Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Жүзден жүйрік, сыныптан тыс іс-шара
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Жүзден жүйрік, сыныптан тыс іс-шара

библиотека
материалов

Сыныптан тыс мерекелік іс шара

Тақырыбы: Жүзден жүйрік,..

Мақсаты:І.Оқушылардың тапқырлық, ізденпаздық қасиеттерін қалыптастыру,ой өрістерін ,ойлау, шапшаңдық қабілеттерін дамыту.

ІІ.Қызығушылығын арттыру,сөздік қорларын молайтып, сауатты таза еркін сөйлей білуге жетелей отырып,тіл байлығын дамыту.

ІІІ.Оқушыларды тиянақтыққа, мейрімділікке, әдептілікке, білімділікке тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру.

Мұғалім:Құрметті қонақтар бүгін біздің 4-сынып оқушылары арасында өтетін « Жүзден жүйрік» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Сайысқа қатысатын оқушылар негізгі пәндер бойынша өз білімдерін ортаға салмақшы.Сайысымыз 4 бөлімнен тұрады. Жарысқа 6 оқушы қатысады.

Шын жүйріктер сыналады жарыста,

Жарыстың ба,орта жолдан қалыспа,

Алғырлық пен тапқырлықты ұран ғып,

Бұл жарыста жеңіс туын тік ұста!

Олай болса, келесі кезекті сайыскерлерімізге берейік.(өзтерін таныстырып өтсін)

Екі топтың ұрандары:

«Ойшылдар» тобы: Бір аллаға сыйынып,

Кел, балалар, оқылық!

«Тапқырлар» тобы:Бұл сайыста болма бос,

Ақылыңа ақыл қос!

Қажыкелді: Қажыкелді деген баламын,

Ылғи бестік аламын.

Әл-Фараби атамдай,

Математик болаын.

Серікгүл: Данасы болар даланы,

Серікгүл деген баламын.

Қазақ тілін меңгеріп,

Жазушы мен боламын.

Лаура:Кішкентайдан өстім міне дәу жігіт,

Менің де бар жүрегімде бір үміт,

Биші болу арманымның қиялы,

Лаура атты қыздарыңда бар үміт.

Аманбек: Ау,халайық жараңдар!

Бәрің маған қараңдар,

Шымыр болып шыныққан,

Аманбек деген балаң бар.

Салауатты өмір санамда,

Мақсат қумай қалам ба,

Жетелеген арманым,

Спортшы мен болам да.

Малика:Сөйлегенім тым тәтті,

Сәулелі де сымбатты,

Малика деген қыздарың,

Сіздерге қарап тіл қатты.

Жайғанда арман құшағын,

Өзіңе мен де ұқсармын,

Кеткенше қайрат,күш,әлім, Биікке самғап ұшамын.

Еділ: Өнер толы бойымда,

Білім толы ойымда,

Озат оқу мақсатым,

Еділ деген балаңмын.

Жарайсыңдар балалар, ендеше,сайысымызды бастайық!

І кезең: «Ұшқыр ой» бұл кезеңнің бірінші тапсырмасы «Сыйқырлы шаршы» деп аталады. Шаршыдағы бос торкөздерді толтырғанда тігінен де,көлденеңінен де,көлбей қосқанда да 60 саны шығу керек.

30

1

29

19

20

21

11

39

10

2- тапсырма: «Мақалдағы санды тап» әр балаға сандары жазылмаған мақал- мәтелдер беріледі.оқушылар мақалдағы сандарды тауып жазу керек.

..... ауыз сөздің, Тобықтай түйіні бар.

...... екі аяқтыдан бөле тату, ...... аяқтыдан бота тату.

..... жұрттың тілін біл, ..... түрлі білім біл.

Ер жігіттің .... сөйлегені өлгені, еменнің иілгені өлгені.

... жылда ел жаңа, .... жылда қазан.

Жүзден ...... шешен, мыңнан ..... көсем.

..... қарға таласса, .... құзғынға жем түсер.

Қонақ .... күн қонса құт,

.... күн қонса жұт.

3- тапсырма: Логикалық сұрақтарға жауап береміз.

1.Үш түйеқұс ұшып келе жатты.Аңшы олардың бірін атып алды.Олардың қаншасы қалды? (түйеқұс ұшпайды)

3.Жасы 100-ге келген қария өмір бойы өзінің туған күнін 25 рет қана атап өткен екен.Себебін анықта. ( туған күн ақпанның 29-ы)

4.Егер үш пар ат 60 км шауып өтсе, онда бір ат неше км шауып өтеді?( 60 км)

5.Столдың төрт бұрышы бар. Егер екі бұрышын кесіп тастаса, неше бұрышы қалады?(6 бұрышы)

6.сағаттың 112 бөлігі неше минут? (5 минут)

7.бір топ үйрек ұшып келеді.Біреуі алдында, екеуі артында, бірі алдында, екеуі алдында, екеуі алдында,біреуі екеуінің ортасында, үшеуі тізбектеліп қатар ұшқан.Қанша үйрек ұшып келеді? (үш үйрек)

8.Сағат бесті көрсеткенде, оның сағаттық және минуттық тілдері қандай бұрыш жасайды? (доғал)

9.Екі қасқыр екі қойды екі сағат жейді. Төрт қасқыр төрт қойды шеше сағат жейді?

(2 сағат)

10. 3 кг ет 3 сағатта піседі 5кг ет неше сағатта піседі? (3сағатта)

11.Бір үйде әкесі баласымен және атасы немересімен отыр.Осы үйде неше жан отыр?

12.Қуат бір күнде кітаптың бес бетін оқиды,осындай қарқынмен үш күнде неше бет оқиды?

ІІ кезең: «Мақал сөздің мәйегі» 1-тапсырмасы:Бұл кезеңде мақалдың бір жолы оқылады, ал балалар жалғастыру керек.

1.Оқусыз білім жоқ,

(Білімсіз күнің жоқ.)

2.Ақыл- тозбайтын тон ,

(Білім – таусылмайтын кен.)

3.Қына тасқа бітеді ,

( Білім басқа бітеді.)

4.Ата көрген оқ жонар,

(Ана көрген тон пішер.)

5.Ақыл көпке жеткізер,

(Өнер көкке жеткізер.)

6.Білім таппай мақтанба,

(Өнер таппай баптанба.)

7.Егіннің жайын еккен білер ,

(Арбаның жайын жеккен білер.)

8.Екпей егін шықпас ,

(Үйренбей білім жұқпас.)

9.Пәлен жерде пайда бар,

(Өз жеріңдей қайда бар.)

10.Батыр туса – ел ырысы,

(Жаңбыр жауса – жер ырысы.)

11.Болат қайнауда шынығады,

(Батыр майданда шынығады.)

12.Ер жігіт елі үшін туады,

(Елі үшін өледі)

2 тапсырма: «Тауып сөйле сөз жүрсін жүйесімен» Кетедегі жасырынған мақалды тап.

Үйдің


Қас пен көздің

арасындай

Мектептің






Білім


Бала

Өмір шырағы

Жұмыс




Жақсы адам


Жақсы іс

Жанға қуат

Жақсы сөз






Малшыға


Баптағанға

Жер жомарт

Егіншіге






ІІІ кезең: «Ойлан, тап!» Сөзден сөз құра. Екі топқа екі сөз беріледі.

«дүниетану» және «Өнерпаздар»

Дүние,тау,ниет,ана, ата,ауа,ине,ит,ну,нан,түн,ет,не,анау,

Өнер, өр, өнерпаз,ер,нар,аз,дара,

«Сен білесің бе?» жұмбақ шешу

Таптым-таптым тап жорға,

Табаны жалпақ боз жорға.

(Түйе.)

Аузы бейне шалғы орақ,

Шөп емес,бірақ мал орады.

(Қасқыр.)

Жол үстінде қу қазық,

Мергеншіге жол азық.

(Қоян.)

Сегіз найза сенгенім,

Он екі қылыш ілгенім.

(Бүркіт.)

Тіріден өлі туады,

Өліден тірі туады.

(Жұмыртқа.)

Екі басы жұдырықтай,Ортасы қалдырақтай. (Құмырсқа.)

ІV кезең: «Өлең- сөздің патшасы» поэзия минутын өткізу

1-қушы: Шығамын тірі болсам адам болып,

Жүрмеймін бұл жаһанда жаман болып,

Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе,

Жүргенше өмір сүріп надан болып.

Мен балаң,жарық күннен сәуле құрған,

Алуға Күнді барып белді буған.

Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін,

Болмасам толған Айдай балқып туған.

С.Торайғыров

2-оқушы: Әй, табиғат! Шеберсің ау, шеберсің,

Көрмегенді көрсетерсің берерсің.

Ұлан ғайыр байлығыңды міс етпей,

Ашкөзденген адамдарға не дерсің?

Айың анау, күнің анау,жер міне,

Ау, адамдар!

Жетпей жатыр енді не?!

Табиғатқа таласпаңдар ағайын,

Асырайды ол сені, мені, елді де.

М.Мақатайев.

3-оқушы: Ұшып келем,ұшып келем көгімде,

Ұшып келем мөлдір аспан төрінде.

Көкте жүріп қызығамын жердегі,

Сонау сонау өзім ұшқан өңірге.

Анау менің асу асу белдерім,

Асқар ала тауларым мен көлдерім...

С. Жиенбаев

4-оқушы: Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан.

Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаным ба тоңғаны ма,

жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Жасыл шөп,бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес жүгірмес бала шулай.

Қайыршы шал кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айырылған ағаш қурай...

Абай Құнанбайев.

5-оқушы: Ақ киімді денелі ақ сақ сақалды,

Соқыр мылқау танымас тірі жанды.

Үсті басы ақ қырау, түсі суық ,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Дем алса үскірік аяз бен қар,

Кәрі құтан қыс келіп әлек салды.

Абай Құнанбайев.

6-оқушы: Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

Ел бетіне қалай түзу қараймын,

Ана тілім,

Егер сені білмесем.

Ана тілім,

Дана тілім, бақ тілім,

Сенсіз бақыт дүниеде тапты кім?

Сенсің менің қасіретім,шаттығым,

Сенсің менің тазалығым,пәктігім.

Қортындылау:Балалар сайыс сабағымызды қортындылай келе, қай топтың алға шыққандығын анықтайық. Қоржындағы асықтарымызды санаймыз. мадақтап әр топтың қоржынына жинаған асықтарын санап оқушыларды марапаттап ынталандыру сыйлығын табыс ету.

Краткое описание документа:

Мақсаты:І.Оқушылардың тапқырлық, ізденпаздық қасиеттерін қалыптастыру,ой    өрістерін ,ойлау, шапшаңдық қабілеттерін  дамыту.

ІІ.Қызығушылығын арттыру,сөздік қорларын молайтып, сауатты таза еркін сөйлей білуге жетелей отырып,тіл байлығын дамыту.

ІІІ.Оқушыларды тиянақтыққа, мейрімділікке, әдептілікке, білімділікке тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру.

Мұғалім:Құрметті қонақтар бүгін біздің 4-сынып оқушылары арасында өтетін               « Жүзден  жүйрік»  атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Сайысқа қатысатын оқушылар негізгі пәндер бойынша  өз білімдерін ортаға салмақшы.Сайысымыз 4 бөлімнен тұрады. Жарысқа  6 оқушы қатысады.

Шын жүйріктер сыналады жарыста,

Жарыстың ба,орта жолдан қалыспа,

Алғырлық пен тапқырлықты ұран  ғып,

Бұл жарыста жеңіс туын тік ұста!

Олай болса, келесі кезекті сайыскерлерімізге берейік.(өзтерін таныстырып өтсін)

                      Екі топтың ұрандары:

 «Ойшылдар» тобы: Бір аллаға сыйынып,

                                       Кел, балалар, оқылық!

«Тапқырлар» тобы:Бұл сайыста болма бос,

                                     Ақылыңа ақыл қос!

Қажыкелді: Қажыкелді деген баламын,

                      Ылғи бестік аламын.

                     Әл-Фараби атамдай,      

                       Математик болаын.

Автор
Дата добавления 31.01.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров725
Номер материала 353058
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх