Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!"

"Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!"

Скачать материал

Бидайық орта мектебі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Спорттық-танымдық сайыс

 

«Жол тәртібін білейік, 
аман – есен жүрейік

 

 

 

                    Өткізген: аға тәлімгер Бельгубаева А.Х.

                

 

2015-2016 оқу жылы.

 

Тақырыбы: Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!

 

Мақсаты:   Жолда жүру ережелерін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету.

Оқушыларды жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа тәрбиелеу.

 

 

Жүргізуші:

Шуақты өміріміз күндей күліп,

Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес,

Жол жүру ережесін білмей тұрып.

 

Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.

Жол жүру ережесі заңды тәртіп,

Ол ортақ үлкен-кіші баршамызға.

 

         Біздің елімізде әр - түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан қаншама адамдар зардап шегуде. Оның себебі көптеген жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер жолда жүру ережелерін сақтамайды әрі өте нашар біледі. Ендеше, қош келдіңіздер!

Арманға алда күткен асығамыз

Біз қалай толқын атпай басылармыз

Жол жүру ережесін жақсы біліп

Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз- дей келе сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

       Сайыста үш топ қатысады. Бұл үш топқа әділ баға беретін әділқазы алқасымен таныстырып өтейік. (әділ қазылар алқасымен таныстыру).

-   Алдымен сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.

1)    Таныстыру (топ басшысы тобын таныстырады)

2)    Викториналық сұрақтар!

3)    Ойлан тап (жұмбақ беріледі, шешуін табу)

4)    Велосипед тебу

5)    Жол тәртібін сақтайық  

6)    Үй тапсырмасы (қабырға газет)

7)    Ән

Сайысымызды бастаймыз

 

Бірінші кезең – таныстыру.

-Сайысымыздың екінші шартына көшейік

Әр топқа 7-ден сұрақтар оқылады. Сұраққа сол топтың оқушылар жауап беруі керек.

 

1- топ

1) Жүргіншілер деген кімдер? (көшеде жаяу жүрген адамдар)

2) Қала көшелерінде жаяу адамдар қандай жолмен жүруге тиіс? (тротуармен)

3) Тротуар деген не? (жаяу адамдарға арналған жол)

4) Автобусқа қай есіктен мініп, қай есіктен түседі? (алдан түсіп, арттан мінеді)

5) Адамға машинаны жүргізуге қандай құжат керек? (жүргізуші куәлігі)

6) Жолаушылар таситын қоғамдық көлікті қай жерден күтіп, міну керек (аялдамалардан)

7) Көлік жүріп келе жатқанда жолаушыға жүргізушімен сөйлесуге бола ма? (болмайды)

 

2- топ

1) Қала көшелерінде велосипедпен жүруге неше жастан бастап рұқсат етіледі? (14 жастан)

2) Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек? (Көшеде жүре білу көлік апатынан сақтайды?)

3) Көшеде жүру тәртібін не басқарады? (бағдаршам)

4) Бағдаршам нені реттейді? (бағдаршам жол қозғалысын реттейді?)

5) Бағдаршамда сигналдар (яғни белгілер қалай орналасқан? (қызыл, сары, жасыл)

6) Жаяу жүргіншілерге арналған жол қалай аталады? (ақ жолақты жол- жаяу жүргіншілер жолы)

7) Көшедегі кездейсоқ қауіп-қатерден аман болу үшін нені білуіміз қажет? (көшеде жүру ережесін білуіміз керек)

 

3- топ

1) Жүріп келе жатқан көліктің қай жағынан өту керек? (көлік өтіп кеткенше күтіп, көліктің артынан өту керек)

2) Бағдаршамның Абайла! Дайындал! белгілерін білдіретін қай түсті сигнал? (сары сигнал)

3) Велосипед те екі, таксиде төртеу болады? (дөңгелек - яғни аяғы)

4) Қандай көліктің түрлеріне бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етеді? (жедел жәрдем, полиция, өрт сөндіру машиналарына)

5) Жаяу адамға қай жермен жүруге рұқсат етілмейді? (көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді)

6) Бағдаршамы жоқ көшеден қалай өтейміз? (әуелі сол жаққа, көшенің ортасына келгенде оң жаққа қараймыз)

7) Балаларға қай жерде ойнауға болады? Қай жерде ойнауға болмайды? (балаларға арналған ойын алаңына ойнауға болады, көшеде, жолда ойнауға болмайды)

3. «Ойлан тап» бөлімі (жұмбақтың шешуін табу)

1-топ

1.    Ала таяқ ұстаған

       Жол тәртібін нұсқаған

       Өміріңді күзеткен

       Ысқырығы түзеткен                             (полиция)

2.    Көше бойлап аяңдайды

       Адам тасып аялдайды                         (автобус)

3.    Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та

       Бақырайған үш көзі бар бірақ та         (бағдаршам)

 

2-топ

1.    Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,

       Ескеріп ешбір адам емдемейді

 

       Жүк емес жануалға жүз адам да,

       Шылбырын сымға байлап тез жөндейді     (трамвай)

2.    Қатар жатқан қос білек

       Үстінен келер күш үдеп                              (темір жол)

3.    Жер асты даңғылы        

       Көлігінің зулаған

       Естіледі соңғылы                                        (метро)

 

3-топ

1.    Арқаным бар тым ұзын

       Ала алмайсың бір үзім

       Ақылға салып ойланып

       Тапшы мұны пысығым                                 (жол)

2.    Құстай ұшар, қанатты тұлпар                     (ұшақ)

3.    Сөйлегенді білмейді

       Бірақ «Тоқта, жүр» - дейді                          (бағдаршам)

 

4-кезең велосипед тебу.  (кедергілерден өту керек)

 

5-кезең Жол тәртібін сақтайық. Жолда жүру ережелерін сақтап, қиындыларды жинау.

 Сол қиындыларды құрап, белгілі бір белгіні табу және де сол белгінің нені міндеттейтінін айтып беру.

6- кезең Үй тапсырмасы (қабырға газет салып әкелу)

 

7- кезең Ән (ЖЖЕ туралы ән шығару)

 

 

Мұғалімнің сөзі

Бүгін сендер өздеріңнің жол ережесі туралы білетін ойларыңызды көрсеттіңдер. Қай жерде жүрсеңдер де жолда жүру ережесін сақтап, басқаларды да соған шақырыңдар дегім келеді.

              Шуақты өміріміз күндей күліп,

              Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.

              Арманға сапар тарту мүмкін емес,

              Жол жүру ережесін білмей тұрып.

              Қай көше, қай қалаға барсаңыз да

              Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да

              Жол жүру ережесі заңды тәртіп

Ол ортақ үлкен-кіші баршаңызға –дей келе, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет! Сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Социальный педагог

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 671 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.09.2016 999
    • DOCX 60.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бельгубаева Асель Хамидоллаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4304
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 457 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 281 человек из 66 регионов

Мини-курс

Основы дизайна в Figma

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 20 регионов

Мини-курс

Основы искусствознания

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Переходные моменты в карьере

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе