Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Конспекты / Өзімізді жақсы көріп үйренейік
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Өзімізді жақсы көріп үйренейік

библиотека
материалов

Тақырыбы: Өзімізді жақсы көруге үйренейік!

Мақсаты: оқушылардың өмірге деген құштарлықтарын, қызығушылықтарын ояту. Өмірдің мәні туралы ой пікірлерін ортаға салдыру, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей, бағалай білуге тәрбиелеу, өмірден өз орындарын таба біліп, айналасына қуаныш сыйлай білуге үйрету
Өтілу түрі: ойталқы. 
Түрі: топпен жұмыс

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, стикерлер, плакаттар

Барысы:

«Біздің жастарымызға мақсаткерлік, болашаққа деген шүбасыз сенім, мойымас жігер, кез-келген істі қолға алуға деген құлшыныс тән»- деп қазақ елінің президенті Н.Ә.Назарбаев айтқан еді. Ал осындай мақсатқа жету үшін ең бірінші өз-өзіңді танып, өзіңді жақсы көруге үйренуің керек. Сондықтан, бүгінгі сынып сағатының да тақырыбы «Өзімізді жақсы көруге үйренейік!» деп аталады.

Сынып сағаты қазақ халқының ұлы ақыны Абайдың мына өлең шумағының үзіндісінен басталады.

Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де — бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар, қалан!

- Балалар тақтада сендер төрт түрлі мағынадағы төрт суретті көріп тұрсыңдар. Ал, енді осы суреттердегі адамдарға мінездеме беру арқылы бір-бірімен байланыстырып бір әңгіме құраңдаршы. Алдымен топтарыңмен ақылдасып құраңдар, сосын біреуің тұрып жауап бересіңдер.

І топтың әңгімесі:

ІІ топтың әңгімесі:

ІІІ топтың әңгімесі:

Сендердің құраған әңгімелеріңнен адамдардың бойындағы бірнеше қасиеттерді байқадым. Ал енді біздің бойымызда қандай қасиеттер бар екенін білу үшін әрқайсысыларыңның алдарыңа топ басшылары мына конвертті таратып береді. Ойын «Өзіңді-өзің бағала» деп аталады. Тақтада көрсетілген адамға тән қасиеттердің қайсысы сенің бойыңда болса, сол түсті дөңгелекті конвертке салып, қажет емес түстерді алдарыңда тұрған коробкаға тастаңдар. Сендердің бойларыңдағы қасиеттеріңді мен ешкімге айтпаймын, сондықтан қорықпай-ақ шынымен жауап берулеріңе болады.

Бұл ойынның қорытындысын келесі күні тексеріп, диаграммасын шығарғанымда, сыныптағы 15 оқушы бойындағы тек жақсы қасиеттерін көрсеткен, 20 оқушы жақсы да жаман қасиетін, ал 1 оқушы тек жаман қасиеттерін ғана жазыпты. (Мен ол оқушының кім екенін бірден-ақ білдім. Ол Жанар. Себебі, Жанар сыныптағы ең толық қыз. Оны сыныптастары оңашада «толстушка» деп мазақтайды. Жанар жақында ғана өз-өзіне қол жұмсағысы келген. Оны сыныптас дос құрбысына айтқан, ол оны маған айтып, Жанарды ол ойынан айнытып құтқарып қалғанбыз. Оқиға тек үшеуміздің арамызда ғана қалған еді. Енді ондайды Жанарға қайталатпас үшін мен сынып сағатына өз-өзіне қол жұмсаған дұрыс емес екендігіне көз жеткізу үшін осы тақырыпты таңдадым. Бұл тақырып менің сыныбым үшін кезек күттірмес тақырып болды).

Сынып сағатын енді балалардың суицидке бару себептері жайлы видеомен жалғастырдым. Онда, Света деген қыз өмірден әбден түңіледі. Ол жалғыз. Оның бойы сыныптастарынан ұзын болғандықтан оны сыныптастары «жираф» деп мазақтайтын болады. Ол мазаққа шыдай алмай күнде намыстанып жылай береді, ойына түрлі – түрлі ойлар келеді. Ал енді сендер менің сұрақтарыма жауап беру арқылы оған қандай кеңес берер едіңдер?

І топ: Өзімізді қалай жақсы көре аламыз?

ІІ топ: “Өз-өзіңе сен, өзіңді сүй”

ІІІ топ: “Мен-жақсы, бәріне сүйікті және керемет жанмын!”

-Балалар, сендер өте мейірімді екенсіңдер, сендер Светаға кеңес бере отырып, бойларыңа «мейірімділік» ағашын ектіңдер.

Түйін: Жақсы достарың болуы үшін өзіңе жақсы болуды үйрену керек.

Сендер кеңес беріп отырғанда Света үйінің терезесін ашып, өзін-өзі төмен тастауға дайын еді. Кенет оның ойына не себепті мұндай қадамға барғысы келіп тұрғанын білдіру үшін хат жазып кету керектігі түсті.

Құпия шарды жарайық,

Таң-тамаш болайық.

Ішінде сырлы хаттың,

Жауабын тез табайық.

І топтың оқушысына: Мына шарды жарып, оның ішіндегі хатты оқышы.

-Балалар, Светаның осы ісі дұрыс па?

-Сендер, бәрің де Светаға жандарың ашып, нағыз дос екендіктеріңді білдірдіңдер. Осылайша, өз бойларыңа «достық» ағашын ектіңдер.

АДАМГЕРШІЛІК ЖОҚ ЖЕРДЕ ЕШҚАШАН ДА ҰЛТТЫҚ ИДЕЯЛАР ЖҮЗЕГЕ АСҚАН ЕМЕС.

-Ал, енді алдарыңдағы айнаны алып, өздеріңнің бейнелеріңе бір сәт мұқият қараңдар. «Мен қандаймын?» деп өзіңе сұрақ қой. «Өз-өзіңді таны» ойыны.

Енді, алдыңда тұрған көбелектің бейнесіне үш-үштен бірігіп, өзіңдегі қасиет қасыңдағы көршіңнің бойында бар ма? Оның бойындағы қандай қасиеттерді білесің, соны жаз. «Өзгені де таны» ойыны.

-Жазған көбелектеріңді алдарыңдағы конвертке салыңдар, оны мен Светаға беремін. Мұның ішіндегіні ол оқып, барлық адамдарда жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттер қатар жүретінін білетін болады. Сендер қайырымды екенсіңдер. Осылайша бойларыңа «қайырымдылық» ағашын ектіңдер.

Түйін: Өзіңді бар қалпыңда қабылдай біл!

-Әр топтың алдында плакатта күн шуағы бейнеленген. Сендер сол шуаққа әрқайсысың өз бойларыңдағы ең жақсы және ең жаман қасиеттеріңді жазып, оларды екі түспен кластерлеп, тақтаға іліп, бір оқушы оқып беруі керек. Әрине онда оқушышының аты аталмағандақтан, ол кімге тән екенін өзгелер білмейді, сондықтан қорықпай жазуларына болады.

-Кластерленген жаман қасиеттерімізді бойымыздан шығарып өртеп тастасақ та болады. Яғни, мұндай қасиетті Света да сендер сияқты жазып, ол да сендер сияқты оларды өртеп тастап, енді тек достарының арасында болады. Себебі, оның бойында да барлық балалардыкіндей қасиеттердің бәрі де бар екендігін түсінеді. Ендеше, сендер Светаға көмектесіп, бойларыңа «жанашырлық» ағашын ектіңдер.

-Енді, бойларыңды тік ұстап, еркін отырып тақтадағы табиғат сұлулығына мән беріп, мені тыңдап отырыңдар.

Тыныштық сәті.


Сонымен, балалар, біз Светаға көмектесу арқылы бойымызға қандай жақсы қасиеттерді ектік.

-Дұрыс, яғни біз бойымызға: мейірімділік, достық, қайырымдылық, жанашырлық ағаштарын егу арқылы – ең бастысы адамға жақсы орта керектігін түсіндік. Сонымен қатар бойымызда кездесіп жүрген қандай жаман қасиеттерден арылдық?

-Дұрыс, жауласу, ұрлық, ашушаңдық, қатігездік, өтірік, сараңдық, дөрекілік, кек алу, жауласу – бұл басымызды аулақ ұстайтын жаман қасиеттер. Адамның осы жақсы және жаман қасиеттері жөнінде қандай ақындардың өлеңін білесіңдер?

-Дұрыс, ендеше кім сол өлеңдерден үзінді оқып береді?

-Балалар, аталарыңа тартқан сендер де болашақ дарынды балалар екенсіңдер. Осылайша сендер бойларыңа Даналық ағашын ектіңдер.

«Меніңше, адамның ең бір үлкен бақыты – күресе білу, қуана білу, жұмыс істей білу және басқалардан қалыспай, өмірге ілесе білу» - деп

В.Н.Терешкова айтқандай, біз бүгін Светаға және сол сияқты кішкене өзін жалғыз сезініп жүрген достарымызға көмектесу арқылы, бұл өмірде барлық адамның өз орны бар екендігін, қиналған сәтте оны жақсы көретін адамдардың, достардың көмектесуге дайын екендігін білдіре отырып бойымызға «мейірімділік бақшасын» ектік.

-«Мейірімділік бақшасы» қандай қасиеттерден тұрады екен?

Түйін. Бұл өмірде өзіңнің жалғыз емес екендігіңді сезін.

-Енді барлығымыз тобымызбен орнымыздан тұрайық, мына жүрекшені бір-бірімізге бере отырып, бір-бірімізге жылы сөздерімізді сыйлайық. Яғни, бойымызға «жылы лебіз» ағашын егейік.

-Балалар, біздің мектебіміздің жанынан бір «бақыт керуені» өтіп бара жатыр екен. Ол керуен әр адамның ең басты деген бір ғана арманын алып кетеді екен де, соның орындалуына жол ашады екен. Барлығымыздың да арманымыз көп, бірақ соның ішіндегі ең басты біреуін ғана жазып, керуенге салып жіберейік. Арман алдамайды, егер сол арман үшін күрессең, ол міндетті түрде орындалады деп сенейік.

/Балалар керуенге армандарын стикермен жапсыру арқылы салып жібереді/

Қорытынды. Бүгінгі сынып сағатын мынадай керемет өлең жолдарымен аяқтайық.


Күлімдеген күн мейірімді!

Кіршіксіз ақ қар мейірімді!

Таза мөлдір су мейірімді!

Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!

Аяулы анам мейірімді!

Қадірлі әкем мейірімді!

Жылы жүзді ұстазым мейірімді!

Тату-тәтті достарым мейірімді!

Барымызды бағалай білуге үйренейік!

Барлығыңызға жақсылық тілеймін!


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 14.10.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров221
Номер материала ДВ-062280
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх