Инфоурок Другое СтатьиӨзін - өзі тану пәні - адамгершілік негізі

Өзін - өзі тану пәні - адамгершілік негізі

Скачать материал

Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі

 

 

 

Өзін - өзі    тану   пәні – адамгершілік  негізі

 

( Баяндама)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                  Өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы:     К.Т.Рабай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзін - өзі тану пәні – адамгершілік  негізі

 

Біз өмір сүріп отырған ХХІ ғасыр - ғылым мен технологияның қарымтап дамыған ғасыры. Ақпараттандыру, жаһандық  және интеграция ғасырында  жаңа дүние үшін күрес жолында адамзат баласына білім беру  бірінші кезекке  қойылатыны  сөзсіз.

         Егеменді Қазақстанның өркениетті қоғам мен құқылы мемлекеттің қалыптасуы деңгейінде ұрпақтың рухани  байлығы мен мәдениеттілігін, құзыреттілігін арттыру қажеттілігі бүгінгі таңда туындап отыр.

Еліміз әлемдік білім беру кеңістігіне  енуге бағытталуда. Бұл білім беру үрдісі мен  педагогика теориясындағы  өзгерістерге байланысты болып отыр. Білім беру  пародигмасы өзгерді, білім берудің  жаңа мазмұны пайда болуда.

12 жылдық білім тұжырымдамасында «мақсаты-өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі орташа өмір сүруге бейім, бәсекеге  қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру» - делінген . Бұл Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім кеңістігіне жеткізуде жасалып жатқан қадамдар.

Адамгершілік – рухани білім беретін жаңа пәнді жүргізуде мектеп  табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің дайындығының аздығы байқалды. Ол баланың өз ойын толық жеткізе алмауы. Әрине мектепке келген  6,7 жасар бала ойын толық жеткізе алуы керек деген артық болар. Бірақ,  ойын еркін айту, өз пікірін білдіре алу, басқаларды тыңдау,  өзінен басқалардың пікіріне қосылып кете алу сияқты әңгімелесуге қажетті жағдайларды бала меңгермей келген.

Яғни баланың өзіндік «Мені» қалыптаспаған. Бұл отбасы тәрбиесінен болуы мүмкін. Мектепке келген балалардың барлығы бірдей балабақшада тәрбиеленбеген болуы да мүмкін. Осы орайда баланы мектепке дайындау мәселесіне көп көңіл бөлінуі керек. Ол баламен тілдесу, баланың пікірін  тыңдау, ойымен санасу, т.б. Жас болса да  бала өз пікірінің, қандай да бір идеясының үлкендер үшін маңызды екеніне сенімді болуы керек.

Осындай  проблемаларды болдырмау үшін «Өзін - өзі тану» пәнін балабақшада, даярлық сыныбында енгізген өте тиімді. Біздің қаламызда екі балабақша осы бағдарлама бойынша жұмыс жасауда. Мектепке баласын әкелген  ата – аналармен арнайы конференция, жиналыстар, дөңгелек столдар өткізіп,   адам өмірінде  рухани – адамгершілік білімнің өте маңызды екеніне көз жеткізу керек.

  «Өзін - өзі тану» пәні білім берудің басымдықтары – рухани – адамгершілік білімді іске асыруға, ұлттық және жалпыадамзаттық мәдениетті үйретуге ықпал етеді. Бала әртүрлі мәселелерді адамгершілік нормаға сәйкес конструктивті шешуге үйренеді. Өзіне, адамдарға және қоршаған  әлемге ізгілікті қарым – қатынас жасау, көмек беру, қамқорлық жасауға баулиды. Жасампаздық белсенділік, азаматтық және отансүйгіштікке тәрбиелейді.

         «Өзін - өзі тану» пәнін оқыту арқылы мектептегі басқа пәндердің әлеуетін күшейтеміз. Әрбір оқушының өзін - өзі тануы жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыруға ықпалы зор.

 

   «Өзін-өзі тану» пәні бүгінгі заман талабынан туындап отыр. Қазіргі кезеңнің ең басты қажеттілігі адамдар арасындағы сыйластық, бірін-бірі қадірлеу, бірін-бірі құрметтей білу мен бағалай алуы, яғни адамдардың өзін-өзі, қоршаған ортаны, әлемді тани білуі. Сондықтан да оқу-тәрбие үрдісіне еніп отырған «Өзін-өзі тану» пәнінің әлеуметтік-рухани өмірде алатын орны ерекше. Қоғам дамуында біздің күнделікті қарапайым тіршілігімізде сүйіспеншілік пен ізгілік, мейірімділік пен қайырымдылық, шыдамдылық пен имандылық, адалдық пен ибалық сынды асыл қасиеттер қажет-ақ.

       Осы адами қасиеттерді жүзеге асыру идеясын елімізде тұңғыш рет «Бөбек» қорының президенті, бар балаға қамқорлық нұрын төккен

Сара Алпысқызы ұсынды. Сара Алпысқызының өркениетке өріс алған еліміздің дамуына деген зор сенімі,ертеңгі өскелең өрендерімізге деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығы өмірге өзін-өзі тануды алып келеді.

 Өзіңді-өзің тану деген - өзіңді қоғамдық, әдепті тұлға ретінде қарастыру арқылы барлық адамдарға тән әдептіліктің негізгі қасиеттері төңірегінде этикалық ұғымдар қалыптастыру. Сократтың пікірінше, моральдық өлшемдер – объективтік құбылыстар. Ал жақсылық  пен жамандықтың арсындағы айырмашылық салыстырмалы емес, абсолютті бағытта болады. Жақсылық жасағанда, ол жақсылықтың мәні неде екенін білген дұрыс. Егер адамдар жақсылықтың да, жамандықтың да не екенін, олардың табиғатын түсініп, білетін  болса, онда олар еш уақытта жамандыққа бармас еді. Жамандықтың өзі жақсылықтың не екенін білмегендіктен болатын құбылыс. Олай болса, әдепсіздік  дегеніміздің өзі – танып білмеудің салдары.

«Өзін-өзі тану» пәнінің ең басты ерекшелігі- адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған адами асыл қасиеттерді жас ұрпақтардың бойына сіңіру, ата салт пен ұлттық ұлы дәстүрлеріміздің жиынтық тәрбиесін тамырына тағылым етіп дарыту .

«Өзін-өзі тану» пәнінің басқа пәннен ерекшелігінің өзі де осы.

Адамгершілік құндылықтар әрбір жасқа лайықты әлемді қабылдау арқылы меңгертіледі. Өзін, өзге адамдарды тану,қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасау, ақиқат пен махаббатты түсіну адам өмірінің ең басты мәні тұрғысынан бала ойлана алатын, өзінің пікірін жеткізе білетін, таланты мен қабілеттерінің ашыла түсетін, формальды емес, сенімді жағдайда өтеді.

       Өзін-өзі тану сабақтарында мұғаліммен ашық диалог жүргізіледі, әлеуметтік-рөлдік ойындар мен тренингтерде адамдардың өзара қарым-қатынас әлемі зерттеледі, өмірлік бақылаулары бойынша пікір алмасады, қоғамға қызмет етудің  практикалық дағдылары  дамытылады.

       Өзін-өзі тану ерекшелігін есепке ала отырып, денсаулық  сақтау әлеуетіне  ие әр түрлі  стандартты емес сабақ түрлері:

ойын-сабақтар, ойлану-сабақтары, пікір-сайыс сабақтары, театрландырылған сабақтар, шығармашылық сабақтар, конкурс-сабақтар, фантазия-сабақтар, концерт-сабақтар, экскурсия және т.б. сабақтар пайдаланылады.Өзін-өзі тануды оқыту процесінде бірқатар әдістемелік тәсілдер қолданылады. Өзін-өзі тану бойынша сабақтан тыс әрекеттер алған білімдерін күнделікті өмірде практикалық түрде қолдана білуді  және қоғамға қызмет  етуге белсенді қатысуды  қарастырады.

       Білімнің әрбір деңгейі үшін типтік бағдарлама, оқулық, оқу-әдістемелік құрал, хрестоматия, өзін-өзі тану бойынша дәптер, көрнекі-иллюстрациялық, дидактикалық және үнтаспа, бейнетаспа материалдарынан құрылатын оқу-әдістемелік кешен пайдаланылады.

       Өзін-өзі тану процесінде мұғалімнің рөлі айрықша, өйткені ол қазіргі оқыту мен тәрбиелеу әдістерін, психологиялық білімдерін, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық процесті дербес құра алу білігін жетік меңгерген болуы тиіс. Өзін-өзі тану  мұғалімі сабақта жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін, оның қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашуға көмектесетін оқытудың әртүрлі дәстүрлі, дәстүрлі емес түрлерін,  интерактивті нысандары мен әдістерін  қолданады.

       Балаларға деген махаббат, әрбір баланың ерекшелігін құрметтеу, шыдамдылық, «ізгі ақыл» мен «жылы жүрек» - қоғамға қызмет етудің үлгісі болып  табылатын  өзін-өзі тану педагогының ең басты қасиеттері.

       Өзін-өзі тану мұғалімнің құндылыққа бағдарланған бағыттылық әрекеті оқушылардың білім алуына, даналықты, адамзаттың мәдени жетістіктерін ұғынуына, өзара түсінікті және қоғамның барлық мүшелерімен жағымды қарым-қатынас жасауды үйренуіне мүмкіндік береді.

       Мұғалім әрбір  стденттің ерекшелігін ескере отырып, балалардың қоршаған  ортада өзінің жеке тұлғалық «Менін» жете түсіну процесіне көмектеседі. Ол дайын білімдерді  жеткізуші емес, студенттердің өмірлік маңызды іскерліктер мен дағдыларды  игеруге  жетелейтін өзін-өзі  тану процесінің жетекшісі. Ол  студенттер мен бірге пікір таластырады және ойланады, жаңалықтар ашады, таңданады және күмәнданады, бірлескен шығармашылыққа қызығушылықпен өмірдің  ақиқатына  көз жеткізеді, сыныпта жағымды  жағдай туғызады. Осының барлығы оқушылардың компетенцияларын дамытуға, күтілетін нәтижелерге қол жеткізу үшін жағдай тудыруға ықпал етеді.        

Қорытынды:

 «Өзін - өзі тану» пәнінің білім беру жүйесіндегі орны жеке тұлғаның бойында рухани – адамгершілік қасиеттердің қалыптасып, дамуын қамтамасыз ету мен адамзаттың табиғатпен үйлесіміділікке дамуын сезінумен айқындалады. Жалпы, кәсіптік білім беретін мектептер мен оқу орындарында оқитын жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамытуда, оның бойында жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыруда

«Өзін - өзі тану» пәнінің маңызы ерекше. Бұл пән адамгершілікке тәрбиелеудің негізі, қарым – қатынас жасау мен дүниетанудың құралы, тұлғаның  зердесі мен шығармашылығын  дамытудың  арнасы.

         Тәрбие әрекетінде бір – бірін толықтыратын, бір – бірімен сабақтас өзара байланысты мектеп пен отбасының бірлескен әрекеті бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік құндылықтарды меңгеруіне, әлеуметтік тәрбие алуда, өзін - өзі тануда маңызы зор.

         Қай қоғамда, қай мемлекетте болсын, қарым – қатынас адами құндылықтар, оның ішінде адамгершілік құндылықтар қалыптастыру

кез – келген  білім ордасының міндеті болса, баланың өзін тануына, басқаны тануына, баланың болашақ дамуына «Өзін - өзі тану» пәні зор ықпал етеді.

     Егеменді Қазақстанның өркениетті қоғам мен құқылы мемлекеттің қалыптасуы деңгейінде ұрпақтың рухани  байлығы мен мәдениеттілігін, құзыреттілігін арттыру қажеттілігі бүгінгі таңда туындап отыр.

 

   Бүгінгі күннен –күнге қарыштап дамып келе жатқан Қазақстанның болашақ кемеңгерлері мен кетігіне қаланар кірпіші жас ұрпақтың бәсекеге қабілетті болуы керектігін сезіндіре тәрбиелеу ұстаздардың басты мақсаты болу керек десек, сол жан дүниенің сұлулық әліппесі рухани адамгершілік тәрбисі.Өзін-өзі тану пәні - ізгілік, имандылық, мейірімділік, ізеттілік бір сөзбен айтқанда адмгершілік тәрбиесінің незі. Қоғам дамуында біздің күнделікті қарапайым тіршілігімізде сүйіспеншілік пен ізгілік, мейірімділік пен қайырымдылық, шыдамдылық пен имандылық, адалдық пен ибалық сынды асыл қасиеттер қажет-ақ . Адамгершілік құндылықтар әрбір жасқа лайықты әлемді қабылдау арқылы меңгертіледі. Өзін, өзге адамдарды тану, қоршаған ортамен өзара

қарым-қатынас жасау, ақиқат пен махаббатты түсіну адам өмірінің ең басты мәні тұрғысынан бала ойлана алатын, өзінің пікірін жеткізе білетін, таланты мен қабілеттерінің ашыла түсетін формальды емес, сенімді жағдайда өтеді.

«Өзін-өзі тану» пәнінің ең басты ерекшелігі - адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған адами асыл қасиеттерін жас ұрпақтардың бойына сіңіру, ата салт пен ұлттық ұлы дәстүрлеріміздің жиынтық тәрбиесін тамырына тағылым етіп дарыту.

Адамгершілік құндылықтарды тұлға бойына қалыптастыруда өзін-өзі тану ерекшелігін есепке ала отырып, денсаулық  сақтау әлеуетіне  ие әр түрлі  стандартты емес сабақ түрлері: ойын-сабақтар, ойлану-сабақтары, пікір-сайыс сабақтары, театрландырылған сабақтар, шығармашылық сабақтар, конкурс-сабақтар, фантазия-сабақтар, концерт-сабақтар, әлеуметтік-рөлдік ойындар, тренингтер ,пікір алмасасулар т.б

Қай қоғамда, қай мемлекетте болмасын,

 қарым – қатынас адами құндылықтар, оның ішінде адамгершілік құндылықтар қалыптастыру кез – келген білім ордасының міндеті болса,  әрбір жеке тұлғаның өзін тануына, басқаны тануына  және болашақ дамуына

 «Өзін - өзі тану» пәні зор ықпал етеді.

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Өзін - өзі тану пәні - адамгершілік негізі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Бизнер-тренер

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 624 663 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.08.2016 2850
    • DOCX 94 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Санатбаева Зухра Айткалиева. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Санатбаева Зухра Айткалиева
    Санатбаева Зухра Айткалиева
    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8537
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 458 человек из 66 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 19 регионов

Мини-курс

Адаптация и расстройства: понимание, преодоление, развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 17 регионов

Мини-курс

Художественная гимнастика: диагностика и технические аспекты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Оказание первой помощи

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 449 человек из 67 регионов