Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалыЖОБА ТАҚЫРЫБЫ 1 СЫНЫПТА АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫНЫҢ ТІЛ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚҰЗЫРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ КЕЗІНДЕ СУРЕТ ПЕН ФОТОСУРЕТТЕРДІ СИПАТТАУ ӘДІСІН ПАЙДАЛАНУ

ЖОБА ТАҚЫРЫБЫ 1 СЫНЫПТА АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫНЫҢ ТІЛ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚҰЗЫРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ КЕЗІНДЕ СУРЕТ ПЕН ФОТОСУРЕТТЕРДІ СИПАТТАУ ӘДІСІН ПАЙДАЛАНУ

Скачать материал

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

"Өрлеу БАҰО" АҚ филиалы

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты

 

 

 

 

 

 

 

 

Ағылшын тілі мұғалімдерінің біліктілігін көтеру курсы

«Содержание и методика раннего обучения английскому языку дошкольников и младших школьников»

 

 

 

ЖОБА ТАҚЫРЫБЫ

 

1 сыныпта ағылшын тілі сабақтарында оқушының тіл мәдениетінің

құзырлығын қалыптастыру кезінде

сурет пен фотосуреттерді  сипаттау

әдісін пайдалану

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Алькеева А.Т..

Әлжан ОМ

Айыртау ауданы

 

 

 

 

 

 Петропавл қаласы , 2015 жыл

Тақырыбы: 1 сыныпта ағылшын тілі сабақтарында оқушының тіл мәдениетінің            

                     құзырлығын қалыптастыру кезінде   сурет пен фотосуреттерді  сипаттау

                      әдісін пайдалану

 

Мазмұны:

 

І .Кіріспе

 

ІІ. 1 сынып оқушыларының сөздік қорын дамыту және тіл мәдениетін қалыптастырудың жолдары.

          1.1. Сөз, сөйлеу және сөздік қор  ұғымдарына сипаттама.

  1.2.Тіл мәдениетін қалыптастыруда сурет пен фотосуреттерді сипаттаудың  

        маңыздылығы.

           1.3.Оқушылардың тіл мәдениетін қалыптастыру мақсатын шешу  жолдары.

 

ІІІ. Тәжірибелік бөлім

        1.1. Ағылшын тілі пәнінде оқушының  тіл мәдениетін дамытуға суреттерді сипаттау 

               түрін пайдалану.

 

 

Қорытынды

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І .Кіріспе

 

Зерттеу мақсаты:1 сыныпта ағылшын тілін  оқыту барысында сурет пен фотосуреттерді  сипаттау  әдісін оқушылардың тіл мәдениеті құзырлығын  дамыту жолдарын анықтау.

 

Зерттеу міндеттері:

·         1 сынып оқушыларының сөз,сөйлеу, сөздік қорын, қалыптастырудағы теориялық білімдерге тоқталу.

·         Ағылышын тілі сабағында оқушылардың  тіл мәдениеті құзырлығын    дамытуды қалыптастырудың тиімді жолдарын  қарастыру.

·         Сурет пен фотосуреттерді сипаттау  арқылы  жасалатын  жаттығу жұмыстарын қарастыру.

Зерттеу нысаны :1 сыныптағы ағылшын тілін оқыту барысы

 

Зерттеу пәні:  ағылшын тілі

 

Зерттеу әдісі:  жинақтау, талдау,зерттеу,тәжірибе

 

Зерттеудің өзектілігі:

 

Қазіргі таңда көп тілді білу – заман талабы, өркениетке жол ашатын құрал. Н.Ә.Назарбаев  «Жаңа әлемдегі – жаңа  Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары  білімді ел ретінде  танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» [1, 6 б.], – деген болатын. Қазақстан Республикасында күрделі телекоммуникациялық желілері бар постиндустриалдық ақпараттық қоғам құруға өту процестерімен байланысты тілдік қатынастар  өзектілігі үлкен маңыздылыққа ие болуда. Әр түрлі халықтар арасындағы саяси, мәдени және әлеуметтік-экономикалық өзара әрекеттің артуымен тілдің де коммуникативтік ролі күшейе түсуде.

Оқушының ой - өрісінің, сана – сезімінің жан – жақты дамуы бастауыш сыныптан басталады. Бастауыш сыныпта оқушылардың тіл орамдылығын арттырып, өмірге көзқарасын қалыптастырса, ой өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байытады. Балаларды жақсыға үйретіп, жаманнан жиренуге тәрбиелейді. Біздің жарқын болшағымыз - өскелең жас ұрпақтың біліктілігімен байланысты.  Сол себепті елімізде ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап енгізілуі  жақсы нәтижеге жеткізеді.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат – саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш тек білімге ғана тіреледі.

Оқушының ой - өрісінің, сана – сезімінің жан – жақты дамуы бастауыш сыныптан басталады. Бастауыш сыныпта оқушылардың тіл орамдылығын арттырып, өмірге көзқарасын қалыптастырса, ой өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байытады. Балаларды жақсыға үйретіп, жаманнан жиренуге тәрбиелейді. Біздің жарқын болшағымыз - өскелең жас ұрпақтың біліктілігімен байланысты.

     Сондықтан, қазіргі кезеңде мектептің негізгі жұмысы  баланың бастауыш сыныпта  ағылшын тілінде еркін сөйлеуге , өз ойын еркін жеткізуге , сөздік қорын байытуға тиімді  әдіс-тәсілдерді қарастыру.  Әрбір сабақта оқушы белсенділігін арттырып, өзіндік ой-пікірін дамытып, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру – бүгінгі өмір талабы.

 

 

 

 

Зерттеудің нәтижесі:

1.      Көрнекіліктер арқылы оқушылардың тіл мәдениетінің құзырлылығы артады;

 

2.      Берілген тапсырмаларға жауапкершілікпен қарайды;

 

3.      Шығармашылық ізденушілік іскерліктері дамиды

 

4.      Суреттер мен фотосуреттерді сипаттау арқылы тіл байлығы , сөздік қоры дамиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ Негізгі бөлім

1 сынып оқушыларының сөздік қорын дамыту және тіл мәдениетін қалыптастырудың жолдары.

 

1.1.Сөз,сөйлеу және сөздік қор  ұғымдарына сипаттама.

 

Біздің ана тіліміз, қасиетті қазақ тілі өзінің мемлекеттік мәртебесін абыроймен атқарып, міндет жүгін қиналмай көтере алатын аса бай, оралымды да сұлу тіл.

Бүкіл оқыту барысында оқушының тілін дамытып, сөз байлығын арттыру-ең маңызды жұмыстардың бірі.Бұл әрине бастауыш сыныптан бастап оқушылармен үзбей жүргізілетін жұмыстар нәтижесінде ғана іске асады.

Бала тілінің дамып қалыптасуы жоғарғы жүйке жүйесінің жетілуімен тығыз байланысты. Баланың айналасындағы өмірді танып, білудегі басты жәрдемшісі-тіл. Ал тілдің дамуы оның сана сезімінің, ой өрісінің басқа да психологиялық үрдістің жетіле түсуіне негіз болады.

 «Сөз» деген ұғым мектеп жасына дейінгі балаларға үйретіле бастайды. Бала – бақшаларда аталмыш тақырыпта балаларға кез келген заттарды көрсету арқылы үйретіледі. Мысалы, мынау – орындық, анау – парта, бұл – кітап, ол – қалам тағы бақа. Осындай мысалдар келтіріп, әрбір заттың, құбылыстың аты «сөз» деп аталатындығы түсіндіріледі. Мұндағы көздеген мақсаты - әрбір сөздің жеке-жеке ұғымды білдіру, түсіндіру, әрбір заттар мен құбылыстардың атауы «сөз» деп есептелетіндігін ұғындыру.Мағына болмаған жерде сөз де өмір сүре алмайды. Сөз бір тектес зат пен құбылыстардың жеке атауын білдірумен бірге, олардың жалпылауыш атын да танытады.Ендеше  Сөз – тіл білімінің барлық саласының негізгі зерттеу объектісінің бірі болып табылады.

Сөйлеу дегеніміз тілдің көмегімен қарым-қатынас жасау процесі. Сөйлеу адамзатқа тән құбылыс болғанымен, ол даралық қасиетке ие. Сөйлеу адам ойлауының негізгі және жеке тұлғаның ойлау әрекетін сыртқа шығару құралы болып туады. Сөйлеу процесі іс жүзіне асу үшін сөйлеуші мен тыңдаушы жақ қатысуы тиіс. Сөйлеуші өз пікірін сөздерді грамматикалық байланысқа түсіре отырып, тыңдаушыға жеткізеді.

Тыңдаушы сөйлеушінің айтқан ойын қабылдайды, нәтижеде өз әрекетін ұйымдастырады. Пікір алысу үшін қарым-қатынасқа түсушілер арасында ортақ объект болуы тиіс. Екі жаққа бірдей қажеттерін өтейтін құрал – қалыптасқан тіл мен сөйлеу ережелері.Сөйлеуге байланысты мынадай талаптар қойылады:

·  мазмұнды сөйлеу;

·  дәл сөйлеу:

·  жүйелі сөйлеу;

·  мәнерлі сөйлеу

Сөздік қор дегеніміз-тілдің құрамының ішіндегі ең тұрақты, талай ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан, жалпы күделікті өмірде кеңінен қолданылатын халыққа ортақ сөздер жиынтығы.

Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын байытуда сөздерді үйретудегі ұстанымдары.

·  үйретілетін сөздің жеңілділігі;

·  бастауыш сынып оқушыларының ұғымына сөз мағынасының сай келуі;

·  сөздерді оқытылатын тақырыптармен байланысты таңдап алу;

·  сөздердің мағыналық ерекшеліктерін ескерту;

 

 

 

 


 

1.2. Тіл мәдениетін қалыптастыруда сурет пен фотосуреттерді сипаттаудың  

        маңыздылығы.

 

Қазақ тілі сабағындағы сөздік қорды дамыту жұмыстары мынадай әдіс – тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ол – сұрақ- жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, түсінігін айтқызу, көрнекілік, аударма, кітап пен жұмыс, мәтінмен жұмыс әдістері .Әр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер , кестелер, видео касеталар, тақырыптар бойынша электронды оқулықтар мен сабақты көркемдеп отырса, оқушылардың сөздік қоры біршама толығады деп сенімдімін.

Заман өзгерген сайын әдіс – тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып отыр. Әр түрлі жаңа технологияларды өз тәжірибемізде қолданып жүрміз. Жаңа технологияны, әдіс - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын көтерді. Сөздік қордың бай болу манызды мәселе

Ағылшын  тілі сабағындағы тіл мәдениетін  қалыптастыру жұмыстары мынадай әдіс – тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ол – фотосуреттер мен  суреттерді сипаттау , көрнекілік  қолдану әдістері .Әр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер  арқылы көркемдеп отырса, оқушылардың сөздік қоры біршама толығатынына  сенімдімін. Заман өзгерген сайын әдіс – тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып отыр. Әр түрлі жаңа технологияларды өз тәжірибемізде қолданып жүрміз.

Осыған орай бастауыш сыныптарда ағылшын  тілінің әрбір сабағын көрнекі құралды пайдалана отырып өткізген жөн. Олардың түрі, көлемі, аз-көпті сабақ тақырыптарына қарай бөлінеді. Кейде оқулықтың өзіндегі материалды үлкейтіп пайдалануға да болады. Көрнекі құралдармен өткен сабақтың тиімділігі:

а) материалдарды түсіндіруде мұғалім көп қиналмайды;

ә) оқушылар жаңа сабақты, материалды оңай қабылдап, тез меңгереді;

б) сабақты түсіндіру арқылы оқушылардың ынтасы артады;

в) тіл ұстарту жұмысы еркін жүргізіледі;

г) сыныпта басы артық шу, әңгіме болмайды;

ғ) сурет арқылы екі-үш сөзден сөйлем құрай алады;

д) сурет арқылы жаңа сөздің мағынасын түсіндіруге болады;

е) оқиғаға құрылған сурет бойынша оқушыға заттың атын, түсін жаттатқыза отырып, қимылына көрген-байқағандарына байланысты сөйлем құрғызып, әңгіме айтқызуға болады;

ж) мәтін мазмұнына байланысты берілген суреттер мәтінде баяндалған оқиғаны көзге елестету арқылы оның мазмұнын түсіндіруге мүмкіндік жасайды.

Мәтінмен байланысты жүргізілетін тіл ұстарту жұмыстарында қолданылатын көрнекі құралдар:

1. Мәтіннің тақырыбына байланысты түрлі суреттер;

2. Мәтінге байланысты сөздік-плакат;

Көрнекілікті оқыту барысында шығармашылықпен қолданудың тиімділігі:

Көрнекілік әдіс – Сабақ сайын жүргізілетін әдіс. Басқа тілді үйретуде ең нәтижелі және жиі қолданылады. 1- 2 сыныптарда түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды яғни эсттетикалық жағынан жақсы , ірі. екі немесе үш түстен болуы керек .

Мысалы : «Clothes» тақырыбын өткен кезде киімдердің суретін көрсету арқылы  жүзеге асып отырады. Әр түрлі тірек кестелер және таблицалармен сөздерді , сөз тіркестерін үйретуге болады.

“Fruits”  тақырыбында алма сөзін алманы көрсету арқылы ұғындырамыз. Бұл әдіс – Жеміс- жидектер, Оқу құралдары, Ойыншықтар, Тағамдар , тақырыптарында жүзеге асады.

Көрнекі құралдың бәрін бір сабақта үйіп-төгіп қолдану керек деген ұғым тумауы тиіс. Мұғалім оларды сабақтың тақырыбына, сыныптың дайындығына, уақыттың материалды көрнекі құралға айналдыруға болмайды.

Мәтінге байланысты сөздерді, сөйлемдерді оқулықтан, ал түрлі суреттер және мысалдарды қосымша материал ретінде басқа еңбектерден алынған жөн.. . Сурет бойынша мәтін құрастыру балалардың ойын, тілін дамытумен бірге, оқушыларды суреттің мазмұнын түсінуге үйретеді.

Бастауыш сыныптарда сурет бойынша жүргізілетін әңгіменің мынандай түрлерін де қолдануға болады:

1) орны ауыстырылып берілген суреттерді мәтін бойынша түзету;

2) орны ауыстырылып берілген суреттерді де, мәтінді де оқиғаның болу ретіне қарай түзету. Мұндай жұмыс үшін бір сюжетке салынған бірнеше сурет алынады.

Сөздік жұмысы да, көрнекілікпен жұмыстары да оқушыларды байланыстырып сөйлеуге даярлайды. Дидактикалық материалдарды тақырыптардың жүйесі бойынша тапсырмаларға бөліп беру ұтымды. Ағылшын тілін меңгеруде қиындығы бар  оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу тілін дамытуда көрнекілік пен ойын әдісін, сөйлеу үлгілерін қолдануға болады. Оқушылардың сөздік қорын дара суреттер не заттың нақтылы өзін көрсету, ойындар ойнату және өзара сөйлестіру жолдарымен байытып, сөздің дыбысталу жағын дұрыс айтуды, грамматикалық тәсілдерді, логикалық жаттығуларды орындату арқылы өткізу керек.

Көрнекілік әдістер оқу материалын оқушылардың көзімен көріп, нақтылы түсінулеріне мүмкіңдік береді. Бұған демонстрация, иллюстрация  тәсілдері жатады. Тәжірибелік әдістердің ішінде ең көп қолданылатыны — жаттығу әдісі.

                                                        

1.3. Оқушылардың тіл мәдениетін қалыптастыру мақсатын шешу  жолдары.

 

Тіл мәдениетін қалыптастыру үшін суреттер мен фотосуреттерді сипаттағанда  негізгі кейіпкерлерге сипаттама беру, тақырыбын,идеясын талқылау   барысында өз ойын ағылшын  тілде еркін жеткізе білуге дағдыландыру басты мақсат болып табылады.

Ағылшын тілін оқытудағы оқушының  суреттерді сипаттауда өз сөзін жоспарлай білу икемділігін, сурет  мазмұны мен ағылшын тілін үйрету құралдарын ұштастыра отырып, тіл мәдениетін  құзырлылығын дамыта  алуын талап етеді.

Сурет бойынша оқушы меңгергені  бойынша талқылауға қатысып,  суретті мәтін бойынша түсінгенін еркін жеткізе білуге дағдыланады. Қойылған сұрақтарға тез және нақты жауап беру және сурет бойынша әңгіме құрастыру, әр түрлі жағдаяттарға баланысты сұрақ қоя білу мен қарапайым  сөйлемдер құрастырып айту жұмыстары басты рөл атқарады.

Берілген суреттерді тақырыпқа сай топтастырып , коллаж жасап , өз жұмыстарын ағылшын тілінде қорғау.Бұл тапсырманың  мақсаты- оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту болып табылады.


 

ІІІ. Тәжірибелік бөлім

 

1.1. Ағылшын тілі пәнінде оқушының  тіл мәдениетін дамытуға суреттерді сипаттау түрін пайдалану.

 

Мектепте  тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып , тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.

Ағылшын тіліне үйреткенде балалардың жас ерекшелігін ескеру әдіс-тәсілдерді таңдаумен сай келеді, сабақ өткізгенде бірінші орынға ойын және ойын түрлері қойылады.Тіл үйренуде ең басты міндет – балалардың сөйлеу тілін жетілдіру.

Сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану    тіл мәдениетін қалыптастыруға  бағытталған әдістердің бірі болып табылады. Сол әдістердің бірі:

1.    Белгілі бір ситуацияны жасайтын сурет немесе ситуацияны дамыта, күшейте түсетін суреттер тізімін қарап, соның көмегімен сөйлеу;

2.    Көрнекілік әдісі – сабақ сайын жүргізілетін  әдіс. Басқа тілді үйретуде ең нәтижелі және жиі қолданылады. Балаларға түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды  яғни эстетикалық жағынан жақсы , әртүрлі түстен болуы керек .
Ы. Алтынсарин  «Натуральды әдіс» туралы былай деген: «Балаға айтып түсіндіргеннен гөрі, қолымен ұстап, көзімен көріп, мұрнымен иіскеп түсіндірген сабақ ұғымды» деген.

3.     Тіл үйретуде ең басты міндет - балалардың сөйлеу тілін жетілдіру. Суреттер арқылы, коллаж жасағанда , тақырып немесе мәтін бойынша сурет салған кезде балалар бір - бірімен сөйлесуді,сұрақ қоюды үйренеді. Диалогтың және монологтың жеке тұлға үшін атқаратын қызметтері бір  арнаға тоғысып жатады..Күнделікті бала өмірінде жиі қолданыста жүрген сөздерді пайдалана отырып сөйлесу тілді тез меңгеруге мүмкіндік береді. Диалог пен монологтарды  сурет бойынша, техникалық құралдар  және ойын элементтері арқылы құрастыруға болады.

Ағылшын  тілі пәнінде  тілін  дамыту, баланың сөздік қорын байыту жұмыстарын жүргізу барысында мынадай  жаттығу жұмыстарын жүргізуге болады.

 

“About myself”  тақырыбын қайталау үшін, оқушылар сөздерді қаншалықты меңгергенін анықтау үшін төмендегідей суреттерді қолданамын. Яғни балаларға оларды таратып беремін,олар толтырады. Нәтижесінде оқушылардың сөздерді қаншалықты деңгейде жаттағанын анықтаймын, сол жаттаған сөзді қаншалықты дұрыс жазғанын, әрі қаншалықты дұрыс дыбыстайтынын анықтаймын.Әрі қысқы болса да сөйлемдер айта алады. Мысалы:My favourite  colour is green. The colour of eyes are black.

http://inyaz-school.ru/wp-content/uploads/2013/06/Интересные-задания-по-английскому-для-детей-All-about-me-book-1.jpg

Сурет бойынша ағылшын тілінде атауын тап. Яғни мен сөздердің аудармасын тексеру үшін бір жерге суреттерді араластырып қоямын, ал екінші жерге сөздерді араластырып қоямын.Балалар бірінші кез-келген суретті алады, содан кейін суреттің аудармасын араластырып жатқан сөздердің арасынан тауып алады.

 

 

a crocodile

 

             an   elephant

 

a cat                 a dog

 
  http://lillu.ru/published/publicdata/SWAN51WA/attachments/SC/products_pictures/0218313e1_enl.jpg     http://www.rebenokdogoda.ru/wp-content/uploads/2012/08/0_18a19_16bcd183_XL.jpg     

http://ideyaidengi.ru/wp-content/img/15.jpghttp://molodayamama.ru/uploads/posts/2008-06/1214200420_toy07_93140_78big.jpg           

 

             

  Сөздердің аудармасын тап

Тағы бір суретті сипаттау тәсілдің бір түрі. Жаңа сөздермен  балалар танысады, сабақ барысында   қолданып жаттығулар жасайды, ал бектіу кезінде қаншалықты есте қалғандарын мен былай анықтаймын. Сол күнгі жаңа сөздерге қатысты суреттерді тақтаның алдына қатарлап тізіп қоямын, балаларды тақтаға шақырамында, «Кім маған cat-ты көрсетеді»? Олар түсінгенін көрсетеді. Мен әрбірінің жауабының дұрыстығын айтып отырамын. Немесе керісінше оларды сөйлетемін, ол үшін тақтаның алдында тізіліп тұрған суреттің біреуін көрсетіп бұл не? Мен ұмытып тұрмын , айтып жіберіңдерші деймін. Ал олар есте қалғандарын айтады.Есте қалмаса бірнеше рет қайталап, есте қалатындай мүмкіндік жасаймын.  

Дидактикалық ойындар - оқушының ынтасын сабаққа  аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі, сабаққа эмоциялық бояу береді.Ойын – күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы. Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады.  

 Ұсынылатын ойын түрлері:
- «Суреттің жалғасын тап.»
-  «Адасқан суреттерді орнына қою»
- « Ребусты шешу »

-«Суретті сөзжұмбақ»

-«Суретті боя»

-« Сандарды қос»

http://inyaz-school.ru/wp-content/uploads/2012/12/Английский-для-детей-в-картинках-по-теме-Новый-год-и-Рождество-1.jpg

 

                      Ребусты шеш

http://scanword.net/pic_030.gif

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Суретті боя және сипатта

Бұл әдіс арқылы балалар суретті бояйды, содан кейін қорғайды. Ол дегеніміз бірінші қандай түспен бояғанын айтады.Нені бояғанын айтады.Нені ұстап тұрғанын айтады. Нәтижесінде түстерді еске түсіреді, сабаққа ынтасы артады, сергіп қалады.

Раскраска для детей 5-6 лет

 

 

Бұндай  суретті «Seasons»  тақырыбын өткенде мәтін құрауға немесе сурет бойынша сұрақтар қойып диалог құрастыруға өте тиімді.

 

http://img1.liveinternet.ru/images/attach/c/8/105/90/105090795_Kids__1_.jpg

Осындай суретпен  жүргізілген жұмыстар оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға зор үлесін тигізеді.

Таңдап  алынған  ойындар  ,суреттер   оқушылардың сөз байлығын, тіл қорына   сай  болу  керек.Мұғалім кез- келген ойынды, сурет, фотоларды пайдалану  үшін  алдын-ала  жоспар құрып  алуы  керек. Тиімді пайдаланған әдіс-тәсіл түрлері мұғалімнің  түсіндіріп  отырған  материалын оқушылардың зор ынтамен  тыңдап  берік  меңгеруіне  көмектеседі.                Өйткені  төменгі  сыныптағы  оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап  отырады. Қызықты  ойын түрінен кейін  олар тез  серігіп тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын    болады. Ойындар, суреттер мен фотоларды қолдану бастауыш сыныптарда жиі  қолданылады.

 


 

Қорытынды

Өмірдің бүгінгі таңдағы талабы ағылшын тілін жас ұрпаққа үйретудің тиімді әдістемесі жасалуын қажет етіп отырғаны белгілі

Қорыта айтқанда сөздік қор тілдесудің қай түрінде болмасын сөз алмасу барысында өте маңызды жәрдемші. Ауызша сөйлеуге үйретуде әр түрлі технологияларды пайдаланған тиімді.

Мысалы, қазіргі білім беру үрдісінде еніп жатқан инновациялық технологияларды басшылыққа ала отырып, практика жүзінде тіл мәдениетінің құзырлығын қалыптастыру басты міндет. Яғни, біз сабақта сурет, фото арқылы  білім алушыларға тапсырмаларды  қиындықсыз орындауға үйретеміз.

Балалар суретті сипаттап сөйлеу арқылы өз ойындағысын жеткізеді. Дегенмен, әр ұстаз қандай технологияны таңдағанына қарамастан ең алдымен өзі сол технологияны жете түсініп, меңгеруі тиіс.

Оқушыларды ағылшын тілінде сауатты сөйлеуге, жазуға, оқуға үйрету үшін әрбір мұғалім өз бетінше ізденеді. Осыған байланысты кейбір әдістемелік кеңестерді ұсынуға болады. Мысалы:

1.    Оқушы мұғалімнің  сурет бойынша қандай тапсырманы сұрап тұрғандығын білу керек. Әр сабақ соңында мұғалім оқушылармен осы сабақта нені үйрену керектігін талқылап отырғаны дұрыс.

2.    Оқушы жауап беріп тұрғанда оның қатесін бірден жөндеп, оны сөзін бөлудің қажеті жоқ. Қатені жөндеудің ең дұрыс тәсілі жауаптарды бағалау кезінде түсіндіру.

Оқушылар сабақты толық меңгеру үшін төмендегі тапсырмаларды ұйымдастыруы қажет:

1.    Үйге берілген тапсырманы үнемі орындау;

2.    Көрнекілік, техникалық құралдарды қолдана білу;

3.    Сөйлеу әрекеттеріне арналған өзіндік жұмыстарға көңіл бөлу(суреттер,фотолар,сурет салу);

4.    Белсенді талдау кезінде топтасып шулауды тоқтатпау;

 Қазіргі таңда біздің алға қойған мақсатымыз  егеменді еліміздің болашағы үшін, тәуелсіздігіміздің баянды болуына, қазақ халқын, яғни мемлекетіміздің дамушы мемлекеттер қатарына қосу үшін аянбай еңбек ету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

1.      Қазақстан мемлекеті №3 2007ж

 

2.      Т.В.Рогова, Т.Е.Сахарова «Методика обучения инастранного языка в средней школе»

Москва  1998г 

 

3.      Шетел тілін оқыту әдістемесі №2 2003ж

  1.  Шетел тілін оқыту әдістемесі №5 2007ж

 

  1. Шетел тілін оқыту әдістемесі №3/17 2007ж

 

  1. Мектептегі шет тілі №3 2006ж

 

  1.  «Ізденіс» журналы №1 2005ж

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ЖОБА ТАҚЫРЫБЫ 1 СЫНЫПТА АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫНЫҢ ТІЛ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚҰЗЫРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ КЕЗІНДЕ СУРЕТ ПЕН ФОТОСУРЕТТЕРДІ СИПАТТАУ ӘДІСІН ПАЙДАЛАНУ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист контроля качества

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

"Өрлеу БАҰО" АҚ филиалы

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты

 

 

 

 

 

 

 

 

Ағылшын тілі мұғалімдерінің біліктілігін көтеру курсы

«Содержание и методика раннего обучения английскому языку дошкольников и младших школьников»

 

 

 

ЖОБА ТАҚЫРЫБЫ

 

1 сыныпта ағылшын тілі сабақтарында оқушының тіл мәдениетінің

құзырлығын қалыптастыру кезінде

сурет пен фотосуреттерді  сипаттау

әдісін пайдалану

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Алькеева А.Т..

Әлжан ОМ

Айыртау ауданы

 

 

 

 

 

Петропавл қаласы , 2015 жыл

Тақырыбы:1 сыныпта ағылшын тілі сабақтарында оқушының тіл мәдениетінің

құзырлығын қалыптастыру кезінде сурет пен фотосуреттерді  сипаттау

                      әдісін пайдалану

 

Мазмұны:

 

І .Кіріспе

 

ІІ. 1 сынып оқушыларының сөздік қорын дамыту және тіл мәдениетін қалыптастырудың жолдары.

          1.1. Сөз, сөйлеу және сөздік қор  ұғымдарына сипаттама.

  1.2.Тіл мәдениетін қалыптастыруда сурет пен фотосуреттерді сипаттаудың  

        маңыздылығы.

           1.3.Оқушылардың тіл мәдениетін қалыптастыру мақсатын шешу  жолдары.

 

ІІІ. Тәжірибелік бөлім

        1.1.Ағылшынтілі пәнінде оқушының  тіл мәдениетін дамытуға суреттерді сипаттау 

               түрінпайдалану.

 

 

Қорытынды

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І .Кіріспе

 

Зерттеу мақсаты:1 сыныпта ағылшын тілін  оқыту барысында сурет пен фотосуреттерді  сипаттау  әдісін оқушылардың тіл мәдениеті құзырлығын  дамыту жолдарын анықтау.

 

Зерттеу міндеттері:

·       1 сынып оқушыларының сөз,сөйлеу, сөздік қорын, қалыптастырудағы теориялық білімдерге тоқталу.

·       Ағылышын тілі сабағында оқушылардың  тіл мәдениеті құзырлығын    дамытуды қалыптастырудың тиімді жолдарын  қарастыру.

·       Сурет пен фотосуреттерді сипаттау  арқылы  жасалатын  жаттығу жұмыстарын қарастыру.

Зерттеу нысаны :1 сыныптағы ағылшын тілін оқыту барысы

 

Зерттеу пәні:  ағылшын тілі

 

Зерттеу әдісі:жинақтау, талдау,зерттеу,тәжірибе

 

Зерттеудің өзектілігі:

 

Қазіргі таңда көп тілді білу – заман талабы, өркениетке жол ашатын құрал. Н.Ә.Назарбаев  «Жаңа әлемдегі – жаңа  Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары  білімді ел ретінде  танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі»[1, 6 б.], – деген болатын. Қазақстан Республикасында күрделі телекоммуникациялық желілері бар постиндустриалдық ақпараттық қоғам құруға өту процестерімен байланысты тілдік қатынастар  өзектілігі үлкен маңыздылыққа ие болуда. Әр түрлі халықтар арасындағы саяси, мәдени және әлеуметтік-экономикалық өзара әрекеттің артуымен тілдің де коммуникативтік ролі күшейе түсуде.

Оқушының ой - өрісінің, сана – сезімінің жан – жақты дамуы бастауыш сыныптан басталады. Бастауыш сыныпта оқушылардың тіл орамдылығын арттырып, өмірге көзқарасын қалыптастырса, ой өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байытады. Балаларды жақсыға үйретіп, жаманнан жиренуге тәрбиелейді. Біздің жарқын болшағымыз - өскелең жас ұрпақтың біліктілігімен байланысты.  Сол себепті елімізде ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап енгізілуі  жақсы нәтижеге жеткізеді.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат – саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш тек білімге ғана тіреледі.

Оқушының ой - өрісінің, сана – сезімінің жан – жақты дамуы бастауыш сыныптан басталады. Бастауыш сыныпта оқушылардың тіл орамдылығын арттырып, өмірге көзқарасын қалыптастырса, ой өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байытады. Балаларды жақсыға үйретіп, жаманнан жиренуге тәрбиелейді. Біздің жарқын болшағымыз - өскелең жас ұрпақтың біліктілігімен байланысты.

     Сондықтан, қазіргі кезеңде мектептің негізгі жұмысы  баланың бастауыш сыныпта ағылшын тілінде еркін сөйлеуге , өз ойын еркін жеткізуге , сөздік қорын байытуға тиімді  әдіс-тәсілдерді қарастыру.Әрбір сабақта оқушы белсенділігін арттырып, өзіндік ой-пікірін дамытып, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру – бүгінгі өмір талабы.

 

 

 

 

Зерттеудің нәтижесі:

1.     Көрнекіліктер арқылы оқушылардың тіл мәдениетінің құзырлылығы артады;

 

2.     Берілген тапсырмаларға жауапкершілікпен қарайды;

 

3.     Шығармашылық ізденушілік іскерліктері дамиды

 

4.     Суреттер мен фотосуреттерді сипаттау арқылы тіл байлығы , сөздік қоры дамиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ Негізгі бөлім

1 сынып оқушыларының сөздік қорын дамыту және тіл мәдениетін қалыптастырудың жолдары.

 

1.1.Сөз,сөйлеу және сөздік қор  ұғымдарына сипаттама.

 

Біздің ана тіліміз, қасиетті қазақ тілі өзінің мемлекеттік мәртебесін абыроймен атқарып, міндет жүгін қиналмай көтере алатын аса бай, оралымды да сұлу тіл.

Бүкіл оқыту барысында оқушының тілін дамытып, сөз байлығын арттыру-ең маңызды жұмыстардың бірі.Бұл әрине бастауыш сыныптан бастап оқушылармен үзбей жүргізілетін жұмыстар нәтижесінде ғана іске асады.

Бала тілінің дамып қалыптасуы жоғарғы жүйке жүйесінің жетілуімен тығыз байланысты. Баланың айналасындағы өмірді танып, білудегі басты жәрдемшісі-тіл. Ал тілдің дамуы оның сана сезімінің, ой өрісінің басқа да психологиялық үрдістің жетіле түсуіне негіз болады.

 «Сөз» деген ұғым мектеп жасына дейінгі балаларға үйретіле бастайды. Бала – бақшаларда аталмыш тақырыпта балаларға кез келген заттарды көрсету арқылы үйретіледі. Мысалы, мынау – орындық, анау – парта, бұл – кітап, ол – қалам тағы бақа. Осындай мысалдар келтіріп, әрбір заттың, құбылыстың аты «сөз» деп аталатындығы түсіндіріледі. Мұндағы көздеген мақсаты - әрбір сөздің жеке-жеке ұғымды білдіру, түсіндіру, әрбір заттар мен құбылыстардың атауы «сөз» деп есептелетіндігін ұғындыру.Мағына болмаған жерде сөз де өмір сүре алмайды. Сөз бір тектес зат пен құбылыстардың жеке атауын білдірумен бірге, олардың жалпылауыш атын да танытады.Ендеше  Сөз – тіл білімінің барлық саласының негізгі зерттеу объектісінің бірі болып табылады.

Сөйлеу дегеніміз тілдің көмегімен қарым-қатынас жасау процесі. Сөйлеу адамзатқа тән құбылыс болғанымен, ол даралық қасиетке ие. Сөйлеу адам ойлауының негізгі және жеке тұлғаның ойлау әрекетін сыртқа шығару құралы болып туады. Сөйлеу процесі іс жүзіне асу үшін сөйлеуші мен тыңдаушы жақ қатысуы тиіс. Сөйлеуші өз пікірін сөздерді грамматикалық байланысқа түсіре отырып, тыңдаушыға жеткізеді.

Тыңдаушы сөйлеушінің айтқан ойын қабылдайды, нәтижеде өз әрекетін ұйымдастырады. Пікір алысу үшін қарым-қатынасқа түсушілер арасында ортақ объект болуы тиіс. Екі жаққа бірдей қажеттерін өтейтін құрал – қалыптасқан тіл мен сөйлеу ережелері.Сөйлеуге байланысты мынадай талаптар қойылады:

·  мазмұнды сөйлеу;

·  дәл сөйлеу:

·  жүйелі сөйлеу;

·  мәнерлі сөйлеу

Сөздік қор дегеніміз-тілдің құрамының ішіндегі ең тұрақты, талай ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан, жалпы күделікті өмірде кеңінен қолданылатын халыққа ортақ сөздер жиынтығы.

Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын байытуда сөздерді үйретудегі ұстанымдары.

·  үйретілетін сөздің жеңілділігі;

·  бастауыш сынып оқушыларының ұғымына сөз мағынасының сай келуі;

·  сөздерді оқытылатын тақырыптармен байланысты таңдап алу;

·  сөздердің мағыналық ерекшеліктерін ескерту;

 

 

 

 


 

1.2.Тіл мәдениетін қалыптастыруда сурет пен фотосуреттерді сипаттаудың  

        маңыздылығы.

 

Қазақ тілі сабағындағы сөздік қорды дамыту жұмыстары мынадай әдіс – тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ол – сұрақ- жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, түсінігін айтқызу, көрнекілік, аударма, кітап пен жұмыс, мәтінмен жұмыс әдістері .Әр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер , кестелер, видео касеталар, тақырыптар бойынша электронды оқулықтар мен сабақты көркемдеп отырса, оқушылардың сөздік қоры біршама толығады деп сенімдімін.

Заман өзгерген сайын әдіс – тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып отыр. Әр түрлі жаңа технологияларды өз тәжірибемізде қолданып жүрміз. Жаңа технологияны, әдіс - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын көтерді. Сөздік қордың бай болу манызды мәселе

Ағылшын  тілі сабағындағы тіл мәдениетін  қалыптастыру жұмыстары мынадай әдіс – тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ол – фотосуреттер мен  суреттерді сипаттау , көрнекілік  қолдану әдістері .Әр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер  арқылы көркемдеп отырса, оқушылардың сөздік қоры біршама толығатынына  сенімдімін. Заман өзгерген сайын әдіс – тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып отыр. Әр түрлі жаңа технологияларды өз тәжірибемізде қолданып жүрміз.

Осыған орай бастауыш сыныптарда ағылшын  тілінің әрбір сабағын көрнекі құралды пайдалана отырып өткізген жөн. Олардың түрі, көлемі, аз-көпті сабақ тақырыптарына қарай бөлінеді. Кейде оқулықтың өзіндегі материалды үлкейтіп пайдалануға да болады. Көрнекі құралдармен өткен сабақтың тиімділігі:

а) материалдарды түсіндіруде мұғалім көп қиналмайды;

ә) оқушылар жаңа сабақты, материалды оңай қабылдап, тез меңгереді;

б) сабақты түсіндіру арқылы оқушылардың ынтасы артады;

в) тіл ұстарту жұмысы еркін жүргізіледі;

г) сыныпта басы артық шу, әңгіме болмайды;

ғ) сурет арқылы екі-үш сөзден сөйлем құрай алады;

д) сурет арқылы жаңа сөздің мағынасын түсіндіруге болады;

е) оқиғаға құрылған сурет бойынша оқушыға заттың атын, түсін жаттатқыза отырып, қимылына көрген-байқағандарына байланысты сөйлем құрғызып, әңгіме айтқызуға болады;

ж) мәтін мазмұнына байланысты берілген суреттер мәтінде баяндалған оқиғаны көзге елестету арқылы оның мазмұнын түсіндіруге мүмкіндік жасайды.

Мәтінмен байланысты жүргізілетін тіл ұстарту жұмыстарында қолданылатын көрнекі құралдар:

1. Мәтіннің тақырыбына байланысты түрлі суреттер;

2. Мәтінге байланысты сөздік-плакат;

Көрнекілікті оқыту барысында шығармашылықпен қолданудың тиімділігі:

Көрнекілік әдіс – Сабақ сайын жүргізілетін әдіс. Басқа тілді үйретуде ең нәтижелі және жиі қолданылады. 1- 2 сыныптарда түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды яғни эсттетикалық жағынан жақсы , ірі. екі немесе үш түстен болуы керек .

Мысалы : «Clothes» тақырыбын өткен кезде киімдердің суретін көрсету арқылы  жүзеге асып отырады. Әр түрлі тірек кестелер және таблицалармен сөздерді , сөз тіркестерін үйретуге болады.

“Fruits”  тақырыбында алма сөзін алманы көрсету арқылы ұғындырамыз. Бұл әдіс – Жеміс- жидектер, Оқу құралдары, Ойыншықтар, Тағамдар , тақырыптарында жүзеге асады.

Көрнекі құралдың бәрін бір сабақта үйіп-төгіп қолдану керек деген ұғым тумауы тиіс. Мұғалім оларды сабақтың тақырыбына, сыныптың дайындығына, уақыттың материалды көрнекі құралға айналдыруға болмайды.

Мәтінге байланысты сөздерді, сөйлемдерді оқулықтан, ал түрлі суреттер және мысалдарды қосымша материал ретінде басқа еңбектерден алынған жөн.. . Сурет бойынша мәтін құрастыру балалардың ойын, тілін дамытумен бірге, оқушыларды суреттің мазмұнын түсінуге үйретеді.

Бастауыш сыныптарда сурет бойынша жүргізілетін әңгіменің мынандай түрлерін де қолдануға болады:

1) орны ауыстырылып берілген суреттерді мәтін бойынша түзету;

2) орны ауыстырылып берілген суреттерді де, мәтінді де оқиғаның болу ретіне қарай түзету. Мұндай жұмыс үшін бір сюжетке салынған бірнеше сурет алынады.

Сөздік жұмысы да, көрнекілікпен жұмыстары да оқушыларды байланыстырып сөйлеуге даярлайды. Дидактикалық материалдарды тақырыптардың жүйесі бойынша тапсырмаларға бөліп беру ұтымды. Ағылшын тілін меңгеруде қиындығы бар  оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу тілін дамытуда көрнекілік пен ойын әдісін, сөйлеу үлгілерін қолдануға болады. Оқушылардың сөздік қорын дара суреттер не заттың нақтылы өзін көрсету, ойындар ойнату және өзара сөйлестіру жолдарымен байытып, сөздің дыбысталу жағын дұрыс айтуды, грамматикалық тәсілдерді, логикалық жаттығуларды орындату арқылы өткізу керек.

Көрнекілік әдістероқу материалын оқушылардың көзімен көріп, нақтылы түсінулеріне мүмкіңдік береді.Бұған демонстрация, иллюстрация  тәсілдері жатады. Тәжірибелік әдістердің ішінде ең көп қолданылатыны — жаттығу әдісі.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 838 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.02.2015 5049
    • DOCX 734.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алькеева Айгуль Темиртасовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алькеева Айгуль Темиртасовна
    Алькеева Айгуль Темиртасовна
    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10620
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания немецкого языка с учетом требований ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 19 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Английский язык: теория и методика преподавания в дошкольном образовании

Учитель

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 235 человек из 54 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Испанский язык: теория и методика обучения иностранному языку в образовательной организации

Учитель испанского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 107 человек из 28 регионов

Мини-курс

Нейропсихология в школе: путь к успеху и благополучию детей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 72 человека из 33 регионов

Мини-курс

Мастерство влияния и успешных переговоров

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 14 регионов

Мини-курс

Музыкальная журналистика: история, этика и авторское право

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе