Инфоурок Всеобщая история Статьи"Жыр алыбы - Жамбыл"

"Жыр алыбы - Жамбыл"

Скачать материал

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қамысты ауданы білім бөлімінің Бестөбе жалпы білім беретін мектебіКоммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

«Жыр алыбы - Жамбыл»

 

 

 

Тарих пәні мұғалімі : Өтеген Ш.Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                        2020-2021 ж.

Жамбыл есімі елімізде және шет елдерде кеңінен танымал. Қазақ халық поэзиясының алпауытының өлеңдері ағылшын, болгар, чех және әлемнің басқа тілдеріне аударылған. Жамбыл есімімен социализм жағдайындағы халық поэзиясының жаңа өрлеуі байланысты. Оның шығармашылығындағы ауызша поэзия жаңа мазмұнға толы болды. Михаил Шолохов Жамбылдың эпикалық "ержүрек" әндері туралы таңдана сөйледі.

Қазақ халық поэзиясының алыбы атанған Жамбыл Жабаев 1846 жылы «Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын, Жамбыл деп қойылыпты атым сонан» деп ақынның өзі айтқандай қазіргі Жамбыл облысы, Шу өзені бойындағы (Шу ауданы) Жамбыл тауының етегінде Жапа деген қыстауда ақпан айының боранды күндерінің бірінде дүниеге келген. Бұл кез ақынның «Менің өмірім» өлеңінде:

Көз аштым, сорғалаған қанды көрдім,
Қамыққан, қанды жасты жанды көрдім,
Ел көрдім – еңіреп босқан аңды көрдім,
Қойнында Алатаудың зарды көрдім, –

деп айтқандай ел ішіндегі әлеуметтік жағдайдың меңдеп тұрған тұсы еді. Бұл – Жетісу өңірінің Қоқан хандығына қарап тұрған шақтағы ел басқарудағы жолсыздықтың шектен шыққан кезі еді. Бір жағынан ақ патшаның, екінші жағынан жергілікті ел билеушілердің мөлшерден тыс алым-салығы бұқара халықты титықтатып тастап еді. Қалың бұқараның дені жоқ-жітікпен, бірде аш, бірде тоқ болып өлдім-талдыммен күнелтіп жатқан тұсында дүниеге келген ақын сол тұстағы ел өмірінің жанды картинасын қазақ поэзиясына шынайы қалпында алып келді.

         Жамбыл 8 жасқа келгенде әкесі ауыл молдасынан білім алсын деп оны оқуға береді. Бірақ болашақ ақынға молданың ескіше оқуы қонбайды. Сол тұстағы күйін ақын «Шағым», «Әкеме» атты өлеңдеріне арқау етті. Молданың ескіше оқуына қанағаттанбаған ақын: «Бала келсе сабаққа, Жем аңдыған дорбадан. Ақ сәлдесі басында, Боз інгендей боздаған» деп, білім беруден гөрі мал табуды көздеген молдаға деген наразылығын жасыра алмады. Бұл қазақ арасына жаңаша оқу ене қоймаған, ескіше оқудың кең өріс алып тұрған шағы еді. Осыдан кейін әкесіне молданың оқуы қонбайтындығын, түсіне өлең кіргенін айтып, қолына домбыра алып біржола ақындық жолға түседі. Жамбыл Шапыраштының Екей деген руынан, бұл елде ақындардың көп болғанын «Екейде елу бақсы, сексен ақын» деген жолдарынан көруге болады. Осындай ақындық орта болашақ ақынға да мол септігін тигізді.

Қазақстан Жазушыларының бірінші съезінде мүшелікке өткен Жамбыл есімін 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің бірінші онкүндігі шарықтатып, даңқын арттырып жіберді. Ол да басқа ақындар секілді өз заманының перзенті. Сондықтан еңбекші бұқараға теңдік алып келген Қазан төңкерісіне деген жүрек жарды қуанышын жасыруға болмайды. «Күн көсемге» деген бар жылы сөзі ақынның «Туған елім», «Халықтың сәлемі», «Ұлы заң», «Ленин», «Орден алғанда», «Қайта жасардым» деген арнаған ақын шығармаларынан асқақ рух анық байқалады.

         Ақын шығармаларының шоқтығы биігі – айтыстары. Жамбылдың Құлманбет, Досмағанбет, Сарыбас, Майкөт, Бақтыбай, Сары, Бөлтірік, Жүнісбай, Айкүміс, Бөлектің қызы, Шашубаймен айтыстары суырыпсалмалық өнерінің биікке шарықтағандының айғағы. Осылардың ішінде Айкүміспен айтысы қыз бен жігіт айтысының жақсы бір көрінісі болса, Құлманбетпен айтысы қазақ әдебиетіндегі айтыстың жақсы бір үлгісі. Құлманбет ақын Албанның би, болыстарының байлығымен, дәулетімен мақтанғанда Жамбыл «Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт, Ел бірлігін сақтаған татулықты айт!» деп жеңіп кетеді.

         Жамбыл жырларының ішінде оның эпикалық үлгіде жазылған «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» атты дастандарының орны ерекше. Жетісу бойына кең тараған Өтеген туралы аңызға Жамбыл ақын жан бітіріп, оны қазақ әдебиетіне алып келді. «Қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған» жайма-шуақ өмірді іздеген Өтегеннің бақыт жолындағы ізденісі халықтың арман-тілегімен ұштасып жатты. Өтеген батыр туралы дастанда аңыз басым болса, Сұраншы батыр туралы дастанда тарихилық үстем. Қоқан хандығына қарсы Жетісу қазақтарынан шыққан батыр Сұраншы Ақынбековтың ерлік істері көңілге қонымды. Қазақ, қырғыз, өзбек халқы еңбекшілерінің ынтымағы арқылы адам баласы аңсаған азаттық нанымды бейнеленген. 

         1941 жылдың басында «Кәрілік» атты өлеңінде «Босатып буынымның шегелерін, Сыпырып тұла бойдан күшімді алды» деп кәрілікке мойын бере бастаған ақын 15 республикадан құралған мызғымас Кеңестер Одағына фашистік германия тұтқиылдан шабуыл жасағанда қаламын қолға алып, қайтадан қайраттана, жігерлене түсті. Бұл тұста Жамбыл ақын жауға қаламмен қарсы шығып, «Ата жаумен айқастық», «Өлім мен өмір белдесті», «Ленинградтық өренім!», «Москваға», «Аттан, батыр, ұрпағым», «Кеңес гвардеецтеріне», «Кеңес жауынгерлеріне», «Майданға хат», «Сыйлық», «Тырналар қайтты көріңдер», «Отан әмірі», «Алынбас қамал», «Балама хат», «Воронеж батырларына», «Ленин өреніне», «Қамал бұзған қаһарман», сынды әрбір өлеңін жауға оқ етіп жаудырды. Өмір мен өлім белдескен шақта ақын қуатты жырларымен кеңес жауынгерлеріне жігер берді. Оның жырлары жыл құсындай болып майданға аттанды. Жауынгерлерге Ленинград, Москва, Сталинград сынды ірі қалаларды жау қолына бермеңдер деген ақын жырларында өршілдік рух басым.

       Ақын «Мұнша жасқа келгенде, Не көріп, не білгеннен. Бір ауыз сөз айтылмай, Қалса – үлкен мін ақынға» дей отырып, сексеннен асып, тоқсанға таяған шағында көрген-білгендерін ой қазанында қорытып, өмір жайлы толғауларын жазды. Оның «Замана ағымы», «Туған елім», «Менің өмірім» атты толғауларының қазақ әдебиетіндегі орны ерекше. Жүз жасаған ақынның өмір сүрген уақытында қазақ халқының басынан неше алуан ірі-ірі тарихи оқиғалар өтті. Ақын қазақтың жүз жылдық тарихының ғана емес, арғы-бергі тарихының өмір шындығын көркем шындыққа айналдыра білді. Ол толғауларында Қоқан хандығы, одан ақ патшаның қол астында отар болып, «Қысым көрген, қырылған, Таланған да шабылған» қазақ халқының аянышты тірлігі мен Қазан төңкерісімен келген теңдік пен бақытты өмірді «Жамбыл қарт жетпіс екі жасағанда, Николай ұрған доптай тақтан ұшты. Жарқырап бостандықтан сәуле түсті – Жабырқаған халықтың көңілі өсті!» деп жырлады.

         Жүз жасаған ақын Жамбыл Жабаев халық поэзиясының алыбы ғана емес, «ХХ ғасырдың Гомері» атанды. Ол халық поэзиясы арқылы қазақ халқын да әлемге танытты.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Жыр алыбы - Жамбыл""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-организатор

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 105 материалов в базе

Материал подходит для УМК

Скачать материал

Другие материалы

Проверочная работа по теме "Возвышение Афин в 5 веке до н.э."
  • Учебник: «Всеобщая история. История Древнего мира», Вигасин А.А., Годер Г.И., Свенцицкая И.С. /Под ред. Искендерова А.А.
  • Тема: Глава 9. Возвышение Афин в V (5-м) веке до н. 9. и расцвет демократии
  • 16.03.2021
  • 668
  • 26
«Всеобщая история. История Древнего мира», Вигасин А.А., Годер Г.И., Свенцицкая И.С. /Под ред. Искендерова А.А.
Технологическая карта урока "Марафонская битва"
  • Учебник: «Всеобщая история. История Древнего мира», Вигасин А.А., Годер Г.И., Свенцицкая И.С. /Под ред. Искендерова А.А.
  • Тема: §34. Победа греков над персами в Марафонской битве
  • 16.03.2021
  • 732
  • 60
«Всеобщая история. История Древнего мира», Вигасин А.А., Годер Г.И., Свенцицкая И.С. /Под ред. Искендерова А.А.
Презентация по историю на тему "Зарождение демократии в Афинах" (5 класс)
  • Учебник: «Всеобщая история. История Древнего мира», Вигасин А.А., Годер Г.И., Свенцицкая И.С. /Под ред. Искендерова А.А.
  • Тема: §30. Зарождение демократии в Афинах
Рейтинг: 5 из 5
  • 16.03.2021
  • 769
  • 174
«Всеобщая история. История Древнего мира», Вигасин А.А., Годер Г.И., Свенцицкая И.С. /Под ред. Искендерова А.А.
Презентация на тему "Земледельцы Аттики теряют землю и свободу" ( 5 класс)
  • Учебник: «Всеобщая история. История Древнего мира», Вигасин А.А., Годер Г.И., Свенцицкая И.С. /Под ред. Искендерова А.А.
  • Тема: §29. Земледельцы Аттики теряют землю и свободу
Рейтинг: 5 из 5
  • 16.03.2021
  • 585
  • 63
«Всеобщая история. История Древнего мира», Вигасин А.А., Годер Г.И., Свенцицкая И.С. /Под ред. Искендерова А.А.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.03.2021 555
    • DOCX 16.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Өтеген Шалхар Бижігітұлы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Өтеген Шалхар Бижігітұлы
    Өтеген Шалхар Бижігітұлы
    • На сайте: 3 года и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1032
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания истории и обществознания в общеобразовательной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 326 человек из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 324 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по истории в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 110 человек

Курс повышения квалификации

Электронные образовательные ресурсы в работе учителя истории в контексте реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 128 человек

Мини-курс

Архитектура мира: от Крита до Австралии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Профориентация детей и подростков

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 39 человек

Мини-курс

Современные инструменты инвестирования и управления затратами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе