Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Жұқтырылған қорғаныш тапшылығы белгісі дертіне жол жоқ

Жұқтырылған қорғаныш тапшылығы белгісі дертіне жол жоқ


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Жұқтырылған Қорғаныш Тапшылығы Белгісі дертіне жол жоқ!

Мақсаты: Жұқтырылған Қорғаныш Тапшылығы Белгісі індетінің кең және жылдам өріс алып дамып келе жатқан мемлекеттер ішінде Қазақстан мемлекеті де бар екені белгілі.

Осыған орай індеттің алдын алу, сақтану шаралары туралы мағлұмат беру. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Денсаулық бұрышы, нақыл сөздер, суреттер.

Барысы:

  • Оқушылар өздері дайындап әкелген тақырыптары бойынша пікірлеседі.

  • Заңсыз психобелсенді заттарға (ПБЗ) тәуелділіктің қалыптасуы.

  • Апиын текті есірткі заттармен созылмалы улану салдары

  • Стимулятор заттарды асыра пайдалану салдары

  • Эфедронды артығымен пайдалану

  • Кокаинды пайдалану

  • Нашаны (марихуана, анаша) асыра пайдалану

  • ПБЗ тәуелділігінен айығу мүмкіндіктері.

Кіріспе сөз:

Соңғы жылдары жер шары халықтарының назары ХХ-ХІ ғасыр обасы аталған ЖҚТБ дертіне аууда. Бұл дерттің қара бұлты бүкіл жер шарын басып келеді. Сондықтан да осы аурудың алғашқы және негізгі белгілері, одан сақтану жолдары, емделу тәсілдері сияқты мәселелер барша жұртты мазалап, ойландырып, толғандыруда. Қолданып жүрген түрлі зерттеулерге қарамастан ЖҚТБ-қазіргі кезенде емделмейтін аурулар қатарында. Сондықтан жұқпаны болдырмауға бағытталған барлық іс-шараның АҚТҚ(ВИЧ) адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы/ЖҚТБ жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі (СПИД)-алдын алу.

Бүгінгі таңда АҚТҚ/ЖҚТБ мәселесі ақпараттық құралдарда кеңінен қарастырылып, білім беру ұйымдарында алдын алу бағдарламалары еңгізілуде. Бірақ жасөспірімдер мен жастар өздерінЖҚТБ жұқпасынан дұрыс қорғау туралы қажетті біліммен қаруланбаған ,жастар өз білімдерін тәжірибеде қолдана білмейді немесе қатердің дәрежесін түсінбейді.

1 оқушы: Құрамында опиаттар болатын есірткі заттарға мас болудың өзіндік ерекшеліктері – көз жанары кішірейеді, тері мен кілегей қабықтары құрғайды, өңі бозарып кетеді, артериялық қан қысымы төмендейді, жүректің соғу жиілігі азаяды. Апиын текті есірткіні бірінші рет қолданғанда организмнің қорғаныш реакциясы пайда болады. Оны қажет етуді сезіну кейінірек байқалады. Героинды екінші рет пайдаланғанда оған мұқтаждық туындайды. Есірткіге тәуелділік қалыптасуы үш сатыда өтеді

Бірінші сатысы есірткінің әсері өзгермейді. Науқас аз ұйықтайды, ұйықтасада ұйқысы шала болады.Тамаққа тәбеті шаппайды, бірақ тәтті мен майлы тағамға ынталы болады. Дәреті,іш жүруі азаяды, салқын тиіп ауырса да жөтелмейді.

Екінші сатыда бір айдың көлемінде қалыптасады . Бұдан бұрын қабылдап жүрген есірткі мөлшері енді әсер етпейтін болады.Төзімділігі артады. Есірткіге деген құмарлығы күшейеді, есірткі организмдегі биохимиялық процесстерге кіргендіктен ұстамдылығын жоғалтады. Науқас есірткі табу үшін кісі өлтіруге де дайын болады. Бір-екі тәулікке дейін есірткі қабылдамаса, абстиненция түріндегі жүйкесі бұзылады. Ол жалпы организмге және көңіл-күйге өте ауыр соғады. Есірткіні табуға, оны тез арада қанға құюға деген құштарлық арта түседі. Көз жанары ұлғаяды, есіней береді, көзден жас ағады, мұрын бітеледі, түшкіреді, тәбеті қашады, ұйқысыздық пайда болады. Абстиненцияның өткір кезеңі 2-3 аптаға созылады, жеңілдеу кезеңі 4 айға дейін барады.

Үшінші сатыда науқастың есірткіге психикалық тұрғыдан тәуелдігіне қарағанда тәндік тәуелдік басым болады. Тамаққа тәуелдігі күрт нашарлайды, науқас есірткінің бастапқы әсерінде ғана тамақ іше алады. Науқас көбінесе теріс қарап, бір қалыпта қимылсыз жатады, шуды, күлкіні көтермейді. Абстиненция ас қорыту жүйесінің бұзылуын тудырады.

2 оқушы: Апиын секілді есірткі заттармен улану салдары: аурудың әсерінен жұмыс қабілетінің нөлге дейін жоғалуы. Ойлау жүйесі көп күш қажет етеді, қатты шаршайды. Зейіні төмендеп, көңіл күй ақуалы өзгереді. Депрессияға ұшырайды. Қатты арықтайды. Тістерден эмаль кетеді. Өмірге деген үмітсіздік өрши түседі.

3 оқушы: Стимулятор заттарға уланып мас болғанда адамның ой-өрісінде қозу байқалады. Көп сөйлейді, жүйесіз абыржу байқалады. Ол айналасындағыларға беталбаты сөйлеп, берекесін алады. Мас болған науқасқа тән белгілер: бет-әлпеті бозарып кетеді, көз жанары ұлғаяды. Еріндері құрғайды. Олардың жүрек соғуы жиілейді, қан қысымы көтеріледі, қолдары дірілдейді, қозғалысы бұзылып, теңселеді. Стимулятордың дозасын көбейтуге болмайды, себебі организмнің ахуалын нашарлатады, денеде діріл пайда болады, аяқ-қолдары әлсін-әлсін шаншиды, желкесі ауырып, қан қысымы көтеріледі. Есірткіні жиі пайдалана бастайды. Әбден жүдеп, шаршағанша бірнеше күн бойы әрбір 4-6 сағат сайын қолдана береді. Соңында әл-дәрмені бітеді. Көзі ашиды, лоқсиды, басы айналады, ұйқысы қашады. 2-3 күн өткен соң есірткіге құмарлық қайта өршиді.

3 оқушы: Эфедронды артығымен пайдалану организнің түгелдей бұзылуына, жүйке жүйесінің бұзылуына әкеледі. Бұл науқастарға тән ерекшеліктер: дөрекі мінез, қатыгездік, ашуланшақтық, күдіктену, жігерсіздік болып табылады. Мінез – құлқында қайткенде де өз талабын орындатуға деген ынтызарлық пайда болады. Ойлау және есте сақтау қабілеті төмендейді. Мұндай науқастардың жүрек қызметі нашарлап, кенеттен тоқтауы салдарынан, миға қан құйылуы мүмкін.

3 оқушы: Кокаинды артығымен пайдаланғанда науқастың зейінділігі, парасаттылығы төмендейді. Ішкі мүшелер мен ұлпалардың қызметі бұзылады, тері құрғап, әжім басады. Шаш пен тырнақтары сынғыш келеді. Кокаинды иіскеп қолданатындарда мұрын қуысын жара басып, бұзылады, мұрынның шеміршек тұсы салбырап түсіп кетеді.

4 оқушы: «Гашиш» - «наша» үнді сорасының шайырынан бөлінетін есірткі, ал марихуана- үнді немесе америкалық жабайы кендірдің жапырақтары мен сабағынан бөлінетін шайыр. Олардың құрамындағы негізгі әсер беретін зат- каннабинол. Нашаны шегуден немесе езіп ішкеннен кейін үрей, күдіктенушілік, қорқыныш сезім пайда болады. Соңынан босаңсиды және жайбрақат күйге енеді.

5 оқушы: Нашамен улану белгілерінен ми қыртысы қызметінің уақытша бұзылу деңгейін бағалауға болады. Ойлау қызметі кенет төмендейді. Мас болған кезде мінез-құлқында бей-берекеттік пайда болады, тері өңі қызарып немесе өзгеше бозғылт тартады, көз жанары кеңейеді, көздері жалтылдайды, аузы мен өңеші құрғап , сөйлегенде шатасу байқалады. Саусақтары қалтырайды, түрлі елестер көріне бастайды, мидың жасушалар бұзылады. Наша қолдану салдарының ауыр түрлерінің бірі ақыл есінен айырылуға әкелетін ауру- энцефалопатия. Бұл аурудың шығу себебі, мидағы патологиялық процестерден ми қан тамырларының бұзылуы.

6 оқушы: Психобелсенді заттардан айығу мүмкін бе? Әбден мүмкін. Бірақ бұл процесс өте ұзақ, бүкіл өмір бойына созылуы мүмкін. Денедегі есірткінің уытын қайтару үшін, дене мүшелерінің қызметін қалпына келтіру үшін өте ұзақ уақыт керек. Ең бастысы- емделу процесі ауруды психологиялық тұрғыдан жеңуге тікелей байланысты екенін түсіну болып табылады. ПБЗ-ға тәуелді болған адамға ең алдымен өзінің ауруының қалай өтетінін, одан жазылу үшін не істеу керек екені өте маңызды. Сауықтыру процесінің әрбір кезеңінде науқас адам емделуге өзі шешім қабылдаудың маңызы зор. Тәуелді болған адам өзі дені сау болғанын қалауы керек. Өмірге , дүниеге деген көзқарасын, ойын өзгертіп, қоғамдағы салауатты өмір дағдыларын ескеру , үйрену керек.Сауығу- өзіндік ерекшеліктері бар кезеңдерден тұратын ұзақ процесс. Әрбір кезеңнің шешімін табатын, белгілі бір дағды қалыптастыратын міндеттері болады. Егер сауыққан адам осы бағытта жалғастыруға, өзінің сауығуы үшін алдына қойған мақсатына дайын болмаса, егер ол өзін өзгерту бағытында жүргізілетін жұмыстардан қашқақтайтын болса және ауруын жеңуге құлқы болмаса, емнің үзіліп, қайта бастап кетуі әбден мүмкін.

ІІ кезең. «Наша қолдану ауру ма?, әлде әдет пе?» пікірталас.

Әрбір оқушы өз ойларын ортаға салды.


Автор
Дата добавления 16.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров110
Номер материала ДВ-460783
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх