Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Өзін өзі тану пәніен ащық сабағы "Кешірімділік-көңіл кеңдігі"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Өзін өзі тану пәніен ащық сабағы "Кешірімділік-көңіл кеңдігі"

библиотека
материалов

«Өзін-өзі тану» пәнінің сабақ жоспары


08.09.2015ж. № 11 Сабақтың тақырыбы:«Кешірімділік-көңіл кеңдігі».

Құндылығы: дұрыс әрекет

Қасиеттері: мейірімділік, ақылдылық, рақымшылдық, адамгершілік, азаматтық

Мұғалім: Насилина Г.

Сынып: 8

Оқушылар саны:12


Сабақтың мақсаты:

Кешірімді болу адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет жасауға үйрету.
Сабақтың міндеттері: 
 «кешірім», «кешірімділік» ұғымдарына қатысты белгілі тұлғалардың ой-пікірлерімен танысып ой түюге, қорытынды шығаруға үйрету.
• Кешірімді болуға, басқа адамдармен түсінісуге дағдыландыру.
• Кеңпейілділікке, адамгершілікке, өзара түсіністікке тәрбиелеу.
 

Ресурстар (материалдар, дерек сөздер)Слайдтар


Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтағы жағымды күйге келу.

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

Нұрға бөлену

Мұғалім: Ыңғайланып отырыңдар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолдарыңды айқастырмаңдар. Қолдарыңды тізелеріңе немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңді жұмуларыңды өтінемін.

Елестетіп көріңдер: Күн нұры сендердің төбелеріңнен өтіп, кеуделеріңе қарай бойлап барады. Кеуделеріңнің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын да таза әсем гүл сендердің әр ойларыңды, әр сезімдеріңді , эмоцияларың мен тілек-қалауларыңды шайып, жүректеріңнің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сендердің бойларыңа ақырын тарай бастағанын елестетіңдер. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңа түсіріңдер. Сендердің қолдарың нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңа тарады. Аяқтарың нұр сәулесін шашуда. Олар сендерді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сендердің ауздарыңа, тілдеріңе тарады. Тілдерің тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңа бағыттаңдар , құлақтарың тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздеріңе де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сендердің бастарың түгелдей нұрға бөленіп, бастарыңа тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сендердің денелеріңнен шығып, жан-жақтарыңа сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңа , мұғалімдеріңе, достарыңа , таныстарыңа бағыттаңдар. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңдар, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: біздің «Бөбек» орталығына, біздің метепке, барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлықтірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңдар.

Ойша айтыңдар: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңдар...

Енді осы Нұрды жүректеріңе орналастырыңдар. Нұрға толы бүкіл әлем сендердің жүректеріңде . Оны осындай әсем қалыпта сақтаңдар.

Енді жаймен көздеріңді ашуға болады. Рахмет!

Ескертулер:

Үнтаспа

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

«Кешірімнің күші»А.Бейсебай

Сұрақтар:

1. Өсиет әңгіменің басты мағынасы неде?

2. Кешіре білу үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсың?

3. «Кешіру-өзгені түсінуге тырысу» дегенді қалай түсінесіңдер?

Тақырыптан ауытқығаны байқалса жетекші сұрақтар қою арқылы тақырыпты ашу.

ІІІ.Жағымды ой пікір (дәйексөз)

«Кешірім сұрап келсе, әкеңнің құны болса да кеш»-халық мақалы

Сұрақтар

1.Мақалдың мағынасын қалай түсінесіндер?

2. «Әкеннің құны» деген сөздің мағынасы қандай?

3. Бұл мақалды халық не үшін қолданған?

Слайд

ІV. Дәптермен жұмыс

Нақыл сөзден түсінген ойларын түйіндеп, жұмыс дәптерлеріне жазу.

Жұмыс дәптер

V. Оқиға айту. Мұғалімнің сыйы

«Екі дос»(аңыз)
Екі дос шөл далада саяхаттап жүреді.Бір кезде екеуі ренжісіп қалады да, біреуі екіншісінің көңілін қалтыратындай дөрекі сөз айтады. Соңғысы ренжіседе ештеңе айтпайды, тек құмға былай деп жазады: «Бүгін менің ең жақсы досым менің менің көңіліме келетін дөрекі сөз айтты»

Олар әрі қарай жүріп келе жатып, көгалға кездеседі, сол жерде шомылып алмақшы болады. Шапалақ жегені суға секіріп кетеді де,батып кете жаздайды.Бірақ досы оны құтқарып қалады.Ол өзіне келген кезде,тасқа былай деп жазады: «Бүгін менің ең жақсы досым менің өмірімді құтқарып қалды» Сол кезде оны жағынан тартып жіберген,құтқарып қалған досы сұрайды:

-Мен сені ренжіткенде сен құмға жаздың, ал енді тасқа жазып жатырсың неге- деп сұрайды?

Досы былай деп жауап береді:

-Бізді біреу ренжіткенде, жел оны өшіріп тастауы үшін біз оны құмға жазуымыз керек. Ал біреу жақсылық жасаса, оны өшірмейтіндей етіп,тасқа қашап жазуымыз керек. Өкпеңді құмға, қуанышыңды тасқа қашап жазып үйрен.

Сұрақтар:
1. Не себепті ренжігенін құмға жазды деп ойлайсың?

2.Жақсылық жасағанды тасқа неге жазды?

3. Бұл оқиғадан қандай ой қорытар едің?



VІ. Шығармашылық жұмыс

Топпен жұмыс

Бұлттардың суреті жапсырылған ватманның бетін түрлі түсті гүлдермен толтырыңдар.Гүлдерге кешірімділікке байланысты жақсы сөздер жазу керек. Екі топ сөздерді дауыстап оқып береді.

Слайд,ватман

Суреттер


VІІ. Топпен ән айту

Жақсы адамдар

Әні мен сөзі: А. Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар.

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Күйіп кетсін көре алмас патшағарлар!

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Күйіп кетсін көре алмас патшағарлар!

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Күйіп кетсін көре алмас патшағарлар

Жақсы адамдар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Күйіп кетсін көре алмас патшағарлар!

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар,жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

VІІІ.Үй тапсырмасы:М.Мақатаев «Не деген керемет күн » өлеңін оқу

Үнтаспа

ІХ. Сабақтың қорытынды сәті

Өмірде кез-келген адамға үлкенге де,кішіге де кешірім сұрауға тура келіп жатады. Ең бастысы айналаңа жақсы ниетпен қарап, жақсы көрсең, олардың да қателігін кешіре аласың. Басқаларды жақсы көру үшін өзіңді өзің сыйлап жақсы көруің керек. Ал өзін жақсы көретін, сыйлайтын адам, өз жан дүниесін жаман сезімдермен ластап, ауырлатпайды.

Біз барлығына кешіріммен, сыйластықпен, түсіністікпен, сергектікпен қарауға тиіспіз. Өйткені өмір сондай тамаша, біз алға қарай тек қана адал ниет,ізгі істермен жүрсек, игілікке жетеміз.

Слайд

Х. Тыныштық сәті.

Соңғы тыныштық сәтi. Баяу музыка

Бүгін сабақта не үйрендіндер?

Сабақтан қандай әсер алдыңдар?

Сабақта не туралы білгін келеді?




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-101584

Похожие материалы