Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Жоба жұмысы "Тауық қонаққа келді"

Жоба жұмысы "Тауық қонаққа келді"

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:



Көркем әдебиет жоба

«Тауық қонаққа келді»



Изображение 1014.jpg





















Р.Ж. Ибраева

Мұғалжар ауданы

МКҚ «Жансая» балабақшасының тәрбиешісі








Қандыағаш қаласы

2016 жыл


Жобалық жұмыс: көркем әдебиет кіші тобы:


Тақырыбы: «Тауық қонаққа келді»


Жоба мақсаты: Балаларға көркем әдебиет арқылы түсінік беру.

Жоба міндеттері: Ертегі, өлең жолдары арқылы, тауық туралы мәлімет беру, білімдерін нығайту. Тауық пен Әтештің айырмашылығын таба білу. Тауықтың жұмыртқасы, еті адам азығы екенін түсіндіру. Тауықтың жүнінен мамық көрпе, көпшік жасайтынын айтып мағлұмат беру. Ертегіге өлең жолдарының мазмұнына назар аударту, түсінік айтуға үйрету. Еңбек сүйгіштікке, сыйластыққа, достыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Жобаның өзектілігі: Бұл жобаның өзектілігі балалардың сөйлеу тілін, сөздік қорын, ой - өрісін, логикалық ойларын қалыптастыру, үй құстары туралы білімдерін кеңейту және зерттеу.


Жобаның түрі: Ертегі сабақта, балалармен, ата – аналармен жұмыс.


Жоба ұзақтылығы: 1 апта.

Зерттеу болжамы: Егер бала берілген тапсырмалар бойынша түсініктері ерте жастан қалыптастырылса алғашқы ойлау қабілеті, ақыл ойы, қиялы, әңгіме құру ептілігі шығармашылық қызығушылығы арта түседі.


Күтілетін нәтижесі: Ертегіге өлең шумақтарын жүзеге асыра орындалулары, балалардың үй құсы тауық туралы ақпараттарын кеңейту.


Жобаның барысы:

Шаттық шеңбер:

Қуанамын менде, қуанасың сенде

Күліп шыққан күнге,

күніміз жарық

Түніміз тыныш болсын!


  • Балалар бүгін бізге қонаққа тауық келді.

Тауық қандай құсқа жатады?

Дала құсыма әлде үй құсыма?

Сендер ауылға барғанда тауықты көрдіңдерма?

Тауықтың қасында Әтеш жүреді солайма?

-Міне сол тауық қонағымызды қарсыалып отырғызып біздер жобабымызды бастайық. Тауық мен туралы не білесіңдер деп тұр?


Бірінші жоба: «Шұбар тауық» ертегісі.SAM_6770.JPG

Абдіғали Ержігіт

(ертегіні айтып береді)

Шұбар тауық ертегісі тауық ата мен әже мен тұрады екен. Бір күні оларға алтын жұмыртқа тауып беріпті, оны тышқан стол үстінен қағып жіберіп ол жерге түсіп жарылып қалыпты. Ата, Әжесі жылай беріпті, жылай беріпті. Оларға тауық жылама, жыламаңдар деп, сөйтіп тауық әже мен атаға жәй жұмыртқа тауып беріпті.

Анасы: үстел үстіндегі жұмыртқаларды көрсетеді.SAM_6767.JPG


Ержігіт: Тауық ата мен әжеге жұмыртқасын береді, олар жұмыртқаны қуырып, немесе суға қайнатып жейді және әртүрлі салаттарға қосады.


Анасы: (Жұмырқадан дайындаған тағамдарды көрсетеді)

Ата мен Әже тауықтың етін жейді, себебі тауық еті өте дәмді әрі жұмсақ болады.

Анасы(тауық етінен дайындаған тағамдарды көрсетеді)

Ата мен Әже тауықтың мамығынан көпшік, көрпе жасап та алыпты.

(Анасы мамықтан жасаған көрпе көпшікті көрсетеді)

Міне осылай «Шұбар тауық» ертегісіндегі тауық атасы мен әжесіне өзінің пайдасын беріпті.

Сергіту сәті:

Қуыр қуыр қуырмаш

Балапанға бидай шаш

Түлкі келсе есік бас,

Әжең келсе есік аш

Бас бармақ, балаң үйрек

Ортан терек, шылдыр шүмек,

Кішкентай бөбек

Қуыр-қуыр, қуырмаш

Тауықтарға тары шаш

Шеп – шеп- шеп.


Екінші жоба: Өлең оқып береміз.

«Шұбар тауық»

Абилкаримова Амира

Шұбар тауық мүлдем



Жолатпайды барса

Ұясында жүрген

Балапаны қанша

Балапанын тауық

Қызғанады жаман

Қанатымен жауып

Санатпайды маған.

Амира: - Шұбар тауық ұясында жатып жұмыртқадан балапан шығарыпты.


Анасы: Тауық бауырының қызуымен қыздырып 24 күнде жұмыртқадан балапан шығарады. Тауықтың астына 11 немесе 13 жұмыртқа салады.


Амира: Ұясында жатып балапан шығарғанда қызғанып, қанатымен жауып жақындатпайды және балапандарын жылытады.


Үшінші жоба: «Тауыққа жем шашу» өлең.

Бәйіш Жәния.

Қар бір жауып өткенде,

Қызыл аяз қатайған

Тауыққа жем сепкенде

Қалмаймын мен атадан.

Алма кезек аяғын

Тауықтардың көбісі

Көтергенде аяғын

Болсайшы деп кебісі.


Жәния. Тауық жұмыртқа тауып беру үшін біз оларға жем шашып тұрамыз. Атам жем шашқанда мені қасына бірге алып жүреді.


Анасы: тауықтың тұмсығы үшкір жемді шоқып жейді. Жемнен басқа тас, әйнек, бор, құмды да жей береді. Күні бойы тауық шаршамай шоқып қоректенеді. Күн батқан соң қораға кіріп, қонақтайды, қараңғыда тауықтың көзі көрмейді.SAM_6768.JPG


Қорытындылау.

Тауық қонағымыздан сұрайық

  • Біз тауық туралы білемізбе екен?

  • Йә, біздің балаларымыз тауық туралы көп біледі екен. Ертегі, өлеңдерді де оқи алады.


Ал енді барлығымыз тауық қонағымызбен бірге «шөжелерім» әнін айтып, би билеп берейік.

(Өлең айтып би билейді)


Тәрбиеші: Тауық қонағымыз өз силығын ала келіпті, еңбек еткен балаларға сыйлығын бергісі келіп тұр. (сыйлығын таратады)

-Ал тауық қонағымыз сау болып тұрыңыз!

-Балалар, тауық өз достарына барады.

-Жарайсыңдар балалар.

-Мен сендерге өте ризамын.







































Аннотация


Жоба барысында б-р, ата – аналарымен бірігіп, ізденіп «Шубар тауық» ертегісінің мазмұны әрі қарай ертегіні өз бетімен жалғастырып, тауық туралы өлең жолдарын айтып оның мазмұны арқылы үй құсы тауық жайлы көптеген мағлұматты ортаға салады. Тауықтың жұмыртқасының, етінің, жүнінің адамға пайдасын көрсетеді. Тауықты қалай бағып, тамақтандыру керектігі туралы да түсініктеме береді.



























Автор
Дата добавления 28.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров123
Номер материала ДВ-389019
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх