Инфоурок Дошкольное образование КонспектыЖоспар "Ана тілім - бала тілім"

Жоспар "Ана тілім - бала тілім"

Скачать материал

Ана тілім – бала тілім

Оқу іс – әрекетінің  мақсаты: балаларға  Қазақстан мемлекеті жайында, қазақ тілі жайында, толық түсінік беру. Балалардың сөйлеу қабілетін арттыру. Балалардың Отансүйгіштік, партиоттық сезімін ояту.

Көрнекілігі:Қазақстан Республикаының  рәміздері туралы суреттер.

Тәрбиеші: Балалар, біз тәрбие сағатын бастамас бұрын, өзіміздің мемлекеттік  әнұранымызды орындайық. ( Әнұран орындалады.)

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты,

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз,.

Қайырлы таң, балалар!

Қайырлы таң  қонақтар!

-Балалар, сендер таңертең ұйқыдан оянғанда терезеден нені көресіңдер?

-Күнді, күннің жарқыраған нұрын көреміз.

-Күннің көзін көргенде сендер қалай қуанасыңдар?

-Алақай деп қуанамыз! ( Қол шапалақтау)

-Далаға шыққанда  жоғарыдан не көреміз. Төменнен не көреміз?

-Жоғарыдан аспан , күнді, бұлтты, төменнен жерді, суды, шөпті көреміз.

-Ендеше біз аспанға, жерге, күнге және көруге келген қонақтарға сәлем беріп, қарсы алайық!

-Қуан шаттан ,алақай!

- Қуанатын күн келді!

-Қайырлы таң, қайырлы күн!

-Күліп шықты күн бүгін!

-Сәлеметсің бе? Есенсің бе? Амансыз ба?

-Бәріміз күндей жарқырайық!

-Бәріміз дос болайық!

-Бәріміз тату болайық!

-Балалар, біздің жеріміз, суымыз және орман – тауымыз, өмір сүріп  сүретін ортамыз бәрімізге ортақ.

- Осыны ешқашан естеріңнен шығармаңдар!

-Жарайсыңдар балалар, орындарыңа отырып жайғасыңдар.

Алдымен өтке тәрбие сағатын  қайталайық.

-балалар, біз күз мезгілімен танысқан болатынбыз,қане кім айтып береді?

-Қазір жылдың қай мезгілі екен?

-Қазір жылдың күз мезгілі.

-Күз мезгілінде ауа – райы қандай болады?

-Ауа – райы салқын болады.

-жапырақтардың түсі қандай болады?

-Сары, қоңыр, сарғыш болады.

Балалар, неге біз күз мезгілін жоматр күз, алтын күз дейміз?

-Себебі, күзде астықтың барлығы піседі, жемістер және көкөністер де піседі.

-Жарайсыңдар балалар.

-балалар бүгін қандай мереке?

-Бүгін « Тіл » мерекесі.

-Дұрыс айтасыңдар, бүгін « Тіл » мерекесі.

Ал бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы « Ана тілім  – бала тілім » деп аталады.

-Балалар , біз қай мемлекетте тұрамыз?

-Қазақстан Республикасында.

-Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?

-Астана қаласы.

-Қазақстан Республикасының рәміздері нешеу?

-Үшеу.

-Қане, кім маған атап береді?

-Елтаңба, көк ту, әнұран.

-Елтаңбаның сурреті, пішіні қандай?

-Дөңгелек, екі шетінде қос тұлпар, ортасында шаңырақ, астында Қазақстан деген жазуы бар.

-Ал тудың түсі қандай?

-Көгілдір, пішінәі тік бұрыш, ортасында күн сәулесі, сатында қыран құс, шеті өрнекпен өрнектелген екен.

-Балалар біздің ұлтымыз қалай аталады?

-Қазақ деп аталады.

-Қай тілде сөйлесеміз?

-Қазақ тілінде сөһйлесеміз.

-жарайсыңдар балалар, сендер еліміздің рәміздерін жақсы білетіндіктеріңді таныттыңдар.

Тосын сәт. Әже мен қоян кіреді.

-Сәлеметсіздер ме, балалар?

-Біз орманнан сендерге  арнайы келіп отырмыз.

-Мына менің көжегім орманнан жапырақ теріп алыпты, олар жай жапыра емес екен,  сиқырлы екен.

-Қане, мен көрейінші, қандай жапырақ екен, ой балалар, бұл жапырақтың астында жазулар бар екен.

1- жапырақтың астында Қазақстан Республикасы жайынгда өлең – шумақтар айтып беріңдер – деген тапсырма жазылыпты.

Нұрым: Асқар тауым – Қазақстан

Әсем әнім- Астанам,

Қазақстан – отаным деп,

Әр қашан да мақтанам.

Сабина: Қазақстан жері – сәніміз,

Мәуесі мол бағымыз,

Саясында жетілер.

Балдай бала шағымыз.

Әділжан:    Бейбіт таңдар арайланып атады,

Туған жерді аймалайды шапағы.

Байтақ елем – ұлы Қазақстаным,

Ең бақытты балалардың Отаны.

2- жапырақтың астында Ана тіліміз туралы  өлең шумақтар айтып беріңдер – деген тапсырма  жазылыпты.

Інжу:Менің атым біреу – ақ,

Сөйлейтін де жазатын.

Тауып қойған тілеуі – ақ,

Қазақ деген өз атын.

Самат: Ақыл ойын дананың,

Ана тілден аламын.

Ана тілім ардақты,

Ақ сүтіндей анамның.

Әдем: Тілім барда мақтанам,

Тілім менің аппақ ән.

Бірлігімді бүгінгі,

Ана тілім сақтаған.

Мәншүк: Желеп – жебеп піріміз,

Таза болсын денеміз.

Жауқазындай жалындап,

Өркендесін тіліміз.

Сергіту сәтін орындау.

Ал мына жапырақта не жазылған екен. Отан туралы мақал – мәтел дер айтып беріңдер – деп жазылыпты.

Арай: Отан – оттан да ыстық.

Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.

Венера: жері байдың – елі бай.

Өнерлі елден – өнерлі ұл – қыз шығады.

Сырым: Өзге тілдің  бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Абзал:Ана сүті бой өсіреді,

Ана тілі  ой өсіреді.

Жарайсыңдар балалар, сиқырлы жапырақтағы тапсырмаларды жақсы орындадыңдар.  Бүгін « Тіл »мерекесі болғандықтан  сендермен  қазақ халқының ұлттық ойын ойнағым келіп тұр.

« Арқан тарту» ойыны.

Қорытынды : Ал , балалар келген қонақтарға алғысымызды білдіре отырып, бір мерекелік ән орындап берейік.

 Ән:« Ана тілі»

 Балалар өз тілімізді, қадірлеп, оны сүйе білейік!

 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                         

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жоспар "Ана тілім - бала тілім""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Хранитель музейных предметов

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 452 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.01.2016 722
    • DOCX 16.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Дуйсебаева Акбала Есетовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Дуйсебаева Акбала Есетовна
    Дуйсебаева Акбала Есетовна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6664
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Внедрение Федеральной адаптированной образовательной программы дошкольного образования для обучающихся с умственной отсталостью

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс повышения квалификации

Менеджмент и управление проектами в ДОУ в условиях реализации ФГОС

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Курс повышения квалификации

Развитие креативности у детей дошкольного возраста (на примере использования разнообразных материалов)

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 261 человек

Мини-курс

Психологическая экспертиза в работе с детьми и родителями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 79 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 47 человек

Мини-курс

Стратегии маркетинга и продаж в B2B

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Жизненный цикл продукта и методология управления проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе