Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / "Жомарт күздің жемістері" мерекелік ертеңгілік
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

"Жомарт күздің жемістері" мерекелік ертеңгілік




Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

"Жомарт күздің жемістері"


Ашық сабақ тақырыбы: «Жомарт күздің жемістері »


Мақсаты:

Тәрбиеленушілерге күзгі табиғаттағы ерекшеліктері туралы түсінік беру. Тәрбиеленушілердің күз байлықтары: астық, көкөніс, жеміс-жидектер туралы білімдерін кеңейту. Алтын күздің адамға берер пайдасын түсіндіру және табиғатты сүйюге тәрбиелеу.


Көрнекіліктер:

Күз туралы суреттер мен даналық сөздер, күзгі ағаш, күз көкөністері, жеміс-жидектері, жапырақтар және музыкалық аспаптар.


Кіріспе сөз:


Мұғалім:

Табиғат-күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің ерекшелігі мен есте қалатыны қазан айы. Айнала сары түске боялып, сары алтындай жалтырап көздің жауын алары сөзсіз.


Не қасиет бар дейсің, осы күзде-

Деп айтқаны әркімнің есімізде.

Ет майымен тоқашын қолтықтап ап,

Байлық, ырыс әкелген осы бізге.

Талай-талай басынан таңды асыра,

Алтын дәнін тиеп ап арбасына

Қараңыз өзі бастап кеткен жоқпа,

Отанның берекелі қамбасына


- деп ақын ағамыз Мұқағали Мақатаев жырлағандай бүгінгі ашық сабағымызда күз туралы, күздің кереметі туралы өнерімізді ортаға салуға ортаға салайық. Ендеше шағын орталық «Бүлдіршін» тобының тәрбиеленушілері өнер көрсетеді. Міне,сары алтындай күзіміздің қуанышты бір күні. Күз айы ерекше берекелі,мерекелі ай. Әрбір үйдің дастарханын дәмге,еліміздің қоймасын дәнге толтыратын Алтын да, жомарт күзімізді жеміс-жидектерімен ортамызға шақырайық. (Тәрбиеленушілер «Алтын күзбен» бірге ортаға келеді).


Алтын күз: « Жомарт күздің жемісі» дәмді болсын,

Көңіліміз жайнасын,әнге толсын!


Ән «Күз келгенде»

Әннен соң, тәрбиеленушілер тақпақтарын айтады.







Дамир:


Күзде жауын, бұлт, тұман,

Сары жапырақ жауады!

Сары құйын ұйытқан,

Сапырады ауаны.

Жанайкерім:


Құстар қайтты ән салып,

Бұлт торлады аспанды.

Қыс келеді жар салып,

Күзгі суық басталды.



Алтын Күз:-Мен байлық пен молшылыққа толы мезгілмін. Себебі:



Айбар:

Ел егінді жинайды,

Қырманға дән сыймайды..

Біздің дала-бай дала,

Аслтын астық айнала.


Ә.Алихан:

Сап-сары маңай

Сап-сары тоғай.

Соңғы әнін айтып

Құс кетті қайтып.


Мұғалім: Осындай дәулеті тасқан еліміздің алқабы астыққа толы болса нан да,ән де болары сөзсіз. Олай болса, Алтын күзіміздің кереметтеріне куә болайық (Ортаға жемістер шығады)



1)Құлпынай: Рабия

Құлпыртамын бау,бақты,

Құлпынаймын мен тәтті.


2)Жүзім: Малика

Жұлып едім жүзімді,

Жүзі бірден үзілді.


3)Алма: Б. Алихан

Бір тістеп өзін алғамды

Күнде қызыл алмамды .


4)Қауын: Нұрай

Жинап жатыр ауылым,

Сап-сары ала қауынын.


5)Қияр: Б. Ералы

Қызықтың ба қиярға,

Алда жей бер ұял ма.


6)Өрік: А. Ералы

Уылжыған өрікпін,

Мен бау-баққа көрікпін.


7)Асқабақ: Нұралы

Асқабақтың дәмі,

Таңдайымда әлі.


8)Қызанақ: Інжу

Қып-қызыл боп қалғанда,

Қызанақпын таңданба!


9)Қарбыз: Жанайкерім

Қарбыз жесең жанағы,

Шөлің әбден қанады.



10)Сәбіз: Ә. Алихан

Көкөніс бұл қалаулы,

Жасамас онсыз Палауды.


11)Қырыққабат: Дамир

Бақшамызда өседі,

Керек тағам деседі.


12)Алмұрт: Айбар

Қарап ұқсас сұрқына,

Ұқсатты алма тұрқына.





Ән: «Жаңбыр»


Мұғалім: Алтын күз сіздің себетіңізде жапырақтарыңыз бар секілді,олар тапсырмалар болар бәлкім?


Алтын күз:-Әрине,(Жапырақтарын көрсетеді). Күз жұмбақтардың шешуін ортаға шығарып тұрады.


1-Жапырақ тапсырмасы:

Мақал – мәтел айт.



Інжу:

Санай бер, қарай бер,

Бояуы жүз, келді күз.


Б.Ералы:

Көк алманы үзбе,

Өзі үзілер күзде.


2-жапырақ тапсырмасы:


«Көкөністердің адамға пайдасы».

(Балалар ортаға шығып орындайды.)


Құлпынай(Суретін көрсетіп) көздің көргіштігін жақсартады. Кітапты көп оқыса көз талады. Сондықтан құлпынай жеген адамның көру қабілеті жоғарлайды.


Қауын құрамында қант көп.Ол бүйрек,асқазан ауруларына ем.Беттегі безеуді,секпілдерді кетіруге көмектеседі. Ет қайнап жатқанда қауынның қабығын салса жұмсақ болады .


Сәбіз құрамындағы А дәрумені адамның бойын өсіреді, көру қабілеті мен теріні жақсартуға ықпал етеді.


Пияз тамаққа ерекше дәм береді.Жұқпалы аурулардың микробын өлтіреді.Сарымсақ пен жуа өкпеге салқын тигенде,жөтелгенде емге қолданылады.


Қырыққабат екіжылдық бақша өсімдігі. Құнды дәрумендерімен, дәрілік қасиетімен және айрықша дәмімен ерекшеленеді.


Қарбыз құрамында Ғе көп.Қан көбейтеді. Бүйрек,бауырдың жұмысына көмектеседі.Дәндерінен май алынады.Ішек құртын емдеп,қан тоқтатады.


Мұғалім: Алтын күзіміздің жапырақтары арқылы жемістердің емдік қасиеттері мен де таныстық. Осы көкөністеріміз бен жемістерімізге байланысты ойын ойнап сергіп алайық.


Ойын

Шарты: Ағашта өсетін жемістерді атағанда қол шапалақтайды (Алма,банан т.с.с). Жерде өсетін көкөністерді атағанда аяқ топылдатады. (Картоп,жуа т.с.с)


3-жапырақ тапсырмасы:

Тақпақ айтып бер



Рабия:

Жомарт көңіл, жарқын күз,

Беркесі халқымның.

Қош келіпсің, алтын күз

Құт қонағы төрімнің!


Малика:

Алақай-алақай

Шаттанады балақай.

Береке-салты күз,

Мереке-Алтын күз.



Б. Алихан:

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді.

Жемістериін жинауға,

Шақырады біздерді.


Нұрай:

Көрініп еліме,

Күндері мереке.

Келді ғой еліме.

Күз дейтін мереке



А.Ералы:

Сап-сары маңай,

Сап-сары тоғай

Соңғы әнің айтып,

Құс кетті қайтып.



4-жапырақ тапсырмасы:

1-ден 5-ке дейін санап бер.


5-жапырақ тапсырмасы:

Қандай жемістерді жіне көкөністерді білесің?



6-жапырақ тапсырмасы: ( Жұмбақтар)



1)Жерге қазық қақтым,

Басына айдар тақтым. (Сәбіз)


2)Жеп көріп ем өзін мен,

Жас шығарды көзімнен. (Жуа)



3)Бүрі,бүрі,бүрі бар,

Күн келбетті түрі бар. (Күнбағыс)


4)Піспеген де сырты қара,өзі қатты,

Ал,піскенде ерекше дәмі тәтті. (Картоп)



Би: «Жапырақтар»


Мұғалім: Алтын күзіміздің тапсырмаларын орындадық. Күзіміздің қоштасатын уақыты да жақын екен. Балалар, Алтын күзімізге биыл жинаған байлығымыздан салып берейік. Келіндер, себетті жеміс-жидектермен толтырайық (балалар себетке тұра қалады).


Алтын күз:

Байлығымды жинадым,

Барымды мен сыйладым.

Алға бастар жолым бар,

Аман –есен болыңдар.


Мұғалім: Енді, біздің сыйлығымыз дайын. Алтын күзе сау бол айтайық.

Балалар: «Сау болыңыз!»-дейді.


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 13 декабря. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-403552
Курсы профессиональной переподготовки
133 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 13 декабря
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>