Инфоурок Другое Рабочие программыЖусан иісті дара талант

Жусан иісті дара талант

Скачать материал

 
Сайын Мұратбеков
Жусан иісті дара талант

2017 – 2018 оқу жылы.
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Мақсаты: оқырмандарға жазушы өмірінен мәлімет беру, көркем шығарманы оқыту арқылы әңгіменің құндылығын таныту. Ой – өрістеріне, тіл – байлықтарын дамыту, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнектілігі:интерактивті тақтадан слайд, бейнеролик көрсету.

Жоспары:

1.     Сайын Мұратбековтің өмір мен шығармалары (баяндама).

2.     Жазушының шығармаларына талдау жасау.

3.     Жазушының «Жусан иісі» әңгімесін мазмұндау.

4.     «Жусан иісі» әңгімесі бойынша сұрақ - жауап

5.     Қорытынды

Кітапханашы: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайреткері, Қазақстанның көрнекті қаламгері Сайын Мұратбековтің «Жусан иісіті талант» атты оқырмандар конференциясын өткізгелі жиналып отырмыз. Кешімізге қош келдіңіздер!

Бүгінгі кешімізде жазушының өмірбаяны мен шығармаларымен танысып, шығармаларына талдау жасамақпыз.

1.     Жазушының өмір жолы мен шығармаларынан баяндама (кітапханашы)

2.     Жазушының шығармаларына талдау.

1-оқушы: Шерхан

Сайын Мұратбековтің-қазақ ауылының соғыстан кейінгі тұрмысы мен тіршілігін сомдаған жазушы. Жазушының алғашқы әңгімесі 1954 жылы жарық көрді. Оның «Ауыл оты», «Отау үй», «Көкорай», «Дос іздеп жүрмін», т.б. шығармалары оқырман қауымға таныс. Қазақ  әдебиетінің көрнекті өкілі, көркемсөз өнерінің үлкен шебері Сайын Мұратбековтің қаламынан туған туындылардың арасында деңгейі төмені жоқ. Сондықтан аса талантты жазушының қай шығарамасын да оқырмааны құмарта оқиды. Әсіресе, «Жусан иісі», «Жабайы алма» сынды әңгіме, повестері қазақ әдебиетінің көркемдік көкжиегін кеңейткен шығармалар. Оның шығармалары оқиға желісінің шынайылығымен, тілінің көркем де өрнектілігімен, кейіріпкерлерінің биік адамгершілік қасиеттерімен ерекшеленіп тұрады. Табиғи нанымдылығының арқасында олар оқырманын баурап алады. Адам жан дүниесінің нәзік иірімдерін ұлттық мінез бен тіршіліктің ішкі заңдылықтары арқылы дәлдікпен зерлеген «Менің қарындасым» әңгімесі нағыз психологиялық туынды. Әңгімелерде алғашқы махаббат, кіршіксіз тұнық сезім, адамның есею, қалыптасу жолдары көркем тілмен керемет көрініс тапқан. Сайын Мұратбеков жүзден астам көркем суретті фильмдерді қазақ тіліне аударған. Оның шығармалары 30-дан астам шет тілдерге аударылған. Орыс, өзбек , татар, украин, белорус, грузин, әзербайжан, литва, араб, т.б. тілдерінде жарық көрген. Өмір шындығын бейнелеуді өз туындыларына алтын арқау еткен Сайын Мұратбековтің балалық балауса шағы Ұлы Отан соғысының отты жылдарына тап келді. Бірде аш, бірде тоқ,бірде бүтін, бірде жалаңаш жүріп, аңыраған ана, жылаулы жетім жесір арасында қатал мезгілдің қатулы қабағын байқап өскен жазушы.

2-оқушы: Айжан

 Сайын Мұратбеков өзінің шығармаларында соғыс тауқыметіне тап болған қырдағы ел, ондағы адам тағдырын шебер бейнелейді. Бұл әсіресе, «Жабайы алмаа»повесінде айқын көрініс табады. Ал «Ананың арманы» атты әңгімесінде іші түтін, сырты бүтін болған қарт ананың ішкі жан мұңы суреттеледі. Жалғыздықтың жалынын татқан ананың бар арманы-төрт баласының бақытын, бауырмалдылығын, ауызбіршілігін көру еді. Өкінішке қарай, ол арман қарт ана үшін қол жетпес шыңға айналады. Бұл шығарманың трагедиялық көріністері, адамды тек күйзелтіп қана қоймайды, сонымен қатар, мың бұралған сұрақтардың шылбырымен жетелейді.

«Басында Үшқараның» атты шығармасы туралы да таңдана жазған қаламгерлер аз емес . Сайын Мұратбековтің әрбір туындысында терең ой, тағылым, өнеге жатыр, жазушының шығармаларында жастарға берер тәлім тәрбие мол.

1-оқушы:Айтжан

 Қайталап оқыла беретін қаламгер. Қай ұлттың да, қандай жұрттың да көркем әдебиетінде қай заманда да, қандай қоғамда да қайталап оқыла беретін қаламгерлер болатыны белгілі.

Сайын Мұратбеков – қазақ көркем әдебиетіндегі қашан да қайталанып оқыла беретін қаламгердің бірегейі. Сайынның көркем әңгімелері хақында қаншама жылдардан бермен қарата, қаншама адамдар қалам тербеп, ойларын ортаға салып, небір пікірлер білдіріп келеді. Сөз зергері Ғабит Мүсірепов Мұратбеков прозасын алыстан көрінетін жас талға теңейді. Тахауи Ахтанов сыршыл лиризмнің сырбаздығына таңғалады. Шерхан Мұртаза «Сайын – біздің ұлттық құндылығымыз» дейді. Смағұл Елубай Сайынның қазақ әңгімесін жаңа белеске көтергенін, Тұрсын Жұртбай оқиға өрбітуі мен логикалық ақыл ойды сабақтастырудағы өзгешілігін айтса, әдебиет сыншысы Бақытжан Майтанов: «Әңгімелері мәңгілік даңқтың иелігіне шақыру алған» дейді. Осылайша келтіре берсек таңғажайып тебіреністер толып жатыр.

    Жаратушы Иеміз Сайындайын суреткерді солай жаратқан.

    Оны қайталап оқу керек. Ол қазақ оқырманы барда қайталанып оқыла бермек. Сайынның замандасы ақын жазушы Төлеухан Аязбаев Сайынға арнап әзіл өлеңін жазған екен. Тындап көрейік. Оқырманымыз оқиды:

Жусан исі аңқыған сайын дала ,

Сияқты көкірегіңіз Сайын аға.

Қапалдың «Қалың қары» кеткен еріп

Көк орай шалғын қырмен сайлары да

«Басында Үшқараның», «Отау үй» тұр,

Етекте ауыл оты шашады нұр.

«Отау үйдің»төрінде малдас құрып,

Мен дос іздеп жүрмін деп Сәкең отыр

«Қамен-тугай» ішінде серуендер

Ойға шомып толғанып, тебіренер.

Қыз қырқындар кезіксе қутың қағып

«Менің қарындасым» деп еміренер.

«Жабайы алма» ішінде сейілдейді,

Жетпіске жеткені еш сезілмейді

Алла жазса бұл Сәкең қара да тұр

Жетпіс тұрмақ тоқсанға берілмейді

Томпаң қағып тоқсанға толған тойда

Томпиып қыздарменен би билейді

2-оқушы; Ақжанат

Автордың «Жусан иісі» атты повесін алатын болсақ,екінші дүние жүзілік соғыс жылдарындағы кішкентай бір ауылдағы балалардың бастан кешкен ауыр оқиғалары, көрген азаптары шынайы суреттеледі.Әңгімедегі басты кейіпкер-Аян.Оған ақылдылық,ұқыптылық,мақсаткерлік тән,Аянның маңындағы балаларға айтқан ертегілері адамға ой саларлық құндылығымен ерекше,С,Мұратбеков әңгімелерінің негізгі тақырыптары-ауыл өмірі ,Ондағы кейіпкерлер өз Отаның, туған жерін шексіз сүйетін,туған жер байлығын көтере түсу үшін еңбек еткен адамдар, Оның шығармаларының басты кейіпкерлері-ауылда туып өскен даладай дархан, жомарт мінезді,кішіпейіл,ақ жарқын жандар.

«Алыста қалған балалық шағым...Ойымнан жарғақ тоны қаудырлаған, тобығы тайған сол аяғын сүйрете жүгіретін,шілбиген арық, ақсақ қара бала бір кетпейді»,-деп басталады «Жусан иісі» атты повесі. «Жусан иісі» әңгімесін оқыған сайын, әуелі есімізге жусанның иісі оралады,Жусанның иісі ауылда өскен,ауылдың қара топырағын иіскеп өскен әр баланың есіне оралады.

Ән: Ауылым

1-оқушы;  Бекжан

 Енді құрметті оқырмандар Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» повесіне шолу жасаймыз.Сайын Мұратбеков қазақ әдебиетінің дамуына өзіндік үлес қосқан кіші және орта көлемді эпикалық жанрлардың мазмұнын жаңа леппен,дара мәнерлеп байытқан. «Жусан иісі» повесінде жазушы соғыс жылдарындағы қазақ ауылының тіршілігі,ауыл адамдарының күйініш-сүйініштері жайын толғаған.Шығарма  ссюжетіне терең үңілсек Аян атты жасөспірім баланың өмірінің белгілі бір кезеңінде болған оқиғаларға негізделеді.Әкесі соғыста.Анасы жоқ.Арқа сүйеген жалғыз әжесі бар еді,ол да қайтыс болды.Өзі тобығын тайдырып алып аяғын сүйрете басады.Аян өмірінің сырт көзге көрінетін шындығы осындай.Көзге ұрып тұрған ешқандай жарқылда,қарқында жоқ сияқты. Соған қарамастан шығарманың өн бойында үзілмей өріліп жатқан қасиет бар.Жазушы ол қасиетті Аянның ішкі болмысынан тайған тобығының азабынан да ауыр жан жарасынан тартып баяндайды.Жанында жарасы бар, жүрегінде қаяуы бар жасөспірім баланың достарына мейірімін де,тағдыр тауқыметіне төтеп берген шыдамы бейнеленген,Майдандағы әкесі жарық дүниедегі жалғыз жанашыры келіп қалатындай сезінед.Кейіпкер Аян бір күні достарына «Мен бүгін түсімде әкемді көрдім». Жатар алдында әкемнің пальтосын басыма жастап,иісін иіскеп жатқанмын.Әкемнің иісі сіңіп қалыпты бір түрлі жусанның иісі сияқты.

Әжем ылғы әкем анау жусанды төбенің үстінде мал қайырып жүріп тапқанмын дейтін. Менің әкемде жусан иісі содан қалған дейді.Балалардың бәрі де майдандағы ет жақындарының үйлерінде қалған киімдерін еске алып,олардан да жусан иісі шығып тұратынын айтып мәз болысады.Барлығы Аянның омырауын иіскелейді.Бірақ  Аянның әкесі соғыста қаза тапты ол енді шын жетім. Шолақ Тұржан деген бригадир оны сабалайтын.Аянның шыбын жанына пан болар ешкім енді жоқ.Жан айқайын тыңдайтын пенде жоқ ол тұмсығын омырауына тығып Жусан иісін ұзақ иіскейтін.Аян қазақ әдебиетінде теңдесі жоқ трагедиялық бейне.Жусан иісі жазушының суреттеуінде ерекше киелі қасиетке айналды. Сағыныштарын басатын осы қасиет.Жаралы жанға нәр беретін,жаралы тәнге әл беретін де осы жусан иісі.Адамның абзал сырымен өмірдің мәнін осы жусан иісі ашады.

Әбубәкір Қайран «Ақ жусан»

Жусан.Жусан.

Ақ жусан. Иісің қандай?

Сылқым емес,

Сыршылдау сиқың бардай.

Жұпарыңды жұта алмай

Жүрмін қазір,

Содан болар тұрамын ұйқым қанбай.

Сағынумен келіп ем

Салып ұрып,

Қалыпсың ғой қатыгез қар астында

Асап едім сол қарды,

Ғашық иіс

Кернеп кетті кеудемді...

Ғажап мұнда!

3.      Оқушылар шығарманың мазмұнын айтады.

4.     « Жусан иісі » әңгімесі бойынша сұрақ - жауап әңгімесі бойынша

сұрақ – жауап

Кітапханашы сөзі: Келесі балалар жұмыс рөльдік ойындар

«Кім?  Қашан?  Қайда?» деп аталады. Бұл ойын арқылы мәтінді кімнің оқып, қалай түсінгенін тексереміз.

Шығармадан үзінді оқимын. Оқушылар бұл үзінділерді қай кейіпкерлердің қашан, қай жерде айтқанын табады.(оқулықтың 218-231 беттері)

 1) - Әй, анау кім ,ей? (Садықтың Аянды  ең алғаш атыспақ ойнап жүргенде көрген кезі)

2) – Барлық әріптерді неге тезірек үйретпейді екен? (Аянның мектепке барып жүргендегі сөзі)

3) – Иә, неге келдіңдер , балалар? (Аян аяғын салдыруға барған дағы Асылдбек шалдың айтқан сөзі)

 4.  Үйбай, бетім –ай, бұ дүбірлеген не десем, мыналар екен ғой  (Бапайдың кемпірінің  ертегі тыңдап отырған балаларға айтқан сөзі)

5) – Тұра ғой. Мына  жарты күрешкідегі сүтті Аянға апарып берейін  (Есікбайдың анасы, Аянды Тұражан сабап тастағанда сүт апарып беретін кезі   )

6) - Әй, жетпегірлер , тұрыңдар! (Тұражанның жер жырту науқанындағы балаларға көрсеткен қорлығы)

7- Әй, жетпегірлер , тұрыңдар! (Тұражанның жер жырту науқанындағы балаларға көрсеткен қорлығы)

 

6. Қорытынды;

«Жалпы,қазақ әдебиетінде шағын жанр,әңгіме жанрын шыңға шығарған сөзсіз дүлділ Бейімбет Майлин енді еді. Оның жолын қумаған, ықпалына түспеген жан прозада кемде кем.Бәрімізді Бейімбеттің шекпенінен шықтық деп айтуға бьолады.Сол Би-ағаңның жолын қуған, шағын жанрға бүкіл өмірін арнаған жалғыз жазушы болса,ол Сайын Мұратбеков еді. XX ғасырдың екінші жартысында қазақ әңгімесін жаңа белеске көтерген осы қаламгер десем қателеспеймін.Мен Сайынды мақтағым келмейді.Кез келген көзі ашық оқырман оның прозасына көз жүгіртсе, оның ірі талант,жазғандары шетінен дүр дүние екеніне көз жеткізер еді»,-деген жазушы Смағұл Елубай ағамыздың сөзімен кешімізді қорытындылаймыз.

 Кешке қытысып,пікір білдіргендеріңізге рахмет!

 

     

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жусан иісті дара талант"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

PR-менеджер

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 855 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.11.2017 1204
    • DOCX 58.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нурсейтова Гульмира Дукенбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 6 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8114
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 281 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 457 человек из 66 регионов

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: методика, технологии и практика

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Адаптация и расстройства: понимание, преодоление, развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 17 регионов

Мини-курс

Предпринимательские риски

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе