Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Жоспар. Сыныптан тыс жұмыс. тақырыбы: "Бір шаңырақ астындаә 3 сынып.

Жоспар. Сыныптан тыс жұмыс. тақырыбы: "Бір шаңырақ астындаә 3 сынып.

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

3 ә сынып.

Мұғалім: Нурпеисова Жибек Сакеновна

Тақырыбы: «Бір шаңырақ астында»
Мақсаты: Балаларға ынтымақ, достық, бірлік туралы түсінік беру; 
халықтар арасындағы достықты бағалау; өзге ұлттардың әдеп-ғұрпымен таныстыру; бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу; Отанды сүюге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс; әдебиет, музыка, еңбек.
Түрі: сайыс.
Көрнекілік: презентация, эмблема, шаңырақ.

Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.

«Туған ел» әні ойнап тұрады, қазақ, орыс, өзбек ұлттарының киімін киген оқушылар қол ұстасып, сыныпқа кіреді. Үш қатарға тізіледі.

1-жүргізуші: Қайырлы күн қымбатты қонақтар. Ұлағатты ұстаздар мен оқушылар! Құрметті ұлт өкілдерінің дәріптеушілері сіздерді мына орындарға орнасуларыңызды өтінемін. (Үш ұлт өкілдері топтарға орналасады.)

Басымды иіп, Тіземді бүгіп тұрып,

Ажарымды айдындай шуақ тұнып.

Отанымды сүйемін күліп тұрып,

Отанымды сүйемін жылап тұрып.

Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Сіздердің алдарыңызға Қазақстан халық ассамблеясының құрылғанына 20 жылдығына арналған«Бір шаңырақ астында» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз. Сіздердің алдарыңызда мектебімізде мемлекеттік тілде білім алатын 3 Ә сынып оқушылары әртүрлі ұлт өкілдері болып өз өнерлерін көрсетеді.

Бүгінгі тәрбие сағатымыз сайыс түрінде өтеді. Сайысқа қатысатын ұлттар әрбір ұлттың салтын, өнерін, ұлттық тағамдарын дәріптейді. Қазақ. орыс, өзбек ұлттары.

2-мұғалім: Әділдікпен баға берер ұлттарға Әділдікпен қара қылды жаруға Әділ қазы алқаларын сайлайық Өнерліні таңдап бүгін алуға қонаққа келген ұстаздарымыз болады.

1-жүргізуші:

Сайыс

1 .«Таныстыру» түрлі тәсілмен ұлтты таныстырады.

2. «Әдет-ғұрып, салт, сана» Ұлттың әдет-ғұрпын көрсету.

3. «Ас-адамның арқауы»Ұлттың ұннан жасалған тағамын дәріптеу.

4. «Өнерлінің өрісі кең» Ұлттың өнерін дәріптеу. сияқты бөлімдерден тұрады.

Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін,

Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп.

Таныстырып өздерін өтсе деймін, -дей келе кезекті таныстыруға берсек.

1.Таныстыру.

Қазақтар:

Бүгін бізде дүбірлі той,

Ден қойып тыңда, көңілді қой.

Бүгінгі күн таныды әлем

Қазағымның кім екенін.

Мақтанышпен мен өзіңді

Ән етемін,тіпті де жыр етемін.

Қазақ жері – қонақжай төрдің жері,

Қазақ елі – қас сақтай ердің елі.

Толқынында тарихтың қуғын көрген,

Барша ұлтқа құт мекен болған еді.

Орыстар:

Уа, халайық, орыс біздің ұлтымыз

Ерекше енді біздің әдет-ғұрпымыз

Қарсы алыңдар салем берген баршаңа

Бейбіт елде өмір сүрген ұл-қызын.

Өзбектер: Біз өзбек халқын таныстырамыз.

Биз кичкентой боламиз,

Ашула айта оламиз,

Туғишган ер турида,

Саньатта борни соламиз.

Узбек халқин танитип,

Олов булиб ёнамиз.


2-жүргізуші:

Ақтарылдың, ақ жарылдың, ашылдың.

Кейінгіге мирас болды салт-дәстүрің

Әдет-ғұрпын дәріптеп өз ұлтының

Көрсетіңдер, қастерлеп бүгінгі күн.

2. «Әдет-ғұрып, салт, сана»

Қазақтар:

Шашу әдет-ғұрыптың бір түрі. Жаңа түскен келіннің, жаңа туған нәрестенің тойына барғанда, қуаныштың белгісі ретінде құрт, ірімшік, кәмпит, өрік-мейіз шашады. Шашуды әдетте жасы үлкен әйелдер, әжелер шашады да оны жас балалар теріп алады. Халқымыздың ежелгі дәстүрі бойынша, той жасаған үйге оның жақындары «тойға шашу» деп, тәтті тағамдар әкеледі.Ал қазіргі таңда кәмпит шашады. (оқушы шығып шашу шашады)

Орыстар: Традиция русского народа.

Это традиция проводитсякогда у человека в жизни происходят изменения, например на свадьбах или при рождения ребенка. При рождения ребенка в специальной стекляннной посуде варят кашу из риса или пшена. Как все гости покушают на дастархан приносят эту кашу. Кто больше денег кладет в посуду, тому и предоставляется честь разбить посуду. При разбитии посуды, каша должна остоваться в током же виде. Считается что это традиция приносит в дом счастье, достаток, блогополучие. (Оқушы шығып көрсетеді)

Өзбектер:

«Келген үйге бата беру». Өзбектер әдетте үйге кісі келгенде, кіріп келген қонақ жайғасып отырған соң, «Қадам жетті, бәле жетпесін, Басымыздан тыныштық кетпесін» деп бата береді.

«Фотиха қилиш». «Қадам етти, бало етмасин, бошимиздан тинчлик кетмасин».

3. «Ас-адамның арқауы» демекші ендігі сайыс түрі ұннан жасалған әр ұлттың қасиетті тағамын дәріптеу.

Қазақтар. Бауырсақ . Бұл қазақтың ақ бауырсағы, майға пісіргендіктен ол өте дәмді.

(Оқушы қазақтың бауырсағын ұсынады, таныстырады.)

Орыстар. Каравай. Каравай — это большой круглый хлеб. Его пекли на праздниках. Сложившаяся традиция, которая зародилась еще у славян-язычников и укоренилась во времена Руси.

(Оқушы орыс халқының каравай нанын ұсынады, таныстырады)

Өзбектер. Тандыр нан. Одатта узбек халқи нонди тандирда пиширадилар. Тандир нон-ноннинг бетакрор сифатиға кул етказиш билан баробар.

(Оқушы өзбектің тандыр нанын ұсынып, таныстырады)

4. «Өнерлінің өрісі кең»

Домбырасыз ән қайда?

Домбырасыз сән қайда?

Ән мен күй бар өмірде

От та лаулап жанбай ма – де қазақтың күйіне кезек берейік..

Домбырада күй орындады.

Жүргізуші:

Ұлтты мақтап айтады,

Үндемей қалай қайтады.

Дәріптеп сол ұлт өнерін

Частушканы да айтады.

Кезекті орыс ұлтын дәріптеушілерге береміз.

Орыстар.

Ой, подружка дорогая, 
Мы нигде не пропадём. 
Сине море перейдём 
И с тобой гулять пойдём. 


Я ценю ведь нашу дружбу,
Это все, что в жизни нужно!
Друг не подведет в беде,
Я доволен им вполне!


За друзей всегда горой,
Лишь были вы со мной!
Вы меня не подводите,
Если надо – помогите!


Өзбектер.

Мың құбылтып әуенін

Ән де сала біледі

Ал бұл қызың өзбектің

Биін билеп береді.

Өзбектің ұлттық биін билейді.

1-жүргізуші:

Тілі бөлек болған менен тілек бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

(Жүргізуші осы өлеңді оқып жатқанда ұлт дәріптеушілері ортаға шығып , шаңырақтың астына тұрады.) Бәрі хормен Достық әнін орындайды.

2- жүргізуші: Осымен, бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздарын анықтау үшін әділ қазыларға сөз береміз. (олар бұл сайыста достық жеңгенін айтады)

І жүргізуші:

Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын!
Алдымыздан барлық үміт ақталсын.
Тату – тәтті бір шаңырақ астында
Өмір сүріп жатқанына мақтансын.

Ендеше,

(ХОРМЕН:)

Бейбітшілік жасасын!

Мир — всем людям на Земле! 

Ынтымақтастық жасасын!

Қозоқстон яшасин!

Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын!

Осымен «Бір шаңырақ астында» атты тәрбие сағатымыз аяқталды, біздің қазақ халқы қашанда қонақжай, жомарт халық сондықтан сідерге арнап жасалған сыйлықтарымызды қабыл алыңыздар (осы кезде келген қонақтарға кәмпит салынған киіз ұйлер үлестіріледі) назарларыңызға рахмет!



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

Балаларға ынтымақ, достық, бірлік туралы түсінік беру, халықтар арасындағы достықты бағалау; өзге ұлттардың әдеп-ғұрпымен таныстыру; бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу; Отанды сүюге, тілді құрметтеуг тәрбиелеу мақсатында жасалған сыныптан тыс жұмыс жоспары. Халықаралық ынтымақ күніне өткізу үшін. Бұл жұмыс 3 сынып оушыларының деңгейіне сай жасалған.



Автор
Дата добавления 11.08.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров736
Номер материала ДA-003948
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх