Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Ж.Жабаетың өмірі мен шығармашылығы

Ж.Жабаетың өмірі мен шығармашылығы


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Ж.Жабаетың өмірі мен шығармашылығы

Мақсаты: Жыр алыбы - Жамбыл туралы білімгерлердің өз бетінше ізденіс жұмыстарының нәтижелері негізінде ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы жан-жақты білім қалыптастыру, оны тереңдету.

Білімділік міндеттері: Ақын өлеңдерін, айтыстарын, дастандарын таныстыру, оларды мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, Ж.Жабаев шығармаларына талдау жасау арқылы мазмұны мен идеясын ашуды меңгерту;

Дамытушылық міндеттері: көркем ойлау, жүйелі сөйлеу, мұқият тыңдау сияқты дағдыларын жетілдіру, сөздік қоры мен танымдық-ойлау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік міндеттері: Жамбыл бабамыздың ақиқатты, патриоттықты жырлаған өлеңдері арқылы адамгершілік қасиеттерді насихаттау, рухани байлыққа баулу, пәнге деген көзқарасты,білімге құштарлықты тәрбиелеуді жалғастыру, тәрбиенің өмірмен байланыс принциптерін ұстану арқылы Ұлы Отан соғысының 70 жылдық мерейтойының мән-мазмұнын насихаттау.

Құндылық: Ақиқат, Сүйіспеншілік.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы

1.Ұйымдастыру

2.Мақсат қою

3.Жаңа білімді меңгерту

4.Жаңа білімді меңгергенін тексеру

5.Бекіту

6.Үйге тапсырма беру



Сабақтың әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, практикалық, эвристикалық, проблемалық әдістер.

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: Ынтымақтастық, Сатылай кешенді талдау, Дамыта оқыту, АКТ, Ұжымдық, Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологияларының элементтері.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиетінің тарихы, тарих, музыка, өзін-өзі тану пәндері.

Оқыту құралдары: көркем әдебиеттер: Ж.Жабаев өлеңдер, айтыстар, дастандар Алматы-1982ж. «Жазушы» баспасы, Электронды оқулықтар, интерактивті тақта, кесте, Ж.Жабаев туралы слайдтар.

І. Ұйымдастыру

Оқытушы: Амандасу. Жайлы, қалыпты психологиялық хал-ахуал туғызу.

Ж.Жабаевтың «Балаларға» өлеңін музыка әуенімен жылы леппен оқып, қалыпты көңіл-күйге келу. (музыка әуені С.Тұрысбеков «Көңіл толқыны»)


Балалар, аманбысың шырақтарым,

Майысып көлге біткен құрақтарым.

Қонаққа келді міне ұстаздарың

Сәлемдесіп алайық шәкірттерім.


Білемін өмірлерің тұрған жайнап,

Күндіз, түн жастық үшін жарық сайлап.

Ай, жұлдыз, күннің көзі, жел менен су-

Бәрі де сендердікі әлемге айғақ.


ІІ. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін хабарлау

(проблемалық тапсырма, эвристикалық сұрақ, танымдық міндетті көздей отырып )

А) «Қызығушылықты ояту» тәсілі

Ж.Жабаев туралы бейнекөріністі көрсету («Қазақстан» телеарнасы, Жамбылдың туған күніне орай түсірілген бейнематериал, Алматы обл, Жамбыл ауданы)

Б) «Жіңішке» сұрақтар:

  1. Бүгін қандай күн?

  2. Бұл материал кім туралы?

  3. Сіздерге Ж.Жабаев қандай шығармаларымен таныс?

Көрсетілген материалдар негізінде білімгерлердің жан-жақты пікірлері тыңдалады;

В) Оқытушының сөзі. 28 ақпан Жамбыл бабамыздың туған күні. Бүгін қазақ халқының ұлы перзенті — ақын, айтыскер, сазгер, жыр алыбы Жамбыл Жабаев 169 жасқа толып отыр.

Жыр алыбы – Жамбыл туралы талай ақын - жазушыларымыз, ғалымдарымыз өздерінің ой тұжырымдарын айтқан болатын. Оларды атап өтер болсақ, М.Әуезов, С.Сейфуллин, Ә.Тәжібаев, М.Жолдасбеков, Н.Қапалбекұлы, С.Қирабаев т.б. Енді белгілі жазушы Ә.Кекілбаевтың мына бір ой тұжырымына көңіл аударайық. (дауыстап, мәнерлеп оқу)

С) Дәйексөз

«Ғасырға жуық ұзақ ғұмырында ол екі дәуірдің, көптеген әлеуметтік дүмпулердің куәсі болды, өмірдің ауыртпалығы мен тіршілік қуаныштарын да бір кісідей бастан кешірді, кедеймін деп мойыған жоқ, болдым-толдым деп тасыған жоқ. Жағымпаздық пен өтіріктің құнын жақсы білген Жамбыл ешқашан байлыққа да бас иіп көрген емес. Басқаның қасіретін терең қабылдап, зұлымдықпен де аяусыз күресті. Ақындар айтысында оған ешкім тең келе алған жоқ. Жамбылдың домбырасы — Жетісудың жан-жүрегі мен айдай ақиқаты еді. Ол өзінің көп достары мен туыстарының қазасын көрді, кешегі соғыс қасіреті жүрегін тілгіледі. Тек алмастай айбарлы сөз ғана онымен өмір көшінің соңына дейін бірге болды, мәңгі өлмес топырағы ғана оны бауырына басып, алыстарға бастай берді».

Д) «Жуан» сұрақтар:

1.Осы сұлу да көркем сөз өрнектерінен адам баласына тән рухани құндылықтардың көзін ашып көрейікші.(Білімгерлермен пікірлесу)


(- Дұрыс! Орынды жауапты айта білдіңіз.

-Бәрекелді! Өз ойыңызды жақсы жеткіздіңіз деп студенттерді демеп, қолдап оларға қанат бітіріп отырамын).

Оқытушы:Ендеше бүгінгі біздің сабағымызда Жамбыл атамыздың өлеңдерін шабыттана жатқа айтсақ, білгенімізді, үйренгенімізді, жан-жақты ізденгенімізді көрсетсек, ақынның рухына тағзым ету деп білейік.

  • Сабақта 4 топ алдын ала берілген тапсырмалар негізінде жұмыс істейді. Білімдерін ортаға салады.

  • Әр топқа ақын-жазушылардың Ж.Жабаев туралы айтқан сөз өрнектері тақырып ретінде берілген.



Автор
Дата добавления 08.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров84
Номер материала ДВ-429480
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх