Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / "Жол жүру ережесін білу-бәріне міндет”атты тәрбиелік шара
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

"Жол жүру ережесін білу-бәріне міндет”атты тәрбиелік шара

библиотека
материалов

Жол жүру ережесін білу-бәріне міндет”атты тәрбиелік шара



Мақсаты:білімділік – оқушыларды жолда жүру ережесін үйрете отырып олардың алған білімдерін пысықтау;

дамытушылық – оқушылардың ой-өрісін,сана-сезімін,өзін-өзі ұстауын,көшеде жүріп тұруын дамыту;

тәрбиелік – оқушыларды жол ережесін сақтауға,көшеде дұрыс жүруге,жол ережелерін жатқа білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: жол жүру ережесі туралы ескертпе плакат,бағдаршам,жол қауіпсіздігі туралы суреттер мен буклеттер,нақыл сөздер.

Барысы:

Ұйымдастыру:Құрметті оқушылар, “Жол жүру ережесін білу-бәріне міндет”атты тәрбиелік шарамызға қош келдіңіздер.Біздің қалаларымызда,аулымызда-бәріне ортақ көше тәртібі ережесі енгізілген.Бұл ережені оқушылар да,үлкендер де,көлік жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.Кейбір адамдар жолда жүру ережесін біле тұра сақтамайды.Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып,кейбірі жарақат алып жатады.

Жол плициясы, инспектор – бұл бағдаршамның сенімді досы, серігі, көшедегі жүргінші, жүргізушілердің дұрыс жүруін қадағалайды.

Жол дегеніміз тек қана жүргін бөлік пен тротуардан ғана тұрмайды.

а) Оның жол элементтері деп аталатын құрамдас бөліктерімен таныстыру.

ә) Жол белгілері 7 топқа бөлінеді. Олар пішіні мен бояуы жөнінен бір-бірінен ерекшеленіп тұратынын түсіндіру.

Жүргізуші: Ей, балалар. Балалар,

Қане, бері қараңдар.

Тәрби сағатын біз бастайық,

Тапсырманы қиналмай

Лезде шешіп тастайық.

Біз үш топқа бөлінейік

Қызық, сары, жасыл боп.

Жауаптарын дәл тауып

Жарыстан біз озайық.

Енді, балалар, қазір біз «Бағдаршам» атты сайысымызды бастайық. (Оқушылар сайыстың тақырыбына байланысты бағдаршамның үш көзіне сай бөлінеді: «Қызыл» тобы, «Сары» тобы, «Жасыл» тобы)

Жүргізуші: «Бағдаршам» атты сайысымыздың шартын түсіндіріп өтейін.

  1. Таныстыру

  2. «Сұрақ-жауап» топбасшылар сайысы

  3. Сурет салу («Қылқалам» шебері)

  4. «Кім жылдам» сөзжұмбағын шешу.

  5. Өлеңнен мәнерлеп оқу

  6. Бағдаршам макеті

(Қазылар таныстырылады)

Жүргізуші: Арманға алда күткен асығармыз,

Біз қалай толқын атпай басылармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз!

Жалғайтын достастырып бар елменен

Жолдардан түрады ғой әлем деген.

Бүгінгі бізге келген қонақтарға

Ойынымыз басталсын сәлемменен

(Әр топ өздерін таныстырып өтеді)

Жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп, инемен құдық қазғандар,

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Сұрақ-жауап, жұмбақ шешу басталар.

(Топбасшылар жауап береді)

«Қызыл» топбасшысына.

  1. Жүргізуші деген кім?

  2. Бағдаршам жоқ көшеден қалай өтеміз?

Жауап: Әуелі сол жаққа. Көшенің ортасына келгенде оң жаққа қараймыз.

  1. Бағдаршамда неше көз бар

Жауап: Үш көз бар: қызыл, сары, жасыл.

«Сары» топбасшысына.

  1. Бағдаршамның «жасыл» көзі не дейді?

Жауап: «Жүр» дейді.

  1. «Жолаушылар» деген кім?

Жауап: Кез-келген көлікке мінетін адамдар.

  1. Көліктің оңға бұрылатынын қалай білуге болады?

Жауап: Оң бұрылыстың жарығы жанады.

«Жасыл» топбасшысына.

  1. Бағдашамның «қызыл көзі не дейді?

Жауап. «тоқта» дейді.

  1. Жаяу адамдардың өтетін жолындағы сызық.

Жауап. Ақжолақ.

  1. Автобус, траллейбус тоқтайтын жер.

Жауап: аялдама.

Жүргізуші: Енді «Қылқалам» сайысына кезек берейік. (Оқушылар тақырыпқа байланысты уақыт бойынша сурет салады)

Жүргізуші: Балалар «Кім жылдам?» сайысында әр топқа берілген сөзжұмбақты шешеді.



  1. 20+20

  2. Су ішетін үй жануары

  3. Ақжолаққа ұқсас жануар

  4. Су көлігі

  5. Ұзын өзен, суы жоқ.



  1. 4+4

  2. Жолаушы таситын көлік

  3. Жыртқыш құс

  4. Үй құсы.



  1. Ай серігі

  2. Жер серігі

  3. Дайындықты білдіретін бағдаршам көзі

  4. Мектепте оқитын кім?

  5. Автобус тоқтайтын орын.

Жүргізуші: Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да

Жолда жүру ержесі – заңды тәртіп,

Ол ортақ үлкен-кіші баршамызға.

(Әр топ өлеңнен мінерлеп оқйды)

Жүргізуші: Үш түсті түрі бар,

Жөн сілтер тілі бар,

Бағдашам дегеннің

Сырын жақсы біліп ал

(Әр топ өздері жасаған бағдаршам макетінмен таныстырады)

Қорытынды

Жүргізуші: Балалар, енді кезек қазылар алқасында.

Оқушылар, біз бүгін қандай тақырып өттік? Не білдік? Оның маңызы қандай екен?

Басталар әр қадамың аттауменен,

Жолда жүру ережесін сақтауменен.

Бүгінгі алған мағұлматтарымызды ұмытпай өз керектерің жаратыңдар, естеріңде сақтаңдар.

Осымен тәрби сағатымыз аяқталды.









Краткое описание документа:

     Мақсаты:білімділік – оқушыларды жолда жүру ережесін үйрете отырып олардың алған білімдерін пысықтау;

                  дамытушылық – оқушылардың ой-өрісін,сана-сезімін,өзін-өзі ұстауын,көшеде жүріп тұруын дамыту;

                  тәрбиелік – оқушыларды жол ережесін сақтауға,көшеде дұрыс жүруге,жол ережелерін жатқа білуге тәрбиелеу.

     Көрнекілігі: жол жүру ережесі туралы ескертпе плакат,бағдаршам,жол қауіпсіздігі туралы суреттер мен буклеттер,нақыл сөздер.

Барысы:

     Ұйымдастыру:Құрметті оқушылар, “Жол жүру ережесін білу-бәріне міндет”атты тәрбиелік шарамызға қош келдіңіздер.Біздің қалаларымызда,аулымызда-бәріне ортақ көше тәртібі ережесі енгізілген.Бұл ережені оқушылар да,үлкендер де,көлік жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.Кейбір адамдар жолда жүру ережесін біле тұра сақтамайды.Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып,кейбірі жарақат алып жатады.

     Жол плициясы, инспектор – бұл бағдаршамның сенімді досы, серігі, көшедегі жүргінші, жүргізушілердің дұрыс жүруін қадағалайды.

     Жол дегеніміз тек қана жүргін бөлік пен тротуардан ғана тұрмайды.

     а) Оның жол элементтері деп аталатын құрамдас бөліктерімен таныстыру

Автор
Дата добавления 18.02.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров436
Номер материала 395560
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх