Инфоурок Другое Конспекты"Жолдар мен станция құрылымы"

"Жолдар мен станция құрылымы"

Скачать материал

Кіріспе

 

   Станция және торап темір жол транспортының маңызды элементі болып табылады. Онда парк желі, жолаушы және жүк жабдықтары, локомотивті және вагон шаруашылығы, энергиямен, сумен жабдықтау, материалдық қойма, қызметтік – техникалық ғимараттар орналасады.

   Станциялар және тораптар поездардын қабылдау жөнелтуін және өткізуін қамтамасыз етеді. Станцияларда жолаушы және жүк операциялар, поездарды тарату және құрастыру, жылжымалы состав жөндеу, локомотивтерді және жолаушы құрам жабдықталуы кәсіпорының кірме жолдарға қызмет көрсетілуі орындалады.

   Станцияларда қалалармен халық орналасқан пунктармен және кәсіпорындарымен, темір жол байланысы жүзеге асырылады. Ірі станциялар, темір жодда басқа түр транспортпен байланыс қызметін атқарады.

   Ақыл – парасаттық (рациональное) даму және станцияларды, тораптарды қазіргі заманға сай техникалық жабдықталуы маңызды болып табылады. Ол жолаушы жүк тиеу оның жеткізуін және вагон айналымын бағаларын төмендетуін қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Габариттер және олардың тағайындалуы

 

   Темір жол жылжымалы составтың бағытын анықтайды ол қатан бекітілген траекториямен жүруі керек. Жолдың үстінде кедергі болса, поезд оны басқа көлік түрі сияқты бұрылып айналып кете алмайды. Сондықтан поездың қауіпсіздік қозғалысын қамтамасыз ету және темір жол жұмыстарын қауіпсіз орындалуы үшін жылжымалы состав және ашық жылжымалы составта жүктер анықталған шекте орналасуы тиіс.

   Көлденен шектелген сызықшасында тура горизонталды бекітілген жолда бос және тиелген жылжымалы состав сыртынан шықпай еш қиындықсыз орналасуы тиіс және ол жылжымалы состав габариті деп аталады.

   Жылжымалы состав үшін екі габарит 1-Т және Т бекітілген.Т – габарит бойынша құрастырылған жылжымалы состав С – құрылысқа тақау габариттің талаптарының сәйкес келетін желілерде ғана пайдалануға беріледі.

   Ашық жылжымалы составқа тиелген жүктер тиеулі габариты бекітілген, яғни жүк тиелу шегінен аспай тиелу керек. Жылжымалы составтан басқа ешқандай құрылыс және құрылғылардың бөлшектері кірмеуге тиіс, көлденең шектік белгіні құрылысқа тақау габариті деп атайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Габариттер. Габариттердің түрлері және міндеті

 

    Темір жол жылжымалы составтың (локомотив, вагондар) қозғалыстың бағытын анықтайды. Жол үстінде бір кедергі пайда болғанда поезд бағытын өзгерте алмайды және автокөліктей кедергіні айналып өте алмайды. Поезд жүрісін, жұмыс атқарғанда темір жолшылардың, жылжымалы составтардың және ашық жылжымалы составтарға тиелген жүктердің қауіпсіздігін сақтау үшін темір жолда габариттер қолданылады.

   Габариттердің үш түрі болады:

а) жылжымалы составтың габариті;

б) тиеу габариті;

в) құрылыстың тақалу габариті.

1) Жүріс составының ұзындық, ендік өлшемі жүріс составы толық сыйып

    тұруға тиіс. Шектік өлшем жылжымалы составтың габариті деп аталады.

2) Тиелген жүк белгілі бір өлшемдерден шықпауға тиіс сондықтан тиеу

    габариті деп аталады.

3) Темір жолға құрылыстарды тақап салу қашықтығы. Бұл шектік өлшемнің

    ішіне жол бойындағы ешбір құрылыс сұғынып еңбеуі керек. Құрылыс

    тақалу габариті темір жол көлігінің қауіпсіздігі үшін қолданылады.

   Жолдың жиегіне түсірілген немесе тиеуге дайындалған жүктер құрылыс тақалу габариті бұзылмайтындай орналасуға тиісті. Егер де жүктердің биіктігі  200 мм дейін болса онда шеткі рельсте 2012 м арақашықтығында орналасуға тиісті, одан жоғары болғанда 2,5 м жақын орналасуы керек.

   Габариттердің өту класстары екіге бөлінеді:

1 классқа - 3100 мм кем, бірақ 2750 мм жоғары арақашықтықта жолдың ортасынан орналасқан мачталар, столбылар, тректер жатады.

2 классқа – 2750 мм, бірақ 2450 мм жоғары арақашықтығында орналасқан жағдайда. Құрылыс тақалу габаритінің талаптарының орындалуы белгілі бір мерзім сай платформаға габариттің үлгісіне сәйкес келетін раманы орналастырып участіктен жіберіп тексеріп отырады.

   Ашық жылжымалы составтарға тиелген жүктердің габаритке сәйкестігін тексеру үшін арнайы габариттік қақпадан өткізеді. Габариттік қақпаның үлгісі тиеу габаритіне сәйкес келуі керек. Габаритті қақпа станцияның бір жолында орналасады. Егер де жүктер тиеу габаритінен шығып тұрса, онда ол габаритсіз жүк деп аталады және де олар арнайы ереже бойынша тасымалданады.     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жердің жоспары және горизонталі

 

   Қайта салынған құрылыстар мен құрылғыларды тиімді орналастыру үшін және сонымен қатар бұрыннан тұрғандарының дұрыс орналасуын тексеру үшін жергілікте өлшеу жұмыстарын жүргізіп, барлық қажетті мәліметтерді енгізе отырып оның жоспарын құру қажет.

   Жергілікті өлшеу әдістерін және осы өлшеулерді қорытындылап, оны жоспарда белгілену әдістерін геодезия ғылымы зерттейді.

   Жердің ұлан – байтақ кеңістігін еш қателіксіз тек қана глобуста көрсетуге болады. Жердің сфералық бетін картада көрсеткенде оның әр бөлігінде әр түрлі масштабты қолдану қажет болады, бұл картаның ережелігі және кемшілігі болып табылады.

   Жер бетінің кіші учаскелерін жазықтық деп алып, бір масштабта көрсетуге болады. Мұндай көріністерді – жоспар деп атайды. Жоспардың ерекшелігі – оның барлық бөлігінде масштабтың тұрақтылығында.

   Жер бедерін жоспарда ерекшеленетін сызықтармен – горизонтальдармен  көрсетеді.

   Горизонталь – бұл картада немесе жергілік жоспарындағы фигуралардың контуры. Жер бетінің горизонтальды жазықтықтарымен ойша қиылысуы, олар бір-бірінен бірдей арақашықтықта қалып отырады.

   Горизонтальдарды құру үшін шектік деңгейде тігінен нүктелерді бір арақашықтықтарда қосады. Осы деңгейден нүктеге дейінгі арақашықтықты белгі деп атайды. Белгілер абсолютті және шартты болады.

   Абсолютті белгі деп – деңгейден кейінгі тік арақашықтықты айтады, оларды топографиялық карталарда горизонталь бойы көрсетеді. Жоспарларды құрғанда көбінесе шартты белгілерді қолданады.

   Жергілікті жоспар жердің бедері туралы көрініс беріп, желілердің станцияның тиімді орналасуын таңдауға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Желінің трассасы

 

   Көлденең жоспарын қолдана отырып, жобалаушы (проектировщик) желінің трассасын жоспарлайды.

   Трасса дегеніміз ол желі, темір жол көлденең осьтің кеністікте (в пространстве) орналасуы.

   Вертикальмен кесілген трасса, үстінгі бетінде жазықтылған профиль бойлық деп табылады.

   Трассаның проекциясы көлденең жазықтықта желінің жоспары болып табылады.

   Трассаның салынуы трассирование деп аталады.

   Трассирование жасағанда желінің ең қысқа ұзындығы болу керек, ол халық орналасқан пунктарға жақын және жайлы рельеф төнірегінде өту керек, ең аз жердің жұмысын және ең аз жасанды құрылымдар қолдану керек.

   Профильде және жоспарда желінің орналасуы құрылым жұмыстармен және құрылыстық бағасымен байланысты.

   Қауіпсіз және байсалды (плавность) поездың қозғалуы болса ол желінің еркін трассировкасы болып табылады.

  Ол аз халық тұратын және түзу жерде үлкен биікті, су кедергілерді озып аралық пунктарға кіру мүмкіндігі болу керек.

   Көп жағдайда трассировка қауыптылықпен (напряженный) жасалады.

   Желілерді ұзарту және қайта-қайта бағытты өзгерту кедергіні айналып өту үшін.

   Кедір – бұдырлы (пересеченный) және таулы жерде бірнеше трассаның вариантын дайындайды. Технико-экономикалық есепті қолданып ең тиімді вариант дайындайды.    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Темір жол линияның планы

 

   Темір жол линияның планы өзіңе түзу жолдық және қисық жолдық участкелерді құрайды. Кең далада, тегіс жерлерде көбінесе ұзын түзу участіктер өтеді. Егер де темір жол таулы жерлерден өткен жағдайда көбінесе қисық участіктер қысқа тегіс қосындылармен орналасады. Шеңбер бойынша қисықтың элементтері.

 

Φ – бұрышы алғашқы және өзгертілген бағыттардың бұрышы болып саналады және бұрылыс бұрышы деп аталады. М және Н шеңбер қисығының түзу участіктерге қосылу нүктелері. М – шеңбер бойынша қисықтың басталуы және Н – аяқталуы.

Т – дегеніміз арақашықтықтағы бұрылыс бұрышының 0 нүктесіне дейін қисықтың тангенсі деп аталады. МОН бұрышын екіге бөлетін сызық биссектриса деп аталады. М және Н арақашықтығы қисықтың ұзындығын білдіретін көрсеткіш К болып саналады.

   Тангенстің өлшемін келесі формула бойынша білеміз:

 

Т = R ∙ tg

  

   Қисықтың ұзындығын келесі формула бойынша білеміз:

 

К =  ∙ φ = 0,017453 ∙ R ∙ φ

 

   Жаңадан салынған линияларда қисық жерлердің радиусын 800 м кем болмауы керек, өйткені радиус аз болған жағдайда поездың жылдамдығы азаяды, линиялардың ұзындығы көбейеді.

   Ауыр жағдайларда бірінші және екінші категориялық линияларда 400 м радиустарды қолдануға болады. Үшінші категориялық участіктерде 350 метрге дейін, төртінші категория 250 метрге дейін.

   Радиустардың стандартты өлшемдері болады:

4000, 3000, 2500, 1800, 1500, 1200, 1000, 800, 700, 600, 500, 400, 350, 300, 250, 200 метр.

   Жаңа салынатын линияларда аса жоғары жылдамдықтармен жүретін жолаушы поездар қаралса, қисықтың радиусы 2000 метрден кем болмауы керек.

   Егер де түзу участіктер шеңбер бойынша қисықтармен біріккен жағдайда, жылжымалы состав түзу участіктен қисық участікке кіргенде орталық сыртқа тебуші күш пайда болады.

   Өткен поездың әр бір доңғалағы орталық сыртқа тебуші күш арқылы рельске соғылып отырады, сондықтан жолаушыларда жағымсыз сезімдер пайда болады және жолдың, жылжымалы составтың тозуы байқалады. Қозғалыс жайлы болу үшін түзу участкелермен және шеңбер бойынша қисықтардың арасында өтпелі қисықтарды орнатады. Олар арқылы орталық сыртқы тебуші күш ақырындап жоғарлайды.

   Түзу участіктің өтпелі қисықпен қосылу схемасы.

 

а) схемасында участіктің планы көрсетілген

   І – түзу участік

   ІІ – өтпелі қисық

   ІІІ – шеңбер бойынша қисық участкесі

   НПК – өтпелі қисықтың басталуы

   КПК – өтпелі қисықтың аяқталуы

   Н – сыртқы рельстің жібі

в) ішкі рельстің жібі    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жол аралығы

 

   Екі жолдың арақашықтығы жол аралығы деп аталады. Екі жолмен жүрген поездар бір – біріне кедергі жасамау үшін жол аралығында техникалық құрылымдары, жабдықтарды және құралдарды орналастырып, жұмыс жағдайымен жол аралығында қалған адамдардың қауіпсіздігі үшін жол аралығының ені белгіленеді. Аралықтарда екі жол участкілерде бас жолдардың осьтарының арақашықтығы 4100 мм кем болмау керек. Егер де жол аралықтарында платформалар, бағдаршамдар, су каллонналары және басқа да құрылымдар орналасқан жағдайда жол аралығы үлкейеді, ол арнайы формула:

 

е = в1 + 2 ∙ в2

 

в1берілген құрылымның ені;

в2 – құрылыс тақалу габаритінің талабы бойынша екі есе көбейтілген

       арақашықтығы;

е – жол аралығы ені 4 м құрайтын жоғары жолаушы платформасы

     орналасқан. Жол аралықтың минималды енің табу керек.

 

е = в1 + 2 ∙ в2            в2 = 1920 мм

 

е = 4000 + 2 ∙ 1920 = 7840 (7 м 84 см)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Линияның профилі

 

   Темір жол линиясының жер төсемінің осьінің проекциясы тігінен жалпақтықта орналасуы линияның профилі деп аталады. Сызуда көлденең аландардың, көтерілу және түсу әр түрлі ұзындықтардың түзу қиындылық байланысуы болып табылады. Көлденеңде орналасқан орынның планы болса, онда бекітілген бағытта орынның профилін құрастыруға болады.

   Мысалы: өзеннің жағасынан белгілі бір арақашықтықта орналасқан А станциясынан В су қоймасына дейін кірме жолын жоспарлау керек.

   Планда көрсетілген жолдың бағыты а, б, в, г, д нүктелерінде көлденең линиялармен қиылысады. Берілген бағыт бойынша орынның профилін құрастыру үшін: А – а – б – в – г – д линиядан.

   АВ линия бойынша белгілі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа жолдың категориясы

 

   Жобалау жұмыстарын атқаруға техникалық талаптар және нормалар әр бір линияға әр түрлі: олар линияның міндетінен және алдағы эксплуатациялық жұмыстарға байланысты (поездың жүріс жылдамдығы, жүк тасымалының жиелігіне).

   Жүк тасымалының жиелігі – белгілі бір мерзімде участке арқылы тасымалданатын жүк мөлшері. Жүк тасымалының жиелігі 2 түрге бөлінеді:

1. Нетто

2. Брутто.

Нетто дегеніміз бір бағытта барлық бір жылдың ішіндегі жіберілген жүктердің таза салмағы.

Брутто дегеніміз барлық жіберілген жүктердің салмағы және тараның салмағы, локомотивтердің участік бойынша барлық салмақтары.

   Жолдың құрылыс ұзындығы дегеніміз – ол бас жолдағы салынатын жер төсемінің ұзындығымен басталу пунктінен аяқталу пунктіне дейінгі ұзындық. Бұл жаңа салынатын линияның жалпылама ұзындығының көрсеткіші.

   Бас жолдардың эксплуатациялық ұзындығы дегеніміз – ол жалпылама жер төсемінде орналасқан бөлу пунктердің арақашықтық жиынтықтарынан құрастырылған ұзындық.

   Бас жолдардың ашық ұзындығы дегеніміз – ол барлық бас жолдардың қосылған ұзындығы.

   Жаңа темір жол линиялары тасымалдаудың көлеміне және жолдың маңызына қарай 4 категорияға бөлінеді:

1 категория – ең маңызды жолдар жатады, 5 жылдық қолдануында келесі

                     көрсеткіштердің бірі қарастырылуы керек:

                     а) жүк тасымалының жиелігінің Нетто жүк бағытында 10-12 млн

                      тонна километр және одан жоғары тасымалдану керек.

                  б) жолаушы қозғалысында тәуліктің ішінде 8-10 пар поездға

                      дейін атқарылуы керек және поездың жылдамдығы 120 км

                      сағатына жоғары болсын.

2  категория – аудан аралық жүк және жолаушы тасымалдауы атқарылады.

3 категория – жергілікті міндетімен жолдар және кірме жолдары жатады.

                     Егер де 5 жылдық қолдануында 2-3 млн тонна километр жүк

                     тасымалданса.

4 категория – жеке меншік кәсіп орындарға қызмет көрсететін кірме

                     жолдары.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жолдың профилі

 

   Аталған схемада астынғы бөлімінде жолдың километрлері көрсетілген (26,25). Одан жоғары линияның планы көрсетілген, линияның планы әр бір километрде он пикетке бөлінеді. Әр бір пикет 100 м бөлінеді. Біздің көрсетілген мысалда 26 және 25 километрдің арақашықтығы 10 пикетке бөлінген. Пикеттан кейін жердің белгілері белгіленеді. Олар Балтық теңізінің есептелінеді. Келесі бөлімінде еңіс жоспары көрсетілген, келесі бөлімінде жер төсемінің жиегінің нүктелері көрсетілген. Аталған схеманың жоғарғы бөлімінде жолдың профилі сызылады және тиісті белгілер қойылады (айырық, жол бригадирінің пункті, өткел, көпір, көпір қараушының орыны).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жер төсемі және оған қойылатын негізгі талаптар

 

   Жер төсемі дегеніміз – ол жолдың жоғары құрылымының негізгі және де темір жолды, жер төсемін бұзылудан қорғау үшін арналған құрылыс. Жолдың жоғары құрылымын жер бетіне салмайды, ол үшін өсімдіктен жер бетін тазалайды, бүкіл трасса бойынша жер бетін тегістейді және де әр түрлі су ағызғыштарды, бекіту құрылыстарды орнатады. Таулы жерлерде тонельдерді немесе жоғары көпірлерде (виадук) орнатады. Темір жолы трамвай жолдарының және автомобиль жолдарымен қиылысқан жағдайда путепровод орнатылады. Жер төсемі ауыр жағдайларда қызмет атқарады, өйткені поездардың жүктемесі және табиғаттын фактілері әсер етеді. Осы әсерлерге кедергі көрсету үшін келесі мінездемелерге жер төсемі сәйкес болу керек:

1 – жоғары мықтылық;

2 – сенімділік;

3 – ұзақтылық;

4 – поездардың жүктемесін көтере білу керек;

5 – су әсерінен жақсы, сенімді қорғаныс болу тиіс;

6 – қолдануда және құрылыста механизация жабдықтарын қолдану үшін

     конструкциясы сәйкес болуға тиісті.

   Жер төсемінің барлық қорғаныс, бекіту және су өткізу құрылымдарды қолдануда және құрылыс кезінде қызмет көрсету мерзімдері ұзақ болып өз міндеттеріне сәйкес болуға тиісті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жер төсемінің конструктивтік элементтері

 

   Жолдың үстінгі құрылымының негіздеуі жер төсемінің негізгі алаңы болып саналады. Негізгі алаңда баласстық призманың екі жағынан жолдың жиегі қалтырылады. Олардың ені 0,5 – тен 1 м болады, олар жер төсемінің тұрақтылығын үлкейту үшін, жол және сигнал белгілерін, жол жұмыстарын атқарғанда құрылымдарды, жабдықтарды орнату үшін қажет. Негізгі аланның ені жолдың түзу участкісінде және І, ІІ категориялық участіктерде 11,1 м құрайды. Негізгі аланның ені бір жолдық участкілерде 5,5 м-ден кем болмауы керек және ені жолдық участкілерде 9,6 м, тасты жерде бір жолдық участкілерде 5 м және ені жолдық участкілерде 9,1 – ден кем болмауы керек.

   Негізгі аланның орналасуына байланысты жер төсемінің көлденең профилінің келесі түрлері болады:

1. Төсеме үймесі – негізгі алаң жер бетіне жоғары орналасқанда.

2. Ойық – негізгі алаң жер бетінен төмен орналасқан.

3. Жартылай үйме және жартылай ойық – негізгі алаң бір жағынан жер

    бетімен сәйкес келеді, ал екінші жағынан жоғары немесе төмен.

4. Жартылай үйме – жартылай ойық – негізгі алаң бір жағынан жоғары, бір

    жағынан жер бетінен төмен.

5. Нол орындары – негізгі алаң жер бетінен бір дәрежеде орналасқан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үймелердің көлденең профилі.

Станциялардағы жер төсемінің көлденең профилі

 

   Үймелерді орнату үшін көбінесе мандайынан шұнқырларды қазып үш метр арақашықтықта орналастырады. Кейбір кезде топырақты кариерлерден әкеледі. Үймелердің жиектері бір қалыпты болады. Жиектің негізгі алаңмен қосылған жері жер төсемінің бровкасы деп аталады. Үйменің екі жағынан берма орнатылады. Берманың ені 3 м құрайды, ал І, ІІ категориялық линияларда 4,1 м көбейеді. Берманың міндеті – үйменің негіздеуіне су жібермеу.

   Бөлу пунктерде жер төсемінің ені жолдардың санына және жол арасының арақашықтықтарына байланысты белгіленеді. Ақырғы станция жолының бровкаға дейін арақашықтығы негізгі аланның енің тең жартысынан кем болмауы керек, ал созу жолдарында 3,95 м кем болмауы керек. Жер төсемінің көлденең сызбасы жолдардың санынан станцияның түріне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:

   а) бір еністік;

   б) екі еністік;

   в) ара тәрізді.

   Айрықтарға, озу пунктеріне және аралық станцияларға бір еністік түрін жоспарлайды., станциялық жолдары жоғары паркілерге – екі еністік, ал ірі станцияларға ара тәрізді түрлері қолданылады. Жаңа станцияларды, айрықтарды және бөлу пунктерді жобалағанда орталықтандырылған стрелкалардан вагон тежеуіштерінен және басқа жабдықтарын сенімді судан қорғауға ерекше назар аударылады. Су ағыш жүйемелері ашық, жабық немесе аралас болуы мүмкін. Жер астындағы канализацияны көбінесе локомотивті және вагон деполарында қолданады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жер жұмыстарының көлемі

 

   Жер көлемінің жұмыстары станцияның аланың жабдықтау үшін табады – қосқанда шығармалар жинағына орта аланның сызбасында грунттың бетін көтермелегенде және қазып алып тастағанда станция аланның ұзындығына.

   Көрсеткен мысалда табамыз көлденең сызған грунтты алып тастау және көтермелеу.

   Схемада көрсетіліп тұр 4 осьтан сол жаққа грунтты алып тастау ал он жақтан көтеру керек.

   Профильде көрсетілген жұмыс белгілері жолдың осьі және шұғыл бұрылысты (переломный) нүктелері.

   Профильдың астында проектік белгілері көрсетілген, жолдың осьтарынан және шұғыл бұрылыстың профильдік нүктелердің арақашықтығы. Оның астында жер бетінің белгілері.

   Проектік белгілері барлық қосымша нүктелерге есептелген, олардан бастап арақашықтығы көлденең бір жаққа жантайған станция аланына (i = 0,02).

   Грунтты алып тастау және көтерген контурдары элементаралық геометриялық фигураларға бөлініп кетеді (үшбұрыш, трапеция, параллелограмм). Олардың аланың табу үшін ешқандай қиындығы жоқ.

   Алып тастаған грунттың алаңы көрсетілген, мысалда екі үшбұрыштын аланың қосқанда шығады а – б және 4 – 6 және алты трапециядан жататын участікке б-в, в-г, г-д, д-8, 8-е және е-6. Грунтты алып тастағаны шығады

Ал.

 

Ал =  +  +  ∙ 0,4 +  0,6 +  0,8 +  2,45

 

+  2,7 +  2,6 = 19,65 м2  

 

   Грунттың бетін көтергенде екі үшбұрышты қосқанда жататын участокка 4-ІІ және ақырғы участок и – к, және бес трапеция участокта ІІ-ж, ж-І, 5-з, 3-7, 7-и және екі параллелограмданорналасқан участокта І-3 және 3-5.

   Осы арифметика амалдан алаңдарды грунтты қосқаны шығады 31,07 м2.

   Осылай тапқан грунттың алып тастау және көтерген аланның әр бір көлдененің, орта аланның алып тастау және көтергенін әр бір станция аланың участкесін табады, сосын участоктың ұзындығына көбейтіледі, содан жер жұмысының кубатурасы қараған участокка шығады. Жер төсемінің жұмыстарының қосқандары барлық участокта станциялық аланның жер көлемінің барлық жұмыстарын көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

Қолдан жасалған жабдықтар

 

   Жолдың төменгі құрылысына жол төсемінен басқа қолдан жасалған жабдықтар жатады.

   Темір жол кедергілерінен (өзен, бұлақ, жыра) қиылысқанда көпірлер, құбырлар орнатылады. Егер де темір жол тау жотасынан (вершина) өтсе онда тоннель орнатылады. Ал терең жырамен қиылса – виадук.

   Виадук темір жол, жардың, тас жолдың үстінен салынған көпір, қалаларда – эстакадо.

   Эстакадо – транспорттың өтуіне арналып жер үстіне, су бетіне салынған көпірлік құрылыс. Темір жолы және автомобиль жолы қиылысқанда путепровод орнатылады.

   Көпірлердің бірнеше түрі бар:

1. Тас көпірі;

2. Ағаш көпірі;

3. Металдық;

4. Бетондық;

5. Темір бетондық.

   Жылжымалы составты әр түрлі салмағымен өткізу үшін темір жолдың жүк көтерілімдігіне қарай топтастырылады.

   Тұрақты жүктеме – ол өзінің салмағы, судың қысымы және топырақтын қысымы.

   Уақытша жүктеме – ол локомотивтан және вагонның көпір үстінен жүргендегі салмағы, желдің жүктемесі және көпірдің тірегіне түсетін мұздың қысымы.

   Уақытша жүктеме үлкеюі мүмкін, өйткені салмағы үлкен вагондар қуаттылығы үлкен локомотивтар қолданылуға енгізіліп жатыр. Көпірдің көтерілімдігі – поезд қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезіндегі көпірдің көтере алатын ең жоғарғы жүктемесі. Қолдан жасалған жабдықтарды бақылау үшін, арнайы кітап жүргізіледі, оның ішіне бақылаудың нәтижесін жөндеу туралы жазылады. Қолдан жасалған жабдықтарды жол дистанциясының бастығы бақылайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жолдың жоғары құрылымы

Балассты қабат және шпал. Рельс және бекіту

 

   Жолдың жоғары құрылымына рельс, шпал, баласст жатады. Дөңгелектің қысымын рельс қабылдайды, берілетін қысым 10-12 тоннаға дейін жетеді. Рельс – жолдың жоғарғы құрылымының маңызды элементі. Рельс жылжымалы составтың жүктемесін қабылдайды және оны төменде жатқан элементтерге жібереді, дөңгелектің жүрісін беттейді. Рельс ерекше болаттан жасалады оның құрамына: темір, кремний және басқа да химиялық элементтер қосылады. Рельс үш бөлімнен тұрады.

   Жылжымалы составтың тік жүктемесінің әсерінен иілетін жерге рельс жақсы тойтарыс беру үшін оның мойыны салыстырмалы түрде, ұзын болу керек. Рельстің келесі түрлері болады:

Р-43, Р-50, Р-65, Р-75.

 

Түрі

Салмағы

Биіктігі

Басы мен ені

Табанының ені

Р-43

44,65

140

70

114

Р-50

51,62

152

71,9

132

Р-65

64,64

180

75

150

Р-75

74,44

192

75

150

 

   Стандарт бойынша рельстің ұзындығы 25 м. Берілген рельстің түрлерінде сандар 1 метрдегі рельстің салмағын білдіреді.

   Шпал – екі маңызды міндетті орындайды:

1-ші. Ол жүктемені рельстен қабылдап, баласстқа жібереді.

2-ші. Колеяның енің және жолдың тұрақтылығын сақтайды.

   Колея – дегеніміз екі рельстің арақашықтығы, оның ені 1520 мм ( 4 мм).

   Мысалы Қытайда колеяның ені 1435 мм.

   Шпалдардың 2 түрі болады:

1. Ағаш;

2. Темір бетон.

   Шпалдардың ұзындығы 2,75 мм. Ағаш шпалдың құндылығы келесіде: жақсы серпімділік береді, қолдануда оңайшылық, бағасы арзан.

   Кемшіліктері: көп ағаш кетеді және ұзақ қызмет көрсетпейді (12-15 жыл). Ағаш шпал шірімеу үшін креозит пен сіңдіреді.

   Темір-бетондық шпалдың құндылығы келесіде: ағашты сақтайды, ұзақ қызмет көрсетеді, берілетін үлкен жүктемені жақсы көтереді.

   Кемшілігі: жөндеу жұмыстарын атқарғанда өте ауыр, темір-бетондық шпал өте осап.

   Рельсті шпалға бекітудің екі әдісі болады:

1. Балдақпен;

2. Бұрандалы шегемен.

 

 

 

Балассты қабат

 

   Балассты қабатқа белгіленген геометриялық үлгі бойынша гравийден, азбестік қалдығынан щебеньнның арнайы машиналар және құрылғылар бойынша келтіреді.

   Балассты қабаттың міндеті:

1. Поезд жүктемесінің жерінен рельс – шпалдық решотканың тік, бүйірлік

    және көлденең қозғалысынан керекті тойтарыс беру.

2. Рельстерден қабылданған қысымды бір келкі жер төсемінің бетіне бөлу

    және өтіп бара жатқан жылжымалы составтың соғу жерін жұмсарту.

3. Жолдан жер бетіндегі суды ағыздыру және шпалдардың негізін

    суландырмау.

   Балассты қабаттың жабдықтары мықты болуға тиісті, өйткені механикалық бұзылуына қарсылық көрсету керек, жолға жоғары тұрақтылық беру керек, суды жақсы өткізу керек, аязға мықты болу керек, жөндеу жұмыстарына ұсақталынбау керек, желдің жеріне шыдау керек, жауынның әсерінен шайылмау керек. Аталған барлық талаптарға сәйкес келетін щебень.

   Гравий мен құмды 25 млн т км/ жылына жүк құаттылығымен линияларда қолданылады. Азбестік қабат шпалдың қозғалуына, жақсы тойтарыс береді, суланбайды, жолдың тегістеуіне ыңғайлы.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рельс бекітулері. Қарсы бекітпелер

 

   Рельс жолы дегеніміз бір-бірінен белгілі қашықтықта орналасқан екі үздіксіз рельс желісі. Ол желі рельстерді шпалдарға және жеке рельс буындарын бір-біріне өзара бекіту арқасында жасалады. Рельстерді шпалдарға аралық бекітулер арқылы орнықтырады. Олар рельспен шпалдың берік және айтарлықтай серпімді байланысын, екі рельстің аралығын бір қалыпта ұстауын және рельстердің ішіне қарай еңістігін сақтауын, бойлық жылжуын және рельстердің аудармауын қамтамасыз ету керек.

   Аралық бекітулер 3 түрге бөлінеді:

1. Тұтас бекіту;

2. Аралас бекіту;

3. Бөлек бекіту.

   Тұтас рельспен төсеніштер шпалдарға балдақпен немесе бұрандалы шегелермен бірге бекітіледі, ал аралас бекітуде төсеніштер шпалдарға өз алдына қосымша шегелермен бекітіледі.

   Бөлек бекітулерде рельс төсеніштерге қатты немесе серпімді қысқыштармен және қысқыш бұрандалармен, ал төсеніштер шпалдарға бұрандалармен немесе бұрандалы шегелермен бекітіледі. Бөлек бекітулердің артықшылықтарына олардың төсеніштерді шпалдардан босатып алмай ақ рельсті алмастыру мүмкіндігі, бойлық күшке қарсы кедергілерінің күштілігі, рельстер аралығының тұрақтылығының сақталуы жатады.

   Сондықтан кәзір қымбаттырақ әрі құрылысы күрделірек болса да, біртіндеп соларға көшуде. Одан басқа бөлек бекітулер жолдың ығысуына қарсы қосымша бекітпелерді керек етпейді және басқа бекітулермен салыстырғанда олардың пайдалану қаражатын азайтады.

   Тұтас және аралас бекітулерді пайдаланғанда жол ығысуын болдырмау үшін қарсы бекітпелер пайдаланылады. Ол рельс табанына қысып бекітілген және өзінің төменгі иікімен шпалға тіреліп тұратын серпімді қапсырма (скова). Өзі сыналатын қарсы бекітпе (самозаклинивающиеся) қапсырмамен сына тіреуішінен тұрады. Олар шпалға тіреліп тұрады және рельс ығысарда одан сайын сыналады. Серпімді қарсы бекітпе сыналыға қарағанда женілірек, өйткені әр бір бөліктен тұрады, ол қос жолдарда да және дара жолдарда қолданылады, оны күтуге жұмыс күші аз кетеді 25 м рельс буындарына 18-44 далаға дейін қос бекітпелер салынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жолдың және жылжымалы құраммен өзара әсері

 

   Қозғалмайтын жағдайда бір беліктен (ось) немесе бір доңғалақтан жолға түсетін жүктеме статикалық жүктеме деп аталады. Статикалық жүктеменің өлшемі нормативпен өлшенеді. Мысалы: максималды статикалық жүктеме бір біліктен жолға электровоздармен 23 т сила тепловоздармен 21 т.с, жүк вагондарымен 21,5 т.с. құрайды. Жоспар бойынша жүктемені электровоздарға және тепловоздарға 25-27 т.с. дейін үлкейту жүк вагондарға 27 т.с. дейін үлкейту көзделіп отыр.

   Қозғалыста жылжымалы құраммен рельске берілетін жүктеме динамикалық деп аталады. Динамикалық жүктеме тұрақсыз өлшемі жылжымалы құрамның динамикалық әсері қозғалыста пайда болатын ауыр процесстермен анықталады. Жалпы жолмен жылжымалы құрамның өзара әсері рельстік колеяның және жылжымалы құрамның жүріс бөлімінің ерекше конструкциялармен, жолдық вагондардың, локомотивтердің техникалық күту сапасымен белгіленеді.

   Әр бір жылжымалы құрамның бірлігі подрессорлық және подрессорлық емес бөлімдерден тұрады. Екінші бөлімдеріне жатады: доңғалақтардың массасы, ал басқа бөлімдері подрессорлық түріне жатады. Динамикалық қысым статикалық қысымға қарағанда екі есе жоғары болуы мүмкін.

   Поезд қозғалысында рельске көлденең күштер әсер етеді: рамалық қысым (кузовка әсер ететін күштер және рамадан доңғалақтарға әсер етеді) және де бүйірлік қысым қисықтарда жылжымалы құрам бұралғанда пайда болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рельстік колеяның ені және қисықтарда оның кеңеюі

 

   Жолмен жылжымалы құрамның өзара байланысын жақсарту үшін 1970 жылдан колеяның ені 1524 мм 1520 мм азайтылған. Басқа мемлекеттерде, мысалы Индияда, Пакистанда, Португалияда колеяның ені 1676 мм, Бразилияда, Оңтүстік Ирландияда 1600 мм, Японияда 1067 мм. Басқа мемлекеттерде көбінесе 1435 мм. Кейбір мемлкеттерде өте тар табанды жолдар болады, олардың ені 750, 600, 500 мм құрайды.

   Біздің жолдарда егер де поезд жылдамдықтары 50 км/сағ немесе одан да төмен болса колеяның ені 10 мм кенейеді немесе 4 мм азаяды. Ауыр жағдайларда (таулы жерлерде) колеяның ені 1546 мм аз болуы мүмкін, сондықтан қосымша үлкеюі мүмкін, бірақ ол үшін контрельс орнатылуы керек (доңғалақтар колеяның ішіне түсіп кетпеу үшін).

   Түзу участіктерде колеяның айырмашылығы +, - 4 мм құрайды. Жолдың бұрылысындағы жол құрылғыларының бір қатар ерекшеліктері бар. Олардың негізгілері: сыртқы рельстің ішкіге қарағанда жоғарлығы, өтпелі бұрылыстың қажеттілігі, аз радиусты бұрылыста жол табанының кеңеюуі, ішкі рельс желісіне қысқартылған рельстердің салынуы.

   Жолдың сыртқы рельс деңгейінің ішкіге қарағанда биіктігі бұрылыстың радиусы 4000 мм және одан азайғанда қаралады, ол биіктіктің мөлшері әр бір рельс желісіне түскен күштерді, орталықтан тепкіш күштерді қоса есептегенде, шамамен бір келкі өтіп теңестіру керек.

   Өтпелі бұрылыстың құрылғысы бұрылыспен шектесетін түзудің планында да және профилінде де бір келкі қосылуларына байланысты. Өтпелі бұрылыс планында айнымалы радиусты бұрылысқа жатады. Оның мөлшері шексіз үлкен радиустан бұрылыстың радиусына дейін, сондай-ақ оның қисықтығы оның ұзындығының өзгеруіне пропорционал түрде азаяды.

   Жол табаны (колея) енің кеңейту жылжымалы құрамның бұрылысқа сиуын қамтамасыз ету үшін жасалады. Қос доңғалақ қозғалмайтын етіп тұтас база шегінде қорапқа орнатылғандықтан олар өзара параллельді түрде болады. Сондықтан бұрылыста бір ғана қос доңғалақ радиус бойынша, ал қалғандары бұрышпен орналасады.

   Бұрылыстың ішкі желісіне қысқартылған рельстерді түйіспелердің бір-біріне тура болу үшін пайдаланылады. Бұрылыстардың радиустары әр түрлі болғандықтан ішкі рельстердің ұзындықтары әр түрлі болады. Қысқартылған рельстердің ұзындықтарын бірыңғай стандартты қалыпқа келтіру үшін 25 м буынды рельсті 80-160 мм қысқартады.

   Бұрылыстың ішкі желісіне қысқартылған рельстермен қалыпты рельстерді кезек салады, сонда олардың қарсы түйіспелерінің бір-бірінен ығысулары қысқарту қалпының жартысынан аспау керек, яғни 40,80 мм.

 

 

 

 

 

Өткелдердің топтасуы және міндеті

 

   Өткел – темір жол автомобиль жолдарымен қиылысқан жерлерде өткелдер орнатылады. Өткелдер поезд жүрісінің жылдамдығынан және автомобиль көлігімен СЦБ құрылымымен байланысты 2 түрге бөлінеді:

1. күзетілетін;

2. күзетілмейтін.

   Өткелдер шлакбауммен жарық түсіретін құралдармен сигнализациямен жабдықталынады. Күзетілетін түрінде өткел күзетшісі жұмысын атқарады. Өткел кезекшісінің міндетіне кіреді: өткелдің жол қауіпсіздігін бақылау станция кезекшісінің бұйрығын орындау (ДСП).

ДС – станция бастығы;

П – помощник (көмекші);

ДСП – станция кезекшісі.

   Өтіп бара жатқан поездардың кедергілерін және жол қауіпсіздігін бақылау. Аталған түрінде телефон байланысымен, автоматтандырылған сигнализациямен жабдықталынады. Темір жол жағынан поезд өткелге жақындап келе жатқанда «С» деген белгі орнатылады. Аталған белгіні көргенде машинист жылдамдығын азайтып дыбыс беруге тиісті. Темір жол жағынан өткелге жақындағанда “қауіпті орынның басталуы” деген белгі, ал өткелді өтіп кеткеннен кейін “қауіпті орынның аяқталуы” деген белгі қойылады.

   Автомобиль жолы жағынан “поездан сақтан” деген белгі орнатылады. Өткелдердің аталған екі түрінде міндетті түрде шлакбаум, сигнализациямен, типтік төсеммен жабдықталады.    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жол кедергілері, жол және сигнал белгілері

 

   Жол кедергілеріне жатады: жол тірегі, түсіру табандықтар және стрелка бұрмалары. Жылжымалы составтың қозғалысын тоқтату үшін жол тірегі орнатылады, тіректің басына жарық түсіретін фонарь орнатылады және ақ-қара бояулармен белгіленеді.

   Сигналдың және жол белгілерін бас жолдардың манайынан орнатады, жол белгілерін арнайы бір орынды белгілеу үшін арналған (километрлік белгілер, пикет, еністік көрсеткіші, қисықтардың басталуы және аяқталуы т.б.). Олар жол жұмысшыларына және локомотивтік бригадаларына тиісті орынды табу үшін қажет.

   Километрлік белгі – жолдың он жағынан орнатылады, километрдің саның белгілейді.

   Пикет белгісі – километрлік белгілердің арасында әр бір 100 м орнатылады.

   Еңістік көрсеткіштері – жолдың он жағынан орнатылады, шеткі жолдың осьнан 3100 мм арақашықтықта орнатылады.

   Жол белгілеріне “жолаушы ғимараттың ось”, “стрелка бұрмасының номері” деген белгілер жатады.

   Сигналдың белгілер жол белгілеріне қарағанда тікелей бір істі талап етеді. Мысалы: дыбыс беру, тежеуішті басу және басқа. Сигналдық белгілер: тұрақты және көшірмелі болады. Жол жұмыстарымен байланысты көшірмелі сигналдарға жатады: “қауіпті орынның басталуы, қауіпті орынның аяқталуы”, “С” деген белгі. Ұзақ уақытқа дейін жылдамдықты азайту орындарда тұрақты белгілерге жатады “қауіпті орынның басталуы, қауіпті орынның аяқталуы”, “С” деген белгі.

   Көрінісі нашар жол орындарында (тоннель, үлкен көпірлер) “С” деген белгі тұрақты орнатылады.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жолдың үстінгі құрылымының түрлері

 

   Жолдың үстінгі құрылымының келесі түрлері болады:

1. Ерекше ауыр;

2. Ауыр;

3. Орташа.

   Басқа инженерлік құрылыстарға қарағанда жолдың үстінгі құрылымының элементтері аз аздап жиналатын деформациялармен жұмыс атқарады.

   Ерекше ауыр түрінде ең ауыр рельс Р-75 қолданылады және балассттың қабат азбестің қалдығынан немесе щебеннен, өйткені олардың көтеру қабілеті жоғары. Аталған түрден жүк қуаттылығы брутто 50 мм т км / км жылына арналған, өйткені бұл жолдарда тасымалдау жұмыстарының үлкен көлемі атқарылады.

   Ауыр түрінде Р-65 рельсі қолданылады (жүк қуаттылығы 25 т км/км жылына).

   Орташа түрі 2 бөлінеді:

а) Линияларға – жүк қуаттылығымен брутто 10-25 мм т км / км жылына.

б) Линияларға – 10 мм т км / км жылына төмен.

   Бірінші жағдайда рельстің Р-50 түрі қолданылады.

   Екінші жағдайда қолдануда ескірген Р-50 рельстерден салынады.

   Жолдың жоғарғы құрылымында темір-бетондық және ағаш шпал қолданылады және де түзу участіктерде 1 км/ге 1840 дана салынады. Қисық участіктерде 1200 м радиуспен 1 км/ге 2000 дана шпал салынады.

   Станцияларда, айрықтарда және озу пунктерде, қабылдау – атқару жолдарында жолдың үстінгі құрылымы аралықтағы жолдарға сәйкес болуы керек.

   Сұрыптау және созу жолдарында қолдануда ескірген рельстерді 44,5 кг/пог м жеңіл болмайтын рельстерді қолдануға болады. Сұрыптау дөнесінің жоғары нүктесіне сұрыптау паркісінің басына дейін рельстер өте жақсы жағдайда болуға тиісті. Кейбір кезде депо, тиеу-түсіру, басқа да станцияның жолдарда 38 кг/ пог м салмағымен рельстер кезігеді. Атқарылатын жұмыстың мінездемесіне қарай және станция жолдарының қолданылуына жолдың 1 км 1440 данадан 1600 данаға дейін шпал орнатылады және құнды баласт қолданылады.

   Өте жоғары жылдамдықпен жүретін жолаушы поездардың жолдың үстінгі құрылымынан қатал талаптар қойылады. Егер де поездың жылдамдығы 121-160 км/сағ дейін болса, участікке Р-65 рельсі салынады. Оларды бекіткенде 5 балдақ қолданылады, оның үшеуі рельсті шпалға бекітеді, екеуі подкладканы шпалға бекітеді. Түзу участіктерде және қисықтың радиусы 2000 метрден жоғары болғанда 1840 дана шпал кем салынады. Баласты қабат щебеннен орнатылады.   

 

 

 

 

Түйіспесіз жол (бесстыковой путь)

 

   1950 ж басынан темір жолда түйіспесіз жол. Кенінен қолдануда, ол ең озық және жетілдірілген құрылыс болып саналады. Түйіспелерді жою арқылы жолға түсетін әсерлер азайтылады, жылжымалы құрам доңғалақтарының тозуы және поездардың кедергісі азаяды, сондай-ақ отынмен электр энергиясының шығыны қысқартылады. Рельстердің буындарын өзара қосып пісіріп ұзарту арқылы түйіспелердің саның ерекше азайту арқасында жолдың әр километрірінен металды 1,8 т үнемдеуге мүмкіндік береді және жолды күті мен жөндеу қаражатын кемітеді. Түйіспесіз жолдың қызмет мерзімі түйіспелі жолға қарағанда шамамен 20 %, ағаш шпалдар 8-13 % дейін баласта 25 % дейін артады, ал жолды күнделікті күтуге жұмсалатын еңбек шығыны 10 % - 30 % дейін азаяды. Түйіспесіз жолды Р-65 және Р-75 рельстердің маркаларынан дайындайды. Рельстерді электр түйіспелі әдіспен тұрақты машиналармен немесе көшірмелі түйіспені пісіргіш машиналармен пісіреді. Темір жол жүйесінде пайдаланылатын пісіріліп жалғанған рельстер ұзындығы 950 м ұзартылады ол үшін 800 м рельсті жерге орналастырылғаннан кейін оған 150 м рельсті пісіріп жалғайды. Ең қысқа пісірілген рельстің ұзындығы 150 м кем болмауы керек. Түйіспесіз жолдың ең негізгі жағымсыз жағдайы – жақсы бекітілген рельс сабақтары температураның жоғары көтерілгенде немесе түскенде өз ұзындықтарын өзгерте алмайды. Түйіспесіз жолды әдетте темір бетон шпалдарына бөлектенген бекітулермен және ұсақтас баластына отырғызылады.

   Түйіспелі жолды пайдаланудың 2 түрлі әдісі бар:

1. Рельстерді бекітуді тұрақты температуралық тәртіпте пайдалануды

    көздейді. Ол тиімді және кеңінен қолданылады.

2. Температураның жыл маусымында өте көп құбылу жағдайында

    пайдаланылады. Ол маусымның температуралық қысымының

    бәсендеулерін қарастырады, сондай-ақ жазғы және қысқы мерзімдерін

    рельсіне байланысты рельс сабақтарын жылына екі рет бекітеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Стрелка бұрмаларының негізгі геометриялық элементтері

 

   Стрелка бұрмалары өздерінің міндеттеріне толығымен сәйкес келуі үшін өлшемдердің есептерінен анықталады. Негізгі геометриялық элементтеріне жатады:

 

Ln – стрелка бұрмасының толық ұзындығы (ұштамаларының басынан

       айқастырманың артқы қосылуына дейін).

m – негізгі рельстің алдағы қосылуынан стрелка бұрмасының орталығына

      дейінгі арақашықтығы;

в – стрелка бұрмасының орталығынан айқастырманың шетіне дейінгі

     арақашықтығы;

ао – ұштамалардың басынан стрелка бұрмаларының орталығына дейінгі

      арақашықтығы;

во – стрелка бұрмаларының орталығынан айқастырманың математикалық

       орталығына дейінгі арақашықтығы.

q1 – айқастырманың математикалық орталығынан айқастырманың артқы

       қосылуына дейінгі арақашықтығы.

   Схемалардан белгісі: а = m + ao,     в = во + q,      Lт = Ln – q1 – m,

                                    L = a + в

 

Р = 50        1/18

a = m + ao,      в = во + q1,    Lт = Ln - q1 m,    Ln = a + в.

а = 3,84 + 21,72 = 25,56

в = 27,54 + 4,42 = 31,96

Ln = 25,5 + 31,96 = 57,52

Lт = 57,52 – 4,42 – 3,84 = 49,26

Р = 65        1/22

а = m + ao, в = во + q1,     L1 = Ln - q1 - m,    L = a+в.

а = 5,0 + 26,83 = 31,83

в = 33,61 + 5,64 = 39,25

Ln = 31,83 + 39,25 = 71,08

Lт = 71,08 – 5,64 – 5,0 = 60,44.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кәдімгі стрелка бұрмаларының негізгі бөлімі.

Крестовиналарының маркілері

 

   Кәдімгі стрелка бұрмалары 3 бөлімнен тұрады: стрелка, айқастырма бөлімдерінің комплектілері және олардың ортасындағы қосу жолдары. Стрелка бұрмасының негізгі рельстердің негізінен айырмашылығы келесіде: стрелка бұрмалардың негізінде шпалдың орнына бұрылыс бруста орнатылған. Стрелка бұрмаларының негізгі мінездемелері айқаспаның түрлері мен маркалары саналады. Стрелка бұрмаларының түрлері рельстердің түрлерімен анықталады. Қазіргі кезде стрелка бұрмаларының түрлері Р-65 және Р-50. Ескі түрлерінен Р-43 кезігеді.

   Айқастырмалар жылжымалы құрамның доңғалақтарын бір рельс желісімен екінші рельс желісімен қиылысқан жерден өткізу үшін қажет.

   Айқастырманың негізгі бөліміне айқастырма өзекшесі және айқастырма жақтаулары жатады. Өзекшенің бүйір жиектері  көлемімен қиылысады, ол айқастырманың бұрышы деп аталады. Аталған бұрыш бөлшекпен 1/п анықталады, онда N – өзекшенің ұзындығы қаншаға енінен жоғары екенің білдіретін сан. Ол айқастырманың маркасы деп аталады.

   Кәдімгі стрелка бұрмасында 1/22; 1/18; 1/11; 1/9 маркаларын қолданылады.

   Симетриялы стрелка бұрмаларында – 1/11; 1/9 және 1/6, тұйық қиылысуда – 2/11; 2/9 және 2/6.

   Айқастырманың маркасымен стрелка бұрмасының ұзындығы және қисықтың радиусы байланысты, стрелка бұрмасының ұзындығы және қисықтың радиусы аз болғанымен айқастырманың маркасы да күшейтілген болады және бүйір жолына ауысқанда жылдамдығы төмен болуға тиісті 1/11 маркасында жылдамдығы 50 км/сағ аспауы керек. Егер де стрелка бұрмаларының маркалары 1/18 және 1/22 құрағанда бүйір жолға ауысу жылдамдығын 2 есе көбейтуге болады (85-120 км/сағ).

   Айқастырма бөліміне жанама рельстерге кіреді, олар доңғалақтардың жиектерін айқастырмалардың ішіне бағыттайды.

   Стрелка жылжымалы құрамды түзу жолдан бүйір жолына бағыттайды: ол 2 негізгі рельстерден және ұштамалардан тұрады (оның біреуі негізгі рельске жабысып тұрады, ал екіншісі алшақ орналасады) және бұру механизмдермен ұштамалар қосылған рельстер негізгі деп аталады. Негізгі рельстердің ұзындығы 12,5. Ұштамалар арнайы ұштама рельстерден жасалады ОР-75, ОР-65,  ОР-50.

   Бұру механизмдерден электро привод көбінесе таралған, ұштамаларды ауыстырып керекті жағдайда бекітеді. Орталықтандырылмаған түрінде ұштамалар қолмен ауыстырылатын бұру механизмдерімен ауысады. Бұрылыс брустар стрелка бұрмасының конструкцияларын біріктіріп доңғалақтан түскен қысымды баласты қабатқа жібереді. 

 

 

 

 

Стрелка бұрмаларының түрлері және қолдану жері

 

   Стрелка бұрмалары және тұтас қиылысулар бекітілген сызуларға және жолға салынған рельстердің түрлеріне сәйкес келуі керек және де айқастырмалардың келесі маркалары болуға тиісті:

1. Бас және қабылдау-атқару жолаушы жолдарында – 1/11, ал тура бағытпен жүретін жолаушы поездарда стрелка бұрмаларының айқастырмаларының маркалары 1/9 болуға тиісті.

2. Жүк қозғалысында қабылдау-атқару жолдарында – 1/9, симметриялы түрінде 1/6.

3. Басқа жолдарда 1/8.

   Стрелка бұрмаларын тәртіпте сақтап және олардың жағдайын уақытында бақылап отыруы керек. Техникалық пайдалану ережесінде стрелка бұрмалардың жарамсыздықтары жазылған. Егер де стрелка бұрмасында төменде жазылған 1 жарамсыздық байқалса қолдануға тиым салынады. Бұл келесі жарамсыздықтар:

1. Стрелка ұштамасының (остряк) қозғалмалы айқастырма өзекшесінің

    тартқышынан ажыратылуы.

2. Ұштаманың негізгі рельстен қалуы.

3. Жылжымалы өзекшеде немесе ұштамада кетіктің пайда болуы:

   а. бас жолдарда ұзындығы 200 мм

   б. қабылдау-атқару жолдарында 300 мм

   в. станциялық жолдарда 400 мм.

4. Айқастырма өзекшенің жұмыс қырымен және жанама рельстің (контрельс)

   басының жұмыс қырымен аралығы 1472 мм кем болса.

5. Жанама рельстің басының жұмыс қырымен және усовиктің аралығы 1435

   мм жоғары болса, ұштаманың, жанама рельстің сынуы, айқастырманың

   сынуы (өзекшенің, усовиктің).

6. Жанама рельстің болтының сынуы рельстің, ұштаманың, усовиктің,

    айқастырма, өзекшенің тігінен тозуы (вертикальный износ). Кәдімгі

    стрелка бұрмаларының ұзындығы 30-70 м құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Стрелка бұрмаларының міндеті және олардың түрлері

 

   Жылжымалы құрамдарды бір жолдан екінші жолға ауыстыру үшін арналған жол құрылымы стрелка бұрмалары деп аталады, ал бір жол екінші жолмен қиылысуға арналған құрылым тұтас қиылысуы деп аталады (глухие пересечения).

   Стрелка бұрмасы қолдану әдісі бойынша 2 түрге бөлінеді:

1. Орталықтандырылған (централизованное);

2. Қолмен ауыстырылатын (ручной).

   Өте жиі стрелка бұрмалары 2 жолды бір жолға қосылуын талап етеді, бұндай стрелка бұрмалары жалғыз деп аталады (одиночные стрелочные переводы). Планда орналасуы бойынша жалғыз стрелка бұрмалары кәдімгі, симметриялы және симметриясыз деп бөлінеді.

   Кәдімгі (обыкновенные) – негізгі түзу жолға бүйір жол қосылады.

   Симметриялы – түзу жолдан 2 симметриялы жол кетеді.

   Симметриясыз – олардың 2 жолы бір жаққа немесе әр түрлі жаққа бағытталған.

   Симметриялы және симметриясыз түрлері қолдануда 2 % ғана құрайды, ал басқасы жалғыз стрелка бұрмасы қолданылады.

   Стрелка көшесі – бірқатар параллельді жолдарды қосуға арналған (стрелочная улица).

   Съезд (қосылуы) – жылжымалы құрамдарды бір жолдан көршілес параллельды жолдарға ауыстыру үшін арналған. Симметриялы жолдар қолданылады егер де стрелка бұрмасында негізгі тұра жолдың керегі болмаса. Симметриясыз стрелка бұрмаларының қос түрі болады (двойные) олар өте тар жерлерде арнайы тапсырма бойынша орындалады, олар үш жолды бір жолға қосу үшін арналған.

   Тұтас қиылысуы тік бұрышты және қисық бұрышты болуы мүмкін. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағыттама бұрманың түрлері және қолданылуы

 

   Темір жол желі өз арасында бағыттама бұрма арқылы қосылады, олар жылжымалы составтын бір желіден басқаға поездын ұзындығына және маневрлік составына қарамай өтуін мүмкін (қамтамасыз етеді).

   Бағыттама бұрма негізгі бөліктерден құрылады:

- бағыттама (стрелка), екі рамалық желі, екі жылжымалы үшкірден

  (подвижной остряк) және ауыстыру механизмден;

- айқастырмадан, өзекше (сердечник) және екі усовиктен (усовик);

- контр желіден;

- жалғастырылған жіп тәрізді (нитевидный) желі, оның ішіне кіреді ауыспа

  қисық сызығы (переводная кривая);

- ауыстырмалық білемдер (брусья переводные).

   Бағыттамалы бұрманың үш түрі болады: дара (одиночные), қос қабатталған (сдвоенные) және айқасқан (перекрестные).

   Дара симметриялық бағыттама бұрма: дара симметриялық бағыттама бұрма екі желі негізгі бағыттан төмен , ол арқылы бағыттамалық қисықтын (кривая) радиустарын көтеруге және айқастырма (крестовина) үлкен бұрышпен ен шағын ұзындығын аударманы (перевод) алу үшін.

   Қос қабатталған. Ол симметриялық және симметриялық емес, оның ішінде жан-жақты және бір жақты.

   Айқасқан.

   Айқасқан бағыттама бұрма, екі желі қосылған жерде салынады, оның ішіне кіреді 4 қос үшкір, екі сүйір айқастырма (крестовина острая) контр желімен және арнайы доғал айқастырма (крестовина тупая).

   Айқасқан бұрма ірі станцияларда қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Съездар және олардың есебі

 

   Екі параллель жолдың ортасында съезд орнатады кәдімгі (қысқартылмаған), қысқартылған және қиылысқан (перекрестный).

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Станциялық жолдар

 

   Жол дамуымен бөлу пункттерінің шекарасында орналасқан жолдар жалпылама атауын тапқан станциялық деген. Станциялық жолдар: бас жолдар, қабылдау-атқару және сұрыптау, тиеу-түсіру, созу, деполық (локомотивтік және вагон шаруашылық) арнайы және басқа да жолдар.

1. Бас жолдары – аралықтағы жолдардың жалғасы болып саналады және де

    стрелка бұрмаларында ауыспайды. Олар поездарды тоқтаусыз өткізу үшін

    арналған (тек жолаушы поездар бас жолдарда тоқтап жолаушыларды

    отырғызып түсіреді.

2. Қабылдау-атқару жолдары – поездарды қабылдап, тоқтату үшін арналған.

    Бір жолдық участіктерде поездарды айқастырғанда тоқтатады,

    жолаушыларды отырғызу және түсіру, басқа да операцияларды орындау

    үшін арналған.

3. Сұрыптау жолдары – вагондарды бағыт бойынша бөлу және вагондардан

    поездарды құру.

4. Тиеу-түсіру жолдар – вагондарды тиеуге немесе түсіруге қою. Тиеу-түсіру

    жолдардың манайында уақытша жүктерді сақтау үшін жүк қоймаларын

    орналастырады.

5. Созу жолдары – вагондарды сұрыптау үшін жылжымалы құрамдарды бір

    жолдан екінші жолға қою және басқа да маневрлік операцияларды атқару

    үшін арналған (вытяжные пути).

6. Депо жолдары – жөндеу, даярлау және басқа да операцияларды атқарғанда

    вагондар мен локомотивтерды өткізу үшін арналған.

7. Қосу жолдары (соединенные пути) – негізгі станциялық жолдарды,

    парктерді, контейнерлік алаңдарды, сұрыптау платформаларды, жаңармау

    қоймаларды бір-бірімен байланыстырады.

8. Басқа жолдарға жатады жүріс жолдары (ходовые пути) локомотивтерді

    қабылдау-атқару жолдарға өткізу үшін арналған; таразылық – (жүк

    аулаларында), жол машиналарды, қар тазалағыш поездарды қою үшін

    арналған жолдар.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шеттік қадаулар, сигналдар және орналасу орындары

 

   Поездар, жеке вагондар және локомотивтар станция жолдарында тұрғанда көршілес жолдардан жылжымалы құрамдардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуі керек. Аталған талаптар шеттік қадалардың орналасуын талап етеді.

   Сигналдар жол қауіпсіздігін және маневр жұмысын қамтамасыз етеді. Сигналдар бұйрық болып саналады және оларды бұлжытпай орындау керек.

   Сигналдарға: бағдаршамдар, ескерту дискілер, маневр щиттар жатады. Негізгі сигналдар бөлінеді:

1. Кіре беріс – аралықтар жағынан станцияларды қоршау.

2. Шыға беріс – станциялардан аралыққа поездарға шығуға рұқсат немесе

    тиым салады.

3. Маршруттық – станцияның бір ауданынан өтуге рұқсат береді немесе

    тиым салады.

4. Маневрлік – маневрлерді орындауға рұқсат береді немесе тиым салады.

   Бөлу пунктерде кіре беріс сигналдарды бірінші стрелка бұрмасынан 50 м арақашықтықта орнатады. Электрленген участіктерде қосылу жүйесінің жөндеу жұмыстарын атқару кезінде жұмыс қауіпсіздігі үшін бірінші стрелка бұрмасынан арақашықтығы 300 м болуға тиісті. Шеттік қадалардың немесе сигналдардың орналасуы және стрелка бұрмасының орталығынан есебі 3 жағдайда келесі формулаларда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жолдардың толық және пайдалы ұзындығы

 

   Станциялық жолдардың толық және пайдалы ұзындығының айырмашылығы болады.

   Пайдалы ұзындық деп – жолдың бір бөлігінде жылжымалы құрам орналасқан кезде және көршілес жолдардан жылжымалы құрамның өтуін қамтамасыз етуін.

   Толық ұзындығы шектелуі мүмкін: шыға беріс сигналдар болмаған кезде шектік қадаулармен. Мысалы: алты жолдың ұзындығы – шектеледі бұрмалардың шектік қадаулармен 12 және 19.

   Қарама-қарсы жолдың аяғында шыға беріс сигналмен және шектік қадаумен.

   5 жолдың толық ұзындығы – шектеледі сигналмен Н5 және стрелка бұрмасының шектік қадауымен 15, 3 жолдың толық ұзындығы – сигналмен Н3 және стрелка бұрмасының шектік қадауымен 13.

   2 жолдың толық ұзындығы – сигналмен Ч2 және стрелка бұрмасының шектік қадауымен 2.

   Жолдың екі жақты әрекетінің толық ұзындығы бас жолы 1 болып табылады, бағыт бойынша бөлек саналады:

   Б бағытқа стрелка бұрманың шектік қадауының 4 және сигналдың Ч1 арақашықтығы;

   А бағытқа стрелка бұрмасының шектік қадауының 5 және сигналдың Н1 арақашықтығы.

   Станция жолдың толық ұзындығын санағанда мысалы:

   Жол 7 - стрелка бұрманың осьнан 12 стрелка бұрма 19 арасындағы арақашықтығы.

   Жол 6 с- трелка бұрмасынан  8 стрелка бұрмасының 15 дейін арақашықтығы.

   Жол 5 - стрелка бұрмасынан 6 стрелка бұрмасының 13-ке дейін арақашықтығы.

   Жол 3 - стрелка бұрмасынан 4 стрелка бұрмасының 3-ке дейін арақашықтығы.

   Жол 2 - стрелка бұрмасынан 2 стрелка бұрмасының 5-ке дейін арақашықтығы.

   Созу жол 4 - стрелка бұрмасынан 11 аяғына дейін.

   Жол 8 - стрелка бұрмасынан 9 аяғына дейін.

   Жол 9 - стрелка бұрмасынан 23 аяғына дейін.

   Жол 10 - стрелка бұрмасынан 10 аяғына дейін.

   Жүк жылжуға арналған қабылдау-атқару пайдалы ұзындығы поезд ұзындығына қарай проекті құрайды. Жолдың проектісі пайдалы ұзындығы 1050 және 850 м болу керек.

   Жолаушы поездға пайдалы ұзындығы ең ұзын 500 м – ге дейін жеткізу керек.

   Сұрыптау жолдардың пайдалы ұзындығын, составтың құру ұзындығына қабылдайды сұрыптау станцияларда ұзартылуы 10 % кем болмау керек.

   Сақтандырғыш тұйықтардың пайдалы ұзындығы 50 м кем болмау керек.

   Негізгі созу жолдың учаскелік және сұрыптау станцияның пайдалы ұзындығы жүк поездың ұзындығына тең болу керек.

   Аралық станцияның пайдалы ұзындығы поездардың жартысы ұзындығынан кем болмау керек. (200 м кем болмау керек).    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жолдардың парктері және станциялардың мойнақтары

 

   Станцияға келген поездарды арнайы жолдарға қабылдайды, бұл жолдарды стрелка көшелері арқылы қабылдау паркілерге біріктіреді. Қабылдау паркілері участкелік, сұрыптау, жүк және жолаушы станцияларда болады. Олардан технологиялық процесстерге байланысты операциялар атқарылады, олардың түрлеріне байланысты айырмашылығы болады. Учаскелік, жүк және сұрыптау станцияларды келген поездарды техникалық, коммерциялық қараудан, сұрыптау операцияларын атқарғаннан кейін атқару паркісіне, жүк қоймалардың тиеу-түсіру жолдарына немесе кәсіпорындардың кірме жолдарына беріледі. Жолаушы станцияларда соңғы түсіріп және багаждарды, почтаны түсіріп болғаннан кейін техникалық паркке жібереді, онда жөндеу, қарау, даярлау және жылжымалы құрамды атқаруға беру операциялар атқарылады. Жолаушы поездарды орналастыру жолдарды техникалық парктерге біріктіреді. Поездардың көбі транзитпен өтеді. Ондай поездарды арнайы қабылдау-атқару парктерге қабылдайды және осы парктерден жөнелтеді. Учаскелік сұрыптау жүк және жолаушы станцияларда қабылдау-атқару паркілерде локомотивтерді және локомотивтік бригадаларды ауыстырады, техникалық қараудан өткізеді, вагондарды ағытпай жөндейді, жолаушы поездарды сумен жабдықтайды және де басқа операциялар атқарылады.

   Вагондарды және составтарды сұрыптау үшін сұрыптау жолдарға қабылдайды.

   Сұрыптау жолдар сұрыптау парктерге бірігеді. Қозғалыс аз көлемде болғанда, станцияларда барлық операциялыр (қабылдау, сұрыптау, атқару) бір жолдарда атқарылады. Аталған жолдар біріккен парк деп аталады.

   Станция мойнағы дегеніміз ол – стрелка бұрмаларының стрелка көшелерінің, съездардың тобы. Мойнақтардың технологиялық ерекшелігі – оның шекарасында жылжымалы құрам тоқтамау керек, өйткені олар парктердің және станциялардың өткізу элементтері болып саналады. Олар қозғалыс қауіпсіздігінің, өткізу қабілетін және жақсы маневрлігін қамтамасыз ету керек.

А - бағыттан ПО-1 және ПО-2 мойнағы болып саналады: стрелка көшелері 23-27,29, 13-19, 31-33 және съездар 1-3, 5-7, 9-11.

Б - бағытқа стрелка көшелері 6-12, 14-18 және съезд 2-4.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Парктерді белгілеу және жолдарды,

стрелка бұрмаларды, сигналдарды нөмерлеу

 

   Жұмыстың ыңғайлығына қарай әр бір бөлек парктерге, жолдарға және стрелка бұрмаларына нөмер немесе белгі беріледі. Парктерді атқаратын міндеттеріне қарай белгілейді:

(қабылдау-атқару паркісі, приемо-отправочный пункт ПОП)

(сұрыптау паркісі, сортировочный С)

(қабылдау, приемо П)

(атқару, отправление О).

   Егер де бір міндетті атқаратын станцияның шекарасында бірнеше парк орналасса белгінің қасына нөмер қойылады, мысалы: ПОП-1, ПОП-2, П-1,

П-2. Немесе сөздерді қосады «тоқсан, жұп сан». Бас жолдары римдік сандармен белгіленеді. Қабылдау-атқару жолдары араб сандарымен белгіленеді. (Жұп сан бағыттан – жұп сандармен белгіленеді, тақ сан бағыттан – тақ сандармен белгіленеді).

   Жолдардың сандарын жолаушы ғимаратынан белгілейді, ал станцияда жолаушы ғимараты болмаса бас жолдардан. Әр бір стрелка бұрмасына нөмер беріледі. Жұп сан поездар келетін жақтан – жұп сандармен белгіленеді, тақ сан поездар келетін жақтан – тақ сандармен белгіленеді.

   Номерация станцияның кіре берісінен басталады, парктің құрамына кірмейтін стрелка бұрмалары реттік сандармен белгіленеді. Жоғары жол дамуымен станцияларда стрелка бұрмаларды парктермен белгілейді. Әр бір паркте 100 нөмер беріледі. Мысалы: а паркісіне 100-199 дейін, б паркісіне 200-299 дейін.

   Станцияларда сигналдарға белгі беріледі, жұп сан бағдаршамға 4 деген белгі беріледі. Тақ сан бағдаршамдарға Н деген белгі беріледі. Бұл белгілер кіре беріс бағдаршамдарда орнатылады, ал шыға беріс бағдаршамдарға аталған әріптер орнатылады және жолдың нөмері белгіленеді (Ч1, Ч2, Н1, Н2).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жол және қосымша постары

 

   Жол постары автоматикалық блокировкамен жабдықталмаған линияларда орналастырылады, олар қоршау аралығына поездарды кіру және тиым салу үшін қызмет етеді.

   Әр поста кезекші отыратын ғимарат болады және жарты автоматты блокировкамен жабдықталады станцияларымен жол посттармен байланыстыру үшін басқа аралықтын шетінде орналасқан. Станция кезекшісі арнайы электр тәуелділікпен (зависимость) постың сигналын поезд қозғалысына рұқсат немесе тиым салады.

   Қосымша пост аралықта жанасу пунктың кірме жолдың аралығына қызмет ету үшін арналған.

   Суретте а көрсетілген қосымша пост екі жолдың магистралінде А-Б, үлкен өзенді өткен кезде бір бағыттық көпір сақталынған. Стрелка бұрмалары 1,2,3 пост ғимараттан қызмет етіледі, оның ішінде керекті СЦБ аппаратуралар мен жабдықталған, жақын бөлек пунктпен байланысқан. Шыға беріс бағыттан А жолдан ІІ жолға қоршалған сақтандырғыш тұйықпен 3.

   Суретте б қосымша пост жол дамусыз көрсетілген, ол поездарды тарқатады, А бағыттан келген екі бағытқа Б и В. Осындай пост үлкен станцияны шыға берісте орнатады: 1 бағыттаманы ауыстыру станция кезекшінің бұйрығымен орындалады. Станция электрикамен жабдықталса қосымша пост орталық басқаруына алынады. Суретте в екі бағыттың қосылуы Б және В бағыттан поезд жүрісіне А бағытқа. Осындай қосымша пост ірі станцияға жақындауына А-да орналасқан.

   Сақтандырғыш тұйық 3 поезд шығуын қоршайды, В бағыттан поезд өтуіне бағытқа Б-А. Тұйықтың 3 орналасуы ІІ жолында жолдың А-Б артылығын білдіреді, В-А жол артылық маңызы болса, онда сақтандырғыш тұйықты Б-А жолда орналастыру керек.

   Сурет г кірме жолдың үстінде көп уақыт вагондар жүкті тиеуге және түсіруге операциялар атқарылса қолданылады.

   Қосымша постың орналасуын таңдайды сигналдар жақсы көріну керек, стрелка бұрмалары түзу жолда орналасу керек, поездық сигналдың қасында тоқтаған кезде орыннаң жақсы қозғалуына.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Айрықтар және озу пунктары

 

   Айрықтар поездардың озуына және айқастырылуына кей кезде жолаушыларды отырғызып түсіруіне және аз ғана жүк тиеу жұмыстарына арналған. Осы операцияларды атқару үшін айрықтарда негізгі жолдан басқа қабылдау-атқару жолдар, жолаушы ғимараттар және платформалар, тиеу-түсіру тұйықтар және сигнализация байланыс болу керек.

   Айрықтың екі типі болады: көлденең және бойлық жолдың орналасуымен.

   Әдетте (обычно) айрықта екі айырылысу жол болу керек, олар арқылы екі қарсы жүк поезды айрықта болса жолаушы поезды негізгі жолмен өткізуге болады. Осындай жағдайда жүк поезды жолаушы поезд озып кетеді, ал басқа жүк поездбен айқастырылады.

   Айрықта қозғалыс көп жағдайда үш-төрт айырылысу жол болу керек.

   Айрықта жолдың пайдалы ұзындығы стандарт станция жолдың ұзындығына сәйкес келеді (1250, 1050 және 850 м).

   Бізде он жақ қозғалыстың принципі қолданылады. Бірақ айрықта бойлық жолдың орналасуымен осы принциптен шегінеді (отступают).

   Осындай айрықта әр жолды екі бағытқа жүретін поезды өткізуге пайдаланады. Ол арқылы әр бос жолға қабылдайды және өткізеді.

   Айрықтар бойлық жол орналасуымен поезд айқастырылу жұмысын өткізу үшін бір поезды айрылысу жолда тоқтатып қарсы келген поезды негізгі жолмен тоқтатпай болмаса екі поезды тоқтатып өткізеді.

   Айрықтың бойлық типтің құндылығы поезды аз шапшандықпен тоқтатпай айқастырудың мүмкіндігі бар. Қарсы келген поезды айрыққа бір уақытта немесе 2 мин айрмамен айрылысу жолмен тоқтатпай өткізеді. Тоқтаусыз поезд айқастырылуы диспетчерлік орталықпен жабдықталған бір бағыттық жолдарда ұйымдастырылады.

   Жолаушы ғимараттар айрықта негізгі жолдың осьнан 20 м жақын болмау керек. Негізгі жолаушы платформа жолаушы ғимараттың жағынан орналасады. Аралық платформаны екі жолдың ортасында орнатады. Екі жолаушы поездың айқастырылуы болса сондай кезде екі поездың жолаушылардың поездға отырғызуға және түсіруге мүмкіндігі бар.

   Аласа платформалардың биіктігі 200 мм рельстің басынан аспау керек.

   Айрықты орналастырады бір бағыттық участоктың өткізу қабілетін қамтамасыз ету үшін.

   Озу пунктар ең қарапайым бөлек пункт екі бағыттық жол дамуымен болып табылады. Олар поездың өткізуіне және озуына жолаушыларды отырғызу түсіруіне арналған. Осындай операцияларды атқару үшін озу пунктарда озу жолдар, жолаушы ғимараттар және платформалар болу керек. Ең ыңғайлы озу пункт бойлық мамандырылған қозғалыс бағытпен. Озу поезды бір жақ жолға қабылдайды, ал озатын поезды шапшанды түсірмей негізгі жолмен өткізеді.

   Айрық және озу пункт СЦБ байланыспен, жарықпен жабдықталған, қызмет бөлмедері жолаушы ғимараттарда орналасады, озу пункта жұмыс істейтін жұмысшыларға тұратын үйлер салынады.     

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Жолдар мен станция құрылымы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист-аналитик

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 838 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.02.2016 20797
    • DOCX 69.4 кбайт
    • 130 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Оразаева Сауле Сериковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Оразаева Сауле Сериковна
    Оразаева Сауле Сериковна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 44511
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой