Инфоурок Начальные классы Научные работы"Жусан" тақырыбында ғылыми жоба

"Жусан" тақырыбында ғылыми жоба

Скачать материал

Мазмұны

 

І Кіріспе

1.     «Жусан» тақырыбының маңыздылығы

ІІ Зерттеу бөлімі

2.1 Жусанның көптүрлілігі

2.2 .Қарағанды  қаласындағы «Арглабин»  дәрісі  және жусанның емдік қасиеті туралы

2.3.Жусанның күнделікті өмірде адамға пайдасы

2.4.Ұлы Отан соғысы жылдарында

ІІІ Қорытынды

Жусанды бағалай алмай жүрген жоқпыз ба?

ІV Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аннотация

Тема :Полынь

Цель :

1.Останавливаясь на все виды полыни, которые встречаются на Казахстанской земле и рассматривать полезные стороны полыни.

2.Останавливаться на все вмды лекарств,сделанные из полыни которые использовались во время  великой Отечественной войны.

Основа :

Польза полыни на здоровье человека,разновидность травы

Новизм:

Остановливаться на полыни,которая растет возле нашего аула

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір

         2-сынып оқушысы Берік Сакеннің «Жусан» тақырыбындағы ғылыми жобасы қазіргі қазақ даласын дендеп кеткен қатерлі ауруларға қолданылатын емдік қасиеті бар, өсімдіктердің бірі ауылымыз  Ақтүбек жерінде өсетін жусан түріне арнайы тоқталып, пайдалы жақтарын ашып көрсете білген.Зерттеуші пікірін ұтымды,ойын ашық жеткізген.Ол тек ауылдағы жусан ғана емес,Қазақстан жерінде кездесетін барлық жусан түріне сипаттама беріп.Ұлы Отан соғысы жылдарында осы өсімдіктен қандай дәрі-дәрмек  жасағаны туралы ғаламторда көп іздену жұмыстарын жасағаны байқалады. Жалпы жусанның біздің күнделікті өміріміздегі тиімді жақтары қарастырылған.

Жобаның зерттеу бөлімінде жан-жақты талдап.өзіндік пікір айтады.Қарағанды қаласындағы фитохимия институтының өнімі – «Арглабин »  дәрісін қатерлі ісікке ем екені туралы арнайы жан-жақты баса айтқан. Ең бастысы-салауатты өмір сүру екендігін ұмытпаған

Бұл жұмыстың келешекте де пайдаланатын мәліметтері мол екендігін атап өтуіміз  керек.

 

Ғылыми жоба жетекшісі:                      Зейнуллина Сабира Алтынхановна

бастауыш сынып мұғалімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Жусан (Artemіsіa) –күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер, шала бұта. Қазақстанның барлық жерінде – шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар. Жусанның биіктігі 10 – 60 см, кейде 1,5 – 2 м-дей болады. Сабағы тік немесе жерге жайылып өседі. Жапырағы кезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді, шеті тілімденген, кейде бүтін жиекті. Ұсақ гүлі қос жынысты, сары түсті, себеттері көп, әбден піскен кезде шашыраңқы иіліп келген сыпыртқы гүлшоғырын құрайды. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдейді. Жемісі – тұқымша. Жусанның 17 түрі – сирек кездесетін эндемик түрге жатады, ал Қазақстанда ғана өсетін бір түрі – дәрмененің дәрілік шөп ретінде ерекше мәні бар. Шырғалжын жусанның жапырағы мен сабағын жеуге болады, құм жусаны құм тоқтату үшін пайдаланылады. Арасында улы түрі (таврий жусаны) де кездеседі, оны мал жемейді. Жусан – құнарлы мал азығы, дәрілік, бояуыш, тағамдық, витаминді, эфир майлы өсімдік. Жусанды қолдан (мысалы, тамыржусан) да өсіреді.Ащы жусан Маңғыстауда   өссе.биіктігі 60-100 ,кейде 120 см болады тамыры жуан.Шілде, маусымда гүлдейді.Ақжусан және қара жусан түрлері де бар.Балхаш-Алакөл ойысында өседі.Биіктігі 25-30 (45) см дейін өседі.Және дәрмене жусан одан соғыс жылдарында бірнеше дәрі-дәрмек түрі жасалған

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жусанның емдік қасиеті

Қарағанды қаласындағы   «Арглабин » дәрісі туралы

Қазақстандық мамандар қатерлі ісікке қарсы жергілікті жусаннан дәрі жасап шығарды. Дәрі ТМД елдеріндегі онкологиялық клиникаларда кеңінен қолданылатын болды.

Қарағанды қаласындағы фитохимия иниститутының өнімі – «Арглабин» дәрісі Ресейдің ғылыми орталығында клиникалық сынақтан өтіп, ТМД аумағына таралу құқығына ие болып отыр. Бұл туралы Ұлттық ғылым академия өкілдері хабарлады. Бұған дейін осы дәрі 11 елдің патентімен қорғалған болатын. 
Дәрігерлердің айтуынша, бұл дәрі бауыр, өкпе және сүт бездерінде пайда болған ісіктерді емдеуге және олардың алдын алуға мүмкіндік береді. Осы уақытқа дейін қатерлі ісік ауруларына қолданылатын бұл дәріге шетелдерден 11 миллион данаға тапсырыс түссе, ішкі сұраным 2 миллион данаға жетіп отырған көрінеді.
Қарағанды қаласында осыдан 2 жыл бұрын президент Назарбаевтың тапсырмасымен «Арглабин» дәрісін шығаратын зауыт құрылысы басталған болатын. Жусаннан қатерлі ісікке қарсы дәрі жасайтын фармацевтикалық кәсіпорын құрылысына инвесторлардан және Қарағанды облысының бюджетінен 93 миллион теңге бөлінген.
Сондай-ақ, зауыт құрылысына Ресей банктері қаражат беруге келісті. Оның сыртында, Германияның «Лурги» атты компаниясы осы дәрінің Еуропада сынақтан өткізілуін өз мойнына алды. Қарағанды облысының кәсіпкерлікті дамыту басқармасының маманы Мирамбек Үсенбековтың айтуынша, Германия дәрігерлері қазақстандықтардан осы дәріні шығару құқын сұрапты:
- Немістер келді осында. Бізге патент берсеңдер деп сұрады, біз бермейміз, дедік. Енді олар сатып алатын болды. Олар тіпті екі есе бағасымен беріңіздер деді. Мысалы, бізде 3 доллар тұрса, олар 6 доллардан алмақ.
Қазақстанда өсетін 1000 түрлі жусанның тек біреуінен ғана осындай дәрі жасауға болады дейді мамандар. Қарағандыдағы фитохимия иниститутының мамандары бұл жусанның атын және дәрі жасау технологиясын құпия ұстап отыр дейді облыстың кәсіпкерлікті дамыту басқармасының өкілдері.
Ал жергілікті онколог дәрігерлердің айтуынша, соңғы кезде тек Қарағандының өзінде қатерлі ісікке шалдыққандар саны көбейіп кеткен екен. Кәсіпкерлікті дамыту басқармасының маманы Мирамбек Үсенбеков жаңа дәріге сұраныстың бірнеше есеге артқанын айтады:
- Ресей, Украина, Беларусь, Тәжікстан, Өзбекстаннан сұраныс бар. Осы уақытқа дейін қатерлі ісік ауруларына қолданылатын бұл дәріге шет елдерден 11 миллион данаға тапсырыс түссе, ішкі сұраным 2 миллион данаға жетіп отыр.
1997 жылы «Арглабин» препаратының жасалуы Қазақстан үшін үлкен жаңалық болған еді. Алғашқы сынақ барысында дәріні қабылдаған 72 аурудың 44 пайызында ісіктің өсуі тоқтаған екен. Қарағанды зауытында шығарылатын «Арглабиннің» әр ампуласы 3 долларға бағаланып отыр. Бірақ, ол емханаға түскенде үстеме баға қойылуы мүмкін, ал Еуропада ол бұдан да қымбат бағаға сатылады деп отыр Қарағанды облысының кәсіпкерлікті дамыту басқармасының өкілдері.
Ал дәрігерлер болса, «Арглабин» қатерлі ісіктің барлық түрлерін емдей бермейді, есесіне ол әлгі аурудың бірнеше түріне шипалы дегенді айтады. Қарағанды облысының онкологиялық орталығының дәрігері Мұратбек Жұмақаевтың айтуынша, «Арглабинді» жалғыз емес, басқа ем түрлерімен бірге қолданған абзал:
- Ол адамның иммунитетін көтеретіні зертханада анықталған. Сәуленің адам ағзасына ықпалын азайтады, ал, ісікке әсерін көбейтеді. Өз күшімен жазып шыққан бір-екеу ғана. Көбінесе ісікті кішірейтеді. Әсіресе, бауыр, қуық, төс ісіктеріне әсері бар.
Қатерлі ісікті сәулемен емдеу барысында «Арглабин» қолданылса, науқастардың емделуі 95 пайызға көтеріледі дейді жергілікті онколог дәрігерлер. Ал, фитохимия институтының маманы Науан Жаңғабыловтың айтуынша, Қазақстанда сынақтан өткен кезде дәрінің шөптен жасалатындықтан адамның сау органдарына зақым тигізбейтіндігі анықталған. Бірақ, асыра пайдаланса азғантай зияны болуы мүмкін дейді ол:
- Токсикалық әсері төмен болады. Асыра пайдаланса, жусанға деген аллергиялық реакция қоздырады.
Ресми ақпарат бойынша, Қазақстанда «Арглабин» денсаулық сақтау министрлігінің өмірлік маңызы бар дәрілердің тізіміне енгізілген. Бүгінде «Арглабин» дәрісі 11 елдің патентімен қорғалып отыр. Қарағанды облыстық онкологиялық орталығының дәрігері Мұратбек Жұмақаевтің айтуынша, дәрі жоғары технологиялар бойынша жасалады, ал фармацевтика ғарыш, информатика және электроника сияқты жоғары технология салаларының бірінші төрттігіне кіреді дейді ол.

Соғыс жылдары Оңтүстік Қазақстан  облысының ең көне  кәсіпорыны Шымкент химфарм зауытының     (қазіргі «Химфарм ») стратегиялық маңызы ерекше болды. Ол 1885 жылы салынып, сол замандағы ең ірі өнеркәсіп орны болып еептелді.Ол кезде мұнда ақ жусан (дереме)-тек қана Қазақстанның оңтүстігіндегі Арыс өзеннің аңғарында өсетін дәрілік шөп өңделді.Зауыт күні-түні толассыз жұмыс істе,майданға дәрі-дәрмек морфин,кодейн, анабазин,сапонин жеткізді.Соғыс жылдары зауыт дәрі-дәрмектің 24 түрін шығарды.Тек қана 1942 жылы 25 миллион дәке шығарды.

Мен өзіміздің облыс аумағында өсетін ақ жусанның пайдалы  жақтарына  тоқтала кетсем.

Жусан өсімдігін  көбінесе үйде тұтынатын заттарға,  атап айтсам киізден жасалған тұскиіз,сырмақ сосын кілем және аңның терісінен жасалған құндыз бөріктер мен тондарға көбелек құрттары түспес үшін іліп қояды.Оның ащы иісі көбелекті таянтпайды.Яғни, сол жусанның иісінен керектізаттарды бүліуден сақтайды. Жусан жер бетіндегі өсімдіктердің ішіндегі ең ащысы.Оның пайдалы жақтары жетерлік .Латындар бұл шөпті артемизия деп атайды.

Шөптесін өсімдіктердің дәрілік қасиетін ашқан Артемид құдайдың құрметіне осылай атаған.Ертеректе Олимпиада ойындарында жеңіп шыққандарға сыйлық ретінде жусаннан жасалған сусын ішкізетін  болған . Римдіктер  жусан  тұнбасын  асқазан ауруларын емдеуге пайдаланған. Ал қытайлықтар аяқ иімдеріне жусанның жапырағын салып жүрсе, тамаққа деген тәбетті арттырады  деп есептеген .Жусан теңіз саяхатшыларының түрлі теңіз ауруларынан сақтайды.Бір нәрсеге қапалансаңыз жусан иіскеңіз көңіліңіз орнығады. Ұйқысыздыққа ұшырағанда жастығыңыздың астына жусан қойсаңыз,көзіңіз тез ілінеді.Жусан тұнбасын дайындау үшін бір шай қасық үгітілген жусан жапырағын бір стақан қайнаған ыстық суға салады..Оны жарты сағаттан соң ішуге болады..Тамақтанбас алдында жарты сағат бұрын  бір ас қасықтан күніне үш мезгіл ішеді.Осылайша екі апта пайдаланған соң тоқтату қажет.Жусанбөлмедегі ауаны тазартып,жүйкені тыныштандырады..Тіпті,моншаға түскерде жусан жапырақтарын пайдалануға болады.Ауыз шаюға керекті тұнбаны бір ас қасық жусанды бір стақан суға тұндырып пайдаланыңыз. Және де қазіргі аяқ киімдердің  ішінен иіс шықпас үшін аяқ киімнің ішіне жусанды салып,киіп жүрсеңіз аяғыңызды  дымқылданудан,иістенуден қорғайды. Бұл біздің денаулығымызға оң әсерін тигізуі  сөзсіз.

 

Қорытынды

Қазақтың кез –келген баласы жусан дегенде ерекше сезімге бөленеді емес пе? Жас кезімізден жусан иісін иіскеп өскеннен бе,ауыл жайлы әңгіме қозғалғанда алдымен өсімдіктің осы түрі еске  түседі де тұрады.

Ұлан-байтақ даламыздың қай қырына барсақ та,оны кездестіреміз. Жусан арғы-бергі қиры атты адамға айшылық алыс жол болатын  кең –байтақ жеріміздің сәнін кіргізіп тұрған секілді болады да тұрады.

 Бүйрегіміз  бұрып тұратыны да сондықтан да шығар,бәлкім.әлі күнге дейін барлық буын өкілдері шырқап жүрген бірқатар әндерде иісі бұрқырап жататын жусан жайында айтылатын өлең жолдары кездеседі.Құл боп барып,қайсар мінез,қабілет дарынымен Мысыр елін әділдікпен билеген Бейбарыс сұлтан бабамыздың да сан жылдар бойы дала еркесі-жусанды аңсап өткені тарихтан мәлім.Қысқасы,қазақ үшін жусанның жөні бөлек деп айта аламыз.Біздің даламызда өсетін аталмыш өсімдік туралы толғана тілге тиек етуіміздің себебі де сонда. Алайда, даламыздың сәнініе айналған жусан жайында қаншалықты жақсы білеміз? Ол –дәрілік өсімдік.Сондай-ақ басқа да қасиеті аз емес.Өкініштісі,біз оны бағалай алмай жүрген жоқпыз ба?

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.     www.asattig.mobi

2.Қазақстанда сирек кездесетін өсімдіктер. Р.О .Мыңбаева

3.Биология  6-сынып

4.қазақстанның әлемдегі өсімдік жағдайы. Байтуллин

5.Ботаникалық журнал   1991 ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                               Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

 

 

 

 Бағыты :

 

Секция: Өлкетану

 

Тақырыбы:  Жусан

 

 

Жобаның авторы: Берік Сакен

2-сынып оқушысы

Ақтүбек орта мектебі

Жаңаарқа ауданы

Қарағанды облысы

 

 

 

 

Жетекшісі :     Бастауыш сынып мұғалімі :

                       Зейнуллина Сабира Алтынхановна

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Жусан" тақырыбында ғылыми жоба"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Электронный архивариус

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 653 633 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.04.2016 6101
    • DOCX 27 кбайт
    • 57 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Зейнуллина Сабира Алтынхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17861
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие творческих способностей для дошкольников и младших школьников

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 682 человека

Курс повышения квалификации

Дислексия, дисграфия, дискалькулия у младших школьников: нейропсихологическая диагностика и коррекция

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1191 человек из 82 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 535 человек

Курс повышения квалификации

Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 959 человек из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 7 658 человек

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с подростками

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Искусство: от истории к глобализации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы нарративного подхода: теория и методы

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе