Инфоурок Классному руководителю Рабочие программы“Жыр арқауы – Жұматай” атты әдеби сазды кеш

“Жыр арқауы – Жұматай” атты әдеби сазды кеш

Скачать материал

1-жүргізуші:

     Армысыздар құрметті  ұстаздар, оқушылар!  «Жыр арқауы Жұматай» атты киелі поэзия әлемінде өзіндік биік орны бар,  халықтық рух бар,  өткірлігі мен тапқырлығы, серілік мінезімен бәрімізді елең еткізіп, жырымен тербеп келген ақын Жұматай Жақыпбаевтың 70 жылдығына арналған     «Жыр арқауы Жұматай» атты еске алу кешімізге қош келдіңіздер!

 

2-жүргізуші:

1990 жылдың 16-қыркүйек күні 45 жасында  ақын Жұматай Жақыпбаев дүниеден озды. Халық қалаулысы, біртуар ақынымыздың жарқын бейнесін   1 минуттық үнсіздікпен еске алайық.

 

1-жүргізуші:  

Бүгінгі кешіміздің мақсаты: Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері  Жұматай  Жақыпбаевтың  өнегелі өмір жолын, өнерін, өр мінезін, асқақ рухын оқушыларға насихаттау. Поэзия әлеміне, сөз өнеріне сүйіспеншілігін арттыру. Аяулы ақынымызға  деген оқырмандар махаббатын одан әрі үстей түсу.

               8 «Б» сынып оқушысы Бисенгалиева Салтанаттың орындауында  «Япурай» әні.

 

2-жүргізуші:

Жұматай Жақыпбаев 1945 жылы 16 қыркүйекте Алматы облысының Ескелді ауданы, Ешкіөлмес  ауылында дүниеге келген.

1961 жылы Ескелді ауданындағы Жетісу орта мектебін,1967 жылы ҚазМУ-ді бітірген. Талдықорған облысы «Октябрь туы» газетінде, облыстық радиода, «Жалын» баспасында, «Жалын» журналында, Қазақстан жазушылар одағында қызмет істеген. Ақын қазақ өлеңіне нәзік те сырбаз сезімге, сырлы сөзге толы, әсем нақышпен өрнектелген қанық бояулы жырлар әкелді. Небәрі 45 жаспен шектелген қысқа ғұмырында ол «Саратан» (1979 жыл), «Ләйлә» (1981жыл), «Шұғынық гүл төркіні» (1984 жыл) жыр жинақтарында туған жердің көркем табиғатын, махаббатты, сұлулықты тебірене жырлады. Ақын дүние салған соң жарық көрген «Көктемгі хаттар» (1992 жылы) атты төрт-ақ кітап қалдырған. Өлеңдер жинағы оқырман қауымның жылы ілтипатына ие болды. Жұматай Жақыпбаев аз жасаса да, өз айтарын айтып, өз стилін қалыптастырып кеткен.

 

1-жүргізуші.

Жұматай Жақыпбаев! Бір шоғыр ақындар тобының бірегейі, телегейі еді! Төрт құбыланы түгел жырлады.Шабыт әлемінің сөзін сүзді, жырын түзді! Замана нұқтасына алтын басын тоспаған ол өзінің балғын шақтан бақытына балап, бар ғұмырын арнаған өлең өлкесіне жанын пида етер қалыпта үнемі үздігіп күн кешті. Жұматай Жақыпбаев жеңімпаз боксшы, қылықты қыз сүйген өнерлі бозбала, ат жалында ойнаған шабандоз, жүйрік ат баптаған бапкер, жүйрік жұтқан тұлпар мініп, ту ұстаған батырға тән қасиеттері сараланады. Замандастары Жұматайды әрі боксшы, атбегі, көкбаршы, шабандоз, ақын, күйші, биші, сырнайшы, өнердің қамшы салдырмас жүйрігі ретінде танып, құрметтеген.

 

Жұматай Жақыпбаев жайында бейне көрсетілімге назар аударыңыздар.

 

6 «А» - сынып оқушыларының орындауында Жұматайдың жыр шумақтарын тыңдайық.

 

 

2-жүргізуші:

     Біздің ел үшін, қазақ халқы үшін, қазақ поэзиясы үшін ақын Жұматай Жақыпбаев қашанда мақтаныш. Оның жазған өлеңдері бүгінгі және келешек ұрпақ үшін үлгі - өнеге. Өйткені, оның Ләйлә қызға деген махаббаты кіршіксіз, таза махаббат, - деп білеміз.

 

Жұматай Жақыпбаевтың «Ләйлә» жыр жинағынан 8, 9 - сынып оқушылары өлеңдер оқиды.

 

1-    жүргізуші:

          Иә, ақын есімін жыр сүйер қауым осылай жүректеріне сақтаса керек. Олай дейтініміз ақынның өзі жырлағандай оның есімі Жұматай деп аталып, Жұматай деп мәңгі ел есінде қалды.

Бүгінде арнау жырдың орны бөлек. Кез келген қалам ұстаған жүректердің өзінің пір тұтар адамдарына деген шынайы сүйіспеншілігі мен ыстық махаббаты әрдайым ерекшеленіп, бөлектеніп тұрары анық. Ол ақынға деген, жазушыға деген құрмет! Олардың аруағына деген ізгі ілтипат. Олай болса, біз де бүгінгі тақырыбымызды ақын рухына арнап, талантына тағзым етіп, есімін ел алдына қайта бір оралту еді.

 

       9 «А» - сынып оқушыларының орындауында Жұматай Жақыпбаев туралы ақындар жырлаған өлеңдерін тыңдайық.

 

2-жүргізуші:

Сен барсың бар болса егер жерде күнгей,

          Күнгейдің гүлдерінің еңбегіндей.

          Барсың сен!

          Сенем Саған филиппиндік

          Химмерге арулардың сенгеніндей.

          Күн кешкен сөзін ұғар елсіз де Абай,

          Сол арай-шөлсіз де арай,

          Көлсіз де арай.

          Ақындар құрып кетсін...

           Бірақ әлем.

           Білмеймін күн кешеді Сенсіз қалай?! - деген тоқтамына құлай берілесіз.

1 - жүргізуші:

        Жыр-өрім...  Бұл ақынның жарымен сырласуы. Өмірден ерте кеткен дарын иесі Жұматай Жақыпбаев пен ақынның жары Зайда Елғондинованың домбыраның қос ішегінен шыққан үндей үйлескен жыр өрімдерін тыңдайық.

 

«Поэзия» өлеңі.    8, 9- сынып оқушылары

 

2- жүргізуші:

 

        Ақын Жұматай Жақыпбаевтың мінезі. Шындығында көңілі таза, жүзінен нұры төгілген, жұмбақ күліп, жымиып қана мойылдай қара мұртын бір сипап қойып жүретін Жұматай ақын арқалы ақын еді. Өлеңдерін жатқа оқып, серілік мінезімен мысқылдай сөйлеп, ақындықтың қадірін шынайы жүрегімен сезінетін жан еді.

   Зайда апамыздың осы жинағындағы мына бір арнау өлеңі жары Жұматайдың жарқын бейнесін аша түскендей. Оқып көрелік:

 

 9 «А» сынып оқушысы Ахметова Мариям

 

1-жүргізуші:

        Ғасырдан ғасырға өткен сайын ақынның шығармалары жаңа қырымен жарқырай түсер, егемен еліміздің жас ұрпағының жаттап өсер жырына айналар. Жұматай Жақыпбаев адалдық, намысқойлық, жаны да таза, ары да таза, ерлерге  лайық биіктерде ғана көрінетін ақын. Әрқашанда сол биігінен көріне берсін. Ақынның жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады.

 

2-жүргізуші:

Алты атанға жүк болар, арзан атақ қумаған,

Қырық нардың белін қайыстырар дүние-мүлік

                                                                жимаған.

Санаулы ғұмырын сахилықпен кешкен,

Санаулы өмірін салтанатпен өткізген,

Қағанат құрып, қаған болған ақын.

 

Кешімізді  Тоқтасынов Әлібектің орындауындағы «Қазақстаным» әнімен аяқтаймыз.

 

 

 

 

 

«№8 жалпы білім беру орта мектебі»КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   «Жыр арқауы-Жұматай»

Әдеби танымдық кеш

 Өткізген  уақыты: 12.03.2015жыл

 Өткізген: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

                  Қалжанова Рая

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2014-2015 оқу жылы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "“Жыр арқауы – Жұматай” атты әдеби сазды кеш"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Флорист

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

1-жүргізуші:

     Армысыздар құрметті  ұстаздар, оқушылар!  «Жыр арқауы Жұматай» аттыкиелі поэзия әлемінде өзіндік биік орны бар,  халықтық рух бар,  өткірлігі мен тапқырлығы, серілік мінезімен бәрімізді елең еткізіп, жырымен тербеп келген ақын Жұматай Жақыпбаевтың 70 жылдығына арналған     «Жыр арқауы Жұматай» атты еске алу кешімізге қош келдіңіздер!

 

2-жүргізуші:

1990 жылдың 16-қыркүйек күні 45 жасында  ақын Жұматай Жақыпбаев дүниеден озды. Халық қалаулысы, біртуар ақынымыздың жарқын бейнесін   1 минуттық үнсіздікпен еске алайық.

 

1-жүргізуші:  

 

Бүгінгі кешіміздің мақсаты: Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері  Жұматай  Жақыпбаевтың  өнегелі өмір жолын, өнерін, өр мінезін, асқақ рухын оқушыларға насихаттау. Поэзия әлеміне, сөз өнеріне сүйіспеншілігін арттыру. Аяулы ақынымызға  деген оқырмандар махаббатын одан әрі үстей түсу.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 776 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.04.2015 1500
    • DOCX 49 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аймагамбетов Аманжол Серикович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 147019
    • Всего материалов: 36

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 126 человек

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 783 человека из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 842 человека

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 782 человека из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 991 человек

Мини-курс

Психология обучения и развития детей: от садика до школы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Рациональность и творчество в педагогике

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Дизайн и визуальная коммуникация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 14 регионов