Инфоурок Школьному психологу Другие методич. материалы"ЖҚТҚ (СПИД) – ғасыр дерті"

"ЖҚТҚ (СПИД) – ғасыр дерті"

Скачать материал

 

Қаракөл ЖОББМ балабақшасы

                Мектеп психологы  Есенова Жұмабике Базарбайқызы

Сабақтың тақырыбы: ЖҚТҚ (СПИД) – ғасыр дерті.

Мақсаты:  ЖҚТҚ -  ауруына түсінік беру. 

Оқушыларды  басқа, «өмірі тозаққа»  айналған оқушылардың  тағдырына  құрылған  оқиғаларды  әңгімелеу  мен бейнефильмдерді  көрсету  арқылы  жат  әдеттен   сақтан-дыруға  тәрбиелеу;

Жағдаяттарды  талдау, рольдік ойындар өткізуді ұйымдастыру.

Әртүрлі әдістемелерді қолдану  арқылы оқушыларды  түгел қатыстыра  отырып, белсенділігін арттыру

Мектеп медбикесімен  кездесу ұйымдастыру.

Денсаулықтарына  жауапты көзқарас қалыптастыру.

Құрал-жабдықтар:  ақ  парақтар, қалам, интерактивті  тақта, ноутбок, шарлар, стикер,парақшалар т.б.

Сабақ түрі:  психологиялық   сабақ

 

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру  кезеңі.

Танысу  жаттығуы«Үкімет басшылары» 

Оқушылар  2 топқа бөлініп, шеңбер  жасап  тұрады.

Сыртқы және  ішкі  шеңбер бір-біріне қарсы  жүреді, «Тоқта» белгісі айтылғанда  бір-біріне қарап бұрылып тұрады.

Шарты: Сіздер  үкімет басшыларысыз, бір-біріңізбен сәлемдесу  және өздеріңізді  таныстыруыңыз керек.

ІІ.Ой шабуылы:  ЖҚТБ- деген не ? Біз неге ЖҚТБ/АҚТҚ  туралы  айтамыз?

Жауаптар тыңдалады, тақтаға  жазу.

 1 бөлім.  Мұғалімнің  кіріспе сөзі:

ЖҚТБ –жұқтырған қорғаныс тапшылық белгілері.Оны жұқтырған адам  қорғаныш жүйесін зақымдайды ,  біртіндеп оның басқа жұқпалы  аурудан қорғану қабілетін  әлсіретеді. АҚТҚ- адамның қорғаныс тапшылық қоздырғышы.Әркім АҚТҚ – жұқтырып алуы мүмкін . Медициналық құралдарды дұрсы өңделмеген жағдайда  да жұғу қаупі жоғары. Бұлардың бәрі ауруды жұқтыру қаупін жоғарлатады.

Адам АҚТҚ – жұқтырғанын қалай біледі?

Осы ауруды  жұқтырған адамдардың  сыртқы белгілеріне қарай  басқа адамдардан айыр-машылығы жоқ. АҚТҚ – жұқтырғанын арнайы тексеруден, лабораторияда ғана анықтай-ды.Бірақ қоздырғышты адам ағзасында  бар екенін вирустар емес, оған қарсы түзілген антиденелер арқылы анықтауға болады.АҚТҚ – жұқтырған адамдар бастапқы кезде  жұмысқа қабілеттілігі  сақталған күйде болады. Біраз уақыт өткенінен кейін олар жиі ауыра бастайды.Ұзақ уақыт дене қалтырап, іші өтіп, лимфа түйіндері үлкейіп, терісі көмекейі, өкпесі қабынады.Емдегенге дейін де бұл ауру қайта басталады.Одан кейін ЖҚТҚ – дамиды. Бұл кезде өлімнен бас тарту мүмкін емес.

2-бөлім.Мектеп  медбикесі төмендегі  сұрақтар бойынша  слайдты  баяндама оқып, мағлұмат береді.

АҚТҚ-ның  жұғу жолдары  қандай?

АҚТҚ жұқпасының бірнеше  сатылары туралы ақпарат.

Жағдаят:

 Мәдина  25 жаста.

2 жылдай Мәдинада науқастықтың  белгілері  байқалды: тез шаршау, терлеу, қалтырау,лимфатүйіндерінің ұлғаюы. Бірақ  өзі суық тиді, я болмаса қатты шаршаған болармын деп ойлады.

Қазір ентікпеге, қатты жөтелге және  тамағының қабынуына  шалдығып  отыр, асқазаны ауырып, дене  салмағы 10кг түсті.

 

 

Талқылауға   арналған  сұрақтар:

Мәдина  ЖҚТБ - мен ауруы мүмкін бе?

Шамамен ол неше  жасында жұқтырған?

 

Мұғалім сөзі:

Соңғы жылдары дүние жүзінде, сонымен қатар Қазақстанда  да әртүрлі есірткілік әртүрлі есірткілік  заттарды қолданатын адамдар күннен күнге артып      келеді. Нашақорлықтың қарқынды өсуінің бірден –бір себебі – есірткіні қолданғаннан  кейін адамның ағзасы мен психикасы тәуелді болуы.Соңғы бес жылда есірткіні қолдану 1000/0 өсті.Нашақордың есірткіні қолдана бастағаннан кейінгі өмірінің ұзақтығы орта есеппен қарағанда 7 жыл.Биылғы жылдың өзінде жыл басынан АҚТҚ\ЖҚТҚ ауруына шалдыққан  адамдар саны

30 пайызға өсті.

 

 

3- бөлім.  Тренинг «Лабиринт»

2 қатысушы  сыртқа шығарылады, бөлмеде  бірнеше  орындықтан кедергі қойылады.

Қатысушының бірін көзін  байлап бөлмеге  кіргіземіз, ол орындықтардың  арасымен  өтіп шығуы тиіс.

Екінші  рет ол  орындықтардың  арасымен досының көмегімен өтеді

Сұрақ: Саған  қай кезде  кедергіден  өту жеңіл болды, жалғыз өткенде ме, әлде  досың саған көмектескенде  ме?

2-ші  қатысушыға  ол сіздің жақын  досыңыз.Сіз оның АҚТҚ жұқтырғанын білдіңіз.

Онымен дос болып қалуды  қалайсыз ба,  қол ұшын  созудан қашпайсыз ба?

Қорытынды  шығару: Адам өзінің  басқаға  керектігін және  басқа адамның  өзіне  деген қамқорын, сүйіспеншілігін  сезуі қажет, әсіресе  ауру  адамға  аса қажет.

 

4- бөлім.Оқушыларға  сауалнама  жүргізу.

 

5- бөлім. «Біз қабылдаған  шешімдер» /оқушыларды  топқа  бөліп, жағдаяттардан шығу жолын сұрау/

1топ.  Адам тексеруге  қан тапсырып, онда  АҚТҚ  жұқпасы табылғанын  жаңа ғана білді.

Ол не  сезінді?Ол не істейді? /пікір  айтамыз/

(Төмендегі  сөз тіркестерін  қолданып жауап берейік: үрейленді, лайықты өмір сүрудің, өзіне –өзі, жабырқаулық, мүмкін, қолдау, түсінушілік)

 

2 топ.Қансыраған   адамға алғашқы  көмек көрсетуіңіз қажет.Қанында АҚТҚ қоздырғышы

болуы мүмкін, сіздің  көмегіңіз қандай?

(Төмендегі  сөз тіркестерін  қолданып жауап берейік: қансыраған   адам, шұғыл  көмек, сабынмен, таза,қалың матамен, дәрігерлермен, жгут, жараларыңыз болса, мұқият жуыңыз, көзіңізбен  аузыңызға және зақымдалған  теріңізге)

 

3 топ.АҚТҚ қоздырғышын  жұқтырған   адамдарды  қоғамнан  оңашалау қажет. Сіз осыған  келісесіз  бе?

(Төмендегі  сөз тіркестерін  қолданып, өз пікіріңізді айтыңыз!  болмайды, басқаларға, шарт, жеке тұлға, үшін, келісемін,емдеу)

 

6 бөлім. Бой жазу «Үйлер,   адамдар, жер сілкіну»

 

Қорытынды:

Мектеп медбикесі парақшалар таратты. Белсене қатысқан  оқушыларға  сыйлықтар берілді.оқушылар  өз ойларын стикерге жазып, «Тілек  ағаш»-на  жапсырды. Барлығы естелікке суретке  түсті

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал
Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 266 932 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.01.2018 700
    • DOCX 359 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бекманова Динара Махамбетовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бекманова Динара Махамбетовна
    Бекманова Динара Махамбетовна
    • На сайте: 5 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5797
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой