1602500
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
До повышения цен на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации осталось:
0 дней 0 часов 0 минут 0 секунд
Успейте подать заявку на курсы по минимальной цене!
ИнфоурокНачальные классыРабочие программыЖол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік.

Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік.

Лабиринт
библиотека
материалов

Тақырыбы: Жолда жүру ережесін сақтаймыз!

Мақсаты: 1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру .

2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру

3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , жол ережесіне арналған кітаптар.

Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

Кіріспе : - Жол заңы дұрыс жүріп , абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба , ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны , шаңғы тебетіні , жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны , қалтарыстан жолға шығып келетіні салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.

Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүру ережесі » тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін ,заңын бұзбайды.

ІІ. Негізгі бөлім:

Жұмбақтар

1. Ала таяқ ұстаған, 2. Көше бойлап аяңдайды,

Жол тәртібін нұсқаған. Адам тасып аялайды.

Өміріңді күзеткен, (Автобус)

Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)

3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген ,

Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)

4. Жоқ өзінде бас та , ауызда да , құлақ та ,

Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)

5. Арқаным бар тым ұзын,

Ала-алмайсың бір үзім.

Табыңдаршы, балалар,

Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)

6. Өзі сөйлей білмейді,

Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. «Бағдаршам»

Мұғалім : 1. Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын біліп , тіліп алу баршамызға керек. Неге ?

Біздің еліміздің қала , ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да , үлкендер де , яғни барлық жүргізушілер , көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.

2. Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен , көрейік . Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші.

3. Жиек жол деген не ? (Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол )

4. Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды ? (Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді)

Бағдаршам кейпіндегі оқушылар шығады.

1) Қызыл көзін ашқанда ,

Сынық сүйем баспа алға !

2) Сары көзін ашқанда ,

Қарап қалма аспанға !

3)Жасыл көзін ашқанда ,

Өте бергін , жасқанба ! Оқушылар бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап , кезегі келгенде көрсетіп тұрады.

Мұғалім : – Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз ?

Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса, көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз. Көшенің орта тұсына жеткенде , оң жағымызға көз саламыз. Егер ол жақтан машина келе жатса , өтіп кеткенше , сол орында күте тұрамыз. Ендеше, мына жолдармен бағдаршамсыз, бағдаршам барда қалай жүретінімізді көрейік.\

Оқушы қалай өтетінін көрсетеді.

ІІІ. Қорытындылау.

  • Балалар, бүгін не жайында өттік? Сендерге сабақ ұнады ма? Неліктен?

Ән «Әрқашан күн сөнбесін!»

Лабиринт
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс-жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Көше ережесін сақтау тақырыбына салынған әр түрлі суреттер,қатырма қағаздан  бағдаршам макеті, жас автоинспектордың бас киімі мен таяқшасы. «Жол әліппесі» қабырға газеті,жол тәртібіне арналып жазылған ұрандар фотосуреттерден жасалған стенд. Әр топтың жеке жұмыс столы, жол белгілері, транспорт түрлері.Сынып бөлмесінің әр жеріне: «Жол тәртібін жадыңда ұста!» «Бәріміз бағдаршамға бағынайық». «Көшеде сақ бол»-деген сөздер жазылған плакттар ілінген.

 

Общая информация
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.