Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Технология / Другие методич. материалы / Жоба тақырыбы "Тостаған" 9сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Технология

Жоба тақырыбы "Тостаған" 9сынып

библиотека
материалов

hello_html_m7d319ad7.gifhello_html_51b577b3.gifhello_html_375723ad.gifhello_html_33ef4566.gifhello_html_3b498b22.gifhello_html_68ca0365.gifhello_html_b6940eb.gifhello_html_28991424.gifhello_html_838ca89.gifhello_html_6fd6badd.gifhello_html_m52350f57.gifhello_html_43950794.gifhello_html_25e587b0.gifhello_html_756f082e.gifhello_html_m383ed808.gif

Кіріспе:

Қазақстан көне мәдениет өлкесі. Ерте замандардан-ақ оны мекен етушілер мал бағып, егін салумен шұғылдана жүріп, өзіндік өрнегі мол, өнерін, мәдениетін қалыптастырады.Қазақ халқының қолөнері санау ескі заман тарихымен бірге өсіп. Біте қайнап келе жатқан өте бай қазына.Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру,тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық өнер жиынтығын айтады.

Қолөнер түрлерінің әр қайсысының талай ғасырлық тарихы бар.Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбез-күн тіршілік барысында пайдаланса, әсем бұйымдар жасап өмірде сән салтанат құра білді. Халық шығармашылығының қандай түрі болсада халық өмірі мен, сол халықтың қоғамдық тарихымен, кәсібімен тығыз байланысты болады.

«Өресі биік, өрісі кең» өнер атаулының қай саласынан болсын жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты қазақ халқыда өзінің көне замандардан бері келе жатқан тамаша тарихымен және бір өзіне ғана тән қайталанбастай ерекшелігімен көзге түседі. өнердің түрі көп. Бізді қоршаған өміріміздің барлығы өнер. Ал қандайда болсын өнер және талант иелерін өмірге келтіретін халық.

Қазақтың сәндік қолданбалы өнерінің тамаша үлгілері атадан балаға мұра болып біздің заманымызғада жетті. Қазақтың қолөнерін зерттеу мәселесі ерте кезден көптеген саяхатшылармен коллекционерлердің ғана емес, ғалым этнографтар, археологтар мен суретшілердің де көңілін аударып келеді.

Дүние жүзінде әр халық ата-баба мұраларын, халық өнерін сақтап қалуы парыз. Атадан балаға мұра болатын қолөнерін жалғастырушы шеберлер әрқашанда халық арасында құрметті. Қолөнер бұйымдарын дүниеге алып келу көптеген уақытты және еңбекті, шыдамдылықты қажет етеді. Қолөнердің қайнар көзі-еңбек екенін М.Горькийдің еңбек туралы, оның адамды ұлы данышпан ететін ұлы күш екенін айтатын аталы сөзін айтуға болады.

Еңбек адамның іскерлігімен ой-өрісін ғана өсіріп қоймай оның адамгершілігін, дүниеге көзқарасын қалыптастырып, рухани сезімін байытады. Еңбек-өнер өрісі-өмір жемісің-дегендей еңбек пен өнердің егіз екенін айтқан жөн. Өнердің қай түрі болмасын қажымай, талмай еңбектенуді талап етеді.

Халықтың қолөнеріне әдет-ғұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал



өсіруге және егіншілікке қажетті құрал жабдықтарда кіреді. Осыған орай қолөнердің өзі бірнеше түрге бөлінеді, олар: зергерлік-өнер, металды өңдеп өрнектеу (алқа, жүзік т.б. бұйымдар) Ағаш , тас қашау, тоқыма өнері кесте, және көркемдеп тігу, тері өңдеу, өрмек тоқу т.б. Қолөнермен айналысатын адамдарды төрт топқа бөлуге болады. Шебер-ағаштан әр түұрлі бұйымдар жасайтын адам. Ұста-қару-жарақ, ер-тұрман, сауыт-сайман жасаумен шұғылданатын адам. Ісмер-ұлттық киімдер тігумен айналысатын, қолынан іс келетін адамдар.

Зергер-алтынмен аптап, күміспен күптеп сырға, білезік, алқа жасайтын адамдарды айтады.Қазақтың ұста, зергерлері көркем құйма, бедерлеу, соғу, қаптау, күмістеу, темелеу, бұрау, үзбелеу тәсілдерін терең меңгерген. Алтын күміспен әшекейленген алуан түрлі өңір жиектері мен алқалар, асылтастардан көз салынған шолпылармен мен шашбаулар, әдемі құс мұрын жүзіктер мен білезіктер-міне осы дәлелі.

Киіз үйдің сүйегі, ағаш кереует, кебеже сандық жасап кілем, сырмақ алаша, ши тоқу, түрлі бау-басқұрлар тоқып, кесте тігіп, арқан, жіп есіп, өрім-өріп, қолдан әр алуан ыдыс-аяқ, адал бақан, асадал, бесік және т.б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасап, түрлі нақыштармен әшекейлеп отырды. Шеберлер тас қашау, сүйек ою, ағаш ою, мүйіз бақылту, металды өңдеп өрнектеу сияқты ауыр кәсіппен де шұғылданды. Сондықтан қолөнер «ер адамдарға тән іс» және «әйел адамдарға тән іс» деп екіге бөлініп келеді. Мысалы: тастан, балшықтан сүйекпен мүйізден, метал мен ағаштан бұйымдар жасап, оны әсемдеу сияқты ауыр жұмысты ер адамдар атқарады.Кесте тігу, жиек жүргізу, өрмек тоқу, ши орау, сырмақ сыру, оюлау, теріден киім тігу сияқты істерді әйел адамдар атқарады.Тері илеу, киіз басу, ши тарту, шом, жазы жасау жұмыстарын ерлер мен әйелдер бірлесіп атқарады.

ХІХ ғасырда және ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ халқының қолөнері ішінде киіз үйдің сүйегін, ағаш төсек жасау, ағаш өрнектеу, кесте тігу, киіз басу, кілем тоқу, өрмек тоқу кең өріс алды. (өрмек тоқу, кілем тоқу).



















Зерттеу объектісі:

Көркемдеп өңдеуге қажетті ағашты дұрыс таңдау істін нәтижелі болуына септігін тигізеді. Оған май қарағай, терек, үйеңкі секілді жұмсақ ағаш қажет. Өрнек дегеніміз - кез – келген бұйымның сыртына түсірілетін бір тұтас байланысты әшекей. Ал ою дегеніміз, бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу немесе бұйымды шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары. Ою өрнектердің бір түрі қазақтың ою және өрнек деген қос сөзі біріге келіп, латынша орнамент деген ұғымды білдіреді. Өрнекті оюдың бірнеше тәсілі бар.

Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері жайлы мағлұмат беру. Ою - өрнектердің ерекшеліктері, мазмұны жайлы түсінік беру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ою - өрнектерге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге, бағалап қастерлей білуге ,оқушыларды ұлттық өнерді сүюіге тәрбиелеу.
Эстетикалық тәрбие беру ұйымшылдыққа, ең бексүйгіштікке тәрбиелеу. Жұмыс үстінде ұқыптылыққа, өзінің және өзгенің уақытын бағалауға үйрету

Көрнекілігі: Сәнді қолданбалы өнер шығармаларының туындылары, суреттер, плакат, интерактивті тақта, слайдтар.

Міндеті:Қазақ ұлттық сәндік қолтанбалы өнерді оқушыларға жеткізе отырып оқушылардың шығармашылығын дамыту.

Болжамы: : оқушылардың ой-өріс, ақыл-ойын, қиялын, ойлау қабілеттерін дамыту, өз бетінше жұмыс істеуге үйрету, оқушылардың икемділігін, іскерлігін, шеберлігін дамыта түсу.

Зерттеу кезені:

Қазақ ұлттық сәндік қолтанбалы өнерімен танысу . Оқушыларға ағашты өңдеу және салу технологиясын үйрету. Технологиялық еңбектің көмекші құралдарын дұрыс қолдана білуге үйрету, ағаштардың қыр-сырын түсінуіне көмектесу.





Құрал-жабдықтар: ұста құралдарының жинағы, ағашты көркемдеп өрнектеу құрал саймандары

Нәтиже: Білім сапасы көтеріледі;

Сабаққа деген қызығушылықтары артады;

Сабаққа белсенділігі артады.

Барысы: Сәндік қолданбалы өнер ою - өрнек, темір өңдеу, ағаш өңдеу, өндіріс заттарын көркемдеп безендіруден тұрады. Қазақ халқының қолөнер түрлері, оның ішінде мың құбылған ою - өрнек өнері, ши тоқу, алаша (қазіргі гобелен), сырмақ сыру және т. б. өнер түрлері ұлттық өнер мақсатына айналып, басқа елдерге де танымал болған. Қазақтың осы күнгі ою - өрнегін қарт шеберлер екіге бөліп қарайды.

Біріншісі - қазақ халқының өзіне тән ертеден келе жатқан ұлттық оюлары.

Екіншісі - басқа халықтардан ауысқан жаңа интернационалдық ою - өрнектер. ю-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді. Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортаң атауы іспеттес. Сондықтан көбінесе ою-өрнек деп қосарланып айтыла береді.

Ертедегі қазақ оюларын мазмұны жағынан іріктесек, негізінен 3 түрлі ұғымды бейнелейді. Олар: біріншіден, мал өсіру мен аңшылықты, екіншіден, жер-су, көшіп-қону көріністерін, үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін береді. Шеберлер іске беріліп, жұмыс әдісіне төселе келе өздерінің көрген ою-үлгілерін жатқа жасап, оюға өз бетімен жаңа түрлер енгізу дәрежесіне жетті. Халық мұндай адамдарды «оюшы» деп атады. Әрбір елде, әрбір руда атағы шыққан таңдаулы оюшылар болды. Ондайлар өз өнерінің тамаша үлгісін өзінің руына, маңайындағы елдерге таратып отырды. Осыдан келіп әр түрлі ою-өрнектерде, киімдер мен кілемдерде, сырмақтар мен кестелерде және т. с. с. «арғын үлгісі», «керей үлгісі» немесе «ұлы жүздің үлгісі», «орта жүздің үлгісі», «кіші жүздің үлгісі» деген мәнерлер пайда болды







Қазақтың ұлттық ою - өрнегіндегі бір ерекшелік – осы түрлі ұғымның қайсысын бейнелегенде де, ұлттық ою - өрнектің негізі болған мүйіз оюы үнемі араласып отырады.





Өнер (орысша - искусство) – өмір құбылыстарын, қоғамдық болмыс сана нәтижелерін, адамның іс - әрекеті мен көңіл - күйін, сезімі мен рухани дүниесінің образды көркем тіл арқылы бейнелейтін пішін мен мән қатынасы.

Ою - өрнек – бейнелеу өнерінің жоғарғы тегі, халық мәдениетінің, дәуірінің өзіндік қолтаңбасы.

Өрнек (орысша – узор) – бір нәрсенің бетіне түсірілген әр түрлі үлгідегі әуенді нақыш бедер.

Ою - өрнек – өнердің ежелден келе жатқан озық үлгісі. Ою - өрнектің ұзақ тарихы бар. Атап айтсақ, Орхон - Енисей жазуларының таңбаларынан құстарға, басқа да жан - жануарлардың бейнесі мен ізіне ұқсаған ою - өрнектерді табуға болады.

Қазақ халқының ою - өрнектері ерекшеліктеріне қарай сегіз топқа бөлінеді:

1. Аңдарың дене бітіміне байланысты өрнектер.

2. Құстарға байланысты өрнектер.

3. Жер - суға байланысты өрнектер.

4. Аспан әлеміне байланысты өрнектер.

5. Түрлі жәндіктерге байланысты өрнектер.

6. Адам қаңқасына байланысты өрнектер.

7. Қару - жарақтарға байланысты өрнектер.

8. Геометриялық өрнектер.









Ою - өрнек салумен қатар оларға бояу түстерін қолданудың да өзіндік түрлі мағыналары бар. Мысалы: ақ түс – әділеттіліктің, шындықтың, тазалықтың; қара түс – жердің, берекенің; жасыл түс – көктемнің, жастықтың; қызыл түс – күннің, оттың; сары түс – даналықтың, білімділіктің; көк түс – судың, ашық аспанның символдарын білдіреді.



Өрнекті оюдың

тәсілдері


Бедерлеп ою Геметриялық

бейнедегі өрнек















Жұмырлап ою тіліп салу (рельфті) Өрнекті жұқалай





Геометриялық бейнедегі орнек дегеніміз – ағаш бетіне геометриялық сурет салу. Екінші тәсіл - өрнекті салғанда, оның ізін пышақпен тіліп, өрнек жиектерін көйбеулей жұқалап жонып алады. Мұндай оюды бірнеше әдістермен орындайды.
Біріншіден жиектерін дөңестеп, жымырлай жиектеп өрнекке кеңістіктегі көрініс беріледі.
Екіншіден, өрнектердің сыртқы жиегін өрнек дөңесінің ортасынанда ойықшалап бедер беріледі.
Үшіншіден, бірінші және екінші әдіспен орындалған өрнектін түбін бедерлеу, бедерді өрнектін мәніне қарай таңдап, бедер беру тәсілімен орындайды.









Өрнекті тақтай бетіне көшіру әдісі

Тірек сызба:

Өрнекті тақтайдың

ортасынан бастап салу

Өрнекті тақтай бетіне көшіру әдісі













Шаршы ішіндегі тең қабырғалы үш бұрыштардың төбелерін ойықтың ортасына қарай тереңдете ою

Тең қабырғалы үш бұрыштардың табандарын батыра ою

Тең бүйірлі үш бұрыштардан құралған өрнектердің төбесін ойықтың түбіне қарата ою

Геометриялық үш қырлы ойық өрнекті орындау технологиясы

Тақтайдың бетіне өрнекті тізбектей салу

























Мөлтек ағаштан тұтас шабылатын келі, келсап, аяқ табақ, сапты аяқ, ожау сияқты бұйымдарды жымырлап ою дейді. Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу мынадай шаралар арқылы жүзеге асады. Бұйымның негізін мынадай талаптарға сай тазалау.
Бұйымның барлық бөліктеріне өрнектерді жоспарлау үлгісін жасау.
Өрнектерді кесу
Бұйымдарды бояу, оған әр беру
Боялған бұйымды тазалау, лактау









hello_html_5382cc6e.jpg



Қолөнерде пайдаланылатын бояуларды шеберлер өздері қолдан жасап алатьін оларға әр түрлі қоспаларды қосып.

Бұрын табиғатта жиі кездесетін және сол күйінде пайдалануға жарай беретін ақ, сары, көк, қызыл және қара топырақтар, түрлі түсті жосалар (сары, көк, қызыл) ағашты, теріні, қайысты бояуға жұмсалған. Сол сияқты малдың қанын, қара бауырын, көк бауырын да бояу ретінде пайдаланған. Көк тікеннің бүрі, мойыл, долана, қарақат, бүлдірген, итмұрын және тағы басқа да осылар тәрізді түрлі жемістердің шырыны да даяр тұрған бояу десе







болғандай еді. Халық шеберлері шие жемістерін, әр түрлі өсімдіктерді, олардың қабықтары мен тамырларын қайнатып бояу жасау әдісін көп қолданған. Мысалы, талдың, теректің, қарағайдың, еменнің, алма, анар, жүзім және өрік ағаштарының қабықтарынан қызыл, сары, күрең, қошқыл түсті бояулар қайнатңан. Қына (жер қынасы, тас бетінің қынасы) «томарбояу» дейтін қурай мен тобылғының тамырларын қайнатып та бояу жасаған.

Қабықтарды күздігүні жинап қол диірменге тартып не келіге түйіп ұнтақтап қайнатады. Шеберлер, қайнауына қарай, бояуынан арылған ұнтақтарды сүзіп алып тастап, қалған сұйықты одан әрі қайната беру арқылы оны қоюландырған, кейде порошок түріне келтірген. Мұндай қайнатынды бояуға ашудас, мұсатыр, тотияйын, тұз, қарағайдың шайырын қосатын. Сол сияқты қара күйе, ыс, құрым, өріктің, жаңғақтың сүйектері мен бидайдың, арпаның күйіктерінен де бояу жасаған. Бұларды бірімен-бірін қоспалау арқылы әр түсті бояулар жасалады. Бояулар сіңімді әрі оңбас үшін ермен, көкпек, итсигек, қара жусан сияқты ащы шөптердің тұндырмасын, құрттың сарысуын, кейде май қосатын болған.

Бұл тақырыпты алған себебім: келер жас ұрпақтың бойына ата-бабамыздан сыр шертіп келе жатқан қазақ халқының кесте өнерінің тарихын тігілу жолдарын сақтай отырып жаңаша стильдерін сіңіру болып табылады. Ондағы Әжеміздің әсем ою-өрнектерін, түстердің табиғи шынайылығын, қазақ халқының тарихын, символдарын ашып көрсеткім келеді.

http://alemproject.kz/uploads/posts/2011-10/1319793504_2ex.jpghttp://aitaber.kz/uploads/images/00/13/99/2013/01/07/5bc82c.jpg







http://go4.imgsmail.ru/imgpreview?key=23c7055505bedcdc&mb=imgdb_preview_329

http://kaz.alemproject.kz/templates/Default/images/gallery/01.jpg

http://otrarmuseum.kz/cms/uploads/file_1369017128_139769.jpg







http://stolyarnye.infocompany.biz/img/content/i1140/1140420.gifhttp://otrarmuseum.kz/cms/uploads/file_1369017085_809461021.jpg













http://cs5428.vk.me/u159570911/150732371/x_bb8f3a5c.jpg



















http://rezbaderevo.ru/sites/default/files/styles/galleryformatter_slide/public/images/w_103965_1.jpg















Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрілігі «Өрлеу» БАҰО АҚ Филиалы Солтүстік Қазақстан облысы Педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты













Өзіндік жұмыс

Тақырыбы: Тостаған оймалау технологиясы



Орындаған: Ғ.Мүсірепов ауданы

Новосел орта мектебі

Сыздыков А.К.



Тексерген:__________________________________









Қараша 2014 ж


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Кіріспе:

Қазақстан көне мәдениет өлкесі. Ерте замандардан-ақ оны мекен етушілер мал бағып, егін салумен шұғылдана жүріп, өзіндік өрнегі мол, өнерін, мәдениетін қалыптастырады.Қазақ халқының қолөнері санау ескі заман тарихымен бірге өсіп. Біте қайнап келе жатқан өте бай қазына.Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру,тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық өнер жиынтығын айтады.

Қолөнер түрлерінің әр қайсысының талай ғасырлық тарихы бар.Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбез-күн тіршілік барысында пайдаланса, әсем бұйымдар жасап өмірде сән салтанат құра білді. Халық шығармашылығының қандай түрі болсада халық өмірі мен, сол халықтың қоғамдық тарихымен, кәсібімен тығыз байланысты болады.

«Өресі биік, өрісі кең» өнер атаулының қай саласынан болсын жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты қазақ халқыда өзінің көне замандардан бері келе жатқан тамаша тарихымен және бір өзіне ғана тән қайталанбастай ерекшелігімен көзге түседі. өнердің түрі көп. Бізді қоршаған өміріміздің барлығы өнер. Ал қандайда болсын өнер және талант иелерін өмірге келтіретін халық.

Қазақтың сәндік қолданбалы өнерінің тамаша үлгілері атадан балаға мұра болып біздің заманымызғада жетті. Қазақтың қолөнерін зерттеу мәселесі ерте кезден көптеген саяхатшылармен коллекционерлердің ғана емес, ғалым этнографтар, археологтар мен суретшілердің де көңілін аударып келеді.

 

Дүние жүзінде әр халық ата-баба мұраларын, халық өнерін сақтап қалуы парыз. Атадан балаға мұра болатын қолөнерін жалғастырушы шеберлер әрқашанда халық арасында құрметті. Қолөнер бұйымдарын дүниеге алып келу көптеген уақытты және еңбекті, шыдамдылықты қажет етеді. Қолөнердің қайнар көзі-еңбек екенін М.Горькийдің еңбек туралы, оның адамды ұлы данышпан ететін ұлы күш екенін айтатын аталы сөзін айтуға болады. 

 

Автор
Дата добавления 16.01.2015
Раздел Технология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1353
Номер материала 306543
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх