Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Жоспар " Төлдер айтысы "

Жоспар " Төлдер айтысы "

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:


Сабақтың тақырыбы: « Төлдер айтысы»

Сабақтың мақсаты:

1 Білімділігі: Қазақ халқының ұлттық кәсібінің бірі төрт түлік малдың адамға тигізетін пайдасы туралы, олардан алынатын өнімдері жайлы мағлұмат беру .

2 Дамытушылығы: Балалардың ойлау, қиялдау, сөйлеу қабілеттерін арттыру.

3 Тәрбиелігі: Оқушыларды төрт түлікке деген құрметке, еңбексүйгіштікке, үй жануарларын қорғауға, оларға қамқорлық жасауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу .

Сабақтың көрнекілігі: Интеративтік тақта, ертегі құралдары, дидактикалық ойын құралдары, төрт түліктің суреттері .

Сабақтың барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңі:

-Балалар бүгін ерекше күн. Біздің сабағымызға қатысу үшін қонақтар келіп қалыпты. Ендеше біздің сабағымызда ерекше болмақ. Олай болса балалар қонақтарымызбен амандасайық.

Шаттық шеңбер

-Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылып.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге ,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал ендеше бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге.

Сәлемсіздерме апайлар,

  • Жарайсыңдар балалар.

Ғажайып сәт

-Балалармен келе жатып осы сыныптың есігінің алдынан бір себет тауып алдым қане, балалар қарайықшы ішінде не бар екенін.

Балалар мұнда суреттер бар екен қараңдаршы ненің суреті екен?

-Өдеріңіз қалаған суреттеріңізді ала қойыңдар , ал енді сол қолыңыздағы суретке қарап әркім өз топтарын білетін болады

-Балалар мына жерде ненің суретін көріп тұрмыз?

Дұрыс айтасыңдар қошаканның суреті,демек бұл қошақан тобы.

  • Кіп-кішкентай қошақан,

  • Қошақанды ұнатам.

  • Сүйеді оны қозым деп,

  • Қошақаным өзің деп.

Қане қошақандар келе қойындар.

-Ал мына жерде ненің суретін көріп тұрмыз?

Дұрыс айтасыңдар құлыншақтың суреті,демек бұл құлынщақ тобы.

-Құлыншағым құндызым,

Құлдырайды щабады.

Кіп-кішкентай жұлдызым,

Құстай қанат қағады.

Балалар мына жерде ненің суретін көріп тұрмыз?

Дұрыс айтасыңдар бұзауқанның суреті,демек бұл бұзауқан тобы.

-Ақ бұзауым ұнайды,

Мө-мө деп сүт сұрайды.

Келеді өсіп күн сайын,

Тұмсығын созып қарайды.

-Ал мына жерде ненің суретін көріп тұрмыз?

Дұрыс айтасыңдар ботақанның суреті,демек бұл ботақан тобы.

-Айналайын ботам

Қандай күлте жотаң.

Табандарың жалпақ

Күнде жейсің жантақ.

-Балалар қазір біз көркем әдебиет сабағымызды бастаймыз.

Балалар сабаққа жақсы қатысқан топты асық арқылы бағалайтын боламын көп асық жинаған топ жеңімпаз болады.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Дұрыс айтасыңдар.

-Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

-Балалар қазір қай ай?

Дұрыс айтасыңдар.

-Мамыр айындай қандай мерекелер бар?

-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын. Сендер жауабын табуға тырысыңдар.

Ой қозғау:

Жұмбақ.

  1. Қабат-қабат тоны бар

Кішкене ғана бойы бар. /қой/


  1. Кезікті бір жануар

Үстінде екі тауы бар. /түйе/


  1. Екі айнасы бар

Төрт жылтырмағы бар

Бір шыбыртқысы бар. /сиыр/


  1. 4-аяғы бар

Егіз құлағы бар

Иегінде сақалы бар. /ешкі/

1-сұрақ

-Балалар жұмбақтарымыздың шешуінде нелер туралы айтылған?

1-сұрақ

-Балалар сендер төрт түлік малдарға нелер жатады, білесіңдерме?

2-сұрақ

-Ал енді олардың төлдері қалай аталады?

Дұрыс айтасыздар!

3-сұрақ

-Балалар білесіңдерме, малдар қалай дыбыстайды?

Жылқы-кісінейді

Сиыр-мөңірейді

Қой, ешкі-маңырайды

Түйе-боздайды

4-сұрақ

-Балалар, төрт-түлік малдың пірлерін кім біледі?

Қане қай топ айтады.

  1. Қой атасы- Шопан ата

  2. Жылқы атасы- Қамбар ата

  3. Ешкі иесі-Сексек ата

  4. Түйе атасы- Ойсылқара

  5. Сиыр иесі- Зеңгі баба

Өте жақсы жарайсың!

-Жарайсыңдар балалар. Өте жақсы.

-Балалар мен сендерге бір тапсырма берейін.

-Балалар жануарлар нешеге бөлінеді қандай-кандай?

Дұрыс айтасындар жануарлар екіге бөлінеді екен, үй жануарлары жане жабайы аңдар болып.

-Балалар мен сендерге орман бейнесімен жайлаудың бейнесі салынған суреттер берем сендер алдыңызда тұрған жануарлардың қайсысы қайда мекендейтінін ажыратып желімдейміз.

Қане балалар ұқыпты, таза жұмыс жасауға тырысамыз.

Жарайсыңдар, балалар өте жақсы.

1-топ

Қошақан тобы жасаған жұмысымызды әңгімелеп берейікші

2-топ

Құлыншақ тобы қане жасаған жұмысымызды әңгімелеп берейікші

3-топ

Бұзауқан тобыда суреттегі жұмысын әңгімелеп береді

4-топ

Ботақан тобыда суреттегі жұмысын әңгімелейді

Жарайсыңдар балалар өте жақсы.

Ендеше балалар барлығымыз орнымыздан тұрып серігіп алайык.

Сергіту сәті

Топ-топ етіп басайық

Ауылға біз барайық

Қозыларды санайық

1,2,3,4,5.

Алақанды соғайық

6,7,8,9,10.

Қораларға камайық.

Балалар жақсы сергіп қалдықпа, отыра қойыңдар жарайсыңдар.

-Бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы «Төлдер айтысы» деген ертегі екен

мен сендерге айтып берейін сендер мұхият тыңдаңдар балалар жарайма?


Ертегі Төлдер айтысы

  • Ерте-ерте ертеде

Ешкі жүні бөртеде

Бұрынғы өткен заманда

-Бір жерге жиналған лақ, бұзау, қошақан, бота, құлыншақ. Біздің иеміз қайсысымызды көбірек жақсы көреді деп айтысыпты.

Бірінші лақ.

-Мә-мә-мә! Әрине иеміз бізді жақсы көреді. Ол сүтімізді ішіп, түбітімізді киімге пайдаланады. Мә-мә-мә- деп мақтаныпты.

Қошақан тұрып

-Ме-ме-ме! Ал бізге ше? Адамдарға біздің етіміз ұнайды! Біздің жүнімізден шұлық тоқиды. Ме-ме-ме-деп мақтаныпты.

Осы кезде бұзау.

-Мө-мө-мө! Сендер босқа мақтанасыңдар. Адам тіршілігіне ең қолайлы мен, меннен сүт, қарын, май алады- деп мақтаныпты.

Сонда құлын кісінеп.


-Ихо-ихо! Босқа мақтанбаңдар! Иеміз мені жақсы көреді, мені жақсы көреді. Мен мінсе-көлік, жесе-азық болам-деп мақтаныпты.

Сонда үндемей тұрған Бота


-Бө-бө-бө бәрінен де бізді жақсы көреді, біздің шұбатымыз ең алтыны-депті марқая.

-Жоқ мені жақсы көреді- деп төлдер айтыса кетіпті.

Сол кезде адам келіп

-Төлдерім, төлдерім босқа таласпаңдар. Әрқайсысыларыңның орындарың бөлек-деп жауап беріпті.

-Балалар осымен ертегіміз аяқталды .

-Балалар қараңдаршы, төлдердің бәрінің орындары бөлек, біз төрт түлік малдардың бәрінің бірдей етін жейміз, сүтін аламыз, адамзатқа тигізер пайдасы көп екен.

-Балалар ертегіні түсіндікпа?

- олай болса, ертегініні сомдап көрейікпа?

-Қане кім қошақан болады?

- Ботақан кім болады?

- Құлыншақ кім болады?

- Бұзауқан кім болады?

-Лақ кім болады?

/Ертегінің желісімен қойылым көрсету/

Жарайсыңдар балалар отыра қойыңдар.

-Балалар қане ойын ойнап жібрейікші, бұл Д/О аты Төлдерін тап

-Балалар мына жерде төрт түліктің малдар бұлардың төлдері әр жерде тұр, сол төрт түліктін төлдерін қолымыздағы сызба арқылы табайық.

-Қане қайсы топ төлдерін тауып болды?

1-топ Қошақан тобы

2-топ Бұзауқан тобы

3-топ Құлыншақ тобы

4-топ Ботақан тобы

Енді балалар түсіндіріп кетейікші, әр топтан бөлек бөлек сұралады.

Сабақты бекіту

1 Балалар сонымен төрт түлікке нелер жатады екен?

2 Төрт түліктің төлдерін қалай атаймыз?

3 Балалар бүгінгі сабағымызда не білдік? Не үйрендік?

4 Қандай жұмыс жасадық?

Бағалау

Ендеше балалар бүгінгі сабағымыздан қай топ қанша ұпай жинағанын білейікші?

1-топ Қошақан тобы , , , , ,,

2-топ Бұзауқан тобы. , , , , ,

3-топ Құлыншақ тобы , , , , , ,

4-топ Ботақан тобы , , , , , , , .

Балалар жарайсыңдар өте жақсы. Ал балалар біз келген қонақтарымызға қой жылына арналған тілектерімізді айтайық өзіміздің жылы лебізімізді білдірейік.

Қой жылына арналған тілектерімізді айтайық.

-Еліміз аман болсын!

Аспанымыз ашық болсын!

Деніміз сау болсын

Ата-анамыз қасымызда болсын

Қой жылы бақыт әкелсін!

Төрт-түлігіміз түгел болсын!

Ақ мол болсын

Бәріміз дос болайық

Бәріміз аман болайық.

-Балалар бүгінгі сабағымыз ұнадыма?

-Несімен ұнады?

-Балалар жарайсындар, сендер өте алғыр балалар екенсіңдер, барінізде сабаққа белсенді қатыстыңдар жарайсыңдар. Олай болса балалар келген қонақтарымызбен қоштасайық.

Біз ақылды баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Бүгінгі келген қонаққа,

Сау болыңыз деп айтамыз.

Сау болыңыздар!



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 16.02.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров107
Номер материала ДВ-457702
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх