Инфоурок Начальные классы КонспектыЖолда жүру ережесін сақтаймыз! (2 класс)

Жолда жүру ережесін сақтаймыз! (2 класс)

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Жолда жүру ережесін сақтаймыз!

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру .

2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің

белгілерімен таныстыру

3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

 Көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер ,  жол ережесіне арналған кітаптар.

 

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі :

Кіріспе : «Жол травматизмінің алдын алу» атты тәрбие сағатын бастағалы отырмыз.

Жол заңы дұрыс жүріп , абай  болуды  талап етеді. Жол тәртібін  бұзба , ол  қатер  тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп  қуалайтыны , шаңғы  тебетіні , жүріп  бара жатқан машинаға  жабысатыны ,қалтарыстан жолға  шығып  келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан  кейбіреулер машина  дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері  жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік  мүгедек болып қалады.

Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын » Жолда жүру ережесі » тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті оқушы көшеде, жолда  жүру ережесін ,заңын бұзбайды.

 Сонымен қандай бала  жол ережесін бұзбайды ?

Балалар : Үлгілі , тәртіпті бала

Тәрбиеші: Ал енді  » Жолда жүру ережесін сақтаймыз! » атты тәрбие сағатымызды  ашық деп  жариялаймын .

 ІІ. Негізгі бөлім:

Тақтадағы жұмбақтарды шешу:

    Жұмбақтар

 

1.  Ала таяқ ұстаған,                                                       2.   Көше бойлап аяңдайды,

    Жол тәртібін нұсқаған.                                                    Адам тасып аялайды.

     Өміріңді  күзеткен, (Автобус)                                         Ысқырықпен түзеткен. 

                                                                                                 (Милиционер)

 

3.     Көліктің  қаншасын үстінен өткізген ,

        Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)

 

4.     Жоқ өзінде бас та , ауызда  да  , құлақ та ,

        Бақырайған  үш көзі  бар бірақ та.              (Бағдаршам)

 

5.     Арқаным бар тым ұзын,

        Ала-алмайсың бір үзім.

        Табыңдаршы, балалар,

        Бұл жұмбақтың шешуін.  (Жол)

 6.     Өзі сөйлей білмейді,

        Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. «Бағдаршам»

 

Тәрбиеші : Бағдаршам  өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын  біліп , біліп алу  баршамызға  керек.

1.     Неге ? Біздің қаламызда , сол сияқты  біздің  еліміздің  қала , ауылдарына  бәріне  ортақ көше  қатынас ережесі енгізілген. Бұл  ережені балалар да , үлкендер де , яғни  барлық  жүргізушілер , көлік  жүргізетін  жүргізушілер де  бұлжытпай  орындауы керек.

2.     Балалар, сендер көшеде жүру ережесін  білесіңдер ме екен  , көрейік . Мынадай сұрақтарға  жауап беріңдерші.

3.     Жиек жол деген не ? Адамдар  жаяу  жүретін көше жиегіндегі тар жол .

4.     Жаяу адамға қай жермен  жүруге болмайды ? Көлік жүретін  көшенің  ортасымен  жүруге  рұқсат етілмейді.

 Тақтада

Қызыл – Тоқта !

Сары  – Сақтан !

Жасыл – Жол ашық.

Камила:  Қызыл көзін ашқанда ,

               Сынық сүйем  баспа  алға !

Диана  :  Сары  көзін ашқанда ,

                Қарап қалма  аспанға !

Диляра:   Жасыл көзін ашқанда ,

                Өте  бергін , жасқанба !

Балалар  бағдаршам сигналдарын қолдарына  ұстап , кезегі келгенде көрсетіп  тұрады.

Ән: Бағдаршам

1.    Көшеде біз сақ болайық ,

       Қаймықпасын ата – ана .

       Жолда сен бол  лайық,

       Жас ұлан деген  атқа

 Қ- сы :

 Әрқашан күн  сөнбесін,

Аспаннан бұлт  төнбесін .

Қасымда болсын анам,

Болайын мен де аман !

2.     Жолда жүру әліппесін

        Білген жөн бес саусақтай.

        Сонда ғана жүре  аласың ,

        Сен өзіңді сау сақтап

Сахналық көрініс: «Маймақ аюдың достары»

 Инспектор :

Медбике апамыз бәрімізді емдейді ,

Ауырса адамды, аңды да  емдейді .

Отырған мынау Медбике апаға

Айтыңдаршы , кане кімдер келмейді ?

(Осы кезде басын ақ  шүберекпен таңған , сыртынан қан шып – шып шыққан аю өкіріп келе жатады)

Инспектор :

Апа, қараңыз мына  сұмдықты ,

Маймақты кім  қыңжылтты ?

 Мед.бике:

Маймағым, не  болған өзіңе,

Көкпеңбек ісінген бас – көзіңде ?

 Аю:

Айтайын мен жасырмай  шынымды – ай,

Сақтап қал , апа  жанымды шыбындай.

Жармасып бал тасыр машина үстіне

Домалап түсіп шыңғырдым құлындай.

 Мед.бике:

Бір асар тәтті бал үшін,

Тәртіпті  бұздың қарынның қамы  үшін.

Міне, енді  еңіреп тұрғаның ұят – ақ,

Тәртіп керек , біліп ал , жан үшін !

Аю.

Медбике апа, инспектор жолдас , енді тәртіпті  бұзбаймын.Кешіріңіздер мені!

 Мұғалім : – Бағдаршам жоқ  көшелерден  қалай  өтеміз ?

Егер өтетін  жерде  бағдаршам  болмаса  көшеден  өте бере  әуелі  сол жаққа қараймыз. Көшенің орта  тұсына жеткенде , оң жағымызға көз  саламыз. Егер ол  жақтан  машина  келе  жатса , өтіп  кеткенше , сол орында күте  тұрамыз. Ендеше, мына жолдармен бағдаршамсыз, бағдаршам барда қалай жүретінімізді көрейік.\

Оқушы қалай өтетінін көр сетеді.

 Инспектор Рақымжан:

Көреген, дәу қырағы.

Көшемізде тұрады.

Оның аты – бағдаршам,

Жол сілтейді әрқашан.

Ол бергенде команда,

Бағынамыз әмәнда.

 Бағдаршам Миржан:

Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,

Қашпаймын  мүдіріп , ешқандай сұрақтан.

Белгісі жолдардың төрт  топтан тұрады,

Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.

Бағдаршам Сәкен:

Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін.

«Тоқта, сақтан, жол ашық!»

Жүрме жолға таласып.

Айгерім:

Төрт топтан құралған,

Белгілер туыстай.

Жол сілтеп тұрады.

У-шусыз ұрыспай.

Сақтандыру , ескерту белгісі Томирис:

Қып – қызыл  үшбұрыш,

Қауіптен сақ бол деп сәт – сапар  жолдаған.

Аман – сау жүреді  жаяу да , көлік те ,

Мен берген белгіні  сақтаған , қолдаған.

 

 

Тыйым салу  белгісі Жанаман:

Қызылмен боялған , шеңбермін аумақты,

Тыйымшыл белгімін , қаталмын  салмақты .

Мен тұрған жерлерде  хақың жоқ жүруге,

Қауіп  бар , бағдарла  көз салып  жан – жақты.

 Міндеттеу белгісі Нұрлы:

Белгімін  көрсетер  жылдамдық бағытты,

Міндетті  бұрылыс , әйтпесе  қауіпті.

Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,

Абай бол , шартыңды міндетті  орында !

 Ңұсқау белгісі Рауан:

Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,

Үн – түнсіз жол  сілтеп , жол  нұсқап  тұрамын.

Күндіз де  , түнде  де от болып жанады,

Көк  түске боялған төрт бұрыш шырағым.

 

Тәрбиеші: Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік.

 Қорытындылау :

Тәрбиеші : Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе «Жас дәуірдің балалары» әнін айтайық. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік. Қорыта келе:

Ирек – ирек көшелер,

Көше деген мың ирек.

Қиындыққа әйтсе де,

Үйренесің біртіндеп.

Барар жерге асықпа,

Бәйге алмайсың бұрын кеп.



 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жолда жүру ережесін сақтаймыз! (2 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Корреспондент

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 251 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.02.2016 735
    • DOCX 21.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жумагулова Гульфира Маратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жумагулова Гульфира Маратовна
    Жумагулова Гульфира Маратовна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6168
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 136 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 117 человек

Курс профессиональной переподготовки

Подготовка детей к школьному обучению в условиях вариативного дошкольного образования и реализации ФГОС НОО

Учитель по подготовке к школе (педагог)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 304 человека из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 611 человек

Курс повышения квалификации

Особенности введения и реализации обновленного ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1102 человека из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 19 288 человек

Мини-курс

Психология семейных отношений: понимание, следствия и решения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Развитие дошкольного мышления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Карьерный навигатор: эффективный поиск работы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов
Сейчас в эфире

"С понедельника — начну!.." Практическое руководство к модификации образа жизни

Перейти к трансляции