Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / "Жүйкелік-психологиялық күштену мен қатаюдан арылу" психологиялық тренинг
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Школьному психологу

"Жүйкелік-психологиялық күштену мен қатаюдан арылу" психологиялық тренинг

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Жүйкелік-психологиялық күштенуден, қатаюдан арылу

Қатысушы: 11-сыныптар

 

  Нұсқау:Көз алдыңа елестет,жаныңмен сезін,осыған байланысты дыбыстарды жаңғырт.Сен хансың немесе ханшасың,ал біздің аудитория сенің хандығың.Сен мұнда өзің дұрыс деп санаған кез-келген қағиданы белгілеп қоя аласың,және оны біз барлық тренинг сабақтарында ұстанатын боламыз,қағида топтағы әрбір қатысушыға жағдай жасағаны дұрыс. Сен хандығыңда қандай қағида енгізесің? Ойлап тап және сол қағидаларды қағаз бетіне түсір. Ал,енді жалпы топтық бірыңғай қағиданы өңдейміз.Сіздер маған айтасыздар,ал мен ватман қағазға жазамын.

 Хандықтағы қағида:

 Кешікпеу

 Кедергі келтірмеу

 Бағаламау

 Үндемеу мүмкіндігі

 Қазір және осында

 Қарым-қатынастың басым болуы

 Құпиялылық

 Белсенділік

 Басынан бастап соңына дейін жұмыс

 Қолды көтеру қағидасы

 Тоқта қағидасы

 Пирог қағидасы (көп сөйлемеу)

 Осы хандықтың қағидаларын қабылдадық деген белгі ретінде қолды шапалақтайық.

  Мини-лекция. Емтиханға қалай дайындалу керек.

 Мақсаты: емтиханға дайындалудың тиімді формаларымен таныстыру.

 Психологиялық тұрғыда қалай дайындалу керек.

 Қиын ситуация кезінде өзіңді жоғалтып алмау үшін, шамадан тыс мақсат пен міндет қоюдың қажеті жоқ.Барлық нәрсені біртіндеп жасаған жөн. Емтиханға алдын-ала,біртіндеп,тыныштықты сақтап дайындала баста. Егер ойды жинақтау қиын болса жеңілін есте сақтап,сосын қиын материалды үйрен. Ішкі қатаюдан,шаршағаннан арылу үшін жаттығуды күнделікті орында.

 

Көзің шаршаса не істейсің?

 

  Емтиханға дайындалу кезінде көзге ауырлық түседі.Егер көзің шаршаса,онда ағзаң шаршайды.Мұндайда емтихан тапсырмасын орындауға күшің жетпейді. Сондықтан да көзіңнің демалуына жағдай жаса. Кез-келген жаттығуды орындау керек.

 - кезегімен жоғары – төмен жиырма бес секунд,оңға солға он бес секунд қара;

 - көз қарашығыңмен аты-жөніңді жаз;

 - ұзақтығы бір затқа жиырма секунд, сосын алдыңдағы қағзға жиырма секунд көзіңді тік;

 - сағат тілі бойынша оған кері етіп, көз қарашығыңмен және квадрат,үшдұрышты сал.

 Күн тәртібі

 Бір күнді үш бөлікке бөл:

 - емтиханға дайындық күніне сегіз сағат;

 - спортпен айналысуға,таза ауада серуендеуге, би алаңына баруға сегіз сағат;

 - сегіз сағаттан кем ұйықтама және қажет болса түсте демалып ал.

 Тамақтану

 Тамақтану үш-төрт реттен және витаминге толы болуы керек. Тамақтанғанда грек жаңғағын, сүт өнімдерін, балықты, етті, көкөністі, жеміс-жидекті, шоколадты қолдану керек.Тағы да бір кеңес:емтихан алдында көп тамақтанбау керек.

 Сабаққа арналған орын.

 Жұмыс кеңістігін дұрыс ұйымдастыр.Үстел үстіне сары және күлгін реңктен суреттер мен заттар қой,өйткені ол интеллектуалдық белсенділікті арттырады.

 Үлкен материал қорын қалай есте сақтау керек

 Материалды сұрақтар бойынша қайтала.Алдымен еске түсір және міндетті түрде білетініңнің барлығын қысқаша жаз,сосын даталар мен фактілердің дұрыстығын тексер.Кітапты оқу кезінде жауаптың тірек пунктері мен негізгі ойларды сыз.Кішкене қағаздарға әрбір сұраққа жауаптың қысқаша жоспарын құруды үйрен.Емтиханнан бір күн бұрын жауаптардың қысқаша жоспарын қарап шық.

 Есте сақтаудың кейбір заңдылықтары

 Есте сақтаудың қиындығы оның көлеміне пропорционалды өседі.Үлкен үзіндіні оқыту қысқаға қарағанда тиімдірек.

 Біркелкі жұмыста есіңде сақтағаның көп болса,онда түсіну де жоғары.

 Бөліп оқыған,бірден оқығаннан жақсы.Бірден оқымай үзілістермен,аз-аздап оқыған жөн.

 Жай ғана бірнеше рет оқығаннан гөрі,есіңде қалғанын қайталауға көп уақыт бөлген тиімдірек.

 Егер көп және аз екі материалмен жұмыс істесең,көбінен бастағаның жөн.

 Түсінде адам есте сақтамайды және де оны ұмытпайды.

 Жұмыс қабілетін қолдану шарты

 Ақыл-ой мен дене еңбегін кезектестіру

 Гимнастикалық жаттығуларды,яғни денені айналдыру,баспен тұру жаттығуларын жасаған дұрыс,өйткені ми жасушаларына қан жақсы жүреді.

 Көзді сақтау үшін, әрбір жиырма-отыз минутта үзіліс жасау( кітаптан көзіңді алып, ұзаққа көз тігу) Теледидардан хабарларды аз көру.

 Кинезиологиялық жаттығулар

 Мақсаты: танымдық қабілеттерді ынталандыру.

 Нұсқау: Бас бармақпен және сұқ саусақпен барлық саусақтарды алдымен артын,сосын алдын басу қажет.Сосын келесі қолды жасаған дұрыс.

 Мақсаты: қимыл координациясын дамыту.

 Нұсқау: Қолды алға қойып,алақаныңызды ашып ұстаңыз.Кішкентай бөбек саусағыңызды бүгіп,қалғанын тік қойыңыз.

   Қолды оңнан солға,ал аяқты солдан оңға қарай айналдырыңыз.Сосын келесі аяқ пен қолға өтіңіз.

 Қолыңызды тізеңізге айқастырып қойыңыз. Бұйрық бергенде шапалақтап қолды ауыстырыңыз.

 Бір уақытта бір қолыңызбен ант бересіз,екінші қолымен бас бармақты көтеріп қолды: «Міне»,- деген сөзді айтып созамыз.

 Бірнеше пайдалы кеңестер:

 Арқаларыңды түзеп, ыңғайлы отырыңдар. Өздеріңді бәрінен жоғары, ақылды, ойшылмын деп ойлаңдар, бәрі сендердің қолдарыңнан келеді. «Мен сабырлымын, өте сабырлымын»-деген сөздерді бірнеше рет ішіңнен қайталап айт. Соңында жұдырығыңды қыс.

 Тест тапсырмаларын алғаннан кейін, тапсырмаларды оқып, сұрақтарымен танысып алғаннан соң өзіңе жеңіл деген тапсырманы орындаудан баста.

 Таза ақ қағазға қарындашпен дұрыс жауаптарын белгіле. Өзің таңдаған жауаптың дұрыстығын дәлелдейтін, барлық фактілерді, мысалдарды есіңе түсір. Егер осынын бәрі дұрыс болса, өзіңізді жеңіл сезінесіз. Басыңыз дұрыс жұмыс істеп, жүйкеңіз тынышталады, барлық күш-жігеріңізді тест жұмысын орындауға жұмсайсыз, бағыттайсыз.

 Тест тапсырмалары бір-бірімен байланысты емес,

 сондықтан өткен тест тапсырмаларын ұмыт, жаңа тапсырмаларды орындауға кіріс.

 Шығарып тастау әдісін қолдан!

 Дұрыс жауапқа сай келмейтін жауаптарды алып таста.

 Егер жауаптың дұрыстығына күмәндансаңыз, таңдау қиынға соғады.

 Өзіңнің сезіміңе сен!

 Шимай қағазға жазғаннан соң, жан-жағыңыздағы жолдастарыңыз тестерін жазып жанына қойды. Сіз олай етпеңіз. Уақытыңызды үнемдеп, таза бетке жазуды бастаңыз. Сіз жазып болғанға дейін көптеген ойлар басыңызға келеді, осындай жағдайда қателеріңізді түзеуге мүмкіндік болады.

 Қорытынды: Оқушылар бір-бірлерінің қолдарынан ұстап, бір-бірлеріне жақсы көңілдерін, тілектерін білдіріп, сабақты аяқтаймыз.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 01.04.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров194
Номер материала ДБ-000805
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх