Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыЖоспар«Мемлекеттік тіл – тұғыры биік тұрақтылықтың негізі»(8-сынып)

Жоспар«Мемлекеттік тіл – тұғыры биік тұрақтылықтың негізі»(8-сынып)

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: «Мемлекеттік тіл – тұғыры биік тұрақтылықтың негізі»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды тіл өнерін, тіл құдіретін құрметтеуге үйрету. Сөйлеу тілдерін жетілдіру. Патриоттық сезімдерін оятып, ана тілдерін сүюге, ардақтай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың эпиграфы: «Тілін білмеген - түбін білмейді!» (Б. Момышұлы )
Сабақтың түрі: көрініс сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауаптар, әңгімелесу

Сабақтың көрнекілігі: тіл туралы жазылған цитата сөздер мен тақырыптар, тіл туралы өлең шығарған ақындардың портреттері, қажетті құрал-жабдықтар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

1-жүргізуші, Есен:

Басымды иіп, Тіземді бүгіп тұрып,

Ажарымды айдындай шуақ тұнып.

Отанымды сүйемін күліп тұрып,

 Отанымды сүйемін жылап тұрып.

 2-жүргізуші, Аружан:

-Е, достым! Не жайында айтып тұрсыз?

1-жүргізуші, Есен:

-Мен, өз Отанымды, елімді сүйетінімді айтып тұрмын.

2-жүргізуші, Аружан:

Бүгін қандай күн білесіз бе?

1-жүргізуші, Есен:

-Жоқ. Бүгінгі күн қандай күн екенін білмедім.

2-жүргізуші, Аружан:

     -Ендеше, бүгінгі күн  22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы – туған тілі болып саналады.  Ендеше құрметті қонақтар, оқушылар,  тіл мерекесіне арналған «Мемлекеттік тіл – тұғыры биік тұрақтылықтың негізі » атты әдеби кешімізді  бастаймыз.

(Сахнаға аяңдап қарт кіреді)

1-жүргізуші, Есен:

-Ассалаумағалейкум!

2-жүргізуші, Аружан:

  -Саламатсыз ба?

Қарт, Ерасыл:

 -Уағалейкумассалам! Өркендерің өссін, қарақтарым!

1-жүргізуші, Есен:

  -Ата, қайдан шығып, қайда келесіз? Жорытқанда жолыңыз болсын!

Қарт, Ерасыл:

     -Бірге болсын, шырақтарым! Мен 4-ші орта мектебінде оқитын 6-класс оқушыларын іздеп келемін. Сенбай деген ағайларыңыз тіл мерекесіне орай шақырған еді. Соған бола келдім балаларым.

Мұғалім сөзі:

   - Ассалаумағалейкум, ата!

Қарт, Ерасыл:

 -Уағалейкуассалам!

Мұғалім сөзі:

 -«Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан»,-дегендей, Сіздің іздеген балаларыңыз алдыңызда. Ата, қош келдіңіз, төрлетіңіз!

1-жүргізуші, Есен:

   -Ата, қарты бардың қазынасы бар, көпті көргеннен сұра, көп өмір сүргеннен сұрама,-дейді дана халық. Сізге қарап, көпті көрген данасыз ғой деймін. Солай емес пе, Аружан!

2-жүргізуші, Аружан:

-Иә, солай, солай. Ата, біздерге өткен өмір жайында сыр шертіп беріңізші! Осы еліміз тәуелсіздік  алғанға дейін тіліміз, дініміз, ел-жұртымыз қандай күйде болды екен?

Қарт, Ерасыл:

   -Е, балаларым! Өткен өмірдің несін сұрайсыз? Өткен өмір елдің басына мықты нәубет болған заман болды ғой! Тарихқа үңілетін болсақ, қазақ хандығы XV ғасырдың ортасында құрылды. Хандықтың құрылуы Керей мен Жәнібектің басшылығымен Шу мен Талас өзендерінің жазығына бастау алған. Сол кезеңде еліміздің елдігімізді сақтап қалу, тілімізді, дінімізді, жерімізді қызғыштай қорғап қалуды көздеген. Бұл оқиға қазақ халқының тарихындағы  маңызды оқиға болды.

1-жүргізуші, Аружан:

   -Е, ата, бізге тарих сабағынан осыдан 550 жыл бұрын болған оқиға мәлім еді. Сол тарихымызға шолу жасап көрейік.

Көрініс: «Сұлтандар кеңесі»
/Керей сұлтан мен Жәнібек сұлтан сұхбат құруда, үйге бір топ ақсүйектер кіреді/

(Мейіржан, Артур, Арсен)
- Ассалаумағалейкум, ағалар.
- Уағалейкумссалам, төрлетіңіздер.
Ақсүйектер басшысы, Мейіржан:

     - Біз бір маңызды мәселемен келіп тұрмыз. Елді бей – берекетсіздік басып алды. Хан - екем соғыстарды үдетіп, салықты көбейтті. Әскери дайындықсыз, батырларды қудалау негізінде ойраттардан жеңілгені өздеріңізге мәлім. Бөлінетін кез келмеді ме екен?
  Жәнібек, Есен- Ия, сөздеріңіз рас, ханның қаһарына жергілікті сұлтандар мен қарапайым халық та ілігіп отыр. Өз алдымызға ел болатын күн келді.
Керей, Нұрислам:

   - Бар қазақты біріктіретін уақыт келгенін халық та түсінді, соңымыздан ереді деп сенемін.
   Жәнібек, Есен:

   - Елдігімізді сақтау үшін туған жерден жырақтауымызға тура келеді. Моғол ханы Есен Бұға туысымыз дулаттардың көмегімен хан тағына отырды. Бірақ бауыры Жүніс Темір әулетімен одақтасып ағасына қарсы шығуда. Есен Бұға інісіне қарсы одақтас іздеуде. Сонда жол тартсақ қайтеді?
    Керей, Нұрислам:

   - Ия, көшсек көшейік. Сол жаққа көшіп барып, Ұлы жүзбен бірігейік.
Сұлтандар басшысы, Мейіржан:

   - Біз дайынбыз, бастаңыздар көшті. Біз сіздермен біргеміз.
Жәнібек, Есен:

   -Кереке, ұзақ жолға шыққалы тұрмыз. Өзіңіз бір бата беріңіз.

Керей, Нұрислам:
Жолыңды Алла қолдасын,
Жаманшылық болмасын.
Кетілмесін тұлпарыңның тұяғы,
Қайырылмасын сұңқарыңның қияғы.
Барған жерде құшақ жая қарсы алсын
Жақсы адамдар, жайсаң жандар зиялы.
Жалпақ емес, жақсы жермен танысқын
Алла жебеп ұшқан құспен жарысқын,
Көңілің шат, ат - көлігің арымай,
Отбасыңмен аман - есен табысқын. Әумин!
1-оқушы, Кенжегүл:

-Рухы мен тілін жанындай сүйген,
Адамдар неге санаулы?
Ұлт үшін дәуір отына күйген,
Аталар болды алаулы.
Армандай асқар,
Жолдарға бастар,
Ісіңнен ұрпақ от алар.
Қалмайсың көштен,
Шықпайсың естен,
Тағдыры шыншыл аталар.
Қарт, Ерасыл:

-Иә, балаларым, содан бері қаншама жылдар өтті десеңші! Бұл қазақтың басына нелер келіп, нелер кетпеді! Әр ғасырда, әр жылда өзіндік тарихи кезеңінде қазақ халқының басына небір зұлмат кезеңдерді бастан өткерді ғой! Одан бергі 150-170 жыл бұрын қазақтың қамын ойлап, елдің жуан байларына қарсы сөз айтып, қарапайым қазақтың тіліне, дініне мән беріп, жоғын жоқтаған даналарымыз да өтті ғой, шіркін!

1-жүргізуші, Есен:

-Иә, ата, айтпақ ойыңызды ұқтым. Осыдан 150-170 жыл бұрын тарихтан, әдебиеттен белгілі, халқымыздың данасы Абай атамыз өмір сүрген. Ол туралы кітаптан оқығанымыз бар еді. Абай атамыз адамның қадір-қасиеті мен қатар өлеңге, сөзге мән бергені баршамызға мәлім. 

Дана Абай, Артур:

-Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,

Ол-ақынның білімсіз бейшарасы.

Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,

Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.

Бір сөзін бір сөзіне қиыстырар,

Әрбірі келгенінше өз шамасы.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,

Сонда да солардың бар таңдамасы.

Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын

Қазақтың келістірер қай баласы?

2-жүргізуші, Аружан:

   -Иә, ата! Сол кезеңде небір-небір ақын-жазушыларымыз еліміздің елдігін ойлап, тілімізге, дінімізге аса мән берді ғой! Одан бергі Мағжан, Міржақып, Ахмет сынды көптеген ақын аталарымыз тіл мәселесіне көңіл бөлгені де тарихтан белгілі. Сол секілді осында отырған балалар да тілге деген жанашырлығын білдіріп жүргендері аз емес.  Ендеше, ата, алдыңызда  балалардың тіл туралы білетіндеріне  мән беріп көріңіз.

Самалдың  орындауында

1-оқушы, Арина:

 Несіне мен қазақпын, өз тілімді білмесем.
Өз елімде жарқылдап, еркін сөйлеп жүрмесем.
Құт мекенім қасиетті ата-бабам жерінде,
Нағыз қорлық-деп білемін, басқа тілде тілдессем.

2-оқушы, Айкен:

Ана тілдің қасиетін айта білген түсінер,
Өз тілінде сөйлейді өмір көрген кісілер.
Жойған күні тіліңді, жойылады қазақ та,
Жоя білген адамдар-құлдыққа да түсірер.
3-оқушы, Мейірім:

Мансап үшін өз тілін құрбан еткен адамдар,
Басқа тілді қастерлеп, ана тілін жамандар.
Ондай жандар ортадан аулақ болса сол дұрыс.
Қазақ емес шіріген жұмыртқа деп санаңдар

 4-оқушы, Аяулым:

Ана тілін сатқандар опасыз-деп білемін,
Білген жанға өз тілің-қуанышың, тірегің.
Қазақ тілі қор болса, қор болғаным менің де.
Ол жойылса мәңгілік тоқтап қалар жүрегім.
5-оқушы, Диана:

Керек емес байлығың, керек емес алтының,
Менің жалғыз тілегім, тілін сақта халқымның.
Ана тілім бар жерде сақталарын білемін
Қазақ үшін қасиетті ата-дәстүр салтымның.
6-оқушы, Әділлаева Назерке:

Ана тілін тартқылап, салып жүрген көкпарға.
Ойлаңдаршы қазағым, осы бізде бет бар ма?
Ана тілін ту етіп, көтер қазақ көгіне.

7-оқушы, Жұмабай Назерке:--------------1-оқушы------------лорь т

Айқасқа түс, сол үшін айтыс болса шегінбе.
Ана тілді сыйламай, өгей бала болмайық.
Өз тіліңде сөйлемей, өзің туған жеріңде.

Нұржанардың орындауында: «Қанекей, тілім сөйлеші!»

8-оқушы, Асылзат:

  -Биылғы жыл Ата  заңымызға 20 жыл. Осы заңның 7-бабында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл-қазақ тілі деп жазылған. Ендеше, ағайын, тілімізді шұбарламай, таза сөйлеп қастерлейік!

Хор: «Анамның тілі-аяулы үні»

Қорытынды сөз:

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жоспар«Мемлекеттік тіл – тұғыры биік тұрақтылықтың негізі»(8-сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Эксперт по оценке имущества

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 172 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.10.2015 784
    • DOCX 19.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рзаханова Гульмира Аманкелдиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15530
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 770 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 831 человек

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 405 человек из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 536 человек

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 786 человек из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 977 человек

Мини-курс

Основы инженерной подготовки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Российское движение школьников (РДШ): воспитательная работа

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Управление рисками в бизнесе: анализ, оценка и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе