№199 орта мектебі
«Үздік информатик» сайысы
Дайындаған: А.Мырзабаев – информатика пәні мұғалімі.
Төребай би ауылы ауылы
2020-2021 оқу жылы
«Үздік информатик» сайысы
Өтілу барысы:
I. Ұйымдастырушылық кезең
Оқушыларды сайысқа шақыру
II. Сайысты өткізу программасымен таныстыру
Әділқазылар алқасымен таныстыру
Сайысты өткізу
Әділқазылар алқасының қорытынды жариялауы
Марапаттау
Жүргізуші:
Тойлап маржандай боп өлеңдесіп,
Достарым отырсың ба елеңдесіп.
Ата - салт, баба дәстүр жолыменен,
Алайық біз әуелі сәлемдесіп.
Ұстаздар аман ба екен құрбы - құрдас,
Сыныптас бірге оқып болған сырлас.
Жақсыма денсаулығың хал жағдайың,
От басында аман ба мал менен бас.
Жүргізуші:
Бүгін біздің сіздермен бірлесе отырып,
«Үздік информатик» атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Білімділігі мен
тапқырлығы, алғырлығы мен танылған оқушыларды ортаға шақырамыз.
Әділ халқым берерсің әділ баға
Өнері мен өренін салыстырып
Ең алдымен сіздерге осы ойында әділ бағасын берер
әділқазылар алқасымен таныстырайық:
Төрағасы, төбебилер, жюрилер
Әділетпен кеңес құра біліңдер – дей отырып сайысымыздың
1 - кезеңі «Теориялық білім» сайысын бастаймыз. Сайыскерлер кез-келген бір
сұрақты таңдайды. Бағалау шкаласы 10 ұпайлық.
1-сұрақ: Windows операциялық жүйесіне сипаттама беріңіз
2-сұрақ: «Ақпарат» ұғымын қалай түсінесіз
3-сұрақ: Информатика ұғымына анықтама беріңіз
4-сұрақ: Дербес компьютер жайлы мағлұмат беріңіз
І жүргізуші:
Келесі кезең «Программист-дизайнер»
Әр оқушыға практикалық жұмыс беріледі. Өзі
таңдаған тақырып бойынша PowerPoint программасында прзенетация құрып, оны
қорғайды. Қойылатын талаптар: программаның барлық мүмкіндігін пайдалана отырып,
көрнекі етіп жасау және оны қорғай білу. Бағалау шкаласы 10 ұпайлық.
ІI жүргізуші:
Ана тілім арым бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте, - деп Қадыр Мырзалиев
ағамыз айтқандай, жас қырандардың тіл білімін және компьютерде орындау
жылдамдығын байқайық. Демек, келесі сайысымыз «Үздік оператор». Оқушыларға
қазақ әдебиетінен бірдей мәтін беріледі. Кім жылдам әрі қатесіз компьютерде
теріп шықса, сол кезең жеңімпазы болып табылады. Бағалау шкаласы 10 ұпайлық.
Сайыскерге
тапсырма
Ауылда ерекше ән шырқалып
жатқан еді. «Қазағымның асыл
ақын сөзінен, әсем әуен әнінен артық қазынасы бар ма?», - деп Абай
арнайы қонақтарды күтуге тіктірген төрт киіз үйінің бірінде көпшілік жас
қауымды ішке отырғызып жатты. Абайдың Әйгерімді алып келгеніне екі-үш ай шамасы
болған болатын. Іште Абай, Әйгерім, Ербол, Жиренше, Базаралы, Әнет қызы
Балбала, Базаралының інісі Оралбай және Сүгір ауылынан Керімбала, Құдайберді
баласы Әмір, Сүгір баласы Әкімқожа және аты бүкіл Арқаға (Сарығарқаға) таралған Біржан
сал отыр.
Біржанның бұл жақтарға келгеніне екі айдай болып қалған. Ол үкілі домбырасымен
ел аралап, өнерін арттырып жүрген. Жиналғанның бәрі бір-бірінен асқан өнерпаз,
ақын, әнші, сазгер. Әсіресе Әйгерім шырқағанда Абай тырп етпейді. Біржан да
ұйытқығандай болады. Сол бір сәтте ас та дайын болып, қонақтар сыртқа сергіп
қайтуға шығады.
Сайыскерге тапсырма
Біржан қонақ болып
кеткен жаз көп уақыт жастарды толғандырып жүреді. Ыстық мезгіл ауысқандай
болып, жұрт көшуі жиілей түседі. Базаралының інісі Оралбай осы күндері қайғыға
түңіліп кеткен. Оның сүйгені Сүгір ауылындағы Керімбала болатын. Ол
екеуі осы көктемде бір-біріне жан сырларын айтқан екен. Бірақ Керімбала
Қаракесектің бір жігітіне атастырылғаны бар. Оралбайдың қиналғаны осы еді. Соңы
Оралбай шыдай алмай, Керімбаланы алып қашады. Бұл жағдай ел ішін алып,
шулатады. Жігітек пен Бөкенші арасында суықтыққа жол бермеу үшін, әр ел ағалары
Ұлжанның үйіне жинала бастайды. Ал Оралбай Керімбаламен қайда қонса, ел шуынан
қорқып, қуа береді. Абай мен Ербол қанша тырысса да, ел ағалары
татулықпен келісе алған жоқ. Керімбаланы алып кеткені үшін Бөкенші Жігітек
ішінен бір жас келінді шауып кетеді. Алда үлкен шайқас болғалы тұр еді.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.