Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / Өзін -өзі тану пәні бойынша сабақ жоспары "Сенім менің серігін" 5 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Өзін -өзі тану пәні бойынша сабақ жоспары "Сенім менің серігін" 5 сынып

библиотека
материалов

Сабақ жоспары

мерзімі_____ №_25

Тақырыбы Сенім менің серігім

Құндылық: ақиқат, қиянат жасамау
Қасиеттер: адамгершілік, толеранттылық, жан жылуы 

Мұғалім Шаймерденова З.К..

Сынып 5 «К»_ Оқушылар саны_11__


Сабақтың мақсаты: Оқушылардың адамдардың бір-біріне деген сенімді қарым-қатынас жасауы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:

  • «Сенім» ұғымының мән-мағынасын ашу;

  • Өз замандастарымен сенімді қарым-қатынас құра білу қабілеттерін дамыту;

  • Өзіне, өзгеге және қоғамға сенім білдіруге дағдыландыру (слайд № 6)

Көрнекі құралдар:слайд,оқулық,үнтаспа, видео «Екі дос» ертегісі, ватман, стикерлер

Сабақтың барысы:

1. Шаттық шеңбері.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Өзін - өзі тану сабағында көргеніме қуаныштымын.

- Балалар, бүгін біз сіздермен ерекше амандасып шығамыз. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.

- Жақсы балалар міне амандасып алдық.

  1. 2. Миға шабуыл

  2. Бірде екі дәрігер жұмыс барысында пікір таласып отырады. Кенеттен бір қария кіріп, «Менің басым қатты ауырып тұр. Ем шипаның, дәрілердің еш көмегі жоқ», - деп шағымдалады. Сонда жасы үлкендеу жолдас «Әжей, мына дәрі өте мықты, осыны ішсеңіз, әп -сәтте жазылып кетесіз», - депті. Әжей дәріні ішіп, шынында да жазылды деп қуанып, рахметің жаудырып кетеді.

  3. Сіз мықты деп берген дәрініз жай ғана С дәрумені емес пе еді?-деп жастау әріптесі сұрады.

  4. Сонда тәжірибелі дәрігер не деп жауап қатты деп ойласыз? (Сенім деген сөзді анықтаулары жөн)

  5. Яғни бүгін біздің сабағымыздың тақырыба (не туралы талқылаймыз?) Сенім менің серігім

  1. 3. Үй жұмысы

  2. Өлең жолын үйде мәнерлеп оқып келуге тапсырылған, үш оқушы үшке бөліп оқиды

Ә.Табылдиев

Еңбек етсем, ертеңгі

Бақытыма сенемін!

Мақсатыма жеткізер

Уақытыма сенемін!

Достық іспен қасты да

Жеңеріме сенемін!

Ақыл сана білім мен

Өнеріме сенемін!

Арым таза, ақ көңіл,

Адалдыққа сенемін!

Абыройлы ақ ниет

Адамдыққа сенемін!

  1. 4. Негізгі бөлім. Жаңа ақпарат


  1. Талқылау сұрақтары

  2. Оқушылар жеке парақшаларда жауап береді, кейін досымен талқылайды, ортаға салады.

  • Сенім деген сөзді қалай түсінесің?

  • Өзіңе сенім артқан кезде қандай сезімде боласың?

  • Қандай адам сенімге ие болады?

  • Адамдардың барлығына сене беруге бола ма? Неге?

  • Адамдар сенімді кісіге қалай қарайды?


Мәтінмен жұмыс

         Оқушылардың айтылған ойын тиянақтау үшін

Оқулықтағы Б.Тұрсынбаевтың  «Жаңа дүкенде» атты мәтінін оқытып. Сұрақтар беру арқылы талдау.

-         Сендер, Ерланның «Біреулер төлемей кетсе ше?» деген сұрағына қалай жауап берер едіңдер?

-         Адамдарға сенім білдіретін тағы қандай қоғамдық орындарды білесіңдер?             


4. Тыныштық сәті - релаксация     (Музыка қосу)

  - Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. (көздеріңді жұмығуда болады, көз алдарыңа достарыңмен бірге болған қызықты күндерді елестетіңдер.                                                                                                   

 Мұғалім: -Сенім тек жақын адамдар ғана арасында емес, қоғамдық деңгейде, әлемдік шеңберде де көрініс алады.

     Адамның өз-өзіне, өзгелерге сенім білдіруі оның өмірге деген үміті мен қызығушылығын арттырады. Өзіне–өзі сену адамның өз құндылығын түсініп, мақсат-мүддесіне жетуіне көмектеседі.

     Айналадағы адамдардың сенім білдіруі адамның жауапкершілігін арттырып, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға ықпал етеді.

Сенімді болу – ол жауапты және орындай білу дегенді білдіреді. Ол бастаған істі аяғына дейін орындау. Сенімді адамға қашанда ден қоюға болады. Сенімді болу – ол сөзіне берік болу, тосқауыл мен ескертусіз өзіне уәде еткенді жасау. Сенімді кісі жанымызда болғанда біз өзімізді еркіндікте, барлығы ойдағыдай болатынына сенімді боламыз. Сенімді кісі уәде берсе, соны істейді және дәл уақытында орындайды.

«...Егер өмірде өзіңе-өзің сенімді болғың келсе, қиындықпен бетпе-бет кездесуден қорықпа. Үнемі өмір сынақтарынан жасқанып, қашқақтай берсең, кезең-кезең қиындықтар туындай береді, өзіңмен–өзің әлектене бересің.

Қиындықты жеңе білген кезде ғана өзіңе өзің сенімді боласың, өз құныңды білесің. Егер ұмтылыс пен табандылық жеткілікті болса, адам қандай кедергіні де жеңуге қабілетті болады. Осының өзі саған өзіңе деген сенімділік әкелуі керек.

Сондықтан жеңіл жол іздеме, қиындықпен күресе біл»

Сан Мен Мун

  1. 5. Тренинг

Видео «Екі дос ертегісі» Достарды бір- бірінен не ажыратты?

Ал, қазір сіздерді де тексеріп көрейк «Сіз қандай доссыз?»

Бір баланың көздерің байлап, досы оны көпірден өткізу керек. (көпір ретінде ақ қағаз)

6. Шығармашылық  жұмыс топтық жұмыс

Сенімді адамның сөздік портретін салу

7. Дәйексөз (слайд )

         Жақын адамдардың, достарыңның, жалпы адамзаттың жақсылығына сеніп, адамдықты құрметтей білу – әдептіліктің, адамгершіліктің белгісі.

М.Жұмабаев



8. Дәптермен жұмыс

-         Саған өзгелердің сенім артып, сенім білдірген кездері болды ма? Сен сол сәтте қандай сезімде болдың? Есіңе түсіріп, өз ойыңмен бөліс.

Дәптерлегріңді ортаға алып шығыныздар. Жауаптарыңызды бір -біріне оқуға болады.


9. Жүректен жүрекке

Күн сайын биіктеген әр сатымыз,
Біздің бір тілегіміз мақсатымыз.
Әрдайым ашық болсын аспанымыз,
Сеніммен шыға берсін жақсы атымыз

Адам тек өзіне, өзгеге, қоршаған ортаға, болашаққа сеніп қана қоймайды, бүгінгі өмірінің жарқын, шырайлы екендігіне сеніп, әр күнді шаттықпен, қуанышпен өткізу өз қолында екендігі ұмытпау керек.

Ендеше балалар бір- бірімізге жақсы тілектер айтайықшы (жүрекше беру арқылы)

10. Рефлексия Қорытынды бөлімінде оқушылар өтілген жаттығулардан, түсіндірме жұмыстардан алған әсерін және достарына арнаған тілектерін және сабақ ұнағанын не ұнамағанын жазады.






hello_html_m405a6f.pnghello_html_m6b82c851.pnghello_html_m79244c29.png

hello_html_2afb6775.png

hello_html_49805097.png













Автор
Дата добавления 08.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров791
Номер материала ДВ-429723
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх