Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / 1930жж қоғамдық - саяси өмір тақырыбындағы сабақ

1930жж қоғамдық - саяси өмір тақырыбындағы сабақ



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «1930жж. қоғамдық саяси өмір»

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік:Социализмнің тоталитарлық сипат алуының,ұлт

зиялыларының саяси қудалануының,ҚазАКСР-

нің Қазақ КСР болып қайта құрылуының және

оның тарихи маңызына түсінік беру;

2.Дамытушылық:30-шы жж. оқиғаларды,саяси өмірдегі

өзгерістерді дұрыс бағалай және тұжырымдай

білуге үйрету; деректер мен зерттеулерді өз бе-

тінше оқып,пайдалану дағдысын дамыту;ғылыми

көзқарас қалыптастыру;

3.Тәрбиелік:Қоғамдық өмірге бейімделген интеллектуалды

жеке тұлғаны қалыптастыру арқылы еліміздің

ғылыми дәрежесін көтеретін ұрпақ даярлау.


Көрнекілігі: Тірек-сызба,суреттер,слайдтар,плакат.

Сабақтың түрі: Ізденіс,зерттеу сабағы.

Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс,сұрақ-жауап,талдау, саралау.

Пәнаралық байланыс: География,құқық,әдебиет,информатика.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасы.

Оқушылар 2топқа бөлінеді. . 1-ші топқа қойылатын сұрақтар:

1.Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру қашан басталды?

2. Ұжымдастыруға қарсы қанша көтеріліс болды?

3.Ұжымдастыру барысында отырықшы аудандарда құрылған

ұжымдық шарушылықтың формасы қандай?

4.Ұжымдастырудың оңды және жағымсыз жақтары қандай?

5.Ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың күштеу әдісіне

Сіздің ойыңыз қандай?

2-ші топқа қойылатын сұрақтар:

1.Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру барысында

қабылданған тәркілеу жөніндегі декретте не туралы

айтылады? Оған қарсылық білдіргендер кімдер?

2.1931ж.Жаңақала көтерілісі туралы не білесің?

3.Ұжымдастыру барысында көшпелі аудандарда құрылған

ұжымдық шаруашылықтың формасы қандай?

4.Ұжымдастыру жөнінде қандай әдеби шығарма немесе

кинофильмді білесің?

5.Бүгінгі ауыл шаруашылығындағы жағдай қандай?

ІІІ-бөлім.Жаңа сабақ мазмұны.

«Инсерт» әдісі бойынша оқушылар төмендегі сұрақтың

жауаптарын сабақ барысында ала алады:

«Нені білемін?»,«Нені білгім келеді?»,«Нені білдім»

Сабақ мазмұны:

1930жж.социалистік қатынастар орнықты.Жер,зауыт,фабрика

ұжымшар,кеңшарлар мемлекет қарамағында болды.Өндіріс

құрал-жабдықтарына да қоғамдық меншік орнады.

Социализм казармалық сипат алды.Бюрократиялық

орталықтану күшейді.

Қудалау.Лаңкестік жаппай сипат алды.Оған:

1.«Алаштың» арыстары:М.Дулатұлы,Ә.Бөкейханов,А.Байтұрсынов,М.Тынышпаев,т.б

2.Кеңес ұлттық әдебиетінің өкілдері:С.Сейфуллин,І.Жансүгіров,Б.Майлин,т.б.

3.Көрнекті саяси қайраткерлер,революционерлер:Мирзоян,Андронников,С.Сәдуақасов,т.б

4.Ғалымдар:Пустовойт,Чижевский,Пржецлавский,т.б.ілігіп, жазаланды.

«ГУЛАГ».Қазақстанда«Карлаг»,«ЧСИР»,«АЛЖИР»сияқты лагерлер пайда болды.

Қарағанды обл.Осакаров ауданында 25-қоныс-обсервация жұмыс істеді.

1988ж«Әділет» қоғамы құрылып,1989ж40мыңдай адам ақталды.Лагерлер азабынан 101мың адам өтіп,27мыңы атылды.

ҚазАКСР-і ҚазКСР-не,яғни одақтас республикаға айналды.1936ж 5желтоқсанда КСРО КеңестерініңТөтенше VІІІ съезінде Кеңес мемлекетінің жаңа Заңы-Конституциясы қабылданды.1937ж наурызда ҚазКСР-нің Конституциясы қабылданды.

1938ж.КСРО Жоғ.Кеңесіне 44депутат,ал ҚазКСР-нің Жоғ.Кеңесіне 300 депутат сайланды.

Қорытынды.1920-1930жж.Қазақстан әуелі автономия құқығына қол жеткізіп,кейін одақтас республикаға айналды.Индустрия,мәдениет,білім беру саласында табыстарға қол жеткізді.Алайда,бұл табыстар кеңес халқына тым қымбатқа түсті.Тоталитарлық,казармалық жүйе орнықты.Қоғам сталиндік қатал идеология қыспағында қалды.

IV-бөлім. «Бәйге»Жедел жауап.

І-ші топқа:1.«Гулаг»-қа қанша қазақстандық жабылды?

2.Олардың қаншасы атылды?

3.КСРО Конституциясы қашан қабылданды?

4.ҚазКСР-нің Конституциясы қашан қабылданды?

5.КСРО Жоғ.Кеңесіне қанша депутат сайланды?

ІІ-ші топқа:1.1938ж.ҚазКСР ЖОғ.Кеңесінің сессиясын ашқан кім?

2.ҚазКСР Жоғ.Кеңесіне қанша депутат сайланды?

3.Құрбандарды еске алу-ұлттық аза күні қай күн?

4.ҚазАКСР қашан ҚазКСР болып құрылды?

5.1930ж4сәуірде кімді ату жазасына берді?

Венн диаграммасы.2топтың бірі ҚазКСР-нің,екіншісі Қаз.Республикасының ерекшіліктерін анықтауы қажет.

ҚазКСР

1.1936ж.желт.құрылды

2.Сипаты:социалистік

3.Бірпартиялық жүйе

4.Заң шығарушы орган:Жоғ.Кеңес

5.Халқы:5млн.230мың(1926ж.санақ бойынша)

Ұқсастығы:

1.Республика

2.Заңы Конституция деп аталады

3.Территориясы:2,7млн.шаршы шақырым

4.Аграрлы-индустриялы мемлекет

Қаз.Респ.

1.1991ж16желт.

2.Демократиялық

3.Тәуелсіз,дербес

4.Көппартиялық жүйе

5.Заң шығарушы:

Парламент.

5.Халқы:15млн.(1999ж санақ бой.)

Қорытынды ширығу.ХХғ. б.белгілі қоғам қайраткерлері қазақ халқының жай-күйіне қынжылып, төмендегідей пікірлер айтқан еді:(авторларын тауып,қазіргі заманғы жағдайда оған жауап бола алатын пікірлер келтіріңіз)

1.«Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды.»(А.Байтұрсынов)

Жауап пікір: «ХХғ. соңғы он жылында ғана қазақтар еңсесін тіктеп,арман болған азаттығымен қуанышты»(Н.Назарбаев.«Тарих толқынында»)

2.«1899ж.кейін қазақтар мен орыстар арасындағы этностық жанжалдар даладағы өмірдің сипатты белгісіне айналды»(Т.Рысқұлов)

Жауап пікір: «Қазақстанның бірлігі, тұтастығы мен тәуелсіздігі бәсекелестік немесе дау-жанжалдық сипаты жоқ кез келген этникалық қауымдастықтың өкілдеріне ортақ құндылық»(Н.Назарбаев.«Тарих толқынында»)

3.«Көзіңді аш,оян,қазақ,көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті,дін нашарлап,хал һарам боп

Қазағым,енді жату жарамасты!» (М.Дулатов.)

Жауап пікір: «Түзел,қазақ!

Бойыңды,сен,тікте!

Міржақып,Мағжан,Ахметтер аңсаған

Тәуелсіздік тұғырын,

Жоғары ұста,биікте!»(Оқушы шығармашылығы.)


V-бөлім.Оқушыларды бағалау.Үйге тапсырма беру.











































Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебі









Ашық сабақ



«1930жж қоғамдық-саяси өмір»


9-сынып




Пән мұғалімі: Исмагулова Г.Ж












2009-2010 оқу жылы




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Краткое описание документа:

1930жж қоғамдық-саяси өмірдегі оқиғалар,соның ішіндегі 1937-1938жж жаппай террор,оның зардаптары туралы айтылады. Оқушылар осы оқиғалар жөнінде тек түсінік алып қана қоймай, өз көзқарастарын білдіріп,баға беруге үйренеді. Сабақта 30-шы жж. оқиғаларды,саяси өмірдегі өзгерістерді дұрыс бағалай және тұжырымдай білуге үйрету; деректер мен зерттеулерді өз бетінше оқып,пайдалану дағдысын дамыту;ғылымикөзқарас қалыптастыру мақсатына баса назар аударылады

Автор
Дата добавления 13.05.2015
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров216
Номер материала 278452
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх