Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Өзін өзі тану пәні, "Сәлем берем ізетпен" (1 СЫНЫП)

Өзін өзі тану пәні, "Сәлем берем ізетпен" (1 СЫНЫП)


библиотека
материалов


Сабақ жоспары

План урока

Plan of the lesson


Мектеп:/школа/school: Рудный қаласы әкімдігінің №13 орта мектебі» ҚММ

Күні/Дата/Date: 12.11.2015

Сынып/Класс/Class: 1 «Ә»

Оқушылар саны/всего учащихся/all students: 18

Тақырып/Тема/Theme:: «Сәлем берем ізетпен»

Құндылық/Ценность/Value: өзара сыйластық

Қасиеттер/Качество/Quality: адамгершілік қасиеттер

Оқытушы/Учитель/Teacher: Сражатова Надежда Даниярбекқызы


Мақсаты: Үлкендермен амандасуға, бір-бірімен сәлемдесуге үйрену, бір-біріне ізет, сый-құрмет көрсете білу.Әдептілік,сыпайылық,ізеттілік ұғымдарын түсіну,әдеп талаптарын орындай білу,ізетті,сыпайы,тәртіпті болуға үйрену.

Міндеті:

  • Оқушылардың үлкен кісілермен жасы қарым – қатынаста болу керек екенін ұғындыру;

  • Сәлембесу, әдепті сөйлеу керек екенін түсіндіру;

  • Ынтымақтастықта өмір сүруге, сыйлы болуға тәрбиелеу


Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық ахуал туғызу

Армысың алтын күн

Армысың көк аспан

Армысың менің досым

Армысың бәріне

  1. Үй тапсырмасын тексеру

Өткен сабақта біз сіздермен қандай тақырыпта сөйлестік?


Ескерту

_______________________________________________________________________________________________________________________

  1. «Дәйексөз»

Әдепті бала арлы бала

Әдепсіз бала сорлы бала



Талдау. Қорытынды сөз.

_______________________________________________________________________________

  1. Мәтінмен жұмыс. Әңгімелесу

    - Баяғы өткен заманда бір әділ хан өзінің хандығын үш ұлының қайсысына мұрагерлікке берерін білмей қатты қынжылыпты. Ұлдарын жинап алып халықтың алдына барады. Мұндағы ханның айтқаны :

-О, білгені мен көргені дарияның суындай сарқылмас халқым, өзім бір елді басқарып , неше дауды шешсем де , бұл күнде түйіні жоқ. Тығырыққа тірелдім. Сол себепті өздеріңізден ақыл сұрап келдім. Мұрагерлік тағымы халықты билеп , ел басқаруға ұлдарымның қайсысын қоярымды білмей қиналудамын. Үлкен ұлым – ер жүрек, батыр, өзіңе сенімді. Ортаншы ұлым – елші боларлықтай қулығы бар жан. Ал ең кіші ұлым сабырлы, ісімен сөзін ойлап істейді, -деп сипаттапты.

Сонда ортаға бір қарияның шығып айтқаны:

-Елің жауынгер болсын десең , таққа үлкен ұлыңды қой, саудагер болсын десең ортаншы ұлыңды қой, тату болсын десең кенже ұлыңды қой,- депті.

Сонда хан ойланып кіші ұлын мұрагер етіпті деседі. Себебі жылы, сәлемі жақсы ел тату болады, бірліктегі ел батыр болады.

Ой тұжырымдамасы :

- Балалар, хан қай ұлын таққа отырғызыпты?

- Балалар, хан қандай қасиеті үшін кіші ұлын хан тағына отырқызыпты?

- Қалай ойлайсыңдар жылы сәлемдесу әдептілікке жата ма?

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Шығармашылық жұмыс Көрініс.

Әр халықтың амандасуын көрініс ретінде көрсету.

Амандасу түрлері



Қазақстан

Қытай

Ағылшын.

________________________________________________________________________________________________________

  1. Ән айту.

Көшелерден біз өткен

Ата көрсем,

Жақын кеп,

Сәлем берем ізетпен:

Ассалаумағалейкум!”, - деп.

Алдан әже жолықса,

Бөгелем де әдейілеп

Сәлемдесем сол тұста:

Есенсіз бе, әжей!”, - деп.

Кім кезіксе көшеде,

Таныс емес демеймін.

Аға, тәте, көкеге,

Сәлеметсіз бе!”, - деймін.

Өтепберген Ақыпбекұлы


________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Үйге тапсырма.

_____________________________________________________________

  1. Тыныштық сәті.

Көздеріңді жұмыңдар, бойларыңды еркін ұстаңдар, көз алдарыңа өз достарыңды немесе достасқыларың келетін адамдарды, олармен өткізген жақсы сәттеріңді естеріңе түсіріңдер. Осы жақсы сезімдеріңді жүректе сақтаңдар, достыққа берік болыңдар.

Көзімізді ашамыз,бір-бірімізге күлімдей қараймыз. Рахмет.


________________________________________________________________________________







Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-196834

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG