1-сынып математика
Сабақ тақырыбы: Әріпті өрнектің мәнін табу (10-а)
Пән мұғалімі: Жакыпбекова Н.А.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 10-а өрнектерінің мәнін табу
жолымен таныстыру. Санды өрнек пен әріпті өрнек туралы білімдерін пысықтау,
өрнек құра білуге, мәнін таба білуге үйрету.
Дамытушылық: Түрлі тапсырмалар арқылы
оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттеріне және сөйлеуге дағдыландыру,
өздігінен жұмыс істей білуге, ой өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Типі: білім, икем, дағдыны жетілдіру.
Түрі: жарыс сабақ
Әдісі: ізденушілік, сұрақ-жауап, өзіндік
жұмыс, топтық жұмыс, түсіндіру.
Көрнекілігі: Күннің суреті, таблица, өрнектер,
карточкалар.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
-Сабақ басталды, бәріміз орнымызға отырамыз.
Балалар, сендер білесіңдер бізде қазір қандай сабақ екенін, бізде 2-сабақ
математика.
Балалар сабағымызды бастамас бұрын, мен
сендерге бір қызықты трэнинг өткізгім келіп тұр. (1-10) ағылшынша санауды
үйрету.
-Өте жақсы, сонымен сендер бүгін ағылшынша да
санауды үйрендіңдер.
Ал, енді өткен тақырыпты еске түсірейік.
Тақтада нелерді көріп тұрсыңдар?
Енді мына өрнектерді қалай бөлуге болады?
(2-ге: әріпті өрнек, санды өрнек)
-Тағы қалай бөлуге болады, кәне қарайықшы
жақсылап. (дұрыс, айырмаларды бір бөлек, қосындыларды бір бөлек бөлуге болады
екен.)
-
Балалар сендер өрнектердің түрлерін әріпті
және санды өрнектерді айыра алады екенсіңдер, және айырма, қосындыларды
жеке-жеке топтауды біледі екенсіңдер. Енді осы білімімізді әрі қарай толықтыра
кетейік, мына цифрограммаға назар аударайық, бұнда балалар 1-10 дейін сандар
жазылған, ол сандар қалай жазылып тұр? (өсу ретімен)
Егер де ол сандарды кему ретімен қойғанда бір
сөз шығады. Ол қандай сөз екен?
а
|
м
|
м
|
а
|
р
|
г
|
о
|
р
|
ф
|
и
|
Ц
|
0
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
10
|
9
|
8
|
7
|
6
|
5
|
4
|
3
|
2
|
1
|
0
|
«Цифрограмма» деген сөздің
мән-мағынасын түсіндіріп, айту.
Тақырыпты ашу, мақсатпен таныстыру (әр оқушы
өзіне қойған мақсатын айтады)
Оқулықпен жұмыс
Дәптермен жұмыс
Өздік жұмысын орындау
І нұсқа
1) 2+а
а=1
а=3
а=4
2) 10 саны мен а-ның айырмасын жаз.
ІІ нұсқа
1)
а+3
а=1
а=2
а=6
2)
9 саны мен а-ның қосындысын жаз.
-Өте жақсы, өздік жұмысын да орындай алады
екенсіңдер.
-Балалар бізде қазір қандай мезгіл? (көктем)
Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады
екен, кәне тыңдап көрейікші.
(құстар ән салып, ағаштар сәл ғана тербеліп
тұр.)
Сергіту
сәті:
Тербеледі
ағаштар,
Алдымнан
жел еседі.
Кіп-кішкентай
ағаштар,
Үп-үлкен
боп өседі.
-Балалар кеше ғана қыркүйек айында сендер
кіп-кішкентай ағаштар секілді кішкентай болғансыңдар, ал қазір сендер де ағаш
секілді өсіп кетіпсіңдер. Жуыр арада 1-сыныпты тәмәдап, болашақ 2-сынып болғалы
отырсыңдар,
ендеше білімімізді көрсететін кез келді,
сондықтан номер 4-сөз есепке назар аударайық.
Аулада 6 қарағаш және 4 қайың өсіп
тұр. Аулада неше қарағаш өсіп тұр. (Шешімі жоқ)
(Есеп емес, тапсырма, өйткені есептің жауабы,
есептің мәтінінде берілген, ендеше бұл есеп болмаса, біз оны есепке
айналдырайық.)
Сендерге шығармашылық жұмысқа 3 минут уақыт
беріледі.
А) Қарағаш -6 ?
артық
Қайың -4
6-4 = 2
Жауабы: Қарағаштың 2-уі артық
Ә) Қарағаш -6
Қайың -4 ? кем
6-4=2
Ж: Қайыңның 2-уі кем
Б) Қарағаш -6
Қайың
4 ?
6+4=10
Ж: Барлығы 10 ағаш
-Енді балалар «Күн» ойынын ойнайық. Бұнда
10-нан берілген санды азайтып, мәнін табу. Топтық жарыс
-Өте жақсы, сонымен біз мақсатымызға жеттік,
10-нан кез-келген санды алып, олардың мәнін таба алдық.
Сабақта нені үйрендік?
Үйге: №3 есеп
Бағалау: Бір-біріне бейнелеу сабағында жасаған
«Күннің көзін» сыйға тартады. Тілек айтады.
Сабақ аяқталды!
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.