Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыЖол ережесін білейік ,аман-есен жүрейік ашық тәрбие сағаты 2 сынып

Жол ережесін білейік ,аман-есен жүрейік ашық тәрбие сағаты 2 сынып

Скачать материал

Сабақтың  тақырыбы:Жол  тәртібін  білейік,  аман-есен  жүрейік !

Мақсаты:жолда  жүру  ережесін  есте  сақтауға,бағдаршамның, жол белгілерінің  атқаратын  қызметі  қандай  екенін үйрету.

Көрнекілігі:бағдаршам,  жол  белгілері,жол  ережесіне  арналған  суреттер.

Сабақтың  барысы:

Ұйымдастыру  бөлімі

Біздің  елімізде  әр  түрлі  көліктер  жылдан-жылға  көбейіп  келеді.Жаяу  адамдар  мен  көліктегі жолаушылар  саны  көбейе  түсуде.Көшелер  мен жолдардағы  жағдай  барған  сайын  күрделеніп   келеді.Жол—көлік  оқиғаларының  қаупі арта  түсуде.Сондықтан  да жүргізушілер  мен  жаяу  адамдардың  көшелер  мен  жолдарда   ерекше  тәртіпті  және  мұқият  болуы  қажет.Жол  көлік  оқиғаларының  зардабынан  көбіне  балалар  зардап  шегуде.Міне,  осы  мақсатта  сыныбымызда  бүгін «Жол  тәртібін  білейік,  аман-есен  жүрейік !»атты  жол  ережелеріне  арналған  тәрбиелік  шара  өткізбекшіміз.Ендеше,  қош  келдіңіздер !

 

Ақылгүл:

Ататай қараңыз мына бір сұмдықты

Маймаққа не болған , кім оны қынжылтты?

Шипагер:

Маймағым не болды , жасыма айтшы өзің?

Неліктен көкпеңбек , ісінген бас көзің?

(Аюдың басын  Айболит таңып жатады.)

Аю:

Айтайын жасырмай шынымды ,

Сақтаңыз шыбындай жанымды.

Жармасып бал тасыр машина үстіне

Домалап түстім де , тап  болдым азапқа.

Шипагер:

Бір  сәтке  тойынар  тәп-тәтті  бал  үшін

Тәртіпті  бұзыпсың қарынның  қамы  үшін.

Аю:

Шипагер ата , Ақылгүл  енді    қайтіп    ұрлық та    жасамаспын ,  жолда  жүру  ережесін  де  бұзбаспын.

Түлкі:  (жымыңдап)

Мен өзім жүр едім серуендеп  ,  қыдырып,

Қоян келді де  мақтанды  жұлынып.

Мінгізіп  алды  да  айдады – ай құтырып,

Байқамай  құладық   бір  тасқа  сүрініп.

Қоян:

Сен   қашан   қоясың    қылықты  алдаған?

Өзің  ғой  мінгіз  деп  артымнан  қалмаған

Рөлде мен емес , сен едің отырған

Маған кеп пәлені жабасың жалма-жан.

Шипагер:

Өздерің  жол   тәртібін  білмейсіңдер ,

Тағы да  бір-біріңді тілдейсіңдер.

-Құлақ пен   құйрыққа   жағатын  дәрі  бар

Ереже  бұзғанға   қоятын  екілік  тағы  бар.

Ақылгүл:

Келе  ғой  , Мысығым  ,  атаңнан  қорықпа  ,

Жараңды  жазады  , жылама   зарықпа.

(шошып) Құйрығың үзілген  әттеген

(Шипагерге   қарап) Жасайық  сәтте  ем.

Мысық:

Доп  қудық  көшеде Әтеш  бар  , Лақ  бар,

Көп  өткен  машина  кедергі  бірақ  та

Кеп  қалған  біреуі  байқамай  басты  да  ,

Домымыз  жарылды доңғалақ  акстында 

Құйрықтан,мүйізден,құлақтан  айрылып  ,

Достарым  анда  тұр  ,  кіруге  қаймығып.

Шипагер:

Мыналарды   мен  тез ауруханаға жеткізейін  (алға  қарай  асыға  түсіп ,  тоқтайды  да  ,  залда  отырған  балаларға  қарап)

--Балалар  көрдіңдер ме  ,  жолда  ойнағанның  кесірін,мына  сотқарлар  жол  жүру  , көшеде  сақ  болу  ережелерін  өрескел  бұзғандықтан  осындай  халге  душар  болған.Ақылгүл  қарағым ,  жол  жүру  ережелерін   балалардың  есіне  салатындай  ойын-сабақтар  өткізуді  өзіңе  тапсырамын. (хайуаннаттарды  ертіп  шығып  кетеді)

«Көлік»  әні

Ақылгүл :

Көше  ортасын  айналдырып  ,  футбол  тебер  алаңға

Көрдіңдер  ғой  ,  ұмытқанды  ережені  далаңдап.

Ал , қанекей  үйренейік  біз  де  жүру  тәртібін,

Ережені  жақсы  білер , жатқа  білер  бар  кімің?

Кім  айтады  жол  белгісі  неше топтан  тұрады?

Бұл  сендерге  берілетін  ең  бірінші  сұрағым.....

--Бағдаршам   дегеніміз  не ? Оның   адам  өмірі  үшін  қандай  пайдасы  бар?

1.:Бағдаршам  автомат  жүйесіне  қосылған  үш  көзді  аспап.Ол  жол  бойының   қозғалысын  реттеуде  өте  үлкен  рөл  атқарады.

--Бағдаршам  жарықтарының  қызметін  айтып  бере  аласыңдар  ма?

2.Бағдаршамның  жасыл  жарығы  жанса ,  жүруге  рұқсат  етіледі.Сары  жүруге  дайындалуды  білдірсе,  қызыл  жарық  жүруге  тыйым  салады.

 Ал  енді  ортамызға  келе  жатқан  бағдаршамды  қарсы  алайық.

Бағдаршам  :     Тұрамын  көшенің  қиылысын ,  тұрақтап,

                            Қашпаймын  мүдіріп  ешқандай  сұрақтан.

                            Белгісі  жолдардың  4  топтан  тұрады,

                            Жарқырап  көрінер  түнде де  алыстан.

Қызыл  көзі:  Мен  көзімді  ашқанда  ,  Ешқашанда  баспа  алға.

                         Орныңнан  тұр  қозғалма,  Ереже  бұл   «Сен  тоқта  !»

Сары  көзі:     Мен  қөзімді  ашқанда,  Қарап  қалма  аспанға .

                        Жүруге  әлі  болмайды,  Дайындықты  сақтайды.

Жасыл  көзі :   Мен  көзімді  ашқанда ,  Көліктер  саған  тоқтайды.

                          Ережені  білгендер,  Өтуге  еш  қорықпайды.

 

Бағдаршам:   Жолды  кесіп  өтерде,   Сол  жағыңа  қарайла.

                      Жарты  ортаға  келгенде,  Оң  жағыңа  қарайла.

                      Білгеніңді  басқаға ,  Үйрете  жүр  ,жарай ма?

                     

«Бағдаршам»  әні

1.     Сақтандыру,ескерту  белгісі :

Қып-қызыл  үшбұрыш,ескерту  белгісі  мен  боламын,

Қауіптен  сақ  бол  деп,  сәт- сапар  жолдаған.

Аман- сау  жүреді  жаяу  да,  көлік  те,

Мен  берген  белгіні  сақтаған,  қолдаған.

2.     Тыйым  салу  белгісі:

Қызылмен  боялған ,  шеңбермін  аумақты,

Тыйымшыл  белгімін,  қаталмын  салмақты.

Мен  тұрған  жерлерде  қақың  жоқ  жүруге.

Қауіп  бар  бағдарла  көз  салып  жан-жақты.

3.     Міндеттеу  белгісі:

Белгімін  көрсетер  жылдамдық  бағытты,

Міндетті  бұрылыс  ,  әйтпесе  қауіпті.

Барлығын  анықтап,  тұрамын  жолыңда,

Абай  бол  шартыңды  міндетті  орында                                                                      4.Нұсқау  белгісі:

Баратын  жеріңнің  бағытын,  тұрағын,

Үн-түнсіз  жол  сілтеп, жол  нұсқап  тұрамын.

Күндіз  де,  түнде  де  от  болып  жанады,

Көк  түске  боялған   төрт  бұрыш  шырағым .

5.Түнде,  күндіз  , кеште  де,

Жөн  сілтеймін  жолға  сай.

Аңғармайсың  ештеңе,

Анықтама  болиаса.

Ой-шұңқырды  алдағы,  Қалай  өту керегін,

Жылдамдықты  ал  қәні,  Анық  айтып  берейін !

6.Көрсеткіш  белгісі:

Жол  созылмақ  қанша,

Қайда  асхана  ,  монша  бар,

Қонақүй  бар  қай  жерде,

Қайда  музей,  қай  көрме...

Көрсетемін  саған  дәл, 

Не  көрсетсем , соған  бар !

 

Осы  кезде  сахнаға  велосипедтің  қоңырауы  естіледі.Сахнаға  велосипед  тепкен  бала  шыға  келеді.

--Әй  жолда  неғып  иірілп  тұрсыңдар?  Велосипед  келе  жатқанын көрмейсіңдерме?  Қағып  кетсем  қайтесіңдер?

Оқушы:  ---Велосипедтің  болғаны  өте  жақсы.Ендеше    біздің  жолда  жүру   ережелеріне  арналған  ертеңгілігімізге  қош  келдің.  Оларды  білу  саған  да  қажет.Балалар  мен  таныс.  Атың  кім  өзіңнің?

Бала:----Атым  Зуылбек.Велосипедпен  зуылдап  жүремін.Сондықтан  ауладағылар   осылай  атап  кеткен.  Ал  мынадай  белгілер  көшеде де  қаптап  тұр,  оларды  біліп  қайтем.Велосипедті  мен  бұлаврсызда  зуылдатам.                                             

--Әй  мынау  мен  үшін  жасалған  белгі  ғой.

Оқушы:--Йя  сен  үшін. Бұл  белгінің  аты—велосипед   жүрмейді  деген.

Бала:----Тапқан  екенсіңдер.  Зуылбектің  велосипедпен  жүрмейтін  жері  жоқ  білдіңдер  ме?  Мен  үшін  көше, арық,  аула   бәрі  ашық. Сендерше  айтқанда  әлгі  қандай  еді  , әлгі  «жасыл  жарық»

(Сақтандыру  белгісіне  келіп)

--Мұны  да  белгі  дейді-ау! Әй  көшеге  пәтер  ішінде  тұратын  жылу  батареясы  не  үшін  керек?

Оқушы:--Зуылбек-ау  бұл  нағыз  саған  керек  белгі.Мысалы  сен  велосипедпен  келесің  дейік  қарсы  алдыңнан  осы  белгі  кездесті.Ендеше  алдыңда  «Шлагбаулы  бар  темір  жол  өткелі » бар  деген  сөз. Ұқтың  ба?

Бала:--А-аа (қолын  сілтеп) Бұл  белгінің  де  қажеті  бола  қоймас.Салдырлап  гүлдірлеп  поезд  жеткенше  зу  етіп    етіп  өтіп  те  үлгеремін.

 

«Жаяулар  өтпесі»

Велигім  тұрғанда  мұны  қайтем.Қой  мен  зуылдайын. Қой  бұл  белгілерді  түгендеймін  деп  жолымнан  қалармын.Сау  болыңдар  ережешілер  !

Бала:--Мен  қателестім.  Шынында  да,  жол  жүру  ережесін  білген  жөн.

Оқушы:--Кел,  қатарымызға  тұр .   Көрдіңдер  ме  балалар  жолда  жүру  ережесін  сақтамаған  Зуылбек  жазым  болуға  аз  ғана  қалды.Енді ол жол  белгілерін  үйренетін  болады.

 

Мультфильм   көрсету

--Рахмет,  балалар!  Бүгін  сендер  өздеріңнің  жол  ережесін  білетініңдерінді көрсеттіңдер.Қай  жерде  жүрсеңдерде жолда  жүру  ережесін  сақтап,  басқаларды да  соған шақырыңдар  дегім  келеді.

1.Шуақты  өміріміз  күндей күліп,

Жүректе  бүршік  атып гүлдейді  үміт.

Арманға  сапар  тарту мүмкін  емес,

Жол  жүру ережесін   білмей  тұрып.

2.Қай  көше,  қай  қалаға  барсаңыз да,

Қай  ақыл  өлшеміне  салсаңыз да,

Жол  жүру  ережесі  заңды тәртіп,

Ол  бәрімізге де ортақ  тәртіп.

3.Жолда  жүру  әліппесін,

Білген  жөн  бес  саусақтай.

Сонда  ғана  жүре  аласың,

Сен  өзіңді  аман  сақтап.

 

Барлығы:Жол  тәртібін  білейік,

                 Аман-есен  жүрейік.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жол ережесін білейік ,аман-есен жүрейік ашық тәрбие сағаты 2 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор по управлению персоналом

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 379 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.01.2016 2327
    • DOCX 19.6 кбайт
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Зинуллаева Куралай Авитжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17918
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 754 человека из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 971 человек

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 404 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 542 человека

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 216 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 551 человек

Мини-курс

Введение в инвестиции и инвестиционный процесс

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 11 регионов

Мини-курс

Дизайн-проектирование: практические и методологические аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Особенности психологической коррекции детей с различными нарушениями психического развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 393 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 276 человек