Инфоурок / Физическая культура / Другие методич. материалы / Жүзу бұл бала ағзасын шынықтыру және дене құрылысын кемелдендіру.

Жүзу бұл бала ағзасын шынықтыру және дене құрылысын кемелдендіру.



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Жүзу бұл бала ағзасын шынықтыру және дене құрылысын кемелдендіру.


Шынықтырудың ең тиімді құралы – ауа, күннің көзі мен су. Шынықтырудың ең пәрменді түрі суды пайдалану. сүртінгенде, құйылғанда, шомылғанда Суды қолданғанда қажетті температураның күшін, ұзақтығын өзгерте отырып – сүртінгенде, құйылғанда, шомылғанда әр түрлі тәсілдерді пайдаланады. Әсіресе, бала ағзасына қозғалыспен қатар судың, ауаның, күн сәулесінің әсері бірге болса, шомылу мен жүзудің тигізер пайдасы өте көп. Әрдайым үнемі шомылғанда, жүзгенде адам баласының тамыр жүйесі су температурасының алмасуына тез арада ыңғайланып алады.Адам баласы судың температурасы төмендеген жағдайда да, суда ұзақ болуға үйреніп алады.Суда адам денесінің температурасы аз төмендейді де,шомылудан кейін тез өз қалпына келеді.Суыққа деген тұрақтылық пайда болады.Суда жүзу өмірде өте қажет.Жүзу тек қана адам баласының дене шынықтыруы мен сауықтануына ғана пайдалы емес. Жүзе білу дағдысы адам баласына әр түрлі жағдайларда қажетті нәрсе.

Біздің балалар мекемесінде жүзумен 4 жастан 7 жасқа дейінгі 240 бала қамтылған. Балалармен суда жүзу сабағы аптасына 2 рет өткізіледі.Су алабында судың температурасы 27—28°С болып тұрады. Топ 10 – 12 баладан екішағын топқа бөлініп тұрады. Даярлық және Ересек балалар суда 25—30 мин, Естияр балалар — 20 мин. жүзеді. Барлығы 8 жүзу тобы бар.

Су алабындағы өткізілетін сабаққа балалар бас медбикенің немесе дәрігердің күнделікті медициналық байқауынан кейін ғана қатнаса алады.

Жүзу спорттың бір түрі ретінде, балалар денсаулығының оңалуына тиімді әсерін тигізеді. Жүзу ағзаны шынықтырып, қоршаған ортадағы әр түрлі жағдайларға тезірек бейімделуге көмектеседі.Ол – жүрек тамырының дұрыс жұмыс істеуіне әсерін тигізіп, тыныс мүшелерiнiң дамуына мүмкiндiк туғызады. Жүзу бала келбетінің кейбір кемшіліктерін түзетуге көмектеседі.

Жүзу сабағының тәрбиелік мәні өте зор.Онда балаларды батылдыққа, салмақтылыққа, талап қойылған қағидаларды орындауға,бір –біріне көмектесуге даяр болуға, бір ұжымда іс атқаруға дайын болуға бейімдейді.Бала кезіндегі жүзуге үйренуі, өмір бойы бойында сақталып қалады.

Жүзуге үйрету кезіндегі алдымызға қойған мақсатымыз,балалардың денсаулығын нығайту,суда сенiмдi және қорықпай ұсталуға және жүзудің бастапқы дағдыларын бойына сіңіру.

Жүзу сабақтарын өткізген кезде Т.И.Осокинаның кепілдемесін пайдалана отырып, сонымен қатар жүзуден өз бағдарламамыз бойынша сабақ құрылымы мынадай: 1) құрғақтағы жаттығулар («құрғақ жүзу»); 2) жүзу әдістерін үйрену техникасынан судағы жаттығулар; 3) судағы ойындар;4) еркін жүзу. Балаларға өзіне таныс емес жағдайға үйренуге мүмкіндік береміз,суда өзін ұстау және суды дұрыс қолдану әрекеттерін үйретеміз.

Ата – аналар жиналысында,педагогикалық кеңестерде,әдіскерлік кеңестерде жұмыс нәтижелерін әрдайым талқылаймыз. Ата – аналарға арналған балалар денсаулығы туралы және шынықтыру туралы тәжірибелік кеңестер ақпаратын өзіміздің интернет сайтымызда хабарлап тұрамыз. Ата – аналар үшін, жүзу сабағын көруді ұйымдастырамыз, «Жүзуге үйренейік» атты тақырыптық көрме құрып,баламен үй жағдайында спортпен айналысуға кепілдеме беріп, температураның өзгеруіне, мерзімге байланысты баланы киіндіру туралы кеңестер береміз.

Ата – аналарға балалардың дене тәрбиесі мен шынықтыру туралы педагогикалық білімін көтеру мақсатында денсаулық факультеті сабақтары ұйымдастырылды. Отбасындағы балалардың дене тәрбиесін арттыру үшін, кейбір отбасының тәжірибесін насихаттау зор нәтиже көрсетті.

Жүзуге үйрету жұмысын біз әлі де жалғастырып келеміз. Нәтижелерді әрқашан талдап, жетістікке жетудің жолдары мен тәсілдерін қарастырудамыз.Бұрынғы тәрбиеленушілермен кездесіп, олардың денсаулықтары мықты болғандығына қуанамыз, көбі мектепте жақсы оқып, жүзумен әлі де айналысып жүр екен.Өйткені, суда шомылу, жүзу, суда ойнау – дене шынықтыру жаттығуларының бір пайдалы түрі. Одан баланың

денсаулығы жақсарып, жүйке тамыры нығаяды. Сондықтан баланы неғұрлым суға ертерек үйретсе, жүзуге үйретсе, соғұрлым жүзу баланың ағзасының дамуына әсер етеді. Көптеген атақты жүзушілер 4- 5 жасында жүзуге үйренген. Ал 7 -8 жасынан бастап үнемі жаттығып отырған.

Сондықтан көптің ішінен балалардың жүзуге бейімділігін байқап,спорттық жүзуге даярлай отырып, жеңіс пен жетістіктерге жетуге тәрбиелеу біздің ең бастапқы міндетіміз.



МҚКК № 5 сәбилер бақшасы

Суда жүзу нұсқаушы: Айгужинова Гульмира Зейнуллақызы

87017361428 сот телефон




Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-388840

Похожие материалы