Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / "Жүзу" оқу қызметіне арналған жаттығулар

"Жүзу" оқу қызметіне арналған жаттығулар



  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

БАЛА АҒЗАСЫН

ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН КЕШЕНДІ ЖАТТЫҒУЛАР



Кешенді жаттығулар іш бұлшық етін нығайтуға, асқазан жұмысыны жақсартуға, балалар семіздігінің алдын-алуға бағытталған. Сабақтар ауыруды бастан өткізгендерге ағзада сауығу үдерісін жылдамдатуға көмектеседі. Жаттығулар көңіл-күй мен хал-жағдайдың жақсаруына, судан қорқуды жоюға, жүзуге үйренуге жәрдем етеді.

Б.қ –түрегеп тұру, аяқтар бірге.1-3-тура қолдармен қозғалту, кеуде тұсында алақанмен шапалақтау. 4-Б.қ. 1-3 – тура солай арқа тұсында.

4-Б.қ

5-8 рет

Қолмен қатты, әрі белсенді қозғалту. Дем алуды қол қозғалысымен сәйкестендіру.

Е с к е р т у: жаттығулар сақтандырғыш көкрекше немесе шеңберде орындалады.









ДОППЕН «КӨҢІЛДІ ҮЙРЕКТЕР» КЕШЕНДІ ЖАТТЫҒУЛАРЫ

Бұл жаттығулар кешені ересек мектепке дейінгі жастағы балаларға арнайы әзірленген. Ол қозғалысты, мүсінді жетілдіре түсуге бағытталған. Жаттығулар қарапайым, әр түрлі, сондықтан әдістемелік нұсқаулықтарды керек етпейді. Әр жағдайда олардың қайталануы (жағада, суда) шапшаңдыққа және қарапайым қозғалыс әдетін қалыптастыруға жәрдем етеді.















СУАСТЫ ШИРАТУ ҮШІН КЕШЕНДІ ЖАТТЫҒУЛАРЫ

Бұл жаттығулар кешені ересек жастағы балаларға арнайы әзірленген. Ол денсаулықты нығайтуға, ағзаның сақтандырғыш күшін ұлғайтуға және шыңдауға бағытталған. Судың қысымына қарай гимнастикалық жаттығулар тиімділігі артады. Судың қарсылығын жеңуге бағытталған қозғалыстар үлкен күшті қажет етеді, сондықтан барлық ағза мен жүйеге күш түседі. Сондықтан қан айналым, оттекпен қоректену жақсарады, сол есепті бас ми жұмысы, тыныс алу, жүйке жүйесі артады. Ширату суда жүрумен басаталады ( баяу, үнемі жылдамдықты арттырумен), бұл әсіресе іш, аяқ буындарына өте пайдалы. Ширату қыздырып қана қоймайды, ол суда дұрыс дем алуды бекітеді. Арқа, кеуде және иық буындарының дұрыс қалыптасуына ықпал етеді.

5 рет

15 с

Барынша биіктікте. Дем алысты бақылау.

БҚ– бассейн тұтқасын ұстану, оның іргесіне желкемен тірелу. 1-3-түзу аяты көтеру, крол жүзуіндей қоғалту. 4-БҚ.

5 рет

Тіктеп аяқты қайшылау.

БҚ-қолды екі жаққа жаю, тұтқаға қолды қою. 1-3- тізені кеудеге көтеру. 4-БҚ. 1-3-аяқты көлденеңдей ұстау. 4-БҚ.

5 рет

Арқамен іргеге тірелу. Дем алуды қозғалыспен үйлестіру.

БҚ – кеудеге дейін суда тұру, қол иық тұсындағы тіреуіште. 1-3-жоғары секіру, бортқа сүйкену. 4-БҚ.

5 рет 5 с

Бассейн іргесіне қарап суда тұру, тізені кішкене бүгу.





ДЕМАЛУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ

Бағзы замандарда адамның тыныс алу мен сезімнің, физикалық және ақыл-ой қабілетімен байланысын байқаған. Тыныс алу гимнастикасы ағзаның барлық жүйесіне дұрыс ықпал етеді: эндокриндік, тыныс алу, қан айналым, ас қорыту, зәр шығару, жүйке. Тыныс алу гимнастикасында «кешкі» тыныштандырғыш және «таңғы» мобильді тыныс қалыптасқан.

Тыныштандырғыш тыныс өршіп тұрған әрекет пен жүйке қысымын баса алады. Бұл тыныс алу түрі даудың алдын алады, тынышсыздану мен ұйқтар алдында жайландырады.

Мобильді тыныс алу әлсіздік пен шаршауды жеңуге, ұйқыдан тез әрі, ауырсынусыз сергуге ауыстыра алады.

Жаттығуларды қандай жағдайда да орындауға болады. Тек бір жағдайды ескеру керек: омыртқа қатаң түрде көлденең немесе тігінен болуы керек, бұл табиғи түрде, еркін, қысылмай, іш және кеуде сүйегінің буындарын толық соза тыныс алуға мүмкіндік береді. Басты міндетті түрде тура, қысылмай ұстау керек. Тыңда! Мойын қысылмай тұру керек!

Тыныс алу жаттығуларының тиімділік әсері сезім мен физикалық жағдайға артады, егер олар өзара сезімдік реттеу әдістерімен бірге пайдаланылса.



Жаттығулар

1 Жаттығу. Бұғанамен (жоғарғы) тыныс алу.

Алақанды бұғанаға қойып, бұғана мен иықтың көтерілуі мен түсуін бақылау.

БҚ- отырып (тұрып, жатып) түзелу (бас, мойын, арқа бір сызықта болу керек). Тыныс алмас бұрын, өкпеден ауаны шығарып тастау керек. Дем алғаннан кейін мұрын арқылы ақырын, бұғана мен иықты көтере және өкпенің ең жоғарғы бөліктерін толтыра дем алу. Демді шығарғанда иық ақырын түсу керек.

2 жаттығу. Кеудемен (орташа тыныс алу.)

Алақанды екі өкпе тұсына қойып, тыныс алу кезінде оның қозғалысын бақылау. БҚ- солай, алдыңғы жаттығулардай. Демді мұрын арқылы шығару, қабырға бұл кезде төмендейді, сосын толық және ұзақ, кеуде клеткаларын кеңейте дем алу. Иық пен іш дем алуда қозғалмауы керек. Сосын тағы дем алу мен дем шығару.



Әлдендіру әсерімен

1 Жаттығу.

БҚ- тұрып немесе отырып (арқаны дұрыстап). Өкпеден демді шығару, сосын дем алу, демді 2 с ұстап тұру, дем шығару да осылай. Солай дем алысты ақырын ұлғайту.

2 жаттығу. Ха-тыныс алу.

БҚ- тұрып, аяқтар иық бойымен, қол дене бойымен. Терең дем алу, қолды жанынан бастан асыра көтеру. Демді ұстау. Дем шығару: денені тез алға еңкейту, қол – төмен созылған, демді шапшаң «ха!» дыбысымен шығару.

3 жаттығу. «Құлып»

БҚ-отырып, дене тіктелген, қол тізеде «құлып» жағдайында. Дем алу, алақанды алға бастан асыра бір мезетте көтеру. Демді (2 с) ұстау, ауызбен дем алу, қолдар тізеге түседі.

Тыныштандырғыш әсерімен

1Жаттығу. «Демалу»

БҚ-тұрып, тіктелу, аяқтар иық бойымен.Дем алу. Дем шығарғанда еңкейіп, мойын мен иықты босату, қол мен басты еденге тигізу. Терең тыныс алып, дем алысты бақылау. Осы жағдайда 1-2 мин-тай болу. Сосын тіктелу.

2 Жаттығу. «Тыным».

3 минут-тай баяу, асықпай және терең дем алыңыз. Көзді жауып қоюға да болады. Осы терең байсалды дем алыстан ляззат алыңыз.

3жаттығу. «Үрлемелі шар»

Мақсаты: қысымды азайтып, балаларды тыныштандыру.

Барлық ойыншылар шеңбер бойы тұр немесе отыр. Жүргізуші балаларға шар үрлегендей үрлеуді тапсырады: «Іштеріңе дем жинап, «шарды» ерінге жақындатыңдар және ұрттарыңды толтырып, баяу, кішкене ашық еріндеріңмен, үрлеңдер. Шарларың үлкен бола түскенін сезініңдер, әрі қауіптің де ұлғаюын ұғыңдар. Сақтықпен үрлеңдер, шар жарылып кетпесін. Ал енді бір-біріңе шарларыңды көрсетіңдер».

4 жаттығу. «Кеме мен жел».

Мақсаты: егер балалар шаршап қалса, топты жұмыс істеуге бағыттау.

«Біздің желкен толқынмен жүзіп келе жатқанын елестетіңдер, бірақ ол тоқтап қалды. Кәнекей, оған көмектесіп жел шақырайық. Ішке ауа толтырыңдар, ұрттарыңды томпайтыңдар... Ал енді шулай ауыздан ауаны шығарыңдар, шыққан ауа кемені қусын. Кәнекей, тағы да қайталайық. Мен желдің қалай шулайтынын естігім келеді!»

5 жаттығу. «Сырнай».

Мақсаты: бет бұлшық еті, әсіресе ерін бұлшық етінің қимылы.

«Кәнекей, сырнайда ойнайық. Дем алып, сырнайды ерінге жақындатыңдар. Баяу үрлей бастаңдар және үрлегенде еріндеріңізді трубкаға қарай созыңдар. Солай қайта бастаңдар. Қандай керемет оркестр!».

6 жаттығу. «Штанга». 1-вариант

Мақсаты: арқа бұлшық етінің қимылы.

Қазір біз ауыратлетті-спортсмендер боламыз. Еденде ауыр штанга жатыр деп ойлаңыздар. Дем алаыңыз, штанганы еденнен көтеріңіз, оны қол созым жерег дейін көтеріңіз. Деміңізді шығарыңыз, Штанганы еденге лақтырыңыз, дем алыңыз. Тағы да солай қайталайық.

2-вариант. Мақсаты: қол мен арқа буынын қозғалту, балаға өзінің лидер екенін сезіндіру.

«Ал енді жеңілдеу штанганы алайық және оны басыңнан жоғары ұста. Дем алдық, штанганы көтердік, бұл жағдайда тұрамыз, судьялар бұл бұл жетістігіңізді есепке алсын. Сізге бұла тұру ауыр, сондықтан штанганы еденге лақтырыңыз, дем алыңыз. Алақай! Сіздер чепионсыздар. Көрермендерге ризалығыңызды білдіріңіз».



7-жаттығу. «Сорап пен доп»

Мақсаты: дене буынының көп мөлшерін қозғалту.

«Балалар, жұпқа бөлініңдер. Біреуіңіз үлкен үрленетін шар деп ойлаңыз, ал келесі допты сораппен үрлеп жатыр. «Доп» бар буынын босатып, аяқтарын, қолын, мойынын бүгіп тұр. Дене алға кішкене еңкейген, бас төмен түскен (доп толық желмен толмаған). «Допты» «с-с-с» дыбысымен, қол қозғалысын пайдалана (жел беріп жатыр) үрлей бастаймыз. Әр жер берілуде «доп» үлкее бастайды. Алғашында «доп» ауа мөлшерін алады, бірінші тізе тұсынан аяғын, содан денесін, мойынын, басын, екі ұрты томпайды, қолдары бүйірінен әрі кетті. «Доп» толды. Сорап жел бермей қойды да «доптан» ойдағы шланганы суырып алғандай болады. «Доптан» «ш-ш-ш» дыбысымен ауа шығады. «Доп» тағы да желсіз қалды, буындар босап қалды, БҚ келейік. Ойыншылар рольдермен алмасады. Ойын қайталанады.

8-жаттығу. «Сүңгілер»

Мақсаты: қол буындарын босату.

«Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын:

Шатыр астында Ақ шеге ілулі,

Күн шықса,

Шеге үзіледі.

Дұрыс, бұл сүңгі (сосульки). Кәнекей, біз артистерміз және балалар үшін спектакль қойып жатырмыз деп ойлайық. Диктор (бұл мен)жұмбақ жасырамын, сендер сүңгіні көрсетесіңдер. Алғашқы екі жолын оқығанда, сендер ішке дем алыңдар да қолдарыңды бастарыңнан асыра көтеріңдер. Үшінші мен төртінші жолды оқығанда – буыны босаған қолды төмен сілкисіңдер. Кәне, дайындалайық. Енді сахыналайық. Керемет!»


РЕЛАКСАЦИЯЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР

Сабақты ұйымдастыру кезіндегі ең негізгі сәттің бірі топқа қолайлы жағдай жасау, жылық, адамгершілік, назар аудару. Бұл жағдайға келуге тыныс алу жаттығулары әсер етеді. Сондықтан осындай жаттығулар сабақ алдында жүргізіледі.

1 жаттығу. «Теңіз мүсіндері»

«Балалар, өздеріңді керемет, сиқырлы, әсем әлем – суасты сарайына бара жатқандай сезініңдер. Бұл жерде біз осы әлемді мекендеушілермен танысамыз – теңіз жылқысы, краб, медуза, теңіз жұлдызы, ұлу, дельфинмен. Кім қандай «теңіз мүсініне» айналғысы келетінін өздерің шешіңдер».

Балалар (баяу музыка әсерімен) таңдаған мүсіндерін келтіре бассейнге беттейді.

Келесі сабақта балаларға суасты өсімдіктеріне айналуды тапсыру.


2 жаттығу. « Теңіз көңіл-күйі»

Жүргізуші желдің жеңіл, дауылды,қатты дауылды және т.с болатынын айтады. Әңгімесін теңіздің әр жағдайын суреттеген безендірілген суреттермен баяндау.

Балалар музыкамен суреттелген теңіз жағдайын көрсетеді. Сабақтың қорытатын бөлімінде – теңіздің тыныш жағдайын көрсетеді. Содан кейін балалар басейінге беттейді.


3-жаттығу. «Дельфинге мейірімді сөздер айт»

Жүргізуші сабаққа ойыншық «дельфинді» шақырады. Балалар оған кезекпен мейірімді сөздер айтады, оған еркелете қарайды. Кейін ойыншылар орындарымен ауысады, әр бала «дельфин» ролінде болады. Сонымен әр бала «сөз сипау» үлесін алады.



4-жаттығу. «Алтын балық»

Балалар екі қатарға бір –біріне қарама қарсы тұрады. Әр бала қарсы тұрған баланың қос қолын қатты ұстайды. Соңында қолдардан»көпір» шығады. Бір ойыншы тілек ойлап, «балықша» орындықтан тура балалардың қолына секіреді. Жетекші оны сақтандырады. «Балықты» толқында кішкене тербетеді де, еденге түсіреді. Жетекші әр бала осылай балық болуын қадағалайды.

5-жаттығу. «Толқындар» Бұл жаттығуды орындау үшін екі көгілдір 1-1,5 м атлас лентасы керек. Жетекші балаларға толқынның әр түрін «қуаныш толқыны», «таңданыс толқыны», «ұялу толқыны» және т.б. ленталар арқылы көрсетеді. Кейін балалармен әр кезеңде қандай сезімді көрсеткендерін талдау.


6-жаттығу. «Құм суреттер»

Бұл үшін екі шынылы жақтаулар қолданыңдар. Арасына ерекше сурет көрсетіле түрлі-түсті құм себу. Құм сепкенде барлығы бақылап тұрсын. Кейін қандай оқиға суреттелгенін ойлап шығару. «Құмдағы ертегіні» жазып алуға да болады.



Судағы ойындар

Фонтан

Балалар қол ұстасып шеңбер құрып тұрып бірінші,екіншіге бөлінеді.Номер екіншілер балалар шеңбердің ортасына қарай бастарын түйістіре шеңбердің суға шалқадан жатып,аяқтарыме суды шалпылдатып,фонтан жасайды.Сонан соң нөмірі біріншілер суды шапылдатып,фонтан жасайды.

Қорапша

Бала су ішінде аяғының жіліншігінен,иегін судан жоғары ұстап жартылай отырады.Терең демалып,демді шығармай басын суға батырады-«Сандықшаның қақпағы жабылады»,осыдан соң тез тұрады.

Допты сал

Бұл ойын үшін биіктігі 120-130 см баған болу керек,оған торлы себет (диаметр 25см) орнатылады.ойынға біренеше (4-8) бала қатыса алады. Ойыншылар бағанадан қашықтығы 1,5 м сызықта тұрып,кезектеп допты себепке лақтырады.Ойында допты шарты (5-6) белгіленген санға сәйкес лақтырып,себетке дәл түсірген жеңіске жетеді.Жеңіске жеткен ойыншы келесі ойында допты 1-ші болып лақтыруға құқылы.

Кедергі жолдар

Ересек адам жолдың басында арқанды еңкейтілген етіп жерде төмен деңгейде орналастырады.Аласа орындық қойып,оның үстіне бірнеше үлкен текшелер қояды.Жолдың соныңда бала қызғанатындай ойыншықтар (доп,үлкен қуыршақ, т.б.).Бала жолда кездескен кедергілерден атап,астынан еңбектеп өтіп,аунай,ойыншықтарға жету керек.Егер балалар көр болса жарыс ұйымдастыру қажет.

Теңіз толқиды

Ойыншы балалар белге дейін суда шеңбер жасап немесе бір тізбек бойында тұрады.Қолдарымен толқын жасайды. «Жел басылды,Теңіз тынышталды» деген белгі бойынша балалар шеңбер немесе бір-бірден сапқа тұрады.

Туннельдегі пойыз

Ойыншылар бір-бірінің артынан,қолдарын алда тұрған баланың белінге қойып пойызды бейнелейді.Пойыз жайлап алға жылжыйды.Екі бала қол ұстасқан күйде қолдарын жоғары көтеріп,туннель жасайды.Пойызды бейнелеушілер туннельден өту үшін кезекпен бастарын суға батырады.Пойыз туннельден өткеннен соң,туннель жасап тұрған екі бала пойыздың сонына қосылады.Ал пойыздың басында тұрған екі бала жанадан туннель жасайды.

Алақаныңа су толтыр

Ойыншы балалар бір орында шеңбер жасап немесе бір қатарға тұрады. Тәрбиешінің «Алақаныңа су толтыр» деген белгісі бойынша қолдарын алға созып,суға малып,судың астынада қолдың басын біріктіріп,саусақтарын қыса ұстайды.Алақандарыңа су толтырып алып,қолдарын су бетіне шығарады. Егер саусақтарының арасынан су ағып тұрса,тәрбиеші: «Мәссаған қолың жырық (тесік) қой,кәне,суды тағы бір рект көсіп алшы» дейді.

Шығыршық ініне кір

Шығыршық ішіне түрлі тәсілдермен кіру: үстіңгі,төменнен (астыңғы), қырынан,жерге қойып,шығыршық ішіне кіреді.

Теңіздегі толқындар

Ойыншылар қол созып қашықтықта бір-біріне қарама-қарсы тұрады: қолдарын су үстінде оңға (солға) созыла жатады.Балалар бір мезгілде денелерін оңға бұрып,судың үстінде қолдарын қарама-өқарсы жаққа ауыстырып (алақан қолдың бағыты бойынша бұрылады),толқын жасайды.Қимыл әр жаққа тоқтаусыз жалғасады.

Өкшенді көрсет

Бала таяз судың үстіне қолына тіреліп тұрып,түзеліп және аяқтарын өкшелері көрінгенше артқа қарай созады.

Ау

Екі баладан басқа барлық ойыншылар- «Балықтар»,екеуі-балықшылар.Балықшылар қол ұстасып, «Балықтарды қуалай артынан жүгіреді. «Балықтың» айналасында қолдарын біріктіре,оны қоршап алуға тырысады.Біртіндеп ұсталған балықтардан ау құрылады.Енді балықтарды ау мен ұстайды.Соңғы ұсталған екі балық жеңімпаздар болып,олар келесі ойында балықшылар болады.



«Қайық» ойыны

Мақсаты: балаларды суда жылдам қозғалуға, судың кедергілерінен өтуге, тез бейімделуге үйрету.

Балалар бассейннің бір жағындағы ернеуде тұрады. Мұғалім пластмассалық қайықтарды суға жіберіп балаларға былай ұсынады:

-оны ұстап алу;

- қалқып жүрген заттарды жинау;

-су бетінде терең дем алып және ойыншыққа қарай күшті дем шығаруды әр кез жасап тұру; бір-бірін итеруге болмайды, тек бір ғана қайықты ұстап алу керек.

Құралдарды пластикалық бөтелкеден ойып жасауға болады («қайықты»).



«Нысанаға тигіз» ойыны

Мақсаты: дәлдікті дамыту.

Балалар шеңберге тұрып сақаны дәлдеп атады. Кім көп тигізсе сол жеңімпаз.

Нысана ретінде қалқып жүрген әр затты алуға болады.



«Көңілді медузалар» ойыны

Мақсаты: суда балаларды дененің көлденең жағдайында дем шығаруға үйрету.

Балалар суда жатып, қозғалып, су түбіне қолымен сүйене, ара-тұра су бетінде терең дем алады да ойыншықты қатты үрлейді. Ойыншыққа кім қатты және көп рет дем алған бала жеңіске жетеді.



«Кім шапшаң» ойыны

Мақсаты: балаларды суда еркін қимылдауға және жылдам бейімделуге үйрету. Жылдам және шапшаң ойыншықтарды жинай алуға үйрету.

Балалар бассейннің бір жағындағы ернеуге қарап бір бағытта тұрады. Жүзетін ойыншықтар бар астауды алып, ішіндегі ойыншықтарды суға төгеді. Суда толқындар тудырады, содан соң ойыншықтарды астауға жылдам толтырады.

«Балықты ұста» ойыны

Мақсаты: қол буындарын дамыту.

Мұғалім қармақты ұстап тұрады. Ойнаушылар шеңбер құрып тұрады. «балықты ұста» бұйрығы бойынша балалар қолдарын алға созады, суға салады, қол буындарын су астында бір-бірімен біріктіріп, балық ауламақ болады.



«Теңіз кірпісі» ойыны

Мақсаты: дененің көлденең бойымен суда тұрып дем алуды үйрету.

Балалар суда жатып, қозғалып, су түбіне қолымен сүйене, ара-тұра су бетінде терең дем алады да ойыншықты қатты үрлейді. Ойыншыққа кім терең және көп рет дем алған бала жеңіске жетеді.



«Батып жатқан доптар» ойыны

Мақсаты: балаларды басымен суға сүңгуге үйрету.

Балалар суда шағын қашықтықта бір қатарда тұрады. Мұғалім доптарды суға лақтырады. Сигнал бойынша балалар доптарды жинайды. Жеңіске допты көп жинаған бала жетеді.



«Сылдырмақ» ойыны

Мақсаты: балаларды суда еркін қозғалып, бейімделуге үйрету.

Балалар ернеуге қарап бір қатарда тұрады. Сигнал бойынша бассейннің екінші жағына шығады да, «сылдырлыт» бұйрығын орындайды. Нысанаға кім жылдам жетеді, сол жеңімпаз болады.

«Сылдырмақты» пластикалық бөтелкелерден жасауға болады, оларды түрлі-түсті шарлармен немесе басқа да сылдырлайтын заттармен толтырады.




Автор
Дата добавления 22.11.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров45
Номер материала ДБ-379033
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх