Инфоурок / Другое / Конспекты / «Өзіңді өзің тану-өмірді тану»

«Өзіңді өзің тану-өмірді тану»

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

«Жалпы білім беретін Жұмабай Мырзағалиев атындағы орта мектеп»

мемлекеттік мекемесі.



Тақырыбы: «Өзіңді өзің тану-өмірді тану»

Дайындаған: Кайрбаева Бибисулу

Өзін – өзі тану пәні мұғалімі

Адам бойындағы барлық ең жақсы қасиеттеркүннің нұрынан, ананың сүтінен таралған.Қазақ халқының ғұлама ғалымы әл-Фараби: «Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді және адамның басына қонған бақтың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты» деген екен.

Ал өзіңді алға қарай жетілдіру және бойында жақсы мінез-құлық қалыптастыру ең алдымен өзін-өзі танудан басталады. Өйткені, өзіңнің кім екеніңді, қандай екеніңді білмесең, жетілдіру тәрбиесінің қай бағытта жүретінін және қандай мінез-құлық қалыптастыру қажеттігін білу қиын. Адам-өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге, оны әшекейлеп өрнектеуге еңбек етеді.

Өмір туралы ойланбайтын жұмыр басты пенде жоқ. Бірақ ешкімде сол ойының түбіне жеткен емес, бір пікірге келген емес. Әркім өмірді өзінше түсінеді, өзінше бағалайды, өзінше одан ғибрат алады. Біреу оған риза. Біреу одан түңілген. Біреу өмірді мәңгі күрес,айтыс, тартыс деп бағаласа, енді біреу сыры мол, мәні терең құбылыс деп сезінеді.

Дәл осы тұрғыда өзін-өзі тану пәні әлемдегі ең басты құндылық – адамның өмір сүру үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделеді. Өмірдің осындай қарапайым ақиқатына – жақсы адам болуға тұлғаны жастайынан үйрету біздің басты міндетіміз. Бұл тұрғыда болашақ мұғалімнің рөлі аса зор.

Олай дейтініміз – ғалым Платонның айтуы бойынша, «Әлемнің жеті данагөйі» Дельфадағы Аполлонның сарайында бас қосып, ортақ бір ғана тұжырымға тоқталыпты. Латын тілі үлгісінде әрқайсысы «Өзіңді өзің таны» (nosce te ipsup) деп жазып қалдырған екен. Біз, кез - келген нәрсені өзімізден, өзімізді танудан бастауымыз керек. Яғни, өзімізді өзіміз танымасақ, өзгені қалай танимыз?! Ақжан атамыздың «Өзіңді өзің танысаң істің басы» деген сөзінің мағынасы осында жатса керек. Өзін – өзі тану өмір бойы жалғасатын үрдіс. Өзін – өзі тану жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды меңгеріп, өмірдің мәнін түсінеді. Өзін – өзі тану өзін –өзі, өзінің жан дүниесін тануына көмектеседі. Менің әлемнің ең басты құндылығы – адам және адамның өмір сүруі үшін бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделген. Өзін - өзі тану пәнінен дәріс беріп жүргеніме көп уақыт өткен жоқ. Сол аз уақыттың ішінде осынау жауапты да күрделі міндет жүктелген «Өзін - өзі тану» пәнінің жас ұрпаққа рухани - адамгершілік тұрғысынан білім берудегі ұтымдылығына көз жеткіздім. Өзіммен өзім, тып - тыныш. Оңашада ішкі ойыңмен сырласу қандай ғанибет десеңші...

«Өзін өзі тану» пәні – қазіргі қоғамда өте керекті пән. Атынан көрініп тұрғандай, адам өзгені тану үшін біріншіден өзін жақсы танып білу шарт. Біздің негізгі бағытымыз осы болмақ.

Мектепте өзін – өзі тану пәнін оқу барысында жасөспірім санасы мен танымы арқылы өзін – өзі білуді, өзінің жеке іскерліктері мен дағдыларын, білімдерін бағалауды үйренеді.

Біздің мектепте пәнді оқытқаннан бастап оқушылардың өздерін – өздері танып білуге деген құштарлық сезімі ояна бастады. Табиғатты қорғау, аялауда, ата – ананы, мұғалімді, жолдастарын құрметтеуде, адамгершілік қасиеттерін одан әрі дамытуда, адамдарды жаксы көруге, жақсылық жасауға, кешірімшіл болуға уйретуде «Өзін – өзі тану» пәнінің ықпалы зор. Мектептегі «тұық» жолдастарымен, сыныптастарымен қарым – қатынас жасап, көпшіл болуға өздерін – өздері дайындауда.

Жеке тұлғаның өмірде Адам болып қалыптасуына «Өзін – өзі тану» пәнінің өрісі кең ықпалы, болашағы зор. «Балаларды бар жүрегіңмен жақсы көру керек, ал оларды осылай жақсы көру үшін, махабатты қалай көрсету керектігін олардан үйрену керек. Мектептегі әрбір күнді, әрбір сабақты педагог ол балаға сыйлық болатындай ұйымдастыруы тиіс. Баланың өз ұстазымен араласқан әрбір қарым – қатынасы оған қуаныш пен оптимизм сыйлауы керек». Өз еңбегінде ол балаларды жақсы оқуға үйрету жайында айта келе ол: «Егер сенің сыныбыңда балалардың көпшілігі оқығысы келмесе, онда сен жаман ұстаз болғаның, ал сыныпта балалардың көпшілігі оқығысы келсе, онда сен жақсы ұстазсың, ал егер сенің сыныбыңдағы балалардың барлығы оқығысы келсе, онда сен жақсы ұстаз ғана емессің, сонымен қатар жақсы тәрбиешісің » - деген екен Ш. Амонашвили . Өзін – өзі тану пәні болашақ ұрпақтың бойында рухани адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез – құлқын тәрбиелеуге, жалпыадамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптері мен мұраттары ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген.

  1. Қоршаған ортаға, табиғатқа деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікті қалыптастырады.

  2. Шығармашылық жасампаз тұлға ретінде танылуға ықпал етеді.

  3. Ортада өзін қалай ұстау керектігін үйренеді, мектеп өміріне бейімделеді.

  4. Сабақ балалардың қызығушылығын оятты, оларды толғандыратын көптеген тақырыптарға ашық әңгіме қозғауға мүмкіндік алды.

  5. Өмірлік даналықты өз жас ерекшеліктеріне сай дұрысы мен бұрысын ажыратуға үйрене бастады.

  6. Өзін – өзі тануға, өзін – өзі тәрбиелеуге, өзін – өзі жетілдіруге талпынады.

  7. Өмірді, өзін, айналасын, адамзатты сүюді үйренеді.

  8. Өзінің тұлға ретінде өзгенің сыйластығын тудыратын шексіз мүмкіндіктері мен азын – аулақ кемшіліктерін сол қалпында қабылдайды.

  9. Жалпыадамзаттық құндылықтар қалыптасады.

  10. Рухани адамгершілік құндылықтары дамиды, қайырымдылыққа, мейірімділікке, сүйіспеншілікке тәрбиелейді.

Адамның өзінің теріс қылықтарын жойып, жағымды қасиеттерін жетілдіру жөніндегі саналы, мақсатты іс – әрекеті. Өзін – өзі тәрбиелеу элементтері мектеп жасына дейінгі балаларда кездеседі. Бұл кезде бала өзінің жеке тұлғалық қасиеттерін түсінбейді. Бірақ өзінің мінез – құлқының үлкендерге ұнайтын ұнамайтынын ұғынады. Өзін – өзі тану, өзін – өзі бағалау және өз қылықтарын талдау жеткіншек алты жаста байқала бастайды. Жеткілікті әлеуметтік тәжірибенің және психологиялық дайындықтың жоқтығына жасөспірімдер өз қылықтарының мотифтерін түсіне бермейді. Сондықтан үлкендердің көмегінсіз өзін өзі тәрбиелей алмайды. Оларға міндетті түрде педагогикалық жетекшілік қажет. Жеке адамдық қасиеттер едәуір дәрежеде қалыптасқан жасөспірімдік жаста өзін – өзі тәрбиелеу жеткіншек алты жасқа қарағанда мақсатты және сапалы түрде болады. Өзін – өзі тәрбиелеу адамның моральдық қасиетінің бір түрі. Адам өзінің іс – әрекетін, ақыл – санасын іштей бақылап, бағыттап отыруы, өзін – өзі бақылау арқылы жаман әдеттерден тиылып, жақсы әдеттерін, жағымды мінез құлқын дамытып жетілдіреді. Өзін өзі бақылау, тәрбиелеп жетілдіру үшін еркін берік ұстауы , ұстамдылығы, саналы әрекетте болуы керек. «Өзін – өзі тану – даналықтың белгісі, жеке тұлғаның рухын тану – адамгершіліктің белгісі» деген нақылды алға тартқым келеді

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДA-042746
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>