Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Конспекты / «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» ашық сабақ

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» ашық сабақ

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m55fc6d7c.gif

Ақмола облысы

Бұланды ауданы

КММ «Айнакөл орта мектебі»
















(математика пәнінен сайыс)


таптым


















Өткізген: Сыздыкова А.Ж.


2014ж




Сабақтың тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды көпшілік алдында еркін сөйлеуге үйрету арқылы ойлауын, сөйлеу тілдерін жетілдіру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, достыққа, білгірлікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Көрнекілігі: үлестірмелі қағаздар, интерактивтік тақта
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім:
Армысыздар қадірлі қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Ұлы Абай атамыз айтқандай «Сүйер ұлың болса сен сүй, сүйінерге жарар ол»- деп келешек ұрпаққа берер тағылымы мол, іздер қалдырған. Олай болса бүгінгі сайысымызда өзімізді жаңаша қырынан көрсетіп, жақсы атсалысайық.
Ал келіңдер, келіңдер,
Біріңе - бірің еріңдер
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер,- дей отырып, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар!» атты зияткерлік сайысымызды бастаймыз.
G:\фото с декады\IMG_2061.JPG

Мұғалім:
Білмеймін деп қысылма,
Талабың болса бойыңда.
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр бойында – дей келе, топтарымызды ортаға шақырайық.
Топтарымызды таныстырып өтейік.
І топ «Алғырлар» ІІ топ «Білімділер»
Топтар өздерін таныстырады, яғни топтың атын қорғау.

1топ «Алғырлар»
Ұраны:
Жарыс десе жанамыз
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.
Сәлемдесуі:
Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз
2 - топ. «Білімділер»
Ұраны:
Білікті бірді жығады
Білімді мыңды жығады
Сәлемдесуі:
Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым
Көрсетеміз бізде қандай күш барын
Алға қойған мақсатымыз бір екен
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі сайысымызда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар бір топты анықтаймыз. Сайыстың кезеңдерінен сүрінбей өткен топ жеңімпаз атанады. Ендеше сіздерге сәттілік! Енді сіздерді сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.
1. ТаныстыруG:\фото с декады\IMG_2064.JPGG:\фото с декады\IMG_2062.JPG

2.Ой жүгірту.
3.Байқағыштық .

4.Сиқырлы төртбұрыш.
G:\фото с декады\IMG_2065.JPG

5. Шешімін тап!
6. Полиглот.
7. Ойлан, тап
8. Білеміңді шыңда.

Мұғалім:

Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстың ба, орта жолда қалыспа!
Бағалайды әділқазы сіздерді.
Жеңіс мәре жақын ба әлде алыс па? – деп, осы сайысқа әділ баға беретін әділқазылар алқасын таныстырып өтейін.

Мұғалім:
Ал келіңдер, келіңдер!
Дұрыс жауап беріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Саудаласып көріңдер.

Сырлары көп білімнің
Шешілмеген әлі де.

Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріне.

І кезең «Ой жүгірту»
Мұнда оқушылар пәндер бойынша сұрақтарға тез әрі шапшаң жауап береді.
1топ «Алғырлар»
1. Бір айда неше апта бар? (4 апта)
2. Дыбыстар неше топқа бөлінеді? (дауысты, дауыссыз)
3. Заттың атын білдіретін сөз табы? (зат есім)
4. Азайтудың нәтижесі қалай аталады? (айырманың мәні)
5. Қосудың компоненттерін ата. (қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні)
6. Қосуға кері амалды ата. (азайту)
7. Бір жылда неше күн бар? (365 – 366)
8. Есту мүшесі не? (құлақ)
9. Көру мүшесі. (көз)
10. Иіс сезу мүшесі? (мұрын)
11. Дәм сезу мүшесі. (тіл)
12. «Кел, балалар оқылық» өлеңінің авторы кім? (Ы. Алтынсарин)
13. 1945ж 9 мамыр қандай күн? (жеңіс күні )
14. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)
15. Бір жылда неше ай бар? (12 ай)
16. Ұлыстың ұлы күні. (22 – наурыз)
17. Ұзындықтың өлшем бірліктерін ата. (см, дм, м, км)
18. 12 – сәуір қандай мейрам? (ұшқыштар күні)
G:\фото с декады\IMG_2067.JPG

2 - топ. «Білімділер»
1. Заттың қимылын білдіретін сөз табы. (Етістік)
2. Мемлекеттік рәміздері? (ту, елтаңба, әнұран)
3.
Көптік жалғауларын ата. (- лар, - лер, - дар, - дер, - тар, - тер)
4. 720 – ны 9 есе кеміт. (80)
5. Бөлудің компоненттерін ата. (бөлінгіш, бөлгіш, бөліндінің мәні)
6.
Азайтудың компонентері (азайғыш, азайтқыш, айырма)
7.
Тәулікте неше сағат? (24)
8. Ынтымақ күні? (1 мамыр)
9. Мүшел жас (1ж,7ж,12ж)
10. Судың неше күйі бар? Ата (бу, сұйық, мұз)
11. Кез келген сан мен 0 – дің көбейтіндісінің мәні неге тең? (0 - ге)
12. Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөз. (туынды сөз)
13. 0-ді 5000-ға көбейтсек неше болады? (0)
14. Сөйлем түрлерін ата. (сұраулы, лепті, хабарлы сөйлем)
15. Бөлу мен көбейту қандай амалдар? (өзара кері амалдар)
16. Екі шахматшы 2 сағат шахмат ойнады.
Бір шахматшы неше сағат ойнады? (2 сағат)
17. Кімнің шашына жауын жауғанда мүлдем су тимейді? (тазы)
18. Жанғыш пайдалы қазбаларды ата. (газ, мұнай)
ІІ кезең «Байқағыштық»
1. Ағашта 50 қарға, 30 сауысқан отырған еді. Барлық сауысқан және сонша қарға ұшып кетті. Неше қарға қалды? (20)

2.Би үйірмесінде 17 ұл және 14 қыз бала қатынасады. Барлық қыздар жұптары мен билегенде, неше ұл билемей қалды? (3)

3.Бірінші еменде 15 алма, екінші еменде 20алма өсіп тұр еді. 16 алма түсіп қалды. Неше алма қалды? (еменде алма өспейді)

4. Екі стаканға бірдей су құйдық. Оның біреуін тарелкаға төңкердік. Қай ыдыста су көп?

5. Шаршының қабырғасы 20см, периметрі қанша? (80см)
6.
12 минутта неше секунд бар? (720)
ІІІ кезең «Сиқырлы төртбұрыш»
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Бұл кезеңді ғажайыпқа берелік.
Арамызда тапқыр достар көп екен,
Соларды енді жарыстырып көрелік!
G:\фото с декады\IMG_2068.JPG

8

3

10

9

7

5

4

11

6


Мұғалім:
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан.
Барлық ғылым соған үйір болады,
Досың солар табылатын қасыңнан.
ІҮ кезең «Шешімін тап!»
3+3+3+3+3-3-3-3=6

4+4+4+4-4-4=8

3 3 3 3 3 3 3 3=6

4 4 4 4 4 4=8
Ү кезең «Полиглот»
«Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі ілім біл!» дегендей, мұнда оқушылар жасырылған жұмбақты шешіп, жауабын қазақ, орыс,ағылшын тілінде айтады.
Жұмбақтар:
1). Қабат – қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (кітап – книга-)
2). Падишадай жатысы бар,
Жолбарыспен шатысы бар. (мысық – кошка)
3). Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр – шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді. (қалам – ручка)
4). Жылт – жылт еткен,
Жылғадан өткен. (су – вода)
5) Ашылып, жабылады,
Әр үйден табылады. (Есік - двер)
6) Құс сияқты, құс емес,

Самғап ұшқан биікке.
Қанаты бар қақпайды,
Жүрсе де сондай биікте. (ұшақ – самолет).
VI «Ойлан,тап!»
Мұғалім:
Ендігі кезекті Жасырынған сөздер.
G:\фото с декады\IMG_2069.JPG

К3ТІ 1ҚАЗАН С10А М6 Т10 К2Л
VII - кезең: «Біліміңді шында»
Әр топтың топ мүшелері біріге отырып берілген қисынды сөз есепті шығарып, дұрыс жауабын беру қажет.
1. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: үшеу
2. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? Шешімі: Жанат - ұзын
3. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? Жауабы: Медет
4. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? Жауабы: үш
5. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?
Жауабы: үш стакан
6. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Жауабы: жоғары
7. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? Жауабы: шырпы
8. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? Жауабы: егер оны мұз етіп қатырса
Мұғалім:
Ашық – жарқын жүзді,
Әділқазы біздің.
Таңдап баға беруге
Шақырайық төрге – деп, сайысымыздың қорытындысын шығару үшін әділқазыларға сөз кезегін берейік! Әділқазылар жеңімпаз топты марапаттайды, қалған топтарға ынталандыру сыйлықтары тапсырылады.

Мұғалім:
Алдыңызда әлі талай асу бар,
Асулардан қиналмай – ақ асыңдар.
Тек сәттілік тілеймін бәріңізге,
Болашаққа батыл қадам басыңдар! – дей отырып, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты сайысымызды аяқтаймыз.
Назар қойып тамашалағандарыңызға рахмет!



Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Краткое описание документа:

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды көпшілік алдында еркін сөйлеуге үйрету арқылы ойлауын, сөйлеу тілдерін жетілдіру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, достыққа, білгірлікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Көрнекілігі: үлестірмелі қағаздар, интерактивтік тақта
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім:
Армысыздар қадірлі қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Ұлы Абай атамыз айтқандай «Сүйер ұлың болса сен сүй, сүйінерге жарар ол»- деп келешек ұрпаққа берер тағылымы мол, іздер қалдырған. Олай болса бүгінгі сайысымызда өзімізді жаңаша қырынан көрсетіп, жақсы атсалысайық.
Ал келіңдер, келіңдер,
Біріңе - бірің еріңдер
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер,- дей отырып, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар!» атты зияткерлік сайысымызды бастаймыз.

Мұғалім:
Білмеймін деп қысылма,
Талабың болса бойыңда.
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр бойында – дей келе, топтарымызды ортаға шақырайық.
Топтарымызды таныстырып өтейік.
І топ «Алғырлар» ІІ топ «Білімділер»
Топтар өздерін таныстырады, яғни топтың атын қорғау
Автор
Дата добавления 06.06.2015
Раздел Математика
Подраздел Конспекты
Просмотров265
Номер материала 300425
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх