Инфоурок Другое КонспектыӨзін- өзі тану пәні бойынша сынып сағыты Достық таусылмас қазына.

Өзін- өзі тану пәні бойынша сынып сағыты Достық таусылмас қазына.

Скачать материал

Сынып сагатының  тақырыбы: « Достық-таусылмас қазына»
Сабақтың мақсаты:
1. Тақырыпты өмірмен байланыстыра отырып, мазмұнын ашу. Достық туралы білім деңгейін кеңейту, нағыз досты тани білуге үйрету.
2. Оқушылардың өзіндік ойларын еркін жеткізе білуге, досты қадірлеуге және тіл байлықтарын, түсініктерін қалыптастыру.
3. Адам бойындағы адамгершілік қасиеттерді сақтай білуге, адалдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта.

Сынып сағатының  барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Гимн
Достық деген өмірде ең керегі,
Достық болып дүние дөңгеледі.
Өзендегі толқындар дос боп ақты,
Қанатымыздай жүгіріп кеудедегі.
Адам үшін ата-анадан кейінгі ең жақын – абзал дос. Жақсы – адам жанынан шуақ іздеп, достық шын көңілмен ұсынатын адамдар көп болмақ.
«Доссыз өмір – тұл», «Доссыз өмір – тұссыз ас»- деп халық бекер айтпаған. Адам ес біліп етек жапқаннан бастап өзін түсінетін, жанына серік болатын айнымас дос іздейтіні анық. Сондықтан да бүгін достық жайлы әңгімелеспек үшін сабағымыздың тақырыбын «Достық – таусылмас қазына» деп алдық. Біздің сабағымыз бірнеше бөліктерден тұрады.
Біз бүгінгі сабағымызды «Тілек шоғы» ойынымызбен бастаймыз. Қолдарында гүлдері бар балалар дөңгелене тұрады. Мұғалім өзі бастап, оқушылар гүлді бір-біріне тілек айту арқылы ұсынады. Денің сау болсын, әдепті бол, ақылды бол, білімді бол, жақсы бол, аспаның ашық болсын, елімізде тыныштық болсын, амандық болсын, бірлік, татулық.... т. б. Өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасасаң, ол өзіңе қайтіп оралады.
Бірінші аялдама.
«Аққуды атпайды, Достықты сатпайды»
Енді осы сөздің сырына үңіліп көрейікші. Аққу – киелі құс, сұлулық символы. Ал достықты сатпай деген не?
- Дос алдамау керек
Дос әрқашан бір-біріне көмектесу керек.
Достар ұрыспау керек.
Достар тату болу керек.
- Досы үшін өзінің басын қатерге тосу. Досын құтқару-достық өлкесінің заңы болса керек. Ал Мұхтар Шаханов ағаларыңның осы жайында айтылған «Достық өлкесінің заңы» өлеңін тыңдайық.

Екінші аялдама: Достық – татулық белгісі.
Бұл аялдамада мақал-мәтелдерге тұнып тұрған көрінеді. Қайсың тез достық туралы мақал-мәтел айтасыңдар.
Енді мына мақалдарды оқып, мағынасын түсіндіріп көрейік.
1. Ақылдымен дос болсаң биіктейсің, Ақылсызбен дос болсаң адасасың.
2. Досыңды жамандама,
Бостан босқа қаралама.
3. Дос жылатып айтады,
Дұшпан күлдіріп айтады.
4. Досың үшін жан пида.
5. Дұшпанға тастай қатты бол,
Досыңа балдай тәтті бол.
6. Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
. Жүз сомың болғанша,
Жүз досың болсын.
8. Жаман атан аяғым артық,
Жаман жолдастан таяғым артық.

Үшінші аялдама.
Жаман дос – көлеңке.
1. Ы. Алтынсариннің «Жаман жолдас» әңгімесін еске түсіру. Неліктен жаман жолдас деп аталды?
– Себебі ол жолдасын тастап кетті.
- Өз басын ғана қорғап қалды.
- Ол қорқақ еді.
- Ондай адаммен дос болмау керек.
2. Жағдаятты тапсырма.
А) Досыңның көп өтірік сөйлеп, бір затты жымқырып кету әдеті бар екенін байқап жүрдің. Бірақ оны айта алмай жүрген болатынсың. Бір күні екеуіңе ортақ басқа ешкім білмейтін затың жоғалып кетті. Не істер едің?
Ә) Сенің досыңның мінезі өте шәлкес. Үлкенмен де, кішімен де болмайтын нәрсеге ілінісіп қала береді. Өзінен кішкентайларға көп әлімжеттік жасайды. Сенің іс-әрекетің?

. Екі деген – екі дос,
Бірін-бірі қимайтын

Артық кемді етпей сөз,
Бірін-бірі сыйлайтын
Досыңа бол адал жан,
Бірдей бөліс сынақты
Бір нүктеге қадалған,
Екі көзің сияқты.

Достық туралы
(Ел аузынан)

Автор: Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары:
- Достық неше түрлі болады?
Әйтімбет:
- Достықтың екі түрі болады. Бірі адал достық та, екіншісі амал достық.
Дан:
- Дұрыс-ақ енді оларды қалай ажыратамыз?
Әйтімбет:
- Адал дос өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өмірі қысқа болады.
Қорытынды: Адал достық пен арам достыққа мысал келтіріңдер.

Сабақта бір-бірінен үй жұмысын, бақылау жұмысын көшіріп алуға арналған достық-арам достық, олардың өмірі қысқа болады.
Өмірлік нұсқа болар достық ата-аналарымыздың бала кезінен қазірге дейін дос болғаны.
адал арам

Бесінші аялдама.
Ағаш жапырағымен көрікті
Адамдар жапырағымен көрікті.
Балалар өздеріңді көріктендіріп жүрген асыл да адал достарың жөнінде кім айтып бере алады. Өздеріңіздің достықтарыңыздың мықты, берік екендіктерін мысалдар арқылы дәлелдей аласыңдар ма?( достары туралы айтқызу)

Рамазан: Досқа жақсылық жасасаң, ол да саған жақсылық жасайды. Біз басқа да елдермен доспыз. «Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын» деп бекер айтпаған. Досың болса, ешқашан қиналмайсың.
Меруерт: Дос адамға керек. Доспен ой бөлісесің., сырласасың, бір-біріңе көмек бересің. Досы көп болу үшін сабақты жақсы оқып, тәртіпті болу қажет.
Раушан: Барлық балаларда да дос болу қажет. Досыңды ешқашан ренжітпеу, оған жамандық жасамау керек. Менің досым-Айдана. Мен оны ешқашан алдамаймын. Ренжітпеймін. Ол да мені ренжітпейді.
Нұрболат: Дос әсіресе қиын жағдайда көмек береді. «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деген мақал рас айтылған.
Үрген: Мен досымды жақсы көремін. Менің досым-Рамазан. Ол сабақты жақсы оқиды. Екеуміз ұрыспай, төбелеспей ойнаймыз. Мен оны көрмей қалсам сағынамын.

Қорытынды:
Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе сендерге тек қана адал, таза, ақ ниетті достарың көп болсын деп тілеймін. Өздерің де нағыз дос бола біліңдер.
Достық деген таусылмайтын қазына,
Көктемде де солып қалар гүл емес,
Қарамайды ол сыйдың көп пен азына
Нағыз достар тіпті сый да тілемес.

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Өзін- өзі тану пәні бойынша сынып сағыты Достық таусылмас қазына."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Логопед

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 953 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.11.2015 834
    • DOCX 19.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Туякова Алмагуль Жасталаповна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Туякова Алмагуль Жасталаповна
    Туякова Алмагуль Жасталаповна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 48038
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 325 человек

Мини-курс

Методы маркетинговых исследований в интернете

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 20 регионов

Мини-курс

Электронный архив: нормативно-правовые требования и основы оцифровки

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Дизайн и визуальная коммуникация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 14 регионов
Сейчас в эфире

Арт-педагогика как метод профилактики детских неврозов

Перейти к трансляции