Инфоурок Директору, завучу Другие методич. материалы«Жырдың алмас қылышы»атты әдеби кеш.

«Жырдың алмас қылышы»атты әдеби кеш.

Скачать материал

«Жырдың алмас қылышы»атты әдеби кеш.

 

Жұмыс мақсаты: Махамбет Өтемісұлы шығармашылығын оқырмандарға терең таныту.

Жұмыс міндеттері:

Білімділік: Махамбет жырларының тақырыбын,мазмұнын терең меңгеру;

Тәрбиелік: патриоттық тәрбие беру;

Дамытушылық: «Жұмыр қылыш» күінің шығу тарихын баяндап,тыңдау арқылы оқушыларды өнерді сүюге баулу;

Жұмыстың жабдықтары: Слаидтар,Махамбет портреті,Махамбет туралы әдеби жинақ папка,буклет,

Жұмыс барысы:

Ұйымдастыру бөлімі.

Кіріспе сөз.

1-жүргізуші: Уа,бабам,екі ғасырдан астам жасқа жеттің,

                        «Өмірден,-деп өкінді ел,-жастай кеттің».

                        Халқыңның тарихында дара тұлға

                         Даңқыңды жас кетсең де асқақ еттің!

 

2-жүргізуші:  Елестеп ерлігің мен сөзің егіз,

                        Дем берген әруағыңды сезінеміз!

                        Нұсқасын тірлігіңнің оймен шолып,

                        Боламыз кездескендей өзіңе біз.

 

1-жүргізуші:  Елдің қамын ойлап әркез жүрдің де,

                         Өз халінді батыр,ойлап көрдің бе?

                         Қара халық теңдігі үшін күрестің,

                         Тәуелсіз ел боларыңды білдің бе?

 

2-жүргізуші: Десек те,жыр дестесін ағыталық,

                        Не үлгі сізден артық таныталық?!

                        Ой менен өнегеңді жорамалдап,

                         Көңілге жүрсек дейміз шабыт алып.

 

1-жүргізуші:  Армысыздар,жыр сүйер қауым

 

2-жүргізуші:  «Ереуіл атқа ер салып,егеулі найза қолға алып», «Сары баланың қамы »үшін қылыш сермеген батыр,дауылпаз ақын,арқалы күйші Махамбет Өтемісұлының шығармашылығына арналған «Жырдың алмас қылышы» атты әдеби кешімізге қош келдіңіздер!

 

1-жүргізуші: Ұлы Абай- кемеңгерлікті танытса,өткірлік пен батылдық-Махабетке ғана тән.Солай емес пе?

 

2-жүргізуші: Иә.  Өткір де батыл,жалын жырлардың иесі әрине,Махамбет Өтемісұлы.

1-жүргізуші:  Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы Орал облысына қарасты Нарын құмында дүниеге келген.Махамбеттің шыққан ортасы-шағын шаруа. Махамбет қай жағынан болсын ерте оянып,ел ісіне ерте араласқан,тіпті ел басын қосуға шебер,ұйымдастырғыш,қабілеті күшті өрен болатын.

 

2-жүргізуші: Жас болса да жалынды ақын болды.Ел оны тез таныды.Махамбеттің осы қабілетін өз керегіне пайдаланбақ болған Жәңгір

хан оны сарай  ақыны етуге әрекеттенеді.Хан сарайында жүріп қаншама әділетсіздіктерді өз көзімен көрген ақын бұған шыдай алмады.Қара халықтың қамы үшін ханға қарсы шықты.Жәңгір хан Махамбетті сарайдан қуды.

 

1-жүргізуші: Осыдан бастап Махамбеттің ханға деген өшпенділігі арта түскені жырларынан анық,айқын байқалады.Исатай да Махамбетке қосылып ханға қарсы көтерілістер жасады.Бұл 1836-1838 жылдар еді.

 

2-жүргізуші :Халықтың айтуы бойынша Махамбет күйші әрі сазгер болған.Оның «Өкініш», «Қайран,Нарын», «Жұмыр қылыш», «Жорық»,  «Ақтабан», «Тарлан» т.б. көптеген күйлері,термелері бар екен.

 

1-жүргізуші:  Олай болса  «Жұмыр қылыш» күйінің шығу тарихына тоқталайық. Музыка пәнінің мұғалімі-Сафина Лиза Қуантайқызына сөз береміз.(баяндайды)

2-жүргізуші:  Алдарыңызда 8 –ші класс оқушылары «Жұмыр қылыш» күйіне би билеу.

 

1-жүргізуші:  Махамбет ең алдымен халқын,Отанын сүйген патриот ақын.Қалың көпшілікті езіп,жаншып отырған хан,сұлтан,би-төрелерге қарсы шықты.Найзасына асыл сөз, өткір тілін қоса жұмсады.Көпшілікті ханға қарсы күреске шақырды. «Соғыс» өлеңі.Оқитын-6 «Б» класс оқушысы Тәжігереев Тұрар. «Мұнар күн» өлеңі оқитын 6 «Б»класс оқушысы Ертуғанова Күмісай.

2-жүргізуші:  Жәңгір хан мен Махамбет ылғи да сөзге келіспейтін еді.Сол оқиғалардан бір көрініс.Алдарыңызда 8 класс оқушылары.

  Автор: Бір жиында Жәңгір хан мен Махамбет кездесіп қалады.Өзінің байлығын халыққа таныстыру үшін мақтанып Махамбетке былай дейді:- Әй, Махамбет осы сені елдің ақыны ,суырып салма жырау дейді ғой.Олай болса қане мені халқыма бір мақтап жіберші.

Автор: Бұған зығырданы қайнап тұрған Махамбет,қылышын жерге қадап:

           -   Хан емессің қасқырсың,

               Қас албасты басқырсың!

              Достарың  келіп табалап,

             Дұшпаның сені басқа  ұрсын!

              Хан емессің ылансың,

              Ысқырынған жылансың,

               Хан  емессің аянсың,

               Айыр құйрық шаянсың!

 

1-жүргізуші: 1838 жылы көтерілісте апатқа ұшырап,Исатайдың өлімінен кейін елді қайта ұйымдастыру мүмкін болмады. «Қызғыш құс» өлеңі оқитын 6 «Б» класс оқушысы-Байжанова Дания.

 

2-жүргізуші:  Бір кездері жанына ерген халқы жауласудан шаршаған,жүрегі шайылған еді.Сол кезде Махамбет әскері азайып жалғыздық зардабын шекті. «Жалғыздық» өлеңі оқитын 6 «в» Дмитриеева Настя.

 «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі оқитын 7 «ә»класс оқушысы Оңалбаева Рыстыгүл.

 

1-жүргізуші: Ақын өлеңінде «Мен» сөзі жиі қолданылады .Махамбеттің «Мені»- қазақ халқының  мені. «Мен құстан туған құмаймын» өлеңі оқитын 7 «ә» класс оқушысы Мұратова Айгерім.

 

2-жүргізуші: Махамбет жырларының тағы бір кейіпкері-досы әрі бауырындай боп кеткен Исатай Тайманұлы. «Исатай деген ағам бар» оқитын- 6 «в» класс оқушысы- Дружченко Арина.

1-жүргізуші:  Махамбет –халықтың азаттығы үшін алысқан,теңдігі үшін тартысқан ақын.

          

2-жүргізуші: Махамбет-әрқашан  халықты қолдады.Ал халық ,бүгінгі ұрпақ Махамбет Өтемісұлының шығармашылығына қандай баға берді.

 

1-жүргізуші: Мәселен,Әнуар Әлімжанов ағамыз «Махамбеттің жебесі»атты тарихи роман жазды.Қалған ғалым зерттеуші буын өкілдері де өздерінің ғылыми зерттеулерін қалын көпшілікке жариялады.Ал оқушылар сіздердің Махамбетке арналған қандай шығармашылық жұмыстарың бар?

(Оқушылардың өлеңдері,шығармалары оқылады).

 

2-жүргізуші: Әрі ақын,әрі батыр Махамбет!

                       Ұрпаққа ұран есімің бұл бүгінде,

                     Сендей ер жоқ мынау жердің жүзінде.

                       Ерлігіңді қайталаған Қайраттай

                       Жас ұрпағың көбейеді түбінде!

 

 

1-жүргізуші:  «Жырдың алмас қылышы» атты әдеби кешіміз осымен аяқтаталды.Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп-көп рахмеи!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Жырдың алмас қылышы»атты әдеби кеш."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Животновод

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы Орал облысына қарасты Нарын құмында дүниеге келген.Махамбеттің шыққан ортасы-шағын шаруа. Махамбет қай жағынан болсын ерте оянып,ел ісіне ерте араласқан,тіпті ел басын қосуға шебер,ұйымдастырғыш,қабілеті күшті өрен болатын.

 

2-жүргізуші: Жас болса да жалынды ақын болды.Ел оны тез таныды.Махамбеттің осы қабілетін өз керегіне пайдаланбақ болған Жәңгір

хан оны сарай  ақыны етуге әрекеттенеді.Хан сарайында жүріп қаншама әділетсіздіктерді өз көзімен көрген ақын бұған шыдай алмады.Қара халықтың қамы үшін ханға қарсы шықты.Жәңгір хан Махамбетті с 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 590 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.03.2015 5489
    • DOCX 15.8 кбайт
    • 179 скачиваний
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Уразгалиева Асемгуль Танатаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 23913
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык и литературное чтение: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель начальных классов русского языка и литературного чтения

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Основные принципы и методы проведения внутреннего аудита

36/72/108 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация преподавания информационных систем и технологий в профессиональном образовании

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 16 регионов

Мини-курс

Введение в инвестиции и инвестиционный процесс

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Профессиональное развитие бизнеса: стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Общая химия

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе