Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Начальные классы / Презентации / Жоба жұмысының тақырыбы: Үй жануаларын окыту СТО технологиясы арқылы оқыту "Жылқы" Қазақ әдебиеті, 5 – сынып,
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Жоба жұмысының тақырыбы: Үй жануаларын окыту СТО технологиясы арқылы оқыту "Жылқы" Қазақ әдебиеті, 5 – сынып,

библиотека
материалов

hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifЖылқы

Танымдық – дамытушылық жұмыстар Слайд арқылы оқушылардың жылқы туралы білімдерін кеңейту,жобалау жұмыстарын жүргізу.

а ) Адам мен жылқының достығы өте ерте кезде басталған. Ертеде жылқы кең далада еркін өскен тағы жануар еді. Адам баста жылқыны тамақ ретінде көптеп аулаған. Келе – келе оның құлындарын қолға үйреткен , сол құлындардан қазіргі сәйгүліктер өсіп-өнген . Қазіргі жылқының ата тегі Тарпан мен Пржевальский жылқылары болды деген болжам бар Бұл жылқылардың тағы үйірін 1881 жылы орыс саяхатшысы Н.Пржевальский Тянь-Шань таулары сілемдерінде кездестіреді, көптеген зерттеулер жүргізеді. Бұл жылқыларды Монғолияда күні бүгінге дейін кездестіруге болады. Олар қорғауға алынған. (Слайдпен жұмыс)

Ә). Есіңде сақта. Адам малдарды белгілі бір дыбыстау арқылы шақырады .Жылқыны шақырудың өзіндік ерекшеліктері бар.

Құрау-құрау – биені сауатын кезде шақыру үшін айтылады.

Моһ-моһ - Жылқыны ұстау үшін айтылады.

Тәк – тәк - Жылқының үстіне ер салып мінгенше қозғалмай тұру үшін айтылады.

Тыр-р - тыр-р -жылқыны арба мен шанаға жеккенде тоқтату үшін айтылады .












Оқушыларға слайдты көрсете отырып сұрақ –жауап әдісімен қымыз және оның пайдасы туралы әңгімелету. Қымыздың құрамындағы дәрумендерге тоқталу . Қымыз өзінің емдік және сусындық қасиетін күні бүгінге дейін сақтап келеді. Ол өкпе ауруларын , түрлі салқыннан болатын ауруларды емдеуде медицинада қолданылады. Қымызды сауда дүкендерінен және базардан сатып алуға болады

- Қымызға қатысты қазақ халқында қандай дәстүр бар ?

-«Қымызмұрындық» деген дәстүр бар.

-Қымыздың қандай түрлері бар?

Қымыз

Қымыздың 3 мың жылдық тарихы бар. Қымыз - халқымыздың кәделі әрі киелі сусыны. Қымыздық 40-қа жуық түрін дайындайды. Оны дайындау тәсілдері де түрліше. Мысалы, уыз қымыз, бал қымыз, бесті қымыз, дөнен қымыз, жуас қымыз, қысырақ қымыз, шырғанақ қымыз және басқа да түрлері бар. Қымыздың шипалық қасиетіне шет елдер де көңіл бөле бастады. Халқымыздың ұлттық мерекесінің бірі «қымызмұрындық» деп аталады.

Б) Дәптермен жұмыс. Қымыз түрлерін кітаптан тауып, дәптерге көшіріп жазу.

Биенің сүті сары бал , Қымыздан асқан – дәм бар ма?

А.Бие сауын.

Ет өнімдері

Жылқы етінен өндірілетін өнімдер: жал, жая, қарта және шұжық. Жал - желке шайы, жая - екі жамбастың сырты, яғни сауыр еті. Қазы - қабырғаның майлы сүбе еті. Қарта - тік ішектің майлы бөлігі. Шұжық - туралған ет пен май тығылып, илектен жасалған тағам.[6]

Жылқының еті құнарлы тағам. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда жылқының еті, қазы –қартысы , жал-жаясы ,қымызы аса құнарлы тағам.

- Оның басты себебі не?

/В). Терме оқу . Оқушылар жауапты кітаптан іздеп тауып оқиды / Оның басты себебі: жылқының талғампаздығында болса керек.Ол шөптің құнарлысын,судың тұнығын ішеді.

- Сіздің Жылқы өніміне деген көзқарасыңыз ... Ауызша жауап беру әр топтан бір оқушы.

Г) Түйін сөз: Дүкен сөрелерінен қымызды көру қуантарлық жағдай .Шетелдік сусынды алып ішкеннен ұлттық сусын «қымызды » алып ішсек біздің денсаулығы-мызға пайдасы өте зор болар еді .Қазақстанда жылқы шаруашылығын өркендету керек. т.б.

Жылқы ежелден қазақ батырларының- Қанаты . « Жылқы- ер қанаты» деп тегін айтыл-маған. Жаугершілік заманда атқа мінген батырлар бір-бір атқа мініп ел қорғаған . Қазір де әскери қызметте таулы аймақта шекара күзетіне ат мінеді. Жылқы –киелі көк пырақ . Елімізің Елтаңбасындағы Қос Тұлпар -осы киелі пырақтар. / Слайд/

Жылқы қолға тез көндігетін ,иесін ұятқа қалдырмайтын жануар. Соған байланысты оны өнер саласында спорт, кино, циркте кеңінен қолданады . Жылқыны цирк аренасына

  1. жылы алғаш рет ағылшын Филип Эшли алып шықты. Қазақстан циркінде де

өнерпаз жылқылар бар. Жылқы туралы әндер, өлеңдер мол ,биде бар.Соның бірін айтып,

билеп сергіп алайық

«Қара жорға» әні мен биі.

ҮІІІ.Сергіту сәті. «Қара жорға» әнін айтып,билеу арқылы сергіту сәті орындалады.



Х. Шығармашылық жұмыс . Берілген өлең шумағындағы көп нүктенің орнына тиісті сөздер тауып қойып, өлеңді аяқтау.Өлең құрастыруда суретті басшылыққа алу,тақырып қою.

Өлең құрастырып көрейік. Синквейн-5 жолды өлең.

  1. Зат есім Жылқы

  2. 2 сын есім Дөнен, бесті

  3. 3 етістік Шабады, тулайды, мөнкиді

  4. Сөйлем құрау Менің атам жылқы бағады

  5. Синоним Үй жануары

ХІ .Қорытынды бөлім : Балалар, жылқыға байланысты қандай ұлттық ойындарды білеміз?

Жылқының пайдасын қайталамай айтып шығайық. әр топтан екі оқушы жауабы тыңдалады.

ХІІ. Бағалау .Топ жетекшісі білімдеріне сай бағалайды..

ХІІІ. Үйге тапсырма: «Жылқы» мәтінін түсініп оқу,

«Жылқышы» өлеңін жаттау , жылқышы туралы шағын эссе жазу.














































Тақырыбы: Мұқағали Мақатаев «Қайырлы Түн» «Елім барда» өлеңдері.

Мақсаты: Оқушыларға Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы

туралы қысқаша мағлұмат беру, өлеңдерінің мазмұнын жан - жақты

ашу.

Міндеттері:

  • Өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын, мазмұнын меңгерту

  • Оқушының өз ой - пікірін айтуға, сөз мағынасын түсінуге дағдыландыру.

  • Рухани тазалыққа, адамгершілік асыл қасиеттерге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың типі: Ізденіс сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: ой қозғау, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, хат жазу, Жигсо,семантикалық карта.

Көрнекілік құралдары: Мұқағали Мақатаевтың портреті, слайд, суреттер, стикер, постер, интербелсенді тақта.

Пәнаралық байланыс: тарих

Күтілетін нәтиже: Ақын туралы мәлімет алады.

Өлеңдерінің мазмұнын меңгереді.



Сабақтың кезеңі, уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу.

Ана әнін орындау арқылы тренинг жүргізу.

«Мозайка» әдісі арқылы топқа бөлу.

1-топ «Ақын өмірі»,

2-топ «Ақын шығармашылығы»,

3-топ «Ақын өлеңдері»

Күтілетін нәтиже: Ақын туралы мәлімет алады.

Өлеңдерінің мазмұнын меңгереді.



Оқушының өзіне сенімділігін арттырады.

Суреттің артына жазылған сөздер арқылы топқа бөлінеді.

ІІ Үй тапсырмасын

"Ассоциация"әдісі

М.Мақатаевтың «Қайырлы Түн», «Елім барда» өлеңдерінің мазмұнын ашып, өлеңдерін жатқа сұрау.

Ой қозғау, шағын эссе жаздыру

Өлеңді жатқа айтады.

Ақынға арнап жазған хаты бойынша сөйлейді.

Өзінің туған жері бойынша жазған эсселерін оқиды.

ІІІ Қызығушылықты ояту.















































ІV Мағынаны тану

V Ой толғаныс

"Миға шабуыл" стратегиясы.

Әр топ басшысынан топ аты туралы мәлімет алу.

Оқушыларға М.Мақатаевтың портретін көрсетіп, мынадай сұрақтар қоямын.
1. Оқушылар, бұл кімнің портреті?
2. Бұл кісі жөнінде не білеміз?

Оқушыларға слайд арқылы М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұматты көрсетемін.Мұқағали Мақатаевтың ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақпоэзиясының дамуына үлкен үлес қосқан ақиық ақын Мұқағали Мақатаев Алматы облысы, Райымбек ауданына қарасты Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келген . Балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарына тұстас келді деп жазыпты.



Жигсо әдісі

Мәтінмен жұмыс.
1.Ақын өміржолы туралы не білесің?

2 Ақын шығармашылығы туралы нені меңгердің?


































Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбері: 

-Балалар, барлығымыз ортаға шығып, «жақсылық шеңберін» құрайық. Әрбіріміз қасымызда тұрған досымызды жақсы қасиеттерін ізгі сөздермен, көтерінкі көңілмен, күлімдеген көзбен, жымиған езумен жеткізейік:
Сен нағыз доссың; ең әдемі қызсың, мейірімдісің, өте ұқыпты баласың, еңбекқорсың, ақкөңілсің, жақсы оқитын оқушысың.

Жарайсыңдар, балалар! Әрбіріңнің достарыңа деген жүректеріңнен шыққан жылы тілектеріңді естіп, қатты қуанып тұрмын.

Бейнематериал арқылы шығарманың авторы жайлы мәліметтер көрсетемін. Авторға байланысты тапсырмалар беремін.

Жаңа сабақты меңгерту. «Мағынаны тану». 5 мин.

Тапсырма: 1 – топ

1.Әбіш Кекілбаевтің өмірбаяны

Қай жерде , қай жылы туылған?

2 – топ 2.Әбіш Кекілбаевтің қызмет жолы:

1.

2.

3.

3 – топ 3.Шығармашылығы : 1.

2.

3.

.Хронологиялық кестені толтыр

Автор

Туған жылы

Туған жері

Қызметі

 

 

 

 






.Хронологиялық кестені толтыр

Автор

Туған жылы

Туған жері

Қызметі

 

 

 

 






.Хронологиялық кестені толтыр

Автор

Туған жылы

Туған жері

Қызметі

 

 

 

 







1. Білімділік.Әбіш Кекілбаев туралы білімдерін арттыру

2. Дамытушылық. Сабақ барысындағы тапсырмалар, көрнекіліктер арқылы оқушылардың дүниетанымдық ой-өрісін дамыту.

Міндеті: Оқушылар әңгімені талдайды, тапсырмаларды орындайды, өздігінен ой қосады.

Өзекті мәселе: Оқушылардың нақты, дәлелді сөйлеуін қалыптастыру.

Алдымен оқушылардан Ә.Кекілбаев туралы сұрау, айтқан деректерін толықтыру.

  • Қазақстанның халық жазушысы

  • Маңғыстау облысының құрметті азаматы [2]

  • Топтық жұмыс

  • - Ә.Кекілбаевтың өмір жолы.

  • - Ә.Кекілбаевтың шығармашылығы.

- Ә.Кекілбаевтың Әңгімелері

  • Нақты шешімдерін айтқызу.

  • Маңғыстау жерінің мақтанышы, бүкіл қазақ атау-

  • ларының аузында жүрген тума талант, парасатты жазушы, мемлекет қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың мектеп оқулықтарында, бағдарламаларындағы шығармаларының көркем тілін, жергілікті тіл ерекшеліктерін танытуды мақсат еттім. 

  •   Әбіш ағаның шығармаларының қайсысын оқысақ та, тіл шеберлігі 

  • мол, жымдасқан халық тілі барлығына көзіміз жетеді. Ол-аса дарынды жазушы, жарқын тұлға, жұрт таныған көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Оның шығармаларының бәрі таңдаулы. «Ханша дария хикаясы», «Құс қанаты», «Күй», «Үркер», «Елең-алаң» роман – хикаяттары -осының дәлелі.

Романдар

  • «Шандоз»

  • «Аңыздың ақыры»

  • «Үркер»

  • «Елең-Алаң»

  • «Конец легенды»

  • «Плеяды – созвездие надежды»

  • «Всполохи»

Повестер

Қазақ тілінде

* «Бір шөкім бұлт»

  • «Күй»

  • «Бәйгеторы»

  • «Шыңырау»

  • «Бәсеке»

  • «Ханша дария хикаясы»

  • «Құс қанаты»

  • «Бір шоқ жиде»

  • «Шеткері үй»

Әңгімелер




* «Аш бөрі»

  • «Ең бақытты күн»

  • «Ажар»

  • «Жүнді барақ»

  • «Ақ қайың»

  • «Ор теке»

  • «Ауыз»

  • «Көлденең көк атты»

  • «Есболай»

  • «Тасбақаның шөбі»

  • «Керек адам»

  • «Міне, керемет!»

  • «Ақырғы аялдама»

  • «Галстук сатушы қыз»

  • «Абылай хан»

  • «Белая береза»

  • «Встречный-поперечный»

  • «Есболай» (рус.)

  • «Ну и чудеса!»

  • «После встречи»

Аудармалар




Бейнематериалды көреді. Автор жайлы тапсырмаларға жауап береді.

Топпен бірігіп жұмыс жасайды, өз ойларын жүйелі жеткізе алады.


Оқушылар сұраққа бірлесіп, ізденіп жауап береді.

"Халқымыз аса ауыр қайғыға душар болды. Әбіш Кекілбаев өмірден өтті. Саналы адамға бұл қазаның салмағын саралап жату артық. Әр қазаққа, барша отандастарымызға көңіл айтамыз", - делінген басылымның сайтында.

Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрынғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған.

Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақстан Республикасының алғашқы Мемлекеттік хатшысы (1996-2002), Парламент Сенатының депутаты (2002 жылдан).

Әбіш Кекілбайұлының көптеген шығармалары ТМД халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. Ол ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының 1986, Қазақстан Республикасы президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының 1995, «Отан» орденімен 1999, Түркі елдері қауымдастығының шешімімен «Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін сыйлығын» алады. 2003 жылы «Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды.































Әбіш Кекілбаев

1960-1990 жылдардағы әдебиет

Жазушының тiлiнде де, дiлiнде де мiн жоқ. Қашанда сергек, қашанда сезiмтал, бәйгенiң алдынан ғана келетiн тұлпарларға ұқсатам мен Әбiштi.  Ал, аспанға қарасам оның жұлдызын оңай танимын. Оның жұлдызы сол Әуезов, сол Шолохов, сол Айтматов, сол Нұрпейiсов жұлдыздарымен қатар тұр. Ол да жарық жұлдыз, мәңгi жанатын жұлдыз. Тұманбай Молдағалиев

Маңғыстау жерінің мақтанышы, бүкіл қазақ атау-

ларының аузында жүрген тума талант, парасатты жазушы, мемлекет қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың мектеп оқулықтарында, бағдарламаларындағы шығармаларының көркем тілін, жергілікті тіл ерекшеліктерін танытуды мақсат еттім. 

  Әбіш ағаның шығармаларының қайсысын оқысақ та, тіл шеберлігі 

мол, жымдасқан халық тілі барлығына көзіміз жетеді. Ол-аса дарынды жазушы, жарқын тұлға, жұрт таныған көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Оның шығармаларының бәрі таңдаулы. «Ханша дария хикаясы», «Құс қанаты», «Күй», «Үркер», «Елең-алаң» роман – хикаяттары -осының дәлелі.





1-топ «Ақын өмірі»,

2-топ «Ақын шығармашылығы»,

3-топ «Ақын өлеңдері»

Күтілетін нәтиже: Ақын туралы мәлімет алады.

Өлеңдерінің мазмұнын меңгереді.







 А) Автор туралы ұғым беру.

     Әбіш Кекілбаев  1939 жылы Маңғыстау облысының     Маңғыстау   ауданында дүниеге келді.Қазақтың белгілі жазушысы,қоғам қайраткері. 2009  жылы 70 жыл толып,мерей тойы аталып өтті.Елбасымыз өз қолымен «Еңбек ері» жұлдызын кеудесіне тақты.Тұңғыш өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» деп аталады. «Бір шөкім бұлт», «Үркер», «Дала балладалары» т.б.роман, повестері бар

туралы не білеміз?

3 Ақын өлеңдерінің идеясы?

Топтық жұмыс

-Ақынның өмір жолы.

-Ақын шығармашылығы.

-Ақын өлеңдері.

Нақты шешімдерін айтқызу.

Соңғы пікір

«Хат жазу».

Ақынның төменгі сыныпта оқыған өлеңдерін естеріңе түсіріңдер.



Топ басшылары топ аттары туралы қысқаша баяндайды.



Оқушылар М.Мақатаев туралы білетін мәліметтерді айтады.

Сұрақтарға жауап береді.

Слайд тақтада көрсетілген деректер бойынша оқушылар топтастыру жасайды.

Қоғам қайраткері

Мұқағали



Ақиық ақын Тұғыры биік

жазушы









Оқушылар өз бетімен жылдам әрі мәнерлеп оқу жұмысын жүргізеді.



Әр топ өзіне берілген тапсырманы оқып, нақты бір шешімін тауып, дәлелдейді.

Мысалы: келісемін, неліктен?

Келіспеймін, не себептен?

Ақын өлеңдерін таңдап алып, сол өлеңдеріне талдау жасайды.

ҮІ Қорытынды

ҮІІ Үй тапсырмасы

Ғаламтордан ақын жайлы мағлұмат іздеу.

Ақын туралы қосымша деректер қарастыру.

ҮІІІ Бағалау

Кері байланыс жүргізу.

Критерий бойынша қорытынды бағалау жасау.

«Қол техникасы» әдісінде А4 қағазына саусақ іздерін салып,не үйренді,не білді,не ұнады,не ұнамады сұрақтарына жауап жазады.

Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбері: 

-Балалар, барлығымыз ортаға шығып, «жақсылық шеңберін» құрайық. Әрбіріміз қасымызда тұрған досымызды жақсы қасиеттерін ізгі сөздермен, көтерінкі көңілмен, күлімдеген көзбен, жымиған езумен жеткізейік:
Сен нағыз доссың; ең әдемі қызсың, мейірімдісің, өте ұқыпты баласың, еңбекқорсың, ақкөңілсің, жақсы оқитын оқушысың.

Жарайсыңдар, балалар! Әрбіріңнің достарыңа деген жүректеріңнен шыққан жылы тілектеріңді естіп, қатты қуанып тұрмын.

1 – топ

өмірі мен қызметі жайлы әңгімеле

2 – топ

3 – топ





1 – топ

Абай Құнанбаев өмірі мен қызметі жайлы әңгімеле

Неліктен біз «Абай дана, Абай дара» дейміз

Абайдың табиғат жайлы жазған бір әнін орындаңдар

Сурет бойынша тұжырымың?

2 – топ

Абайдың жақсы – жаман әдеттен аулақ болуға шақырған өлеңдері жайлы әңгімеле.

Абай қандай тілдерді білген деп ойлайсың?

Абайдың орыс достары жайлы не айтасың?

Сурет бойынша ойың№

3 – топ

Абайдың неше қара сөзі бар? Бір қара сөзі туралы әңгімеле

Абайдың ұрпақтары жайлы не білесің?

Сурет бойынша Абайдың бір әнін орындаңдар

Қорыту

Н. С. Байсеркеева

Бекіту кезеңі: Суретпен жұмыс Суреттерді тақырыппен байланыстыру.

Рррррррррррррррр

1. Кіріспе сөз. Мұғалімнің Әбіш Кекілбаев туралы өлең оқуы
Ұрпақтарды тамсантқан сымбат, нәрі,
Ғұмырыңыз тірліктің түрлі ақпары.
Тәуелсіз ел төрінде жарқыраған,
Бұл ғасырдың өзіңіз бір мақтаны.

Бақыт кейде десек те азапты нұр,
Өмір сізге сыйлапты ғажап ғұмыр.
Қаламменен біліммен, парасатпен,
Көтердіңіз қазақты биікке бір.

Жылытса жүректерді жан шуағы,
Біліммен көңіл кірі аршылады.
Нұр шашсын деп әлемге сыйға тартқан
Сияқтысыз Маңғыстау шамшырағы!

2. Ә. Кекілбаев

аса дарынды жазушы, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері.
1939 жылы 6 желтоқсанда Маңғыстау облысы, Онды ауылының Мырзайыр жерінде дүниеге келген.
Таушықтағы шахта орта мектебін бітірген.
Қазақтың Ұлттық Мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Алғашқы кітабы «Шуақты күндер» 1962ж
Шығармалары – «Үркер», «Аңыздың ақыры», «Ханша - дария хикаясы», «Абылайхан», «Күй», «Бәсеке» т. б.
Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Әлемнің танымал 100 адамы» атағына ие.
«Күй» хикаяты - 27 жасында жазылды
Әйгілі прозашы ретінде танудың бастамасы.
Орыс тіліне аударылып, сыншылар жоғары бағалаған шығарма.
«Шын өнердің басты міндеті - өзінің адамгершілік рухын жоғары ұстау. Өнер барлық өнер атаулымен күресте үстем болуға тиіс. Ә. Кекілбаев осыған үндейді» (Зоя Кедрина)
"Халқымыз аса ауыр қайғыға душар болды. Әбіш Кекілбаев өмірден өтті. Саналы адамға бұл қазаның салмағын саралап жату артық. Әр қазаққа, барша отандастарымызға көңіл айтамыз", - делінген басылымның сайтында.

Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрынғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған.

Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақстан Республикасының алғашқы Мемлекеттік хатшысы (1996-2002), Парламент Сенатының депутаты (2002 жылдан).

Әбіш Кекілбайұлының көптеген шығармалары ТМД халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. Ол ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының 1986, Қазақстан Республикасы президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының 1995, «Отан» орденімен 1999, Түркі елдері қауымдастығының шешімімен «Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін сыйлығын» алады. 2003 жылы «Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды.

Бейнематериал арқылы шығарманың авторы жайлы мәліметтер көрсетемін. Авторға байланысты тапсырмалар беремін.

Тапсырма:

1.Әбіш Кекілбаевтің өмірбаяны

Қай жерде , қай жылы туылған?

2.Әбіш Кекілбаевтің қызмет жолы:

1.

2.

3.

3.Шығармашылығы :

1.

2.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері туралы білімдерін бекіту.

Міндеттері:

1.сөйлем ішінде келетін тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге дағдыландыу.

2. Теориялық білімді практикада қолдана білуін арттыру. Білім, білік, дағдыны қалыптастыру.

3. Сөйлем соңынан қойылатын тыныс белгілерін дұрыс пайдалана білу.

Қолданылған әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсінік беру, қиын сөздермен жұмыс.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу-құралдарын тексеру. Назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Жазбаша жұмыс.

Оқушыларға бүгінгі күнді, мазмұндама тақырыбын жаздырту.

Мәтінді оқып шығу. Түсініксіз сөздерге тоқталып кету.

Мазмұндама «Әкенің еркелігі»

Ертеде бір бала әкесіне: «Сені кейін ер жеткен соң, аяғыңды жерге тигізбей, арқалап жүремін», - дейді екен. Бұл оның әке парызы туралы түсінігі болса керек.

Уақыт деген ұшқан құс, құйғытып шапқан тұлпар емес пе ? Жыл артынан жыл өтеді. Бала жігіт болады. Әкесі қартаяды да, бір күні қатты науқасқа шалдығады. Ұлы «пәлен жерде ғұлама емші бар» дегенді естиді. Әкесіне: «Баяғыда көп айта беруші едім ғой, сол сөзім- сөз, емшіге арқалап апарамын», - дейді. Әке өз қадірін түсінгенперзентіне тәнті болады. Әуе айналып жерге түскендей шілденің ыстық бір күнінде екеуі жолға шығады. Жігіттің арқасында- әкесі. Бірнеше күн өтеді. Айнала сағым, мұнар. Топырақ та, ауа да от. Аңфзақ. Шөл. Жігіт шаршайды.

Ұлының арқасында отырған әкесі бір күні көз ұшында қарайған әлденені көреді. Баласынан: - Балам, анау не, көзім жетпей тұр ?- дейді.

Қанша шаршаса да, жас емес пе, жігіт дереу алға көзін тігеді. Ол қарайған түйе екен.

-Түйе ғой, әке, түйе!- дейді ол ашу-ызасыз. Ішінен: «Әкем бала болып кетті ме сонша. Адам өзі діңкелеп келе жатқанда... Мазаны алмай тыныш отырмай ма ?»- деп күбірлейді.

Бұлар емшінің ауылына қарай жылжи береді. Аздан соң әкесі жаңағы сұрағын қайталайды.

  • Анау не, балам ?

  • Жанағы түйе ғой, әке . Түйе, түйе!

Дауысы шаршау шығады. Бұған не болған дегендей әкесіне алара қарайды. Әуелде қу- сүйек, жеп- жеңіл болып көрінген әкесі, енді зіл қара тас секілді. Жігіттің қол-аяғының буын-буыны кетіп шаршайды. Осылай титықтап келе жатқан кезде артық сөздің өзі-артық қамшы. Арқасы терден удай ашиды. Ашуланып аударып тастай салатын зат емес. Әке. Ал әкесі баласының бұл күйін білмей келе жатқан сияқты. Ат үстінде отырғандай жайбырақат көңілді. Не болса соны әңгіме етіп қояды.

Сүт пісірім уақыт өткен соң, жаңағы сұрағын үшінші рет қояды.

  • Анау не, балам !

Жігіт қарайды да:

-Түйе ғой, түйе ! – деп ақырып жібереді.- Осымен үшінші рет сұрадың. Неге қажет сонша. Мен мынау өлейін деп...

  • Балам, тоқта, түсейін арқаңнан, болды енді, - дейдіөкпелеп.

  • Неге ? Отыра бер !

-Жоқ. Болмайды. Әкеңнің бір еркелігін көтермедің. Баяғыда сен арқамда отырып, аспандағы жалғыз айды: «О не ?» - деп жүз сұрасаң, ерінбей- жалықпай жүз рет жауап беруші ем. Жылқының түнгі күзетінен титықтап келгенде де, бетіңе жел боп тимейтінмін. Жасқаншақ болмасыншы дейтінмін. О, дүние- ай! Енді бұл аурудан айығам деген үмітім жоқ, тек сенің көңілің үшін шықтым. Бір еркелігімді көтермедің. Қой, осы жерден елге қайтам! – деді әкесі.

Бәрі көңілге байланысты ғой, мүмкін, еркелігін көтерсе, әкесі сырқатынан жазылып та кетер ме еді, кім білсін...

Сөздік: тәнті болу, көз ұшында, діңкелеу.

Мазмұндама жоспары:

  1. Баланың серті.

  2. Әкенің ауруға ұшырауы.

  3. Әке парызын орындау.

  4. Әкесін арқалаған жігіт.

  5. Әкенің сұрағы.

  6. Екінші, үшінші сұрақ

  7. Әкенің сөзі.

Мәтінді тағы бір рет қайталап оқып шығу. Жоспар бойынша талқылау. Тыныс белгілеріне тоқталып кету.

Үйге тапсырма:

129 – жаттығу. Ережелерді қайталап келу.





Қазақ әдебиеті 9 -сынып

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин

Күні: 30.01.12ж

Сабақтың мақсаты:

А/ Білімділік: Ыбырай ағартушылық қызметінің, шығармаларының қыр-сырларын меңгертіп, мазмұнына , тереңдей бойлату,өлеңдеріне жан-жақты талдау жасай отырып тақырыбын ашу.

Ә/ Дамытушылық: Оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру,шығарманың мазмұнын аша білу қабілетін дамыту.

Б/ Тәрбиелік: оқушылардың әдебиетке деген сүйіспеншілікиерін оята отырып, еңбек сүйгіштікке, табиғатты қорғауға, елжандылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: электронды презентация, интерактивтік тақта, , суреттер, Ыбырайдың шығармалар жинағы, баспасөз материалдары.

Сабақтың әдіс –тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау

Пәнаралық байланыс: тарих, география

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту

Сабақтың барысы: А/ Ұйымдастыру.

Ә/Оқушылардың назарын сабаққа аударып, оқу-құралдарын түгендеу.

Б/ Үй тапсырмасын сұрау

В/ Жаңа сабақ

  1. Ыбырай Алтынсарин кім?



Ақын ағартушы педагог

Ыбырай Алтынсарин





Жазушы оқулық авторы



Ғұлыма шағын әңгіме шебері



1. Оқушылардың Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы жайлы не білетіндіктерін сұрап, толықтыру.

2. Ыбырай алтынсариннің қандай әңгімелері мен өлеңдерін білетіндіктерін еске түсіріп, мазмұнын айтқызу.

3. Балқожа би жайлы мәліметтер беру.



  1. Ыбырай Алтынсариннің өмір жолына шолу жасау.

Жылдар

Маңызды оқиғалар

1841 жылы 20 қазанда

Қостанай облысы Затабол ауданында туған.

1850 жылы

Орынбордағы қазақ балаларына арнап ашылған жеті жылдық орыс-қазақ мектебіне барған.

1857 жылы

«өте жақсы» деген бағамен бітірген.

1859 жылы

Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болған.

1859 жылы

Орынбордағы шекаралық комиссияның төрағасы, Шығысты зерттеуші белгілі ғалым,профессорВ.В.Григорьевпен жақын танысады.

1860 жылы

Торғай мектебіне мұғалім болып тағайындалады.

1864 жылы

Торғайдағы мектепті ашады.

1876 жылы

Петербург, Қазан қалаларына барады.

1876 жылы

«Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріседі.

1879 жылы

«Қазақ хрестоматиясы» Орынборда басылып шығады.

1879 жылы

Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады.

1881 жылы

Орск қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылады.


1879-1883 жылдары

Торғай қаласының төрт уезінде (Торғай,Ырғыз,Троиц,Ақтөбе) мектептер ашылады.

1983 жылы

Торғайда қолөнер мектебі ашылады.

1983 жылы

«Мұсылмандық тұтқасы» оқу құрал жазып шықты.

1887 жылы

Ырғызда тұңғыш қыздар мектебі ашылады.

1987 жылы

Қостанай уезінің Обаған және Жетіқара болыстарынан бір сыныптық мектептер ашылды. Жанынан қазақ балалары жататын 25 орындық интернат салдырды.

1889 жылы

Ауыр науқастан 48 жасында қайтыс болады.



Ы. Алтынсарин –оқулық авторы.

1. «Қазақ хрестоматиясына енген тақырыптар қандай бөлімдерден тұрады?

А/ Балалар өмірінен алынған әңгімелер. Бұлар түрлі орыс хрестоматиясынан, көбінесе И.Паульсонның хрестоматиясынан алынды.

Ә/ Әр түрлі жинақтардағы адамдар өмірінен алынған әңгімелер.

Б/ Қазақ ақындарының ең таңдаулы өлең -жырларынан үзінді.

В/ қазақтың мақал –мәтелдері.



1. Білімге шақырған өлеңдері

«Кел,балалар,оқылық!» , «Өнер, білім бар жұрттар»

Табиғат туралы «Өзен», «Жаз».

2. Әлеуметтік теңсіздік:

«Залым төреге», «Әй, жігіттер», «Азған елдің хандары», «Азған елдің хандары», «Азған елдің билері», «Азған елдің билері»

3. Орыс жазушыларының аудармалары:

И.Б.Паульсонның «Книга для чтения и практических упражнений в русском языке», К.Д.Ушинский «Родное слово», Л.Н. Толстой, Крылов.

4. Қазақ ауыз әдебиеті «Лұқман хакім», «Жиренше шешен», Таза бұлақ», «Қар батыр», «Тазша бала», «Алтын айдар», «Қобыланды батыр»

Ыбырайдың өлеңдерін оқып, мазмұнын талдау.

«Жаз», «Өзен» -табиғат туралы

«Азған елдің билері, хандары,байлары», «Залым төреге»- ел ішіндегі теңсіздік, келеңсіздіктерді жырлайды.

«Әй, достары» атты өлеңінде қолдан келсе жас жеткіншектерге қолдан келсе жақсылық жаса, кең пейілді бол, өз еңбегіңмен күн көрге шақырады.

«Араз бол кедей болсаң ұрлықпенен» өлеңінде адал еңбекті, шындықты жырлайды

Ыбырай өлеңдеріне байланысты кестелер толтыру



Ыбырай сөзі

Қандай қасиеттерді айқындайды?

Оқысаңыз балалар,

Шамнан шырақ жағылар

Тілегенің алдыңнан,

Іздемей-ақ табылар.


Өнер-білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден,

Жылдам хабар алғызды.


Ақылсыз жанды досым деп,

Басыңды қосып, сыр айтпа.

Күндердің күні болғанда,

Ол жаман айғақ болар басыңа.


Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,

Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.

Түн ұйқысын төрт бөліп,кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз жүре-тұғын.




Ы.Алтынсаринге қатысты сөздерді талдау.

1. «Ыбырай Алтынсарин –қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол өзінің қараңғы, көшпелі халқының ішіне еуропалық мәдениеттің жарық сәулесін таратты»

«Оренбурский листок» газетінен



2. «Қазақ халқы қарапайым, өнері жоқ халық, бірақ біз қарапайымдылықтың өзінен де көп жақсылық табамыз» Ы.Алтынсарин.

3. «Халық мектептері үшін ең керектісі –оқытушы. Тамаша педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, инспектор бақылауы даоқытушыға тең келе алмайды.» Ы.Алтынсарин

4. Қазақтарға-осы дарынды, ақыл-есі мол халыққакешікпей рухани және қоғамдық даму жолына түсетін дұрыс бағыт беру қалай дегенмен де қажет болып отыр» Ы.Алтынсариннің (губернаторға жолдаған баяндамасынан)



Үйге: Ы.Алтынсарин шығармашылығын оқу, талдау, Өлеңін жаттау.

























Автор
Дата добавления 24.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Презентации
Просмотров130
Номер материала ДВ-552529
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх