Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Жүсіп Баласағұн «Құтты білік»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Жүсіп Баласағұн «Құтты білік»

библиотека
материалов


Бекітемін:

Мерзімі:


Сыныбы:

8 «»

Пәні: Қазақ әдебиеті

Пән мұғалімі:

Тақырыбы:

Жүсіп Баласағұн «Құтты білік»

Мақсаты:

Жүсіп Баласағұнидің өмірі мен шығармашылығы

Міндеттері:

білімділік - Жүсіп Баласағұнидің өмірі мен шығармашылығы, «Құтты білік» кітабының негізгі тақырыбы, идеясы, мемлекеттік, адамның кемелдену жолдарының қағидалары туралы Ахмет Иасауи, Абай шығармаларымен үндестігін түсіндіру;

Тәрбиелік-оқушыларды адамгершіліккесаналы білім алуға, имандылыққа, әділ, қанағатшыл болуға тәрбиелеу;

Дамытушылық-сұрақтар, тапсырмалар, ізденістерге негізделген жұмыс түрлерін өз бетімен орындауға дағдыландыру, бірін-бірі тыңдау, сыпайы және сенімді, әдеби тілде сөйлеуге үйрету

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақты игерту

Қолданылатын

әдіс – тәсілдер:

сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Көрнекілігі және құрал жабдығы:

Суреттер оқулық

Сабақтың барысы:

Кезеңдері

уақыты


Ұйымдастыру

1 минут

Оқушылармен амандасу,түгендеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


Үй тапсырмасын тексеру

10 минут

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

Ежелгі дәуір әдебиеті бойынша қайталау сұрақтары беріледі.

«Бақытты сәт» ойыны бойынша сұрақтарға жауап береді.

Сынып үш топқа бөлінеді.

  1. Түрік қағанаты, Оғыз дәуіріндегі әдебиет (Y-IX ғ.).

  2. Ислам дәуіріндегі әдебиет (IX-XII ғ.).

  3. Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет (XIII-XIY ғ.).

Сұрақтар деңгейленіп беріледі. Үш Қатардан, 6 бөліктен тұратын Қызыл, көк, сары бояулармен бөлінген кестеге сұрақтар деңгейленіп орналастырылады.

Сары. 1.Алып Ер Тұңға кім? Оның түркі тарихындағы рөлі «Жоқтауда» қалай көрінеді?

2. Түркі қағанаты қашан құрылды? Оны кім басқарды? Кімнің тұсында түркі қағанаты ыдырап кетті?

3. «Орхон ескерткіштеріне» қандай жырлар жатады?

4. «Орхон ескерткіштерінің» негізгі тақырыбы нендей? Осы жырларды жазған кісі кім?

Көк. 1. Әл Фараби кім? Ғылымның қандай салаларымен айналысқан.

2. Ахмет Иасауи ұстаздары кімдер? Ол нені жырлады?

3. Ахмет Иасауидің Абаймен үндестігі.

4.  Білге қаған, Тоңұғық, Күлтегін кімдер?

Қызыл. 1. Алтын Орда мемлекеті қашан құрылды?

2. Осы дәуірде өмір сүрген ата-бабаларымыздың қандай шығармаларын білесіздер?

3. Әл Фарабидің «Қашықтасың туған жер» өлеңіндегі айтылар ой не? 4.Қорқыт ата қай ғасырда өмір сүрген? Ол кімболған? Қорқыт өлмеудің   жолын тапты ма?

Жаңа сабақты түсіндіру

25 минут

Ислам дәуіріндегі әдебиет қалай бөлінеді? Оларға кімдер жатады? ( Сыр бойы әдебиеті, Қарахан әдебиеті) Қарахан мемлекеті» деген не, оның Баласағұниға  қатысы қандай? (X- XII ғасырларда Шығыс Түркістан ( Қазіргі Қытай аймағы) Жетісу, Сырдария, Талас, Шу өңірінде Қарахан мемлекеті құрылған. Оның екі астанасы Баласағұн (Талас, Шу бойында), мен Қашқар. Бұл қалаларда мәдениет жоғары деңгейде дамыған. Оның бір көрнісі – осы мемлекеттен екі  үлкен ойшыл ғалым –Баласағұни мен Қашқари шыққан. Бұлар – бүкіл түркі әлемі мойындаған тұлғалар.)

Жүсіп Баласағұни – XI ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі күллі шығыс елдеріне белгілі болған аса көрнекті ойшыл, энциклопедист ғалым, белгілі қоғам қайраткері.Ол Баласағұн қаласында туып өскен.Баласағұн –көрікті тас қала деген ұғымды білдіреді.Қарахан мемлекетінің астанасы, әкімшілік және сауда – саттық орталығы болған. Жүсіптің әкесі өнер иесі, күйші екен. Ол Қарахан мемлекетінің қожасы Боғраханға қызмет еткен. Жүсіп те талантты әкенің тәрбиесін алып өскен, жасынан зеректігімен көзге түсіп, сарай қожаларының көңілін өзіне аударады.Сол кезде Шығыс Түркістан ;Жетісу, Қашқар, Баласағұн өлкелерін билеп тұрған Боғрахан Жүсіптен зор үміт күтіп, оны тәрбиелеп, баулыған.Жүсіп кезінде атақты деген білім ордаларында болып, көп тілдерді үйреніп, тез жетілген.өз кезінің білімді адамы саналған, жасынан оқып, түркі тілдеріне қоса парсы, араб,қытай тілдерін жақсы білген.

«Құтты білік» деген кең көлемді дидактикалық «өсиет -өнеге» кітабын 54 жасында 18 ай жазып, ол еңбегін  Боғраханға тарту еткені үшін « Хас Хажып» атағын алған. ( Хас –Хажып –сарай минстрі деген ұғымды білдіреді)

Хас Хажып – он түрлі қасиет болатынын сипаттайды: өткір көз, саққұлақ жомарт жүрек, сәнді тұлға, сүкімді жүз, сыпайы мінез, білік, әдемі сөз, мейірім, ақыл., «Құтты білік» барлық халықтарының ортақ орта ғасырлық туындысы, ол -85 тараудан, 65 бәйттен яғни 13 мың жолдан тұрады екен.

«Құтты біліктің» негізгі тақырыбы –Адам, оның кемелдену жолдары.кітапқа негіз болған 4 асыл қасиетер.

  1. Күнтуды -Әділет

  2. Айтолды –Бақыт

  3. Өгділмүш –Ақыл

  4. Өдғұрмыш –Қанағат

  5. Поэма диологқа құрылған. әңгіме осы төрт кейіпкердің сұрақ –жауаптары арқылы дамиды. Сонымен қатар Кемел мемлекеттің сипаты баяндалады.Кемел мемлекетте өмір сүретін адам да кемелдену жолын іздеуі керек.

 « Құтты біліктен» үзінді оқу

Оқушылардың көмегімен үзіндінің мазмұнына байланысты сұрақ

  1. Қашық болар бес нәрсе.

а) ұшқалақтық

ә) сараңдық

б)ашу

в) надандық

г) өтірік

2. екі түрлі достық

   а)адал достық

   б) арам достық

3. ақыл, білім тілмашы – тіл.

   а) өнер алды –қызыл тіл

   б) басқа пәле тілден

Бекіту

5 минут

  1. Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. Баласағұнидың «Құтты білік» кітабы не туралы?

  2. Кітаптың кейіпкерлері кімдер?

  3. Баласағұни ойынша шын дос кім?

  4. Тілдің пайдасы мен зияны туралы не айтылған?

  5. Баласағұнидің ойы Абаймен үндесе ме?

  6. Осы өлеңді оқығаннан кейін өздеріңе қандай өнеге алдыңдар, тәрбиелік мәні не деп ойлайсыңдар? Оқушылардың жауабынан кейін мұғалім қорытынды шығарады. Ендеше біздің бүгінгі сабағымыздың тәрбиелік мақсаты да сол болмақ.

Бағалау

2 минут

Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма

2 минут

«Құтты білік» кітабындағы төрт кейіпкерге ой –толғау жазу




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 13.05.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров516
Номер материала ДБ-078920
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх