Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Өзін - өзі тану пәнінен Көңіл күйімізді басқара білейік.

Өзін - өзі тану пәнінен Көңіл күйімізді басқара білейік.

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Мектеп:№2 «Қашар орта мектебі»КММ

Сабақ: № 3

Тақырып: Көңіл күйімізді басқара білейік.

Құндылық: Дұрыс іс-әрекет

Қасиеттері: Ұстамдылық, сабырлылық, ризашылық

Мұғалiм: Муратова А.Б

Сынып: 2а-2ә

Күні: 22.09.2016

Сабақ мақсаты: Жақсы іс,жағымды әрекет,ізгі ниет,жылы сөз,жақсылық хабар қуаныштың адам өміріндегі маңызын түсінуге дұрыс әрекет құндылығы ретінде түсінік беру.

Міндеттері:

  • Жағымды қарым –қатынас туралы түсінік беру;

  • Өзін –өзі ұстау білу іскерліктерін дамыту;

  • Ұстамдылыққа, сабырлыққа,ризашылыққа тәрбиелеу

Ресурстар: үнтаспа,әр түрлі көңіл-күйді білдіретін суреттер.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

«Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.

Кеудеңіздің орта тұсында гул түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседі. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басының түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей ренжіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: Барлық адамдарға, жан - жануарларға өсімдіктерге барлық тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымен... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын”.
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Қандай сезімде болдыңдар?

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

«Бос  қайық»  әңгімесін сұрау.


Сабақ барысын талқылау:

  1. Дәйексөз.

Ш.Смаханұлының

«Өмір деген жарыста,

Шаттанғын,дос,қалыспа!» деген нақыл сөзін жазу,мағынасын ашу.Дәйексөзді дәптерге жазу.


  1. Әңгiмелеу (сұхбат)

Жас Фараби

Аңыз Қ.Сапарбаев

Әбунасыр әл-Фараби әлемге әйгілі ғалым болған. Ол ежелгі Фараб қаласын-

да туып өскен. Әбунасыр араб, түрік, еврей, грек, т.б. тілдерді жетік білген.

Бірде оқытушы оған:

-Шәкіртім, қашан көрсем де ақ жарқын жүресің, — деді.

-Мен көңілді жүруге әдейі дағдыланамын. Өйткені «Көңіл күйдің жақсылығы – жақсы денсаулық пен жемісті еңбектің кепілі» деген ұстазым – Қорқыт бабам, — деді Әбунасыр.


Сұрақтар қойылады.

Оқушылардың жағымды көңіл –күй, ұстамды болу және әр-түрлі жағдайларда өзін ұстай білуі туралы ойларын тыңдау, өміріндегі мәнін түсіну туралы сұрақтар қойылады.


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

  1. Суреттегі балалардың бет бейнелеріне қарап,қандай көңіл-күйде тұрғанын көрсетіп,әңгімелеп беру.

  2. «Мен әртіспін», «Менің көңіл-күйім қандай?» атты тақырыпта сахналық көрініс көрсетеді. Мұнда әр-түрлі көңіл-күйдің адамдарға оң және теріс әсерін көрсетуі мен жағымсыз күйлерді болдырмау мақсаты көзделеді.

Дәптермен жұмыс Ребусты шешу. (Шешуі: «Көңіл күй», «Ашу- дұшпан.....»)


  1. Топпен ән айту

«Кел,балалар күлейік» Ө.Тұрманжановтың

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік..

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкімізді күн қылып

Гүл өссін деп тілейік


  1. Үй тапсырмасы.

«Тиін мен қасқыр»

Л.Н:Толстой


  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Жақсы көңіл-күй адамдарды достыққа,сыйластыққа,жақсылыққа жетелейтінін ұғынып,сабақта үйренгенімізді жүрегімізге түйіп алайық.

Қорытынды: Балалар балалар бүгінгі сабақ ұнадыма?

Әрқашанда көңілді болып жүріңдер.






Автор
Дата добавления 21.10.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров25
Номер материала ДБ-279064
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх