Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыЖүрек тәрбиесі немесе жанның 12 арнасы туралы не білеміз?

Жүрек тәрбиесі немесе жанның 12 арнасы туралы не білеміз?

Скачать материал

Дүйсенбі, 29 Шілде 2013 17:56 Сарыарқа самалы газетінің сайтынан алынған

Жүрек тәрбиесі немесе Жанның 12 арнасы туралы не білеміз?

Осы бір тақырыпты бастамас үшін көп ойландым. Тәрбие мәселесіне байланысты ой-толғаныстар, пікірлер көп-ақ, әрине.Осыдан 3 жыл бұрын мектебіміздің кітапханасына медицина және педагогика ғылымының докторы, профессор Советхан Ғаббасовағамыздың «Педагогика және психология негіздері» атты кітабы түсті. 2008 жылы Алматы баспасынан жарыққа шыққан екен. Өзіммектеп психологы болғандықтан, қызыға қолға алдым. Оқулық «ұлтым, қазағым» дейтін әрбір тәрбиеші, тәлімгер үшін таптырмасқұрал болып шықты.

Осы оқулықта автор әл-Фарабиден бастау алған ілімді дана Абайдың педагогикалық еңбектеріменсабақтастырып, егжей-тегжейлі сипаттап жазған.

Ғалым ұстаздың ұрпақ тәрбиесі туралы тағылымды ойларын ортаға салғым келеді. Автордың тұжырымыбойынша, ұрпақ тағдыры екі жанның отбасын құруға дайындалу кезеңінен басталады, бұл ерекше көңілаударатын мәселеге аса мән беріп, тарқата айтқан. «Кәмелет жасқа келген жігіт пен қыз отбасы құруға іштейдайын болуы керек. Бойдағы жаман қылықтардан (темекі тарту, арақ ішуді доғару, бойды таза ұстау т.б.) арылуытиіс. Бұл - табиғи заңдылық. Тіпті, бұл заңдылықты жан-жануарлар да ұстанады. Ұрық жалғастыру кезіндежануарлар бір ай жарап, бой түзеп, құстар жылы жаққа бір айда ұшып келеді. Бойындағы арам терін шығарып,артық майын жоғалтып, ұрпақ жалғастыруға кіріседі. Ал адам баласының ұрық тазалығын сақтамауыныңкесірінен бүгінгі ұрпақ азып барады. Балалардың ақыл-есі кем болып, неше түрлі патологиямен туылуы – ұрықтазалығының сақталмауынан» деген ой қозғайды.

Советхан ағамыз бала тәрбиесінің жаңа ғылыми негіздерін жасап, екі сатылы жаңа методология ұсынған. Бірінші саты - анақұрсағында жатқан баланы жан иесі деп, сол кезде анасымен берілетін жүрек тәрбиесі. Ал, екінші сатысы - қоғамдық тұлғағаайналу үшін сананың жетілуі. «Жүрек тәрбиесі – тек біздің ұлттық педагогикада ғана болған, келер ұрпақтың бақыты мен саулығытікелей алдыңғы буынның ұрық тазалығы мен ана құрсағындағы тәрбиені түсінуіне байланысты», - деп атап көрсетеді.

Кез келген адамнан «тәннің неше мүшесі бар?» десеңіз, «он екі» деп жауап берері хақ, ал жанның неше арнасы бар екендігін білеміз бе? Білгіңіз келсе, ағамыздың осы еңбегінен жауабын табасыз. Енді, профессор ағамыздың ойын тыңдасақ, былай дейді:

«Жүрек тәрбиесінің тәсілімен тәннің он екі мүшесі (жүрек, бауыр, бүйрек, ми, т.с.с) сияқты жанның санаға бағынбайтын он екі арнасы бар екендігі анықталып отыр. Олар – түйсік, ұят, сүю, мінез, табиғи қабілет, зерде, жігер және ішкі бес сезім (көру, есту, сезу, тұшыну, иіс сезу). Бүгінде бұл арналар толығымен жабылу алдында. Бірінші, түйсік арнасының жабылу алдында тұрғанын айтайын. Мысалы, зілзала болатынын ит пен мысық, қыбырлаған тарақан үш күн бұрын біліп, эпицентрден қашып кетеді. Ал біз дәл сол уақытта үйдегі заттар шайқалып, бүкіл дүние солқылдағанда ғана білеміз. Бұл - түйсігіміздің әлсірегені. Екінші – ұят арнасы. Ол да жабылу алдында. Мысалы, бұрындары төрт-бес жастағы бала жайсыз нәрсе жасап қойса, ұялып, қызарып кететін. Ал бүгінде ондай баланы таппайсыз. Міне, бұл – ұят арнасының жабылғандығы. Үшінші – сүю арнасы. Қазір Төлеген мен Қыз Жібектің, Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың арасындағы махабатты кездестіре алмайсыз. Жігіт пен қыздың арасындағы сүйіспеншілікті былай қойғанда, ата-ана баланы, бала ата-ананы сүюден қалып барады. Сәбиінен безініп, балалар үйіне тапсыру, ата-анасынан безініп, қарттар үйіне тапсыру күнделікті өмірдегі, қатардағы үрдіске айналып барады. Бұл – сүю арнасының жабылуы. Төртінші – зерде. Қазіргі тілмен айтқанда, зерде – бұл диктофон. Қазақта ауыз әдебиетінің жақсы дамығаны – зерденің мықтылығы. Ертеде жыршылардың, жыраулардың түнді таңға ұластырып айтқан жыр-дастандарын құймақұлақ шәкірттері ертеңінде бір сөзін қалдырмай жатқа айтқан. Ал қазіргі балалар бүгін айтқаныңды ертең қайтара айтып бере алмайды. Бұл - зерденің жабылуы. Бесінші – мінез. Бұрынғы уақытта «ой, қандай мінезді азамат» деп сүйсініп, мадақтап отыратын. Бүгін ондай мақтануға лайық адамды күндіз қолға шам алып іздеп табу мүмкін болмай қалды. Оның есесіне мінезсіздер қатары өсіп барады. Ақылына қарап емес, ақшасына қарап құрметтейтін болдық. Құлқынның құлына айналғандар көбейді. Жағымпазданып, үлкен басымен жасы кіші қалталының алдында құрдай жорғалайтындар қатары толығуда. Мінездің жоғалуы – міне, осы. Алтыншы – табиғи қабілет. Кейде: «Осы бұрынғы билер, жыраулар, ақындар, әншілер мен күйшілер қайда?» деп сұрап жатады. Осы сұрақтың өзі табиғи қабілеттің құрып бара жатқанын аңғартады. Ұзаққа бармай-ақ, кешегі Біржан сал мен Жаяу Мұсалар, Құрманғазы мен Дәулеткерейлер нота білмей-ақ, қаншама теңдесі жоқ ән мен күй шығарды. Ал бүгін он-он бес жыл оқып, консерватория бітіргендер дәл сондай ән мен күй шығара алып отыр ма? Жоқ. Өйткені табиғи қабілет жоқ. Жетінші – жігер. Біз жігерсіз қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Жігерсіздіктің кеселінен тепсе темір үзетін қазақтың жап-жас жігіттері маскүнемдікке, нашақорлыққа бой алдырып, отбасынан айырылып, үйсіз-күйсіз қоқыс аралап күн кешіп жүр. Міне, бұл – жігерсіздіктің салдары. Енді ішкі бес сезімге келер болсақ, мысалы, ықылым замандағы көріпкелдер бүгін болып жатқан оқиғаларды айтып кеткен. Болжаушылар табиғат құбылыстарын болжап, ауа райын дәл айтып отырған. Емшілер ішкі сезімнің құдіретімен бірі тамыр ұстап, диагноз қойса, екіншісі емдеп, адам өміріне араша болған». Осылай профессор, ғалым ағамыз жанның он екі арнасының жабылу алдында тұрғанын ескертіп, дабыл қағып жүр, себебі, ұлтының нағыз жанашыры, келер ұрпақтың тағдырын ойлап, олардың саналы да рухты болуын армандайды. Ғалым жанның он екі арнасының жабылу алдында тұрғанын дәлелмен айтып жеткізумен қатар, осы он екі арнаны ашу үшін не істеу керек екендігін де атап көрсеткен: «Жанның он екі арнасын ашу үшін ақыл тәрбиесін қолға алу керек. Ақыл тәрбиесі деген – бұл сананы жетілдіру... Сананы жетілдіруде халықтық педагогиканың жеті түрлі негізі бар» дей келе, баланың ұрық болып ана құрсағына түскеннен бастап, құрсақта жүрек тәрбиесін алуы, өмірге келгеннен бастап, жас ерекшеліктеріне байланысты ұлттық тәрбие негізінде тәрбиеленуі керектігін тілге тиек етеді. Бұл оқулық 10 тараудан тұрады, қызықты деректермен, нақты мысалдармен жазылған. «Ұрық тазалығы, жүрек тәрбиесіне (ана құрсағындағы тәрбие)» байланысты айтылған ұтымды ойларынан жоғары сынып оқушыларына оқып бергенімде, қатты қызығушылық танытады.

Мен де дана ағамыздың (осындай ғибратты еңбек жазып, ұлтының қамын ойлап жүрген жанды дана деу орынды болар) осы ойына ешнәрсе алып-қоспай, өз ойымды түйіндегім келеді. Әр ата-ана өз баласының қайырымды, адал, үлкенді құрметтейтін, ержүрек, ізгі ниетті, ар-ожданы мол болып өскенін армандайды. Тіпті, қазіргі жастардан «Болашақта, отбасын құрғанда баланың адамгершілігі мол, тамаша жан болғанын қалайсың ба?» - деп сұрасаң, бір ауыздан «әрине!» деп жауап береді. Кім өзінің ұрпағының жаман болғанын қалайды, бірақ, сондай ұрпақ қамын ойлау үшін жоғарыда айтылған Әл-Фарабиден бастау алған ұрпақ тәрбиесіне, ұрық тазалығына байланысты ілімдерді жүректеріне сіңіре білсе, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.

Аймереке СМАЙЛОВА

Оқылды 1673 ретСоңғы рет өзгертілді: Сейсенбі, 27 Тамыз 2013 15:18

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жүрек тәрбиесі немесе жанның 12 арнасы туралы не білеміз?"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по автотранспорту

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 653 633 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.10.2015 1185
    • DOCX 25.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Смайлова Аймереке Сматовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Смайлова Аймереке Сматовна
    Смайлова Аймереке Сматовна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 50622
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 111 человек

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 169 человек

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 247 человек

Мини-курс

Эффективные стратегии текстовых коммуникаций в бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Hard-skills современного педагога

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 73 человека из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Стратегии брендинга и лояльности потребителей: изучение современных тенденций и подходов

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе