Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / ЖОБАНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ "ҚҰСТАР ТУРАЛЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР"

ЖОБАНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ "ҚҰСТАР ТУРАЛЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР"

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_ma5c6317.gifhello_html_ma5c6317.gifhello_html_ma5c6317.gifhello_html_ma5c6317.gifhello_html_ma5c6317.gifhello_html_ma5c6317.gifhello_html_ma5c6317.gifhello_html_ma5c6317.gifhello_html_ma5c6317.gifҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ,

ҚАЗЫБЕК БИ АУДАНЫ

«№5 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕП» КММ















Құстар туралы мақал-мәтелдер


ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚБАҒЫТ

ӘДЕБИЕТ СЕКЦИЯСЫ










ОРЫНДАҒАН: СЕРИКОВА АЯУЛЫМ,

4 СЫНЫП.

ЖЕТЕКШІСІ:АМРАЛИНА Қ.А,

ҚАЗАҚ ТІЛІ МҰҒАЛІМІ,

«№5ЖББОМ»





2015 ЖЫЛ

МАЗМҰНЫ



АННОТАЦИЯ..................................................................................................... 3

  1. КІРІСПЕ...............................................................................................................4

  2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ................................................................................................. 7

    1. Құстарға табынудағы әрекет - тотем.................................................................. 7

    2. Құстар туралы мақал – мәтелдер жиынтығы................................................... 17

    3. «Сіз білесіз бе?» айдары.................................................................................... 23

  3. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ.................................................................................. 27

  4. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................30




















АННОТАЦИЯ


Жобаның мақсаты:

  1. Мемлекеттік тілге, қазақхалқының әдебиетіне, мәдениетіне, өнеріне деген сүйіспеншілікті арттыру;

  2. Жас ұрпақ санасын, әсемдік сезімін, талғамын, ішкі жан дүниесін қалыптастырып, көзқарасын дамыту;

  3. Адами құндылықтарды – мейірімділікті, қайырымдылықты, әділдікті, қамқорлықты бойына сіңіріп, тәрбиелеу.

Гипотезасы: ұлттық құндылықтарды насихаттау, құрмет көрсету,мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәніне көңіл аудару; ана тілінде сөздің мәнін жете түсінуге баулу, көркем шығармаларды мәнерлеп, нақышына келтіріп оқу арқылы оқушыны ауыз екі сөйлеуге үйрету; оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту, шеберліктерін шыңдау. Жоба үш кезеңнен тұрады: кіріспе, зерттеу бөлімі, қорытынды бөлімі.

Жобаның жаңалығы мен дербестігі: құстар тақырыбындағы мақал-мәтелдерді жинастырып, іріктеп, топтастырып, туған әдебиеттің ұлттық сипатын, ондағы халықтың әдет-ғұрпын, салт-санасының көрінісін, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін, мақал-мәтелдердің идеялық-адамгершілік түпкі мазмұнын ашу жоба жаңалығы; оқушының тілдік-эстетикалық талғамдарын, ұлттық этикет нормаларына сай тіл мәдениетін жетілдіруі, әдебиетті өнер саласына сай оның идеялық-эстетикалық мән-мағынасына терең бойлап,тебірене қабылдауы жоба дербестігі.

Жобаның нәтижесі мен қорытындысы: оқушының ғылыми ізденіс бағытындағы жұмыс түрлеріне төселуі: құстар туралы мақал-мәтелдерді әдебитеттерден теріп, естігенін жазып, ғаламтордан іздестіріп кешенді түрде жинастыруы; «Сіз білесіз бе?» айдарында оқушының әдеби білімінің әр жақтылығын, жүйелілігін, мақсаттылығын байқауға болады.

Практикалық қолдану: қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндерінен қосымша дерек ретінде қолдануға болады.

  1. Кіріспе


Жоба тақырыбының маңыздылығы:

Бастауыш сынып оқушысының ғылыми ізденіс бағытындағы жұмыс түрлеріне төселіп, әдебитеттерден құстар туралы мақал-мәтелдерді жеке дербес

жинастыруы, «Сіз білесіз бе?» айдарында оқушының әдеби білімінің әр жақтылығы, жүйелілігі, мақсаттылығы.

Жобаның мақсаты:

  1. Мемлекеттік тілге, қазақхалқының әдебиетіне, мәдениетіне, өнеріне деген сүйіспеншілікті арттыру;

  2. Жас ұрпақ санасын, әсемдік сезімін, талғамын, ішкі жан дүниесін қалыптастырып, көзқарасын дамыту;

  3. Адами құндылықтарды – мейірімділікті, қайырымдылықты, әділдікті, қамқорлықты бойына сіңіріп, тәрбиелеу.

Міндеті:

  1. Жас ұрпақтың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру, тіл арқылы олардың ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту;

  2. Логикалық ойын, ауызша сөйлеу және жазба тіл мәдениетін қалыптастыру;

  3. Әдеби мұраны және онда бейнеленген құбылысты эстетикалық тұрғыда қабылдауға қажетті білім және білікпен қаруландыру.

Жер бетінде 8600-ге жуық құстар түрі бар. Десек, біздің елімізде 500-дей түрі кездеседі екен. Ал жергілікті жерімізде қараторғай, сауысқан, көкек, қарғалар кездеседі. Жыл құстарын атайтын болсақ аққу, қарлығаш, үйрек, шағала сияқты көптеген құстарды білеміз. Біздің халық ежелден аң-құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншілігін шексіз дәріптеп, ең жақсы адамдарды құсқа теңегені белгілі. Мысалы, саңылақ ұлдарын сұңқарға теңесе, төгіле ән шырқайтын әншісін бұлбұлға, ел үшін, Отан үшін жанын қиятын батырларын қыранға, елден асқан сұлуын аққуға теңегені белгілі.

Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық мәдениетін дамытуд мақал-мәтелдердің маңызы зор. Оның мазмұны ата-бабаларымыздың бүкіл өмір тәжірибесін қамти отырып, жас ұрпақ санасын, әсемдік сезімін, талғамын, көзқарасын дамытады. Осыған орай көптеген ғалымдарымыздың ғылыми-зерттеу еңбектерінде сөз болған мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні жөніндегі пікірлеріне көңіл аударғанымыз дұрыс болады. Мәселен, Б.Адамбаев «Халық даналығы» деген еңбегінде: «Әр халықтың мақалы мен мәтелі сол халықтың өзі жасап алған логикалық формуласы, ережесі. Ол кез-келген оқиғаның, мәселенің тұсында еске түседі, тілге оралады. Сөйтіп көп ойлануды, ұзақ баяндауды керек ететін қиын нәрсені жеп-жеңіл, оп-оңай, бір-ақ ауыз сөзбен түсіндіреді, ұғындырады» деп мақал-мәтелдердің мінез-құлық мәдениетіне, өнерге, әдебиетке деген негізгі талаптарын тұжырымдауға болатынына тоқталса, белгілі ғалым С. Ұзақбаева “Оқушыларға музыкалық-эстетикалық тәрбие беру” деген еңбегінде: “Музыкалық-эстетикалық тәрбие құралдарының бірі бола отырып, мақалдар мен мәтелдер ауызекі халық шығармашылығының басқа да жанрлары сияқты халықтың сан ғасырлық даналығын, балалар мен жастарды тәрбиелеу тәжірибесін, қазақтың халық педагогикасының аса маңызды идеяларын өз бойынша жинақтап қорытқан” деп оқушылар тәрбиесіндегі мақал-мәтелдердің маңызын ашып көрсетеді.

Мақал-мәтелдерде айтар ойды әсерлі жеткізу үшін сан алуан көркемдеу құралдары (теңеу, эпитет, метафора, метонимия) қолданылады. Мысалы: “Жақсы жігіт – жағадағы құндыз, жақсы қыз – көктегі жұлдыз”, “Жаман тұқым егінді былғайды, жаман басшы елді былғайды” т.б. Мұндай орынды қолданылған бейнелеу құралдары мақалдың ажарын ашып, ой өткірлігін арттырады, оқушылардың бойында мәдени дағдыларды қалыптастырады. Сонымен қатар, мақал-мәтелдер оқушыларды сөз қадірін білуге, айналадағыларға мейірбан, кеңпейіл, сезімтал болуға, жақсы мен жаманды, қас пен досты ажырата білуге, халық шығармашылығының інжу-маржанын бағалай білуге баулиды. Бастауыш сынып оқушыларының өмір тәжірибесі аз, ал олардың бойында эстетикалық мәдениетті қалыптастыру мақсатында айтылатын мақал-мәтел, ақыл-насихат, өнеге-өсиет әрі әсерлі, әрі ойда қалатындай мәнді болуы керек.

Жобада бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық мәдениетін тәрбиелеу жөніндегі жұмысты дұрыс ұйымдастыру үшін оның оқушылар тәрбиесінің жалпы міндеттеріне сәйкес үлгі тұтарлықтай мазмұнын белгілеп, нақты талаптарыанықталды. Бұл эстетикалық тәрбие құралдары мен әдістерін іріктеуде кездейсоқтыққа, жүйесіздікке ұшырамауға мүмкіндік береді. Бұл жоба арқылы оқушылардың табиғат жайлы түсінігін тереңдетіп, жалпы құстардың пайдасы жайлы мағлұмат беру, барлық тыныс тіршіліктің бастауы, құстарды қорғау, құстар өмірінің беймәлім тұстарын айту, жыл мезгілдерінің өзгеруіне сәйкес, тіршіліктің де әртүрлі болатынын дәлелдеу.

Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу мәдениетінің белсенділігін дамыту.

Тәрбиелік: Отанын, жерін, орманын, көлін – табиғатты сүюге, құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Мақал-мәтелдер өмір құбылыстарының барлық саласын қамтитын болғандықтан, оның тақырыбы да сан алуан болып келеді. Адамдардың күнделікті өмір тіршілігінен бастап, қоғамдық өмірдің алуан түрлі сыр болмысын бейнелейді. Оның ішінде құс атаулы жөніндегі мақал-мәтелдер – тілі көркем, ойы терең, ата-бабаларымыздың рухани қазынасы. Жобаны жазуда түркі тілдес халықтардың мақал-мәтелдер жинақтары және қазақ мақал-мәтелін жинастырған Ө.Тұрманжанов, М.Әлімбаев, Н.Төреқұлов, У.Саттаров, Н.Оңдасынов, С.Сматаевтың ғылыми еңбектері, аудармалары негізге алынды.








  1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ


    1. Құстарға табынудағы әрекет – тотем


Құсқа табынатын елдер де бар. Көптеген елдерде «құс мерекесі» аталынып өтеді. 1906 жылы бекітілген Халықаралық құстарды қорғау конвенциясы бойынша 1 сәуір – Халықаралық құстар күні. Мысалы, Ұлыбританияда жыл сайын құстар фестивалі өткізіледі. Ол бір ай бойына жалғасады. Ондағы әрбір алтыншы тұрғын құс қорғау қоғамының мүшесі. Ханзада Чарльздің өзі осы фестивальға арнайы қатысып, баяндама жасайды екен (Алматы ақшамы №34 (3423) 4-5 б.). Әйгілі әнші Нежданова кезекті концертке шығар алдында Мәскеу түбіндегі бұлбұлдардың даусын тыңдап қайтуды әдетке айналдырған екен. Яғни, құстардың әні көптеген композиторларға ұлы дүниелер туғызуына негіз салып беретіні сөзсіз секілді.

Кие жайлаған, құт береке дарыған қазақ жері байлыққа тұнып тұр. Астында қазба байлық болса, ал үсті – көненің көзі – тарихи-ескерткіштермен қоса, аң мен құсқа бай. Адамның бар тіршілігі табиғатқа байланысты, ол күш-қуат пен жақсылықты содан алады. Халқымыздың әл-ауқатының жақсаруы да, ауа, су, пайдалы қазбалар, құнарлы топырақ, өсімдік пен жануарлар дүниесін қорғаумен тығыз байланысты.

hello_html_m7b83c87f.png

Елімізде әлемде жойылып бара жатқан құстардың ішіндегі: қоқи қаз, сұңқылдақ аққу, қызыл жемсаулы қараша қаз, дуадақ, қызғылт бірқазан, тырна, ителгі, лашын, бүркіт сияқты сан алуан құстар мекендейді.Жылына Қазақстанның аң-құстарын қызықтауға шет елдерден, соның ішінде Ұлыбританияның өзінен 200-300 саяхатшы келеді екен. «Көк құрақ – көлдің сәулеті, құс пен аң – елдің дәулеті» дейді дана халқымыз. Табиғат әуесқойларының хайуанаттар ішінде ең жақсы көретіні – құстар. Олардың сан құбылтып салған әндері сүйсіндірмей қоймайды. Бүкіл дүниежүзінде құстардың 10-12 мың түрі тіршілік етеді. Республикамыздың қай түкпіріне сапар шексек те қанатты достарымызды кездестіреміз. Туған өлкеміздің климаты мен жер жағдайы құстардың алуан түрлерінің тіршілік етуіне мүмкіндік береді. Бізде құстардың мол болуына Қазақстан территориясының Еуропа мен Азия құрлықтарының арасында орналасуы да үлкен әсер етеді. Қазақ жерінде қанаттылардың 490түрі, ал қазіргі таңда Қарағанды облысының өзінде 205 құстың түрі мекендейді. Оның 57-сі қыстайтын, 148-і жыл құстары. Құстар ерте көктемде екі кезеңмен ұшып келеді:

Бірінші кезең – 21 наурыз бен 22 сәуір аралығы. Бұл уақытта көбіне құрт-құмырсқамен қоректенетін сайрақ, қараторғай, таңшымшық, сарықаз торғай, жаурақ торғай, т.б. түрлері келеді.

Екінші кезең – 22 сәуір мен мамыр аралығында бұлбұл, мысық торғай бастаған әнші құстар келеді (Алматы ақшамы №34(3423) 4-5 б.).

Құстар ерте кезден бері адамзат тіршілігінде негізгі рөл атқарды. Олардың әр түрлі шаруашылық, мәдени және рухани дүниемізде үлкен маңызы бар.Жан-жануарларға, құстарға сенім табиғаттың жансыз құбылыстарына табынудағы әрекет – тотем. Солтүстік Американы мекендеген аджиба тайпасынан еуропалықтар «оттотем» деген сөзді естіген. Бұл сөздің мағынасы – оның тегі. Олар әр түрлі хайуандарды, құстарды өздерінің арғы тегі деп түсінген. Осының нәтижесінде бізге «тотем» деген сөз жеткен.

Түркі халықтары якут, түрікмен, өзбектерде тотемнің ең негізгі түрі бүркіт болды. Кейбір тайпалар, рулар өздерін бүркіттен пайда болғанбыз деп соларды өздерінің қамқоршысы, қорғаушысы ретінде көреді. Қазақтар мен қырғыздарда жас нәрестенің, баланың қорғаушысы ретінде және қауіп-қатерден сақ болу үшін мынандай салт-дәстүр қалыптасқан: әйелдер баланы дүниеге әкелерде қиналғанда (ескі ұғым бойынша, қара албасты, марту басу) бүркітті қасиетті санап, босанатын әйелдің қасына қою әдеті болған. Ал жас балалардың киіміне тіл-көзден сақ болсын деп тырнақтарын тігіп қояды.

Қазақтар құстардың арасынан үкіні қасиетті санап, оның қауырсындарын әр түрлі зиянды бәлекеттерден сақтайды деп жорыған. Сондықтан да үкінің қауырсындарын жас балаларға (Оңтүстік Қазақстанда сол секілді баланы сүндетке отырғызғанда тұмар мен үкі қауырсындарын қоса тағады) тағу сән-салтанаттылықты емес, қайта көз тиіп, сұқ қадалмасын деген ниеттен туған. Көпшілік алдына шығатын әншілер-бишілердің үкі қауырсынын тағуы да осындай пиғылдан, басқаның көзі тимесін дегендіктен. Хакастар, алтайлықтар, буряттар өз тегін аққу деп түсінген және солай деп есептейді. Ал, сахалар болса аққуды әйел затының пірі деп бағалайды.

Қазақ халқы бүркүтті қасиетті санап, «қасиетті құс» деп қастерлеп, «дала сермендесі», «көк тәңірісі», «аспан перісі», «қанаттылар ханы»деп құрмет тұтады. Бүркіт-жыртқыш құстардың ең күштісі. Халық арасында бүркітке табынудан туындыған сенімдер бар. Олардың кейбіреуі емдеу-домдауға қатысты. Етін жемесе де қанатын, құйрығын, қауырсынын, тұяғын «денсаулыққа пайдасы тиеді» деп ырымдадайды. Ел арасында шошынып ауырған адамға бүркіт көрсету, басы ауырған адамның басына бүркіт қондыру, жүрегі талқысыған кісіні бүркіттің қанат-құйрығымен желпу, жүнін бас ауырғаннан сақтайды деп жастыққа салу, тұяғын бала шошып жылағанда бесікке ілу ықпалы бар. Нәрестені дүниеге әкелетін аналарға тұяғын беліне ілу немесе қасына қою әдеті,бүркіт әкеліп көрсету арқылы ем-дом жасау ырымдары әлі күнге дейін бар. Сұлулыққа бас иген қазақ халқы құстың батылдығын, жүректілігін де қастерлейді. Қыран, бүркіт, сұңқар, қаршыға секілді құстарды баулып, олардың өнерін көруге құмар. Адамзаттың асыл қасиетін соларға теңейді. Мұның жас ұрпақты ерлікке баулу үшін үлкен тәрбиелік мәні бар. Мысалы, бүркіттің қаңтардың қақаған аязында жұмыртқасын тасқа салып шайқауы, қайраты қайтып қартайғанда жасық өмірге төзбей шарықтап, шырқап барып өзін-өзі тасқа тастап мерт қылуы жан тебірентерлік жай емес пе?! Түрікмен тілінде «Гулатының саясында боландан, Бүргүтпен жесинде ятан ягшыдыр» - «Ителгінің саясында болғаннан, Бүркіттің тырнағында жатқан жақсы»деген мақал да кездеседі.

Қазақтар қастерлейтін қасиетті құстың бірі – үкі. Үкіні халық киелі құс дейді. Үкінің қауырсынындағы қара жолақ сызықтарда «Құран сөзі» бар деген наным бар. Халқымызда тіл-көз тиюден сақтануға ырым қылып, балаларға оның тұмсығын,тұяғын тұмар орнына тағады. Қауырсынын жас баланың бас киіміне, бесігіне іліп қояды және жастардың киімдеріне, түскиіз, домбыраға тағады. Демек,сәндік үшін де қолданылады. «Үкідей ұшу»,«үкідей көзі жарқылдау», «үкідей желкілдеу», «үкідей бұлғаңдау» деген фразеологозимдер мен теңеулер қалыптасқан.

Басқа да тотемдер сияқты қарға тотемі туралы миф-аңыздар алғаш ру пайда болған кезде тараған. Сол мифтің алыстағы жаңғырығы қазақтарда да сақталған. Туыстық, жықындықты білдіргісі келгенде «қарға тамырлы қазақ» дейді. Бір-екі баласының барын «бір-екі қарға ұстап отырмыз ғой» деп сездірген. Сүйген қызына (баласына) «қарғам-ау» дейді. «Қарға қарғаның көзін шоқымайды», «Тозған қазды топтаған қарға алады», «Қарғаның бір көзі оқта, бір көзі боқта» деген мақал да кездеседі. «Қарға баласын аппағым дер, Кірпі баласын жұмсағым дер» сияқты мақал-мәтелдер басқа түркі тілдес тілдерде де кездеседі, қырғызда: «баласын аппағым дейт, кірпі баласын жумшаигим дейт»; ұйғырда: «Қарға балам аппақ, Кирпи балам юмшак»; татарда: «Қарга да үз баласын аппагым, Керпе дә үз баласын йомшагым, ди». «Қарға қарғаның көзін шоқымайды» татарша: «Карга қарганың күзен чукымый». Қарға хакас, тува, якут, сахаларда киелі деп саналған. Якуттар мен сахаларда қарға тотем болумен қатар «жаһан құсы» дейтін ұғым болған. Олар қарға 300 жыл өмір сүретін, көріпкелділігі бар, адам тағдырын билейтін құс деп сенген. Якуттардың көңғалас тайпасының ішінде суор (қарға) деген ру болған. Хакастар қарғаның ұясына тиме, киесі ұрады деп түсінсе, тувалар қарғаны өлтіруге тыйым салған. Олар қарға барлық туваны қарғайды деп сенген. «Мың қарғаға бір кесек» деген нақыл барлығына бір жауап деген мағынада қолданылатын бейнелі сөз. «Қарғаның жүзіне бір кесек, жаманның жүзі бірге есеп» деп те айтылады.

«Мың жабыға бір тұлпар,

Мың үйрекке бір сұңқар,

Мың қарғаға бір кесек»...

(Мұрат Мөңкеұлының толғауынан. «Үш ғасыр жырлайды», 283-бет). Сонау «Інжіл» заманынан бастап, адамнан ғайбат сөз естіген екі құс болса, соның бірі – қарға. Бейне адам баласының өмірінің қысқалығына осы бір құс кінәлі сияқты, тіпті оны көп жасайды деп те жек көреміз.

«Білемін, әйтеуір бір замандарда, жүреді мың жыл жасап жаман қарға», – дейтін ақын өлеңі де соның айғағы. Оны ұры деп те кінәлаймыз. Расында, қарға – қырағы құс. Оның назарынан ештеңе тыс қалмайды. Ал енді, сіз қарға ақылды, һәм зерек құс дегенге сенер ме едіңіз, сенбейсіз? Анығында сайрауық құстардан гөрі, қарға – адам тілін тез үйренеді. Жанұясына адал, балапандары үшін қандай қауіпке де бас тігіп, тіке шабатын құстардың қатарында қарға барын біз көбіне біле бермейміз. Дана халқымыз «Қарға сүйеді баласын аппағым деп» бекер айтқан ба? Оның екінші бір кісі сүйетін қасиеті – жұт болсын, өрт болсын, аштық-аласапыран келсін – туған жерін тастап кетпейді. Ми қайнатар ыстықта да, ақ түтек борандарда да туған жерінен алыстамайды (Жас Қазақ №20 10-б.).

Қарлығаш адамға саулық, жасылық тілеп жүретін және қауіп қатерден қорғап жүреді. Үй салуды да адамдар қарлығаштан үйренген.

Қарлығашпын мен

Адамның тұрағымын

Мекен етіп тұрамын

Тазалаймын үй - ішін

Ел аузында мақтаулы

Тазалықшымын төселген

Әсіресе, адамға ең жақын, әрі халықтың сүйікті құсы –қарлығаш. Қарлығаш өте жақсы ұшады (тәулігіне 800 шақырым), тіршілігінің көп уақытын ауада ұшып жүріп өткізеді. Ұшып жүріп қорегін аулайды. Күндіз-түні бір тыным таппайтын қарлығаш тәулігіне он алты сағат қимылдаса, сол уақытта балапанына 645 мәрте жем жеткізіп, бір күнде 6400 зиянкесті жойып отырады екен (Дарабоз №4 (14) 10 б.).

Қараторғай– өзі кішкентай, өте пайдалы құс. Орман қорғаушысы. Ауылға қараторғай келісімен күннің көзі ашылып, күн жылынады. Қараторғайды әнге қосып, шырқаған.

Мен қараторғаймын

Шегірткедей жұртыңды

Қырғи болып қиямын

Егістікке жайылымға

Қорғаушы боп тұрамын

Жәндіктерді зиянды

Құртатұғын батырмын

Дайындайтын ұямды

Достарға келе жатырмын

Көгершін - достықтың символы. Әділеттің, бейбітшіліктің құсы. Бақыт құсы, әлемді шарлап хат тасушы құс болған. Бірлікті, татулықты білдіретін құс.

Бейбітшілік құсы көгершін

Жер бетінде бейбіт еңбек, көгерсін

Аспан тұнық, шат көңілді болайық

Ақ ниетті, адал жандар көбейсін

Адам үшін құстардың пайдасы өте зор. Бізде тіршілік ететін құстардың біразы аңшылық үшін ауланып, дәмді ет пен мамық қауырсынын береді. Кең байтақ даламызда ұшып жүрген біраз құстар егістік, бау-бақша, орман зиянкестері – насекомдармен, кеміргіштермен қоректеніп, ауыл шаруашылығына айтарлықтай пайдасын тигізеді. Халқымыз құстардың келуіне,кетуіне қарап болжамдар жасаған.Енді солардың біразына тоқтала кетейік: қарлығаш аспанда самғап ұшса – ауа райының ашық, ал төмендеп ұшса – жауын болатыны халық арасында кең тараған.

Шағала – теңізшілердің сенімді достарының бірі. Себебі, теңізшілердің ашық теңізге шығарда, шағалалардың мінез-құлқына қарап отырып, ауа-райының өзгерістерін алдын-ала болжаулары дәл келіп отырған.

Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса, су тасқыны болады.

Жаңбыр жауарда қарғалар у-да шу болады.

Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады.

Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.

Шағала келсе сең бұзылады.

Жыл құсы қаптап келсе, көктем ерте келеді.

Құстардыңэстетикалық мәні өз алдына бір төбе. Бұлбұл үні, торғайдың әні талай сазгерлердің шығармаларына арқау болып келеді. Тіпті құстар туралы туған әндер қаншама?! «Ақ сұңқар», «Алтын қаз», «Қара торғай», «Қарлығаш», «Аққу», «Тоты», «Бұлбұл», «Бозторғай», «Гәкку» сияқты әндер мен күйлер құстарды сүюден, оларға деген сүйіспеншіліктен, қамқорлықтан туған туындылар. Құсқа деген халықтың көз­қарасы, оларды жақсы көрушілікті біз қазір де күн сайын көріп келеміз. Олардың сүйкімділігін жақсы көріп көп адамдар есімін де солардың атымен атаған. Ел ішінен Құралай, Бұлбұл, Қарлығаш, Тоты, Қырғи, Тұрымтай, Алғи, Бүркіт, Қаршыға деген аттарды жиі естиміз. Тау-тас, орман, су сияқты аңдар мен құстар да адамзаттың қажетін өтеп, сән-салтанатын жарастырып келе жатқан ежелгі досы.

Құс сұлуы аққумын

Табиғат көркін сыйлаған

Мылтығын кезеп еш мерген

Атуға көзі қимаған.

Сұлулықты паш етіп

Жырлаған талай ақындар

Нәзік үнді,көл көркі

Құс патшасы мен болам

Акқуды қазақтар киелі құс деп қастерлейді,оны атпаған. Алайда, аналар «Аққудың етіне жерік»болған кезде оны тәңірге сыйына, кешірім сұрай ұрлап ататын болған. Аққу қауырсынын,терісін басқа ырымдамайтын аңшылардан сатып алады. Қазақтар жақсы көрген адамын”аққуым” деп еркелетті,аққу құсқа теңейді. Әсіресе қазақтар аққуды қадірлейді. Аспаннан бір керемет ақша бұлт көрсе «аққудың қанатындай қалықтаған» деп жырлаған. Аққудың қанат қаққаны, тазалығы, сабырлы қимылы – оның тек сыртқы көрінісі. Байқағыш халық оның психологиялық күйін, жан сезімін түсіне білген. Оны кез келген шалшық көлде кездесе бермейтін аса талғампаз, тәкаппар құс деп қастерлейді. «Құс падишасы» деп те атайды, тазалық пен сұлулықтың символы деп біледі. Серігі мерт болған жерде өзі жанын құрбан ететін оның ұлы қасиеті халық көңіліне ұнаған. Қазақ аққуды киелі деп есептейді және оны ешкім атпайды. Халқымыз өзінің жақсы көрген адамын құстарға теңейді. Тіпті жаңа үйленген жігітке «Құсың құтты болсын» деп жас келінді құсқа теңеудің өзі халықтың құсты керемет тұтып, әдемілік пен әсемдіктің белгісі ретінде сөзге қосқандығын көрсетеді. Денесі ықшам қаршыға, аспанда қалықтап ұшып жүріп жерден азығын көрсе болды, оқша зу етіп төмен қарай зымырай жөнеледі. Осы құбылысты байқап тұрған кісіге, ол қазір жерге құлап мертігетіндей көрінеді. Аңшылардың халқымыздың батыр азаматтарын қаршығаға теңеуі де сондықтан болар. Бір кезде бүркіт, лашын, тұрымтай, ителгі сияқты құстарды серілік, саятшылық үшін үйретіп, саятшылықты кәсіп ететін қазақтар ел арасында көбейіп келеді. Біраз жерде жарыстар да өткізілуде. Алайда құстарды қорғау, аялау керек. Бұлар таусылмайды емес, сол себепті қорғап, санын көбейтуміз керек. Республикамыздың оңтүстігінде наурыз айында ұшып келетін наурызекті жұрт ерекше қарсы алады. Оны – жыл басы, көктем хабаршысы, жақсылықтың нышаны деп құрметтейді. Наурызек – қауырсындарының түсі сұр-қара түсті болып келетін, кеудесі сары түстес кішкентай ғана құс. Осы құстың келу құрметіне арнап бүкіл ауыл болып наурыз көже істейді. Құстарға жем шашады. Бұл мереке жұртшылық есінде ұзақ уақыт сақталады. Табиғат қамқоршысы бола білген халқымыздың бұл дәстүрін бір жүйеге келтіру, оларды ел ішінде кеңінен таратуымыз керек. Соңғы жылдарда біраз құстардың тек Қазақстанда ғана емес кейбір түрлері бүкіл жер шарында саны азайып бара жатқаны байқалады. Сондықтан елімізде оларды қорғау шараларын бұрынғыдан да кеңейте түсу қажет. Қазақ халқының құстарды қорғауда қалыптасқан мол дәстүрі бар. Құстың ұясын бұзбау, жұмыртқасын сындырмау, балапанын жәбірлемеу, ата-аналарының қашаннан бергі балаларына айтатын өсиеті. Өзіңе зияны тимеген құсқа тиіспе деп үйретеді. Тұмсығы тесік құстың бәрі табиғаттың азат перзенті, оның өсіп көбеюіне қиянат етпеу керек деп түсіндіреді.

Орнитология - құстардың дамуы, физиологиясын, жер бетіне таралуын зерттейтін ғылым саласы. Олар зерттеген құстарын мынадай топтарға бөлген. Мысалы, жүгіретін құстар, ұшатын құстар, ашық далалы алқаптардағы құстар, жыл құстары, қыстап шығатын құстар, сұңқар тәріздес, тырна тәріздес, жапалақ тәріздестер, торғай тәріздестер деп бөлген. Биолог мамандар құстарға төнген мынандай қауіптер дерегін келтіреді. Яғни, қоршаған ортаның ластануынан, құстардың көптеген түрі жоғалу үстінде. Себебі олардың мекен ететін ағаш жапырақтарына дейін қысқа болып тұр. Ал адамдардың серуені кезінде, құстардың ұяларын бұзып, құстарды үркітіп, мекен-жайларын ауыстыруға әкеліп тірейді. Құстарды адамдардың досы екенін жете сезінбейді. Ал құстардың адамдардың шаруашылық әрекетіне пайда келтіретін тұстарын көптеп келтіруге болады. Мысалы, бір қарлығаш бүкіл жаз бойы 1 миллион құрт жейді екен. Қараторғайлардың бір тобы бүкіл балапандарымен 22 тонна шегірткені азық етеді екен. Ал шегірткеге келсек, олар біздің ең басты қас жауымыз. Олар біздің мал жейтін көк шөбімізді, жасыл өсімдіктерімізді баудай жайқалып тұрған егістігімізді отап - жеп көп зиян келтіреді. Үйіміздің маңында жүретін кіп-кішкентай торғайдың бір өзі жылына 4 миллионға жуық жәндік жейді екен. Сондықтан құстарды қорғау және егістікті бау - бақшалы жерлерге тарту үшін қолдан жасанды ұялар салу, ағаштарды көбірек егу керек. Бұл жұмыстарды бүкіл еліміздегі мектеп оқушылары қолға алып, жүзеге асырып отырса нұр үстіне нұр болар еді. Сонда құстар біздің жерден алатын азық-түлік өнімдерімізді құрттардың құртуынан, жәндіктердің жеуінен құтқарады екен. Біздің қорек ететін азығымыз құстардың арқасында молайып отырғанын білеміз. Құстар болмағанда жерден өсіп-өнетін азығымыз құрт-құмырсқаға жем болар ма еді. Қорытындылай келе, бүгінде қазақ жерінің аспанынан жыл құстары сирек ұшып өтеді. Ал енді оның алдын алу үшін және құс көп болуы үшін жасыл-желек мол болуы тиіс. Батысқа еліктейміз деп еліміздің бұрынғы қалпын бұзып, тас қалаға айналдырып барамыз ба... Дәл осы екпінмен кетер болсақ, Нью-Йорк сияқты екі-үш құс түрімен қаламыз. Сондықтан құстарды қорғайтын арнайы бағдарлама жасап, қаламызды олардың жайлы мекен тұрағына айналдыруына мүмкіндік беріп, әсіресе, қала орталығының бауырына құстарды көбірек тартумыз керек. Табиғат сәби секілді, маңдайдан сипағанды, аялы алақанды қалайды. Біз оны аямасақ, ол бізді де аямайды.




























    1. Құстар туралы мақал – мәтелдер жиынтығы


  1. Сағынған елін аңсайды, сарыала қаз көлін аңсайды.

  2. Құс топтанса – ұшайын дегені, ел топтанса – көшейін дегені.

  3. Ақылды адам айтқызбай біледі, ақсұңқар қаққызбай іледі.

  4. Құс – қанатымен, ер – жолдасымен.

  5. Өткен күн – ұшқан құс, шақырсаң да келмейді.

  6. Құсты қанат ұшырады, ерді талап ұшырады.

  7. Қырандарын қинаған, даласын да сыйламас.

Ұландарын қинаған, данасын да сыйламас.

  1. Сақтықты сұңқардан үйрен.

  2. Тұлпар шаба жетіледі, сұңқар ұша жетіледі.

  3. Құсы жоққа тұрымтай сұңқармен тең, аты жоққа қоңыр тай тұлпармен тең.

  4. Шағала келмей жаз болмас, шаңқам келмей боз болмас.

  5. Құзғын жемтік көрмесе жүре алмайды.

  6. Тозған қазды, топтанған қарға жем етер.

  7. Гүл ашылмай бұлбұл сайрамас.

  8. Екі құзғын таласса, бір қарғаға жем болар.

  9. Бұтаға паналаған торғай да аман қалады.

  10. Сауысқан тоты боламын деп, жүрісінен жаңылыпты.

  11. Сақ қарға сағағынан ілінер.

  12. Шабан үйрек бұрын ұшар.

  13. Қаз келсе, жаз келер.

  14. Ажалды қарға бүркітпен ойнар.

  15. Жапалаққа күннен түн жарық.

  16. Ителгі салған ет жейді.

  17. Гүлсіз бұлбұл – үнсіз.

  18. Қазға ерем деп қарғаның шаты айрылыпты.

  19. Ер қартайса қазаншы болар, Бүркіт қартайса тышқаншы болар.

  20. Ер бақытының қонғанын білмейді, ұшқанын біледі.

  21. Әркім өз қазын аққуым дейді.

  22. Көктегі тырна қолдағы олжа емес.

  23. Қарғаның қауырсыны қаламға жарамас.

  24. Құс қанатымен танылар, жігіт қайратымен танылар.

  25. Ұясын ұнатпаған құс оңбас.

  26. Ерте оянған құс тойып алып, тұмсығын сүртеді.

Кеш оянған құс көзінің былшығын сүртеді.

  1. Қарғаның атын атап, қыранды қорқытпа.

  2. Сұңқар самғауынан белгілі, Жапалақ жалбаңынан белгілі.

  3. Қыран да күннен асып ұша алмайды.

  4. Жапалақ екені

Жүнінен белгілі

Жетімек екені жүзінен белгілі.

  1. Бұлбұлды әні үшін асырайды.

  2. Ауласында жүрсе, әтеш те паң.

  3. Сандуғашша сайрайды, сұржыланша шағады.

  4. Оқымысты бұлбұл он түрлі сайрайды.

  5. Шағала қонса айдынға, күн жауар деп қайғырма.

  6. Жыртқыш құстың ғұмыры қысқа.

  7. Саяқ пен сауысқанға обал жоқ.

  8. Шымшығы ұшса ұшсын, шынары аман болсын.

  9. Қарғаның қарқ еткені – өзіне қуаныш.

  10. Жерде жатқан жұмыртқа аспанда ұшқан құс болар.

  11. Қызыл ет жемес құс жоқ.

  12. Жаманның тапқаны – жапалақ.

  13. Тоты түгімен, Бұлбұл үнімен.

  14. Бөденені сойса да қасапшының сойғаны абзал.

  15. Бұлбұл зарын қарға ұқпас.

  16. Қуанышты күн құс әнімен басталар.

  17. Күзде торғай да тоқ.

  18. Қорқақ қоразға қоң бітпес.

  19. Үйрек беріп, қаз алған.

  20. Бұлбұлдың үні тәтті,

Тотының тілі тәтті.

  1. Лашын орнына тырна,

Бұлбұл орнына қарға.

  1. Құс өз ұясын өзі қориды.

  2. Алақаннан жем жеген құс алысқа ұшпас.

  3. Қара орманда қарға болғанша,

Аядай тоғайда бұлбұл бол.

  1. Ортақ малды ит-құс жемес.

  2. Басы – бұлбұл,

Аяғы – дүлдүл.

  1. Үйрек жұмыртқасын тауық басар, балапаны шығарда суға қашар.

  2. Ұшқанда қарлығаш озар, сайрағанда сандуғаш озар.

  3. Көкектің баласы көршінің ұясында өседі.

  4. Шет елдің қаршығасын өз елінің қарғасы да бүреді.

  5. Соқыр тауық сорына, боран соғар жолына.

  6. Тоты тілінен торға түсер.

  7. Торғайдың тозағына лашын түспес.

  8. Тауық-тарыққанның тоқтысы.

  9. Әтештей ғана әлі бар, атанның жүгін көтермес.

  10. Қаз қаңқылдаса жаз келер, Қарға қарқылдаса күз келер.

  11. Қыранның қанаты болса, ұланның қайраты бар.

  12. Бірлескен сауысқан бұғыны шоқып мерт етер.

  13. Қарға қаралығын білсе, аққуға жоламас.

  14. Соқыр тауық та сепкенді тауып жейді.

  15. Екі қораз ен қораға сыймас.

  16. Шаруаға жағар тауық шалқанға жұмыртқалайды.

  17. Кәрі қарға қарадан-қарап қарқылдамайды.

  18. Құсқа алтын тордан қу бұтақ қымбат.

  19. Көп отырған құс оққа ұшады.

  20. Қыранды қырғи қолдайды.

  21. Құлқын сәріде тұрған құс құртқа тояр.

  22. Құс қосағымен ұя салады.

  23. Көргенді көгершін әке-шешесінен үш бұтақ төмен қонақтайды.

  24. Торғай жүзге келгенше секектейді.

  25. Құзғын өлерінде де өлексе іздейді.

  26. Қораз да қызғаншақ.

  27. Қонағың қораз болса, қоймада тарың қалмас.

  28. Қарауылдың шатырына қарға да қонбайды.

  29. Құс – қанаттысымен қатар ұшады.

  30. Көзсіз әтешке – көр тауық.

  31. Құстың сәні қос қанаты.

  32. Торғайда қандай бас болушы еді, ол бастан не ас болушы еді?

  33. Тауықүйректі үйретуге құмар.

  34. Қуатты сөз – дуалы, құс сияқты қанатты боп туады.

  35. Қырғи да құрдан-құр қиқуласпайды.

  36. Құссыз орман – құсалы.

  37. Су ішінде қырғауылдан айрылма, айрылдың ба, жетпедім деп қайғырма.

  38. Құс қанатына сенер, ер атына сенер.

  39. Құс тұзаққа құлқынның қырсығынан ілігер.

  40. Қаз ұшып кетсе көлде үйрек жоғалар.

  41. Жолаушыға жырлауынан бұлбұлдың, жағымдырақ үргені ит құрғырдың.

  42. Аққу құсқа оқ тисе,

Қанатын суға тидірмес,

Ер жігітке оқ тисе,

Қиналғанын білдірмес.

  1. Бұлбұлға бау жақсы, Кекілікке тау жақсы.

  2. Дүбір шықса, тұлпар тұрмас, қиқу шықса, сұңқар тұрмас.

  3. Ұрдажықта батыр тұрмас, негізі жасық болмаса.

  4. Көлдің құты кетсе, Көкқұтан бір жыл бұрын кетеді.

  5. Кептер болып туылсаң, Қарға болып өлме.

  6. Қарға алғыр болса да, Қаршығаның орнын баспас.

  7. Қырғауылдың шөжесі, шеттегенін қоймайды.

  8. Өлеңге енсе, сөз сұлу, Аққу жүзсе, көл сұлу.

  9. Жұдырықтай құс, жүректей ұя салар.

  10. Шағала ұшқан жерде шабақ бар.

  11. Бұтаны ұнатпаса, Бұлбұл ұя сала ма?

  12. Бүркіт шаңқылдаса өлер.

  13. Үйректің балапанын жүзуге үйретпе.

  14. Ертеңгі тоқтыдан бүгінгі тауық артық.

  15. Қанатын қаға берсе, қауырсынсыз қалар.

  16. Бұтағы көп ағашқа құс қонады, жақсы адамның көңілі хош болады.

  17. Бет алды ұшқан құс, қонарға тал таппас.

  18. Шымшық шымыр болса да, Шағалаға жоламайды.

  19. Қарғаны қаз қойған ек, қи шоқығанын қоймайды.

  20. Бөдененің ұясын көр де, етіне өкпелеме.

  21. Ескі мешітке көкек азаншы, есі кеткенге есек азаншы.

  22. Досыңның тауығын алсаң, қанжығасына қаз байла.

  23. Қарғаны баптағаныңмен қаршыға болмайды.

  24. Қарақұс өзі тауда, көзі бөктерде.

  25. Жаман атты жақсы бақсаң – тұлпар, бөктергінің бабын тапсаң – сұңқар.

  26. Шымшық семіргенмен батпан болмайды.

  27. Құстың тілін құс біледі.

  28. Құс та өз ұясына қарай ұшады.

  29. Ескексіз қайықшы – қанатсыз құс.

  30. Шымшықтансұңқардың батылдығын күтпе.

  31. Әккі шымшықты кебекпен алдай алмассың.

  32. Сұңқар жоқта жапалақ жыртқыш.

  33. Қос қаршыға таласса, құс жастықтық мамық бар.

  34. Құс терісіне қарай сұлу, адам ісіне қарай сұлу.

  35. Сұңқарға аспан сұлу.

  36. Ерте шақырған көкектің басы ауырар.

  37. Көршінің тауығы қаздай, жұмыртқасы жұдырықтай.

  38. Балалы қазға жем жетпес.

  39. Опасыздан құзғын да жиіркенеді.

  40. Бұлбұл үнді, жылан тілді.

  41. Сөз өлшеуін білмеген, Шағалаша шуылдайды.

  42. Үйіріне жеткенше тұлпар асығады, ұясына жеткенше сұңқар асығады.

  43. Бақаның бағынан сұңқардың соры артық.

  44. Баға білсең – құста бағлан.

  45. Күпіну күркетауыққа ғана келіседі.

  46. Асыл текті балапан ұясында ән салар.

  47. Қарға қарық болған соң қарқылдайды.

  48. Өлерінде бұлбұлдың да үні өзгерер.

  49. Торғай диірменді аттап ұшпайды.

  50. Қауырсын қалам қабыланның тырнағынан да өткір.

  51. Ұядан қатар ұшқандар ұжымды болады.

  52. Қойнына кірген құсты мерген де атпайды.

  53. Бұлбұлқарғаның ұясында өссе де, қарқылдамайды.

  54. Жаралы құсқа тас атпа.

  55. Ерте туған балапан ерте шақырар.








    1. Сіз білесіз бе?

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/9/91/Passer_domesticus_m.jpg/265px-Passer_domesticus_m.jpg

Шымшықтың мойында жирафтың мойнына қарағанда екі есе омыртқа көп.

http://demiart.ru/forum/uploads6/post-170646-1290735362.jpg



Пингвиннің тілі үшкір тікенектерден тұрғандықтан, балықтарды жақсы жейді.

http://www.art-saloon.ru/big/item_2558.jpg

Қарлығаштар тамақ іздеп шығарда ұядағы балапандарының аяғын жылқының жалымен айналдырып, ал екінші ұшын ұяның қабырғасына байлайды.

http://www.fonstola.ru/pic/201308/1920x1080/fonstola.ru-106229.jpg

Найзағай ешқашан құстарға жай түспейді, өйткені олардың жүндері күшті изолятор.



http://st.depositphotos.com/1578496/4218/i/170/depositphotos_42185253-Siberian-Rubythroat-bird.jpg

5 граммнан тұратын қызылмойынды колибри, жылсайын Мексикандық шығанақты ұшып өтеді. Ол сағатына 80 км жылдамдықпен шығанақты 10 сағатта ұшады.

Бозторғай 300 метр қашықтықта көрінбей кетеді, ал оның әні 600 метр жерден естіледі. Бозторғай 2 мыңға дейін әуенді әндетеді, бірақ адам оны ести алмайды, себебі бозторғай 1 секундта 130 әртүрлі әуен шығара алады.http://pagan.ru/slowar/zh/zhaworonok_Alauda_arvensis.jpg

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcRISBewl3MCZNCf8X41dW9aAJjqGgPlgrjrBMHiVLcphbM8rjHD

Қызыл үйрек өзінің жұмыртқасын түлкімен бір інге салады екен.





http://storage.onbird.ru/bird/photo/udod/udod-guide-(onbird.ru).jpg

Удода құстары өз жауларынан скунс сияқты қорғанады екен. Артқа қарап сұйық саңғырығын шашқанда, иісінің жамандығы сонша, ешбір адам ондай зеңбірекке қарсы тұра алмайды екен.


http://www.ecosystema.ru/08nature/birds/005.jpg

Қатты ыстық болғанда айст өз балапандарына тұмсығымен су шашады







Цапля бір аяғымен ұзақ уақыт бойы тұрып, қорегін аңди аладыhttp://storage.onbird.ru/bird/photo/seraya-caplya/seraya-caplya-guide-(onbird.ru).jpg





Картинки по запросу фото фламинго

Хайуататтар бағының жұмысшылары қоқи қаздың күлгін түсі кетпеу үшін тамағына болгар бұрышын қосады екен


Картинки по запросу фото лебедей


Аққулар жақсы жүзиді, бірақ сүңги алмайды, сондықтан жайдақ суды ұнатады


Картинки по запросу фото совыКартинки по запросу фото североамериканской совы

Сіздер білесіздер ме бала күтушінің қызметімен – адамдар ғана емес, солтүстік америкалық жапалақ та жүгінеді екен. Олар балапандарын қорғауға кішіауызды жыландарды қолданады екен. Жапалақ бұл жыландарды жер астынан тауып алып, өз ұясына салады. Жапалақтың әкелген личинкаларымен жыландар да қоректеніп, балапандарды жаулардан қорғайды.


Сұрбасты альбатростың орташа ұшу жылдамдығы 130 км сағатына ұшады. Ол бұл жылдамдықты 8 сағатКартинки по запросу фото сероголовый альбатрос

бойы ұстай алады.



Жерде өте тез жүгіретін страус. Ол сағатына 70 км дейін жылдамдықты ұстайды.Картинки по запросу фото страуса




Сіздер білесіздер ме саяхатшы альбатрос қанаттарының құлашы 3,5 метрге дейін жетеді. Альбатрос әуеде қанатын қақпай-ақ бірнеше сағат ұша алады. Ол әуеде ұшып жүріп қоректенеді де ұйықтайды да. Өзіне жар іздегенде гана жерге түседі екен.http://farm9.staticflickr.com/8092/8514048255_6eecdc3e5c_b.jpg

http://bigbuzzy.ru/f/p/655/319/mainpic.jpg

Жержүзіндегі ең үлкен жұмыртқа-страустікі, ең кіші –колибридікі



Ямайкада тұратын колибридің жұмыртқасының ұзындығы 1 см жетпейдіhttp://www.libo.ru/uploads/posts/2009-11/1259555806_3677799125_ee4936a18a.jpg

http://i.ytimg.com/vi/0gR-9pRrMog/maxresdefault.jpg

III. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ


Жыл мезгілінің ғажабы – көктемнің қанатына ілесе, жыл құстары керуен көшін бастап бірге оралды. Күн жылынып, төңірек түгел жасыл көйлегін киініп, өрік, алма ағаштары гүл атқанда сізді таңғы ұйқыдан құстардың сазды әні оятады. Сиқыр үн жүрек сандығын ақтарып, көңіліңіздің терезесін сағыныш сазы қағып, шын мәнінде қайдағыны қозғайтыны бар.

Құстарға қызығып қарамау мүмкін емес. Өйткені құстар әуезді сайрағыштығымен, сымбатты да сұлу, алуан түрлі сыртқы бейнесімен орманның, саябақтардың, шалғындардың сәнін келтіреді. Құс атаулының бәрі пайдалы. Құстардың қайсысын болса да қорғау керек. Құстардың саябаққа, бау-бақшаға, егістіктер мен бақтарға үйірілуіне мүмкіндік жасап, ұсақ құстарға жем шашу, жазда ұялайтын үйшіктер дайындау арқылы қамқорлық жасау - табиғатты көркейтіп, құстарды аялай білудің негізгі шарты. Құстардың ұясын бұзып, жұмыртқасын жарудан аулақ болу біздің сыныптың қағидасы. Міне, қыс айы да жақындап қалды. Бұл кезде жылы жаққа ұшып кетпей, қар жауып, аяз түссе де туған жерінде қалған қанаттыларға ерекше мейіріммен қарағанымыз дұрыс болар еді.

Құстарды қорғайық! Құстар - біздің досымыз. Құстарға қарап тұрсаң, олар өте әдемі. Мысалы, аққулардың топтасып көлде жүзіп жүргендері қандай тамаша көрініс. Жалпы құстар табиғатты зиянды нәрселерден қорғайды. Тоқылдақ өзінің біз тұмсығымен ағаштардың құрттарын шоқып жеп, жәндіктерден оны тазартады. Кейбір құстардың әрекеттеріне қарап, ауа-райының қандай болатынын болжауға болатынын әжемнен естігенімді жоғарыда мысал ретінде келтірдім.

Құстар – табиғаттың көркі! Құстар өзгеше болып жаратылған құбылыс иесі. Көкті құссыз, құсты көксіз елестету қиын. Біздің көгімізде құстар сайрап жүрсе, жердегі адамдар да тыныш, бейбіт өмір сүре алады. Біз көкке қарағанда көзіміз ең әуелі ұшқан құсқа түседі. Көп жағдайда күйкі тірлікпен олардың тыныс - тіршілігіне мән беріп, тіпті көкке көз тастап, бір де қарамаймыз. Ал, олардың көкте ұшқанын, жерге қонғанын зер салып, бақылап қарайтын болсаң, олар бейне бір жұмбақ құбылыс сияқты. Ешнәрсені ашып айта алмайды. Қуанышы да, реніші де ішінде сияқты. Бір құдіретті күшің болып, құстардың тілін меңгеріп алсаң, яғни құстардың тілін түсінер болсаң, тіпті басқаша әлемде өмір сүрген болар ма едік. Өзім солай ойлаймын, себебі, құс киелі.Тамағымыздың тоқ, көйлегіміздің көп болуына құстардың пайдасы зор екен. Құстарды адамдар ерте заманнан – ақ дос санаған. Себебі ертегілердің көпшілігінде адам басына қауіп төнгенде құтқарушысы, жақсылық жасап дәулет сыйлаушысы Бақыт құсы ылғи да кездесіп отырған. Сондықтан да халық аңыздарында қанатты достарымызды айлалы, ақылды етіп көрсетуі дәлел емес пе?

Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы» атты кітабында былай деген екен: «Көктөбенің басында, алып көк теңіздің жағалауында өмір ағашы - Бәйтерек өседі екен. Жыл сайын Бәйтеректің бұтағындағы ұясына келіп, киелі Самұрық құс күн бейнелі алтын жұмыртқа салады екен. Бірақ жыл сайын айдаһар - жылан сол күн тәріздес жұмыртқаны жеп қояды екен. Бұл көрініс күн мен түннің, қыс пен жаздың ауасын, қайрымдылық пен зұлымдықтың, жарық пен қара түнектің күресін астарлы түрде бейнелейді. Аңыз бойынша Ер Төстік жыланды өлтіріп, Самұрық құстың алтын жұмыртқасын аман алып қалады, ал осыған разы болған құс оның жер асты патшалығынан шығуына көмектеседі. Киелі ағаш туралы аңыз – бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге ұмтылған жаңарған Қазақ елінің мақсатты көрінісі.Осындай халық аңызының арқасында «Бәйтерек» кешені біздің көз қуанышымызға айналды. Мұнда да құс бейнесі, құс тағдыры суреттелген. Ендеше құстарды біздің келешегіміздің кепілі деп айтуға толық негіз бар екенін осы жерден білеміз.


http://helpster.ru/pic/society/pic/40813/com/809746.jpg


  1. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Ә.Марғұлан. Ойсылқара. «Жұлдыз». 1984, №4.

  2. Б.Кәмалашұлы. Моңғолия қазақтарының аңшылық дәстүрі. А., 1999, 67-б.

  3. А.Қайбарұлы, Б.Бопайұлы. Қазақ ырымдары. А., 2005, 51-б.

  4. Е.Тұрсынов. Генезиз казахской бытовой сказки. А., 1973, 115-б.

  5. Н.А.Алексеев. Ранние формы религии тюроязычных народов Сибири. Новосибирск, 1980, 116-124-б.

  6. Д.К.Зеленин. Табу слов народов Восточной Европы и Северной Азий. Л., 1929, 92,93-б.

  7. Б.Кәмалашұлы. Моңғолиядағы қазақтардың салт-дәстүрлері, Өлгей, 1995, 210-б.

  8. Н.А.Алексеев. Аталған еңбекте, 99-111-б.

  9. Н.А.Алексеев. Аталған еңбекте, 103, 108-б.

  10. Интернет деректер қорынан, https://kk.wikipedia.org/wiki/Құстар



Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 09.01.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1043
Номер материала ДВ-319456
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх