Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "Жусан өсімдігінің ерекшеліктері" тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы

"Жусан өсімдігінің ерекшеліктері" тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:


Солтүстік-Қазақстан облысы

Тайынша қаласы

5 орта мектеп









Жусан өсімдігінің ерекшеліктері






бағыт : дүниетану






орындаушылар:

Тайынша ауданы

Тайынша қаласындағы

5 мектептің

2 «А» сынып оқушылары:

А.Кеңес; А.Бегалимова


жетекшісі:

бастауыш сынып мұғалімі

Қ.М.Шулембаева


2014-2015 жыл

Мазмұны



  1. Қысқаша сипаттама 3 б.


  1. Қатысушы сауалнамасы 4-5 б.


  1. Қатысушының жұмысына пікір 6 б.


  1. Кіріспе 7 б.


5. Негізгі бөлімі 8-12 б.

    1. Тарихы 8-9 б.

    2. Түрлері 9-12 б.

    3. Жусан өсімдігінің маңызды ерекшеліктері 10 – 12 б.


  1. Тәжірибе- зерттеу бөлімі 12 б.


  1. Қорытынды 13 б.


  1. Мониторинг 14 б.

  2. Қолданылған әдебиеттер 15 б.



















Қысқаша сипаттама

Жобаның зерттеу жұмысы



Жұмыстың тақырыбы: Жусан өсімдігінің ерекшеліктері


Жұмыстың авторлары: Кеңес Аңсар және Бегалимова Адэма

Тайынша қаласындағы № 5 орта мектебінің 2 «А»сынып оқушылары


Жетекші: Шулембаева Қарлығаш Мұхатайқызы

Тайынша қаласындағы № 5 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі



Зерттеу жұмысының бағыты: дуниетану



-Сіздерге бұл сауалға деген қызығушылық қайдан пайда болды ?

-Бізде өсімдік әлемін(жусан өсімдігін) зерттеу қызығушылық пайда болды.


-Бұл сауалға жауап табу үшін ақпаратты қайдан іздедіңіздер?

-Әдебиеттерден, журналдардан және энциклопедиялардан.



-Қандай ғылыми болжамды ұстандыңыздар?

-Жусан өсімдігін әлі де зерттеп, пайдасын насихаттау керек деген пікірдеміз.



-Өздеріңіз ғылыми болжамды тексеру үшін келесі тексерісті пайдаландыңыз ба?

Сұраулар ( кімді және не туралы ?)

-Үлкендердің арасында жусан өсімдігінің пайдасы туралы білетіндіктерін зерттедік.



-Қандай қорытындыға келдіңіздер?

-Жусан өсімдігінің адам өміріндегі пайдасы зор екендігіне көзіміз жетті деген қорытындыға келдік.



-Қандай көрнекілік пайдаландыңыз?

-Фотосуреттер,слайд, мониторинг.



-Байқаудағы сөз сөйлеу мәтіннің түрі?

-Баяндама түрінде.


Қатысушы сауалнамасы




Аты-жөні : Кеңес Аңсар


Туған жылы: 06.05.2007



Телефон: 23-8-03


Менің құштарлығым: әдеби кітаптар оқу, би үйірмесіне қатысамын



Байқауға қатысуға шешім қабылдағанымыз, өйткені біздің мақсатымыз жусан өсімдігінің ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп, оның пайдасын насихаттау.




Баяндама, презентация дайындадық, зерттеу жұмыстарын жүргіздік, дайындадық.





Ата-ана: әкем: Такишев Нурлан Кенесович

анам:Такишева Гульмира Жарасовна






Мекен –жайым: Тайынша қаласы, Совет көшесі 67







Қатысушы сауалнамасы




Аты-жөні : Бегалимова Адэма

Туған жылы: 01.05.2007

Телефоны: 21-0-72



Менің құштарлығым: әдеби кітаптар оқу, би үйірмесіне қатысамын



Байқауға қатысуға шешім қабылдағанымыз, өйткені біздің мақсатымыз жусан өсімдігінің ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп, оның пайдасын насихаттау.




Баяндама, презентация дайындадық, зерттеу жұмыстарын жүргіздік.



Ата-ана: әкем: Бегалимов Ермухамед Серикович,

анам: Мулдашева Жанель Жанмурзаевна


Мекен –жайым: Тайынша қаласы, Астана көшесі 250






5 орта мектептің

2«А» сынып оқушылары

Кеңес Аңсар мен Бегалимова Адэманың

«Жусан өсімдігінің ерекшеліктері»

атты зерттеу жұмысына










Пікір



Бұл Кеңес Аңсар мен Бегалимова Адэманың алғашқы зерттеу жұмыстары.

Өсімдік әлеміне қызығушылығын танытып,жусан өсімдігінің

ерекшеліктері мен пайдасы мен маңыздылығын ашып, дәлелдей білді.

Деректері жан-жақты,мазмұнды.Тілі көркем,түсінікті.

Зерттеу жұмысында уақыт өткен сайын,өсімдік әлемінде өзгеріс еніп және тақырыптың өзектілігін көрсете алды.

Жұмыстары тартымды,

фотосуреттермен жабдықталған.














Пікір жазған № 5 орта мектебінің оқу-ісінің меңгерушісі: Жұмабаева

Торгун Айтмағамбетовна.




Кіріспе

Өсімдіктер (Plantae) - тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (біріншісі - жануарлар). Құрлықтың  барлық жерінде өседі, суда кездесетін түрлері де бар. Өсімдіктердің 375 000-ға жуық түрі бар. Өсімдіктер тұқым тобының ең үлкені - гүлдейтін немесе жабық тұқымды өсімдіктер. Олардың 250 000-нан астам түрі бар. Өсімдіктер күн сәулесінің көмегімен(фотосинтез) өз қорегін табады. Саңырауқұлақтар бұрын өсімдіктер қатарына жатқызылатын, алайда өз қорегін өндірмейтін болғандықтан, қазір олар жеке класқа жіктелген. Олардың 100 000-ға жуық түрі бар.Өсімдіктердің тірі ағзалар ішіндегі алатын орны ерекше. Жер шарында өсімдіктердің 500 млн. астам түрлері бар.

Өсімдік – жер шарының «өкпесі» деп бекер айтылмаған. Тіршілік атаулыны өсімдіксіз елестетуге болмайды. Қазақстан жері ұлан-байтақ. Осындай  байтақ өлкенің табиғи жағдайы біркелкі емес, соған байланысты әр аймақтың өзіне ғана тән өсімдігі бар.  

Адамдар   мен  жануарларға   оттегі  қажет.  Жылына  бір  адам  тыныс  алу  үшін 173  мың  литр  оттегін  қабылдайтыны анықталған. Өсімдіктер  ауа  қабатына  оттегін  бөліп  шығарады,  ауаны  шаң   мен  улы газдан  тазартады  және  ауаға ауру  тудыратын    бактерияларды  жоятын  ерекше  зат   бөліп  шығарады.

Өсімдік  айналадағы  ортаны  жақсартады:  ауа  райын  салқындатып,  қатты 

желге тосқауыл  болады;   аптап  ыстықты қайтарып,  қысқы  суықтың  ызғарын  бәсеңдетеді. Өсімдіктердің медицинада алатын орны да орасан зор.

Өсімдіктің 150-ден астам түрлерінен дәрі жасалады. Оларды адам сәндік үшін де өсіріп, эстетикалық ләззат алып, рақаттанады.















Негізгі бөлім

Жусан деп ел атаған,                                Шөлге берік өскелең.

Шөп ол бойы жатаған.                             Дәрі – түбір бұтағы,

Дауылға, желге көшпеген,                       Жусан – қырдың жұпары.

(Бағдат Айтмұқаева) айтқандай

Жусан! Осы бір жүрегімізге жылылық сағыныш  сезімін ұялатып, жанымызды жадыратып, көңілімізді көкке көтеретін, даламыздың дархандығы мен қадір қасиетін санамызға сіңіп қалған , салиқалы  еске түсіретін қасиетті сөзде ерекше құдірет бар десеңізші!...



Қаптап қырда шығатын,                              Көп шөп демей, жусанды

Иісі мұрын жаратын,                                   Біліп ал, шын атын...

(І. Шұғаев)

Жусан (Artemisia) – гүлді өсімдіктердің күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптектес өсімдіктердің туысының атауы. Дүниежүзінде жусанның 500-ден аса түрі кездеседі, оның 81 түрі еліміздің далалы, шөлейтті және шөлді өңірлерінде өседі. Олардың сабақтарының биіктігі жеке түрлеріне сәйкес 10-60 см, кейде 1,5-2 метрден асады. Сабақтары көбіне тік, кей түрлерінің сабағы жерге жайылып өседі. Қауырсын пішінді жапырақтары сабақтарына кезектесіп орналасқан және олардың жиектері тілімденіп келеді. Кей түрлерінің жиектері біркелкі тұтас тілімденбеген. Ұсақ гүлдерінің түсі ақшыл, сарғыш.

Тамыз- қыркүйек айларының аралығында гүлдейді.Жемісі-тұқымша.

Жусан-құнарлы мал азығы,дәрілік,бояғыш,тағамдық,витаминді,эфир майлы өсімдік

Тарихы

Латындар бұл шөпті артемизия деп атайды. Шөптесін өсімдіктердің дәрілік қасиетін ашқан Артемид құдайдың құрметіне осылай деп атаған. Жалпы ата-бабаларымыз «жусан» деген сөзді естіген кезде жандары ерекше жадырап, туған жерге деген ерекше сағыныш сезімге бөленеді. Қазақ халқы үшін жусан қасиетті өсімдік. Алыс сапарға аттанғанда жусанды өзімен алып жүріп, туған жерге деген сағынышын басады, яғни «Отан» деген ұғыммен пара-пар мағынада айтылады.

Ертеде бір батыр жігіт өз елін тастап жатжұртқа кетіп қалған екен. Оны елге қайтару үшін қаншама рет барған елшілердің сөзіне құлақ аспапты. Сонда бір тапқыр данышпан елде өскен кепкен жусанның бір бумасын апарып иіскеткенде елге деген ерекше сезімі оянып, көзінен жасы тамшылап, жедел туған еліне оралған екен деген аңыз да ақиқатты аңғартса керек.

Тұнып тұр ғой түз деген,                        Сондықтан да біз деген

Жусан болып мың аңыз..                         Жусан аңқып тұрамыз..

(Темірхан Медетбек)

Асқан батырлығымен Мысырды билеген Бейбарыс бабамыз туған елден жусан мен жусан иісі бұрқыраған қымызды  алдырып ішкен деген тарихи деректер де сақталған.

Түрлері
Қазақстанда өсетін жусанның 17 түрі сирек кездеседі және олардың кей түрлері тек біздің еліміздің аумағында өсетін эндемик түрлерге жатады. Мысалы, Қазақстанның оңтүстік аймағында ғана өсетін дәрмене деп аталатын жусанның шипалық қасиеті өте зор. Шырғалжын жусанының жапырағы мен сабағын тағам ретінде пайдалануға болады. Жусанның улы түрлері де бар. Ащы жусан, қара жусан, боз жусан (дәрмене) т.б. жусан түрлері құнарлы мал азығы болып саналады. Тамыржусан мен дәрмене жусаны қолдан өсіріледі.-

Улы түрі «Таврий» жусаны,оны мал жемейді.

Қазақстанның орталық аймағында өсетін жусанның бір түрі – тықыр жусан деп аталады. Осы жусан түрінен көпжылдық ізденулердің нәтижесінде «Арглабин» деген жаңа дәрі жасап шығарды. Қазіргі кезде бұл дәрі әлемнің көптеген елдерінде – АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Қытай, Германия, Швеция т.б. таралып, қатерлі ісік ауруына қарсы қолданылуда. Қара Жусанның емдік қасиеті ерте кезден-ақ белгілі болған. Шөбі мен тамырының тұнбалары тәбет ашады, асқазан, ішек бездерінің қызметін күшейтеді, жүйке жүйесін тыныштандырады. Сондай-ақ оның тер шығаратын, ішек құртын түсіретін қасиеті бар. Демікпеге шалдыққан адамға Қара Жусанның сабағы мен жапырағының түтінін иіскетеді.Қытай медицинасында бүйрекке тас байланғанда сол шөптің қайнатындысынан ванна жасайды. Ермен-ай, ермен, ермен шөп аңқиды иісін желмен кеп...! (Нұрлан Мәукенұлы).

Кейде ерменді «боз жусан»,кейде«ойраншөп» деп те атайды. Оның сабағының биіктігі 2 метрге дейін, ал тамыры 4 метр тереңге дейін таралады.





Жусан өсімдігінің маңызды ерекшеліктері

Жусанның көптеген түрлерінің маңызын халқымыз ерте кездерден бастап-ақ біліп, дәрі-дәрмек, мал азығы ретінде пайдаланып келген.

Жусанның жұпар иісі туралы және оның қазақ даласының қасиетті өсімдігі екендігі жайында аңыз әңгімелер көптеп кездеседі.



Ойыма ащы мұң салар                              Жусан – күй мен жусан - ән, Қапаланып тұрсам бір-                             Жусан сөз бен жусан – жыр...

(Темірхан Медетбек)



Мал қоректенетін өсімдіктердің құнарлысы мен нәрлісін халқымыз «от» деп атайды. Мысалы, киік оты т.б. «Жусансыз жерді от деме, көжесіз елді тоқ деме»,- деген халық нақылы соның бұлтартпас айғағы деп атап айтуға болады. Халық ұғымында «қара от» - «жусанды жер» деген мағынаны білдіріп, ондай жер түйе мен қой үшін өте пайдалы өңір деп есептелінсе, «боз от» - бетегелі, қауданды, қияқты, бидайық өскен жерлерге айтылады. Мұндай жерлер жылқы түлігі үшін өте құнарлы азық болады деп тұжырым жасаған. «Изен, жусан болмаса шөпте береке болмайды, ауыз бірлік болмаса, көпте береке болмайды» деген Ескелді би бабамыздың даналық сөздері осының айғағы іспеттес. Ертеректе Олимпиада ойындарында жеңіп шыққандарға сыйлық ретінде жусаннан жасалған сусын ішкізетін болған.
Римдіктер жусан тұнбасын асқазан ауруларын емдеуге пайдаланған. Ал қытайлықтар аяқ киімдеріне жусанның жапырағын салып жүрсе, тамаққа деген тәбетті артырады деп есептеген. Жусан теңіз саяхатшыларының түрлі теңіз ауруларынан сақтайды. 
Бір нәрсеге қапаланғанда жусан иіскесеңіз көңілінің орнығады. Ұйқызыздыққа ұшырағанда жастығыңыздың астына жусан қойсаңыз, көзіңіз тез ілінеді.
Жусан тұнбасын дайындау үшін бір шай қасық үгітілген жусан жапырағын бір стакан қайнаған ыстық суға салады. Оны жарты сағаттан соң ішуге болады. Тамақтанбас алдында жарты сағат бұрын бір ас қасықтан күніне үш мезгіл ішеді. Осылайша екі апта пайдаланған соң тоқтату қажет.
Жусан бөлмедегі ауаны тазартып, жүйкені тыныштандырады. Тіпті, моншаға түсерде жусан жапырақтарын пайдалануға болады. 
Ауыз шаюға керекті тұнбаны бір ас қасық жусанды бір стакан қайнаған суға бұқтырып дайындайды.

Жусанның ерте  кездерден бастап шипалық қасиеті зор түрінің бірі – дәрмене (дәрмене) жусаны (Artemisia cina). Ол жер шарында тек Қазақстанның оңтүстік аймақтарында ғана өсетін қасиетті өсімдіктің бірі. Оны жергілікті тұрғындар «ермен» деп те атайды. «Ермен – жанға дәрмен», «Ермен жеген ер өлмес» деген нақыл сөздер дәрмене жусанының шипалық қасиетін  бірден-ақ аңғартып тұр.  Ертеде бабаларымыз дәрмене жусанын шет елдерге сауда керуендері арқылы көп мөлшерде жіберіп отырғандығы туралы деректер кездеседі.

Дәрмене жусанының шипалық қасиетінің зор екендігін байқаған неміс кәсіпкері 1884 жылы  Шымкент қаласында арнайы зауыт ашып, одан «сантонин» дәрісін алып,  ішек құртын түсіруге қолданған.  Ол дүниежүзіне сантонин шығаратын бірден-бір зауыт болды. Кейін дәрменеден эфир майы т.б. препараттар алына бастады.

Дәрмененің әлемдік даңқының артуына байланысты Оңтүстік Қазақстан облысында арнайы  «Дәрмене» шаруашылығы құрылды.

Дәрмене жусанының бастапқы отаны Палестина мен Мысыр елі болған деген деректер бар. Ертеде оны арабтар «киелі шөп» деп атаған. Ал қазақша дәрмене атауы «дәрі міне» деген мағынаны білдіреді. Ата бабаларымыз ертеден-ақ бұл жусанның сабағы мен тамырының тұнбасын тәбет ашуға, асқазан, ішектің қызметін жақсартатынын білген.

1921-1922 жылдары Алтайдан бастап Орта Азияның дәрілік өсімдіктерін зерттеген фармацевт ғалым Питирим Сергеевич Массагетов дәрмененің Арыс өңірінде көптеп өсетінін және оның «дәрмене дәнегі» шет елдерге жіберіліп тұрған және 1830 жылы одан сантонин дәрісі алынғандығы туралы  жазған. Ертеректе Шымкент қаласында бір, Ташкент қаласында екі дәрмене жусанын өңдейтін зауыттар болған.

Ертеде халқымыз құяң ауруымен ауырған адамдардың белін күнжіт майына немесе керосинге қосылған дәрмене тұнбасымен емдейтіндігін жазушы Серік Байхоновтың еңбектерінен кездестіруге болады. Ол «қазақ халқы үшін жусаннан қадірлі, жусаннан қасиетті өсімдік жоқ»,- деп  өте орынды жазған.

Ақын Нұрлан Мәукенұлының «Ермен-ай, ермен, ермен шөп, Аңқиды иісің желмен кеп... Ерменнің дәмін алғанмын, елжіреп жүрек қалғанмын» деген жыр жолдарынан ермен жусанының қасиетін аңғаруға болады.

Дәрмене жусаны шағын аумақта ғана өсетіндіктен және сирек кездесетіндіктен қатаң қорғауды қажет етеді және жусанның бұл түрі Қазақстанның Қызыл кітабына (1981) тіркелген.

2012 жылдан бастап Қазақстанның Ерлан Сүлейменов бастаған жас ғалымдары жусаннан эфир майларын ала бастады. «Қазақ даласының хош иісі» атты жоба бойынша «Жусан» атты арнайы иіссу алуды қолға алып игілікті жұмыс жүргізуде.

Тәжірибе –зерттеу жұмысы

Өз тарапымыздан осы оңірде кездесетін «Ащы жусан» түріне тәжірибе-зерттеу жұмысын жүргіздік,бұл жұмысты 2014 жылдың шілде айынан бастадық,өйткені тамыз, қыркүйек айларында гүлдейді, сондықтан емдік қасиеті жойылады екен деген деректер бар. Теориялық мәліметтер біраз болғандықтан,адамның өміріне қандай пайдасы бар екенін анықтағымыз келді. Сол себептен жусанның бұл түрі бізді өте қызықтырды. Гүлдемей тұрған кезде жапырақтарын жинадық.

Зерттеу барысында біз иісіне де назар аудардық,өйткені иісі өте өткір болды.

Жусан жапырақтарын ұсақтап кесіп,оларды 2 жұмадай кептіріп,содан кейін этил спиртін қосып тұнба жасадық.Ол тұнба 1 ай тұрды. Әжелеріміз айтып жүретін тіземіз басқызбайды,нені ғана қолданбадық әртүрлі жақпалар жақсақ та әсері тек бір ғана күнге ғана әсері бар деп.Бұл, жусанды зерттеуге таға да бір түрткі болды.Әрине бұл зерттеу жұмысты үлкендердің көмегімен ғана іске асырдық.Содан кейін әжелерімізге ұсындық.Тізелеріне 2 айдай жағып отырдық. Желтоқсан-қаңтар айларында әжелеріміз өздерін бір шама жақсы сезінгендерін айта бастады.Қаңтар,ақпан қолданған жоқ,наурыз айынан тағы қолданды,сонда байқағанымыз емдік қасиеті 2 жұмада біліне бастады,осыдан нені байқауға болады? Тұнба неғұрлым көбірек тұрса,со ғұрлым емдік қасиеті зор деуге болады.Міне жусан өсімдігінің адам денсаулығына пайдасы бар екеніне тағы біл дәлел қосылды.











Қорытынды

Қорыта айтқанда, кең байтақ даланың жұпар иісті жусаны ел игілігі үшін алдыңғы уақыттарда талай кәделерге жарайтынына сеніміміз мол.

Еліміздің түрлі аймақтарында жусанға байланысты қойылған жер атаулары да көптеп кездеседі. Мысалы, «Жусандала» табиғи қорықтық белдемі, «Жусанды» Қызылқұм мен Сырдария аралығындағы жазық даланың атауы, «Жусандала» Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы көне қамал  атауы және т.б. атап айтуға болады.

Үлкендердің арасындағы «Жусан өсімдігінің пайдасын білесіз бе?» деген сауалдың көрсеткіші бойынша ,сұралған үлкендердің саны 72 адам,білем-30 адам,білмеймін-42 адам.Біз тәжірибе-зерттеу жұмысын жүргізіп,нәтижесінде жусан өсімдігінің адамның денсаулығына пайдасы бар екенін анықтадық.

Енді үлкендердің көбі білетін болады деген ойдамыз.







Сұралды: 72 адам

Білем: 30 адам

Білмеймін : 42 адам























Үлкендердің арасындағы «Жусан өсімдігінің пайдасын білесіз бе?» деген жүргізілген сауалдың көрсеткіші:


hello_html_m213e1389.gif






















Үлкендер саны


Білемін


Білмеймін


72



30



42



















Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. «Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы» (Ә.Ә. Әметов, П.М. Мырзақұлов)

2. « Қазақстанның өсімдіктер әлемі»-көпшіліккке арналған ғылыми басылым Алматы 2004 ж

3. «Ботаника »сисметика растений. Москва «Просвещение »1975 г ( Н.А. Комарницкий, Л.В. Кудряшов, А.М. Уранов)

4.Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ж.

5. Сыр бойы. Қызылорда обл. газеті. 2012 05.06. № 6 басылым

6. «Өсімдіктер морфологиясы және анатомиясы» Алматы 2001 ж.-Қазақ

университеті баспасы.

15


Краткое описание документа:

Кіріспе

Өсімдіктер (Plantae) - тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (біріншісі - жануарлар). Құрлықтың барлық жерінде өседі, суда кездесетін түрлері де бар. Өсімдіктердің 375 000-ға жуық түрі бар. Өсімдіктер тұқым тобының ең үлкені - гүлдейтін немесе жабық тұқымды өсімдіктер. Олардың 250 000-нан астам түрі бар. Өсімдіктер күн сәулесінің көмегімен(фотосинтез) өз қорегін табады. Саңырауқұлақтар бұрын өсімдіктер қатарына жатқызылатын, алайда өз қорегін өндірмейтін болғандықтан, қазір олар жеке класқа жіктелген. Олардың 100 000-ға жуық түрі бар.Өсімдіктердің тірі ағзалар ішіндегі алатын орны ерекше. Жер шарында өсімдіктердің 500 млн. астам түрлері бар.

Автор
Дата добавления 13.05.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров2534
Номер материала 277963
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх