Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Научные работы / Жоба жұмысы "Оқушылардың оқу жылдамдығын арттыру жолдары"

Жоба жұмысы "Оқушылардың оқу жылдамдығын арттыру жолдары"

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:



Тақырыбы: Оқушылардың оқу жылдамдығын арттыру жолдары

Нургазина Шынар Амантаевна

Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Бидайық орта мектебі


Мақсаты: Бастауыш сынып оқушысының оқу жылдамдығын тежейтін қиындықтар мен кедергілерді анықтау мен жою жолдарын жинақтау.

Міндеттері:

1.Ғылыми әдебиеттерді зерделеу
2. Бастауыш сатыдағы оқу техникасын жақсартудың басты жәрдемшісі – тіл. Тілдің негізгі элементі – сөздік қор екендігін сипаттау.
3. Оқушылардың оқу шапшаңдықтарындағы қиындықтары мен кедергілерді анықтау мақсатында әр апта сайын даму деңгейін тексеру.

Күтілетін нәтижелер: Оқу процесін зерттеу мен оның бастауыш сатыдағы даму ерекшеліктеріне байланысты ғалымдардың еңбектері зерделенеді. Оқу шапшаңдығын тежейтін қиындықтар мен кедергілер анықталады.
Тақырыптың өзектілігі: Бастауыш мектепті бітірген оқушылар оқу жылдамдығын толық меңгеріп шығуы тиіс.

І. Бастауыш мектеп түлектері төрт жыл ішінде тек қана оқу процесінің алғашқы қадамдарын ғана игереді. Психолог Т. Г. Егоровтың айтуынша «іштей», саналы, мәнерлі және жүрдек оқу, оқыту процесінің соңғы этаптарында ғана ұстаз ойлаған деңгейге жетеді. Сондықтан бастауыш мектеп сыныптарында балалардың оқу іскерлігі аяқталмайды, ол ұзақ дамудың тек қана алғашқы бөлімі болып табылады. Оқушы үлгеріміне әртүрлі жағдайлар әсер етеді. Соның ішінде ең күшті орын алатыны - баланың оқу жылдамдығы болып шыққан. Егер оқушы нашар оқыса, оның оқуға ынтасы өзінен - өзі төмендейді, үлгермейді. Әдетте кім тез оқыса, сол көп оқиды, көп оқыса, көп біледі. Оқу техникасы артқан сайын, есте сақтау қабілеті де, ақыл - ой еңбегіне ынталығы да арта түседі. Мәтінді әрі жылдам, әрі дұрыс, әрі мазмұнды түсіне оқи білу - үлкен еңбектің жемісі. Оқушы үлгерімінің негізгі факторы - оқу жылдамдығы болғандықтан мен бұл мәселені өзекті тақырып етіп алдым. Мәнерлеп оқу – қандай мәтінді болмасын дұрыс, сөздерді бұзбай, сөз қалдырмай, сөз аяғын жеп қоймай, әрбір сөзді дұрыс, анық оқу. Мәнерлеп оқуды үйретуде паузалардың орындалуына мән беру керек. Мысалы: тыныс белгілеріне байланысты және тыныс белгісіне байланыссыз паузалар да болады. Мәнерлеп оқуға үйретудегі тағы бір нәрсе – оқу қарқынының бір қалыпты болуы. Егер тез, жылдам оқыса, түсініксіз, әрі құлаққа жағымсыз естіледі. 

Көркем шығарманың негізгі ой тірегін анықтап болмайынша, мәнерлеп оқу мүмкін емес. 2-3-сыныптарда оқушылардың бірінің қатесін екіншісіне тапқызу тәсілі тиімді. Таспаға жазылап алынған көркем сөзді тыңдату, кейде жақсы мәнерлеп оқылған мен нашар оқылған мәтінді қатар жазып алып салыстырудың пайдасы бар. Әңгіме, ертегі, мысалдарды рөлге бөліп оқытқанда балалар қызығып оқиды. Сыныптан тыс оқудың түрі мен әдісі әр түрлі. Бірде кітапты талдау, бірде бірігіп кітап оқу, өздері ұнаған үзінділерін оқыту, бірде ойын, бірде инсценировка – ертеңгілік түрінде болып келеді. 
Шапшаң оқу. Балалар өте жай оқыса, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді өзара байланыстыра алмай, ақырында мәтіннің тұтас мазмұнын түсінбей қалады. Оқу-жазуға үйретудің бірінші кезеңінде, балалар әлі әріптерді нашар айыратын және оларды бір-бірімен қосып оқуы қиын кезде ғана жай оқыттыру керек. Бірақ барған сайын балалардың оқу шапшаңдығы арта түсіп, бірте-бірте сауатты оқуға жақындау керек. Дегенмен, балаларды шапшаң оқуға дағдыландыра отырып, белгілі шамадан тыс кетпеу керек. Ушинский мәтіннің мағынасын түсінбей, құр сыдыртып оқуға қарсы болған. Ол бұл жөнінде: «Оқу шапшаңдығы түсіну шапшаңдығымен қатар дамуы керек». «Егер баланың түсінуінен гөрі оқуы шапшаңдау болса, ол баланың түсінбей оқығаны. Баланың түсінуі арта түссе, ол өзінен өзі-ақ шапшаң оқи бастайды, сондықтан оқытудың алғашқы кезінде шапшаң оқудың қажеті жоқ, тіпті ол зиян келтіреді». 
Шапшаң оқу дауыс ырғағын келтіріп оқумен тікелей байланысты. Дауыс ырғағын келтірмей шапшаң оқитын болса, керек емес жерге пауза жасап, пауза жасайтын жерді қосып жіберіп, бала мәтінді өзі де, тыңдаушы да түсінбейтін етіп оқитын болады. Шапшаң оқу үшін тым асығып оқыған бала дауыс ырғағын келтіріп оқи алмайды. Шапшаң оқуға машықтандырудың ең сенімді жолы – мәтінді қайра-қайра оқыту, бірақ балалар мәтіннің мазмұнын ұғынып, оны қайра қызығып оқытатын болуы шарт. Бұрын оқыған мәтінді қайта оқытқызу үшін сол мәтінге байланысты басқа бір тапсырма берілген болу керек немесе балалардың өздері қайта оқуға қалап алған мәтін болу керек. Бір мәтінді қайта оқытқанда балалар ол оқуды құр бекер оқу деп санамай, белгілі бір тапсырмаға қатысы бар оқу деп қарайтыны болу керек. Шапшаң оқуға машықтандыру үшін қайра оқыттыруға ертегілердің мәтіндері өте қолайлы, өйткені ертегілерде бір-біріне ұқсас қайталанып отыратын жерлер көп болады. 
Жылдам оқуға үйрету мүмкіндіктері
Оқушы үлгерімінің негізгі факторы – жылдам оқу. Мәтінді әрі жылдам, әрі дұрыс, әрі мазмұнды түсіне оқи білу – үлкен еңбектің жемісі. Психологтардың пікірі бойынша оқушы үлгеріміне 200-ден артық әртүрлі жағдайлар әсер етеді. Ал осы жағдайлардың ішінде ең күшті орын алатыны балалардың оқу жылдамдығы болып шыққан. Егер оқушы нашар оқыса, мысалы оқу үлгерімі нашар 3-сынып оқушысы минутына 37 сөз оқыса, орта есеппен үй тапсырмасы сол күнгі дайындалатын барлық пән бойынша 4 бет, яғни 3000 сөз болады екен. Сонда 3000-ды 37-ге бөлсек 80 минут мәтінді оқу керек. Ал бір рет оқығанда бала ұға қоймайды. Ол осы мәтінді 3 рет оқыса, оған 4 сағат уақыт керек. Әрине, бұдан кейін баланың оқуға ынтасы өзінен-өзі төмендейді. Әдетте, кім тез оқыса, сол көп оқиды, көп оқыса, көп біледі. Оқу жылдамдығы артқан сайын, еске сақтау қабілет де, ақыл-ой еңбегіне ынталығы да арта түседі. Олай болса, жылдам оқи білуге үйрету жолдарын, оның мүмкіндіктерін қарастыра жүргізген жұмыстардың негізінде мынадай ұсыныстар жасаймыз. Бұл ұсыныстарды кез келген мектептің жағдайында пайдаланып жұмыс істеуге болады. Оқуға жаттығу жұмыстары бірден ұзақ жүргізілгеннен гөрі жиі жүргізілгені тиімді. 

ІІ.Оқушылардың сөздік қорын молайтып, тез оқуға дағдыландыру.
Тілдің негізгі элементі – сөздік қор. Ал сөздік қор дегеніміз – тілдің құрамының ішіндегі ең тұрақты, талай ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан, жалпы күнделікті өмірде кеңінен қолданылатын халыққа ортақ сөздер жиынтығы. 
Тілдің негізгі сөздік қоры – тілдің сөздік құрамының ең тұрақты бөлігі. Сөздік қор тілдегісөздерді ғасырлар бойы сақтай отырып, тілдегі жаңа туынды сөздер мен жаңа мағынаның жасалуына ұйытқы болады. Сөздердің негізгі сөздік қорда кең қолданылуы мен ұзақ сақталуы олардың сөз жасау қабілетін дамыта түседі. Сөздік қордың тіл бірлігін сақтап, көне дәуір әдеби ескерткіштерін ұғынуға, тануға мүмкіндік тудырады. 
Біздің ана тіліміз, қасиетті қазақ тілі өзінің мемлекеттік мәртебесін абыроймен атқарып, міндет жүгін қиналмай көтере алатын аса бай, оралымды да сұлу тіл. Бүкіл оқыту барысында оқушының тілін дамытып, сөз байлығын арттыру – ең маңызды жұмыстардың бірі. Бұл әрине бастауыш сыныптан бастап оқушылармен үзбей жүргізілетін жұмыстар нәтижесінде ғана іске асады. 
Бала тілінің дамып қалыптасуы жоғарғы жүйке жүйесінің жетілуімен тығыз байланысты. Баланың айналасындағы өмірді танып, білуге басты жәрдемшісі – тіл. Ал тілдің дамуы оның сана-сезімінің, ой-өрісінің басқа да психологиялық үрдістің жетіле түсуіне негіз болады. Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын байытуда сөздерді үйретудегі ұстанымдары:
- сөздің оқушылардың күнделікті өмірмен байланыстылығын ескеру;
- үйретілген сөздің жеңілділігін;
- бастауыш сынып оқушыларының ұғымына сөз мағынасының сай келуі;
- сөздерді оқытылатын тақырыптармен байланысты таңдап алу;
- сөздердің мағыналық ерекшеліктерін ескеру;
- сөздердің тәрбиелік, ізгілік ұғымына сәйкестілігін есепке алу және т. б.
Сөйлеуге байланысты мынадай талаптар қойылады: мазмұнды сөйлеу, дәл сөйлеу, жүйелі сөйлеу және мәнерлі сөйлеу.
3.Сөздік қорының ең маңызды міндеті оқушылардың ауызекі сөйлеуде қолданылатын сөздер қорын толықтыратын сөздерді белсенді ету. Жаңа сөздерді есте сақтаудың тәсілдері мен жаттығулары:
1. Тақтаға сөз жазып, оны буынға бөліп оқыту;
2. Сөз мағыналарын анықтауда ұғымның белгілерін санайтындай жаттығулар (жазу жұмыстары);
3. Жаңадан үйренген сөздерге байланысты шығармашылық жұмыстар (эссе, мазмұндама, шығарма т. б.) жүгізу;
4. Жаңа сөзді кірістіре отырып сөйлем құрастырып, мағынасын ашу;
5. Орфографиялық жаттығуларға жаңа сөздерді енгізу:
6. Сөздік жасату (түсіндірмелі, алфавиттік немесе тақырыптық сөздер, оқушы сөздігі т. б.);
Оқушылардың тілін дамыту мақсатын шешуде біріншіден, оқушылардың меңгерген сөзі, сөз байлығы қаншалықты дәрежеде екендігін; екіншіден, оқушыда сөз байлығының, сөз қорының аз болуының себебін, өзіндік ерекшелігін; үшіншіден, тілін байыту мен дамытуда тиімді әдіс-тәсілдерін алдын ала анықтап белгілеу керек.
Балалар сөздігін мынадай жолмен байытуға болады:
- қоршаған ортаны байқату, аңғарту (табиғатпен, адамдардың қоғамдық және өндірістік еңбегімен таныстыру);
- үлкендермен қарым-қатынас әңгіме өткізу, кездесу ұйымдастыру;
- арнаулы тілдік жаттығулар жүргізу; 
- сыныпта және сыныптан тыс оқу (әңгіме мазмұнын талқылау және талдау) барысында т. б. жағдайларда.
Тіл дамыту жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру - оқушылардың ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттырудың бірден-бір тиімді жолы. Олай болса тіл дамыту дегеніміздің өзі – оқушылардың сөз байлығын арттырап, әр сөзді орынды қолдануы, сөйтіп, ойын жүйелі түрде білдіре алуы. 
ІІІ. 5 минуттық оқу.
1.Ата-ана мәтінді бірнеше бөлікке бөліп,баласын 5 минуттан оқытса, әлдеқайда тиімді. Алдымен бала мәтіннің бір бөлігін оқып, мазмұнын айтады. Содан кейін үзіліс жасайды. Біраз тыныққаннан кейін мәтінді ары қарай жалғастырады. Себебі, адамның есі күнделікті көз алдында көріп жүрген нәрседен гөрі сирек те жылдам көріп қалған нәрсені есте жақсы сақтап қалуға бейімделген. Ата-анаға осыны түсіндіріп, үйде баласының оқу жылдамдығын қалай арттыру керектігі жөнінде мұғалім әдістемелік көмек беру керек. 

Баланың оқу жылдамдығын анасының бақылау кестесі.

/Соңғы нәтижесі көрсетілген/


2. Егер баланың оқу темпі нашар болса, оқығысы келмесе не істеу керек? 
Мұндай жағдайда үзіп-үзіп оқу тиімді. Бала суретті кітапшалардан 1-2 жол оқып, суретін көреді де дем алады. 
3. Сондай-ақ,ұйқы алдындағы оқу өте тиімді. Оның мәні мынада екен: адам ұйықтар алдынад оқиғаның, жағдайдың әсерімен ұйықтайды. 8 сағат ұйқы бойы ол әсер адамның миынан кетпейді, адамның ағзасы бұған үйреніп қалыптасқан. 

4. Жұпқа бөліп оқыту. Дарынды оқушыны үлгі ретінде алу арқылы үлгерімі төмен оқушының оқу жылдамдығын арттыруда жетелей оқыту. Мысалы, бір мәтінді алып, бірінші дарынды оқушыға оқытып, түсінгенін әңгімелету, оқиғаның қызықты сәтінде тоқтату, оқу жылдамдығы төмен оқушыға сол мәтінді жалғастырып оқыту.

Дарынды оқушының мәнерлі шапшаң оқығанын бақылату. Өзіне де оқыту.


5. Оқушыларды топқа бөліп оқыту. Олардың оқу дағдыларын жан-жақты бағалап отырып, әр топтың оқушыларын бір-бірінен асып түсуге ынталандыру. Осы орайда ескеретін жағдай бір топтағы оқушылардың оқу жылдамдығы деңгейлес болу тиіс.
6. Диктант жазу арқылы есте сақтап оқу. Оқу техникасының төмен болу себебінің бірі – баланың есте сақтау қабілетінің нашар болуынан. Айталық, бала 6-8 сөзден тұратын сөйлемді оқыса, аяғына келгенде басындағы 2-3 сөзді ұмытып қалады да сөйлемнің мазмұнын түсінбейді. Осы орайда баланың еске сақтау қабілетін нығайтуға, сауатты жазуға және бірнеше әріптен тұратын сөздерді тез оқуға, әрі жаттауға жаттықтыратын көру диктантын жаздырудың пайдасы зор.

Аталған мақсатқа төмендегідей міндеттерді шешу арқылы қол жеткізіледі:

-оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру;

-ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеу тілін дамыту;

-шығармашылық қабілетін дамыту;

-көркем шығармаларды оқуға сүйіспеншілігін арттыру;

Бүгінгі таңда жалпы білім беретін оқу орындарындағы білімдік процестің дамымалы мүмкіндігіне елеулі маңыз беріледі. Сынып оқушысының тұлғacы дамуының ерекшелігін оның оқудағы жетістігі, оқу ic -әрекетінің компоненттерін меңгepyі, жалпы оқу біліктілігі мен дағдыларының қалыптасу деңгейі анықтайды. Жалпы оқу дағдыларының бip саласы - оқу техникасы. Аталған дағдыны жоғары деңгейде қалыптастырмайынша оқушының әрі қарайғы сапалы біліміне қол жеткізу мүмкін емес.

Оқу процесін зерттеу мен оның бастауыш сатыдағы даму ерекшеліктеріне байланысты қазақстандық ғалымдардың сүбелі еңбектерін кездестіре алмадық. Төменгі сынып оқушысының оқу шапшаңдығын қалыптастырып, жетілдірудің жоғары деңгейіне қол жеткізуді қамтамасыз етуде жақын шетелдік ғалымдар технологияларының маңызы айтарлықтай.



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 10.09.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Научные работы
Просмотров367
Номер материала ДБ-185310
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх