Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Жол тәртібін жадыңда ұста!
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Жол тәртібін жадыңда ұста!

библиотека
материалов

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

30 орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бахытжанова Гульбагида Закировна

Тақырыбы: Жол тәртібін жадыңда ұста!

Мақсаты:

1.Оқушылардың жолда жүру ережесі, жол белгілерінің түрлері жайында білімдерін толықтыру.

2. Жол қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға, орындауға баулу. Ой – өрісін дамытып, түсініктерін кеңейту.

3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп- тұруға, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, жол ережесіне арналған суреттер.

Сабақ түрі: сайыс сабақ

Барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді:

1-топ. «Бағдаршам»

2-топ. «Жол белгілері»

3-топ: «Жүргізуші»hello_html_10d3fa3.jpg

Мұғалім: Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан – жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол – көлік оқиғаларының қауіпі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болу қажет. Міне, осы мақсатта біздің сыныбымызда бүгін «Жол тәртібін жадыңда ұста!»

атты жол ережелеріне арналған тәрбиелік шара өткізбекшіміз.


Арманға алда күткен асығармыз,

Біз талай толқын атпай басылармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз! – деп сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін:


1.Өз орныңды тап. (Әр топ өз топтарын, ұрандарын таныстырып өтеді.)

2.Жасырдым жұмбақ. (Жұмбақтар шешеді)

3.Қызықты бағдаршам. (Ойын түрінде өткізіледі.)

4.Сен білесің бе? (Тест сұрақтарына жауап береді.)


1-кезең. «Өз орныңды тап.»


І-топ. «Бағдаршам»

Топтың ұраны:

Тоқта! Сақтан! Жол ашық!

Жүрме жолға таласып.


ІІ-топ. «Жол белгілері»

Топтың ұраны:

Үйрен таппай тыным бір,

Белгілердің тілін біл!


ІІІ-топ. «Жүргізуші»

Топтың ұраны:

Жол тәртібін білейік

Аман – есен жүрейік!


2-кезең. «Жасырдым жұмбақ»

Ала таяқ ұстаған, 
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен, 
Ысқырықпен түзеткен. (Жол полициясы)hello_html_634cb0cf.jpg

Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды. (Автобус)


Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)


Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)


Арқаным бар тым ұзын,
Ала-алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)


Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. (Бағдаршам)



3-кезең. «Қызықты бағдаршам.»

Ойын шарты:

  1. Бағдаршамның жасыл түсін көрсеткенде, балалар жүрген сияқты бір орында аяқтарын қозғалысқа келтіреді.

  2. Сары көзін көрсеткенде ду қол шапалақтайды.

  3. Қызыл көзін көрсеткенде бір орында қозғалмай тұрып қалады.

(Қателескен топтан 1 ұпайдан алынып отырады.)


4-кезең. «Сен білесің бе?»hello_html_65e7f860.jpg

Тест.

1.Көшеден өтуге болады:

а)Сары жанғанда

ә)Қызыл жанғанда

б)Жасыл жанғанда

2.Бағдаршам жоқ болған жағдайда:

а)Көшеден мүлде өтуге болмайды

ә)Жүргіншілер жолы арқылы өту керек

б)Көлікпен жарыса өту керек

3.Сырғанауға болады:

а)Төбешікте және мұз айдынында

ә)Машинаға жабысып

б)Жол бойында

4.Бағдаршамсыз жағдайда (2)

а)Алдымен сол жағыңа, содан соң оң жағына қарап өту керек.

ә)Сол жағыңа қарап өту керек.

б)Оң жағыңа қарап өту керек.

5.Көлік жүріп келе жатқанда жолаушыға жүргізушімен сөйлесуге бола ма?

а) болады         

ә) болмайды          

б)  білмеймін

Қорытынды.

hello_html_m1a5ac567.jpg

Мадақтау.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Тәрбие сағаты №2 2012ж.

  2. Бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі

  3. Жолда жүру ережелері. сС.Рыспаев 1-2 сынып.2010 жыл.

  4. Ғаламтор жүйесі.


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-239888

Похожие материалы