіздікті жою уақытына басқа жұмысты ұсынуға немесе осы себептен бос тұрып қалған уақытына орташа жалақы мөлшерінде төлеуге;

8.9. Әрбір жұмыс орнына еңбекті қорғау жөнінде нұсқама әзірлеуге және бекітуге.

8.10. Қызметкерлердің еңбекті қорғау жөнінде талаптарды, ережелерді және нұсқамаларды қадағалауын қамтамасыз етуге.

8.11. Өндірістегі жазатайым оқиға нәтижесінде қайтыс болған қызметкерлерді жерлеуге, еңбек міндеттерін орындауы кезінде асыраушысынан айырылған құқылы тұлғаларға қажетті көмек көрсетуге.

8.12. Еңбекті қорғау жөніндегі келісімдердің орындалуына, еңбекті қорғау және еңбек жағдайына бақылауды жүзеге асыруға. 

8.13. Еңбекті қорғау жөніндегі комиссия мүшелеріне, кәсіподақтың техникалық инспекторларына, техникалық инспекцияның өкілдеріне еңбекті қорғау жағдайына бақылау жүргізуге жәрдемдесуге. Қызметкерлердің салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықтарының бұзылуын анықтаған жағдайда, оларды жою жөнінде шаралар қабылдауға.

8.14. Қызметкерлердің тегін  міндетті алдын ала және мерзімді медициналық тексеруден өтуі кезінде, олардың жұмыс орындарын (лауазымдарын) және орташа жалақыларын сақтауды қамтамасыз етуге.

8.15. Қызметкерлерді, ұжымдық шарттармен белгіленген нормаларға және келісілген тізімге сәйкес, тегін сабынмен, жуу және залалсыздандыру құралдарымен қамтамасыз етуге;

8.16. Сала ұйымының қызметкерлері үшін тынығу бөлмелерін ұйымдастыруға міндеттеледі.

Кәсіподақ:

8.17. Кәсіподақ мүшелері мен басқа қызметкерлер үшін дене шынықтыру-сауықтыру шараларын ұйымдастыруға;

8.18. Кәсіподақ мүшелерінің, олардың балаларын сауықтыру жөніндегі жұмыстарды жүргізеді.

 

IX.КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ КЕПІЛДІКТЕРІ

 

9.1. Кәсіподақтың және оның сайланбалы кәсіподақ органдарына сәйкес келетін құрылымдық ұйымдарының құқықтары  мен кепілдіктері, ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының басқа заңдарымен, Кәсіподақтың Жарғысымен анықталады және кәсіподақтар, жұмыс берушілер бірлестіктері мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Бас келісімнің, Салалық келісімнің және осы ұжымдық келісім шарттың ережелерін ескере отырып жүзеге асырылады. 

Тараптар төмендегі жағдайларға келісті:

9.2. Қызметкердің кәсіподақ қызметіндегі мүшелігіне байланысты, заңмен кепілденген әлеуметтік-еңбек және басқа да құқықтары мен еркіндіктерін, жұмыстан шығару және ықпал етудің басқа да түрлерін шектеуге жол берілмейді.  

9.3. Тараптар, жұмыс берушілер мен олардың уәкілетті өкілдерінің  төмендегі міндеттеріне назар аударады:

9.3.1. Кәсіподақ ұйымының құқықтары мен кепілдіктерін орындау, кәсіподақ қызметінің заңмен белгіленген құқықтары мен кепілдіктерін шектеуге жол бермей және оның қызмет атқаруына кедергі келтірмей,  қызметіне мүмкіндік жасау;

9.3.2 Сайланбалы кәсіподақ органдарының өкілдеріне, жарғы міндеттерін және заңнамамен көзделген құқықтарын жүзеге асыру үшін, кәсіподақ мүшелері жұмыс істейтін ұйымдарға баруға кедергі келтірмеу.

9.3.3. Кәсіподақ органдарына олардың сұратуы бойынша, еңбек жағдайларының, жалақының, тұрғын үй-тұрмыстық қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының жұмыстары, қызметкерлердің күнкөріс жағдайларының және басқа әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша ақпараттар, мәліметтер және түсіндірмелер беру.

9.3.4. Кәсіподақ мүшелері – қызметкерлердің жазбаша арыздары негізінде мүшелік кәсіподақ жарналарының кәсіподақтың есептік шотына тегін аударылуын қамтамасыз ету. Қаражаттарды аудару толық көлемде және жалақыны төлеумен қатар жүзеге асырылады.

9.3.5. Білім қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіптік мүдделерін қорғау жөнінде кәсіподақтың қызметі туралы қызметкерлерді кең ақпараттандыру үшін салалық және жергілікті ақпараттандыру жүйесін қолдануда кәсіподақ органдарына жәрдемдесу.

9.3.6. Тараптар кәсіподақ органдарының құрамына сайланған (өкілеттік берілген) және негізгі жұмыс орындарынан босатылмаған қызметкерлердің кепілдіктерін мойындайды, оның ішінде:

- негізгі жұмысынан  босатылмаған, бастауыш  кәсіподақ  комитетінің  мүшелері болып табылатын кәсіподақ комитетінің уәжді пікірінсіз тәртіптік жазаға тартылмайды. Негізгі жұмысынан босатылмаған бастауыш кәсіподақ комитетінің төрағасы жоғарыда тұрған  (аудандық, қалалық, облыстық)  кәсіподақ органының уәжді пікірінсіз тәртіптік жауаптылыққа тартылмайды.

-жұмыс берушінің бастамасымен, аталған кәсіподақ қызметкерлерінің басқа жұмысқа ауысуы, өздері мүше болып табылатын кәсіподақ органының алдын ала келісімінсіз, комитет төрағаларының – жоғарғы кәсіподақ органының  алдын ала келісімінсіз жүзеге асырылмайды.

- жұмыс берушінің бастамасымен жұмыстан шығару, сондай-ақ кәсіподақ органдарының құрамына кіретін қызметкерлердің (қызметкердің кінәсінен болмаған оқу жүктемесі көлемінің немесе басқа жұмыс көлемінің өзгеруіне байланысты еңбекке ақы төлеудің мөлшерін азайту, белгіленген қосымша ақылар мен үстеме ақыларды, басқа да ынталандыру және көтерме төлемдерді және т.б. алып тастау еңбек шарттарының маңызды жағдайларын өзгерту, жұмыстан шығарудың жалпы тәртібін қадағалаудан басқа), өздері мүше болып табылатын кәсіподақ органының тек дәлелді пікірлері болғанда, ал кәсіподақ органы басшыларын (олардың орынбасарларын) – жоғарғы кәсіподақ органының дәлелді пікірлері болған жағдайда ғана жол беріледі;

- сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелері, еңбекті қорғау жөніндегі кәсіподақтың техникалық инспекторлары, жұмыс берушілерімен бірге білім беру ұйымдарында құрылатын комиссиялардағы кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, қажет болған жағдайда, қызметкерлер ұжымының мүддесіне және қысқа мерзімді кәсіподақ оқуының мерзіміне қоғамдық міндеттемелерді орындау үшін,  жалақысын сақтай отырып негізгі жұмысынан босатылады.

 

- білім беру ұйымдарындағы негізгі жұмыстарынан босатылмаған сайланбалы

 

кәсіподақ органдарының мүшелері одан съезд, конференция, пленумдар, төралқалар, жиналыстар, семинарлар және кәсіподақпен шақырылатын басқа да шараларға қатысу уақытына, форумдардың жұмысына қатысу үшін қажетті уақытқа босатылады.

 

9.4. Бастауыш кәсіподақ комитеті мүшелерінің құрамындағы өкілеттік мерзімі аяқталған кезде және аттестация нәтижесі бойынша берілген біліктілік санатының іс-әрекет мерзімі аяқталғасын (өкілеттікті орындау мерзімінде немесе ол аяқталғаннан кейін алты ай ішінде), қызметкерлерге олардың арыздары бойынша аттестаттау өткенге дейінгі мерзімге, белгіленген тәртіпке сәйкес біліктілік санатының іс-әрекет мерзімі кемінде екі жылға  ұзартылады.  

 

9.5. Кәсіподақ  комитетінің төрағасының сайланбалы лауазымындағы және сайланбалы кәсіподақ комитетінің құрамындағы жұмыстары білім беру ұйымының қызметі үшін маңызды болып табылады және қызметкерлерді көтермелеу кезінде, оларды аттестаттау, басқарушы лауазымдарының орнына отыруға конкурстық іріктеу кезінде назарға алынады.  

 

9.6. Кәсіподақ комитетінің құрамына сайланған тұлғаларды жұмыс берушінің бастамасымен жұмыстан шығаруға,( ұйымды толық тарату немесе қызметкер кінәлі іс-әрекет жасап, заңмен жұмыстан шығаруды қарастыратын жағдайларды қоспағанда,) сайланбалы өкілеттік аяқталғаннан кейін де екі жыл ішінде жол берілмейді.

 Мұндай жағдайларда жұмыстан шығару тиісті кәсіподақ органының келісімімен, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

 

9.7. Тараптар сайланбалы кәсіподақ қызметкерлеріне құрмет атақтарын беру және ведомстволық ерекшелік белгілерімен марапаттау туралы шешімді бірлесіп қабылдайды.

 

9.8. Мекеме басшысы жұмыс берушінің өкілдерін,  бастауыш кәсіподақ ұйымы мен  комитеттің өздерінің жарғылық міндеттерін жүзеге асыруда кері әсерін тигізетін  әрекеттерге жол бермеу  үшін  қажетті шараларды қабылдайды.

 

9.9. Жоғарғы кәсіподақ органы өз мамандарының күшімен, еңбек заңнамасының орындалуын қадағалау мақсатында  жылына кемінде екі рет жоспарлық тексеру жүргізуге құқылы.. 

Тексеру нәтижелері бойынша кәсіподақ, анықталған құқық бұзушылықтарды жою және қызметкерлердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру жөніндегі тиісті актілер мен ұсыныстарды мекеме басшысына ұсынады;

Тексеруді жүргізу тәртібі, тексеру нысаны мен түрлері кәсіподақтың тиісті актілерімен реттеледі.

Тексеру жүргізу кезінде Жұмыс берушілер тексеру мәні бойынша құжаттарды, соның ішінде: бұйрықтарды, тарифтеу тізімдерін, нұсқауларды, ережелерді және т.б. көрсетуге міндетті.

 

9.10. Кәсіподақ комитетінің мүшелері тарифтеу, қызметкерлерді аттестаттау, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру, жұмыс орындарын аттестаттау, еңбекті қорғау жөніндегі және басқа комиссиялардың құрамына қосылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

X. ҰЖЫМДЫҚ ШАРТТЫҢ ОРЫНДАЛУЫНА БАҚЫЛАУ.

ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

 

 Тараптар:

10.1. ұжымдық шартқа қол қойған күннен бастап бір ай ішінде оны еңбек жөніндегі тиісті мемлекеттік органға тіркеуге жібереді.

10.2. Ұжымдық шарттың ережелерін орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруға бақылау жүргізеді және бақылау нәтижелері туралы еңбек ұжымы өкілдерінің жалпы жиналысында  жылына бір рет есеп береді.

10.3. Ұжымдық шарттың орындалу мерзімінде туындаған, оның орындалуымен байланысты барлық келіспеушіліктер мен дауларды апталық мерзімде қарайды.

10.4. Ұжымдық шарт  міндеттемелерін бұзған немесе орындамаған жағдайда, кінәлі тарап немесе кінәлі тұлғалар  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы » Кодексінің  97 бабына сәйкес  жауапқа тартылады.

10.5. Осы ұжымдық шарт 2016-2018 жылдар арасында күшінде болады. 

10.6. Жаңа ұжымдық шартты жасау жөніндегі келіссөздер, осы ұжымдық шарттың   іс-әрекет мерзімі аяқталғанға дейін 2 ай бұрын басталады.

 

        Әкімшіліктен:                                            Жұмыскерлерден:

 

Мектеп директоры:                                  Кәсіподақ комитетінің  төрағасы:

 

______________________               _____________________________

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жоба ужымдық шарт "11 сынып" (11 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по учету энергопотребления

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 205 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.03.2016 2257
    • DOCX 151.5 кбайт
    • 12 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Орынбек Қауынбаев Рсайұлы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Орынбек Қауынбаев Рсайұлы
    Орынбек Қауынбаев Рсайұлы
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5323
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Информационные технологии в профессиональной деятельности: теория и методика преподавания в образовательной организации

Преподаватель информационных технологий

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 191 человек из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 970 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 687 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 799 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Математика и информатика")

Учитель математики и информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Мини-курс

Психологическая помощь и развитие детей: современные вызовы и решения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продвижение экспертной деятельности: от личного сайта до личного помощника

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

ФАОП: регулирование образовательного процесса и программ

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе