Инфоурок Другое КонспектыӨзін - өзі тану пәні "Тамырын жайып тереңге"

Өзін - өзі тану пәні "Тамырын жайып тереңге"

Скачать материал

Күні: 3.12.2011жыл     Сыныбы: 7-сынып
Тақырыбы: 
«Тамырын жайып тереңге»
Тәрбие сағатын жүктеп алу:   1.«Тамырын жайып тереңге». Баяндама    2.«Тамырын жайып тереңге»Презентация
Мақсаты:
 Оқушыларға отбасы құндылықтары, ата-баба дәстүрі, ұрпақтар сабақтастығы туралы түсіндіру.

Міндеттері:

— отбасы құндылығы, отбасы бақыты, ұрпақтар сабақтастығы туралы білім беру;
— туған үйлері мен отбасыларына деген сүйіспеншіліктерін дамыту;
— туған үйлері мен отбасыларын құрметтеуге, бағалай білуге тәрбиелеу.  

1. Шаттық шеңбері: Мұғалім оқушылармен бірге үлкен шеңберге жиналып, Б.Тәжібаевтың «Ауылым-әнім» өлеңін үнтаспаға қосылып айтады.

АУЫЛЫМ-ӘНІМ.

Қайда жүрсем, туған жерім,

Сен есімнен шығармысың!

Жастық дәурен құран жерім

Көз алдымда тұрармысың!

Ғашық едім қыр гүліне

Қызық-тойым сенде өтеді.

Сенде өткерген бір күніме

Дүниеде не жетеді!

Сүйем таныс жолдарыңды

Саған бастап әкелетін.

Сүйем жасыл талдарыңды

Жанға ләззат әперетін

Сүйем айна көлдеріңді

Мөлдіреумен қарайтұғын.

Сүйем белес-белдеріңді

Таң сәулесі тарайтұғын.

Саған жырдан сый арнағам

Қиял құсын қуған жерім.

Туған жерін сүйе алмаған

Сүйе алар ма туған елін!

 

2. Әңгімелесу

 

Оқулықта, «Ойланайық, пікірлесейік» айдарында төмендегі сұрақтар берілген:

1.Өздеріңнің жақындарыңа деген сый, құрметіңді қалай білдіресіңдер?

2.Отбасы мүшелерінің ой-ниетімен, көзқарасымен, сезімімен санаса 

  білесіңдер ме?

3. Отбасындағылармен пікірлерің, көзқарастарың тоғыса ма? Ал алуан түрлі  болса ше?

4. Үлкендердің ризашылығын қалай алуға болады деп ойлайсыңдар?

 

 

3. Мәтінмен жұмыс. П.Джон «Боз орамал» әңгімесі

 

Мәтін бойынша сұрақтар:

 

1.Әңгімені оқығанда қандай сезімде болдыңдар?

2. Жасөспірімнің ата-анасынан қол үзіп кетуінің себебін қалай

    түсіндірер едің? 

3.Оның сағынышының сыры неде?

4.Ата-анасының ұлына деген сезімін сипаттап беріңдер?

 

4. Тапсырма. Өлеңді оқыңдар. Өз ата, әжелеріңнің өнегелі істерін әңгімелеп беріңдер.

 

Мен қарапайым қарттарды сүйем,

Не деген керім еді!

Не біледі осы жұрт, не біледі?!

Бабалардың баласы — қариялар

Сиреп бара жатқандай көрінеді.

Сақалыңнан айналдым, қарт-бабалар

Ұрпағыңа не айтасың артта қалар?

О, тірі шежірелер, қалдырыңдар,

Қанеки, нелерің бар салтқа жарар?

      Қанеки, нелерің бар, Аталарым?

      Ұрпағыңа ұран қып апарамын.

      Сенімдеріңді ақтаймын, ақтаймын да,

      Сендердің мұрагерің атанамын.

      Осылай деп қарттардан қалап келем,

      Өнеге, өсиетін санап көрем.

      Санап көрем.. тоймаймын.. сұранамын,

      Себебі мен де бір күн жауап берем.

 

5. Сахналау. «Сахналау» айдарында төмендегідей тапсырма берілген:

 

§  Бізді бағып — қағу үшін анам мектепте еден жуушы боп жұмыс істейтін .Бұл жағдай мені қатты ұялтатын. Бастауыш сыныпта оқып жүргенімде мені көруге келген еді. Ертеңіне досым: “Сенің анаң еден жуады екен ғой”,-дегенде, ұялғанымнан жерге кіріп кете жаздадым. Мұндай жағдайға түсіруге қалай ғана дәті барды екен? Анама: “Мені осылай ұятқанша, келмей-ақ қойғаның жақсы болар еді” – дедім…

 

§  Анасы мен әкесі ұлының туған күнін асыға күтетін. Бұл күні анасы ұлына ұнайтын түрлі ас даярлап отбасы бақытты бір күйге енетін. Ұлының бүгінгі туған күнінде де ата-анасы мектептен ұлын тағатсыздана күтіп отыр.Телефонның даусы естілгенде, анасы мен әкесі тұтқаға қатар жүгірді. Баласы:

— Ана, мен достарыммен кафеге баратын едім, сенсеңіз,

онда сіз жасаған тамақтардан да керемет, сіз жасаған тәттілерден де

дәмді нәрселер жасап мені күтіп отыр, — деді. Анасы:

— Жарайды, балам,  абайлап жүр, — деді.  

 

6. Шығармашылық жұмыс. «Шығармашылық жұмыс» айдарында төмендегідей тапсырма бойынша эссе жазу:

1. Отбасыңда қандай ағасың, қандай іні, қандай қарындассың?

2. Ағалыққа тұрарлық қандай іс-әрекеттер жасап жүрсің?

3. Лайықты іні болып жүрсің бе?

 

7. Жүректен жүрекке. Қ.Жұмағалиевтің «Анашым» өлеңін айту.

 

“Анашым”

 

Сөзі: Қ.Жұмағалиевтікі

                                              Әні: М.Омаровтікі

 

Шет жүрсем – сағынарым,                          Қорғаным өзің деймін,

Жабықсам – шағынарым.                           Жан дауа – сөзің деймін.

Анашым, бір өзіңсің –                                 Анашым, сені ойласам,

Табынарым!                                                  Көз ілмеймін….

 

    Қайырмасы:                                               Қайырмасы. 

Анашым, шалқып күлсең,

Алдымда ұзақ жүрсең,

Жүрегім жыр толғайды,

Көңілім ортаймайды.

Анасы бар адамдар,

Ешқашан қартаймайды.

Ұшырған сұңқарыңмын,

Қияға шырқарыңмын,

Бәйгеге өзің қосқан

Тұлпарыңмын.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Өзін - өзі тану пәні "Тамырын жайып тереңге""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по работе с молодежью

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 653 657 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.02.2016 573
    • DOCX 17 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Қалуова Алтынкөз Ерғалиқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Қалуова Алтынкөз Ерғалиқызы
    Қалуова Алтынкөз Ерғалиқызы
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18506
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой